kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дулат Бабатай?лы «Аяг?з, ?айда барасы??!» ?ле?і

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  Дулат Бабатай?лы «Аяг?з, ?айда барасы??!» ?ле?і

Саба?ты? ма?саты:

  • Білімділік: Дулат Бабатай?лы ?мір с?рген кезе?ні? тарихи шынды?ы ж?не оны? а?ын ?ле?дерінде к?рініс табуы туралы білім да?дыларын ?алыптастыру,  «Аяг?з, ?айда барасы??!» ?ле?іні? та?ырыбы мен идеясын ??ындыру, таным к?кжиектерін ке?ейту;
  • Т?рбиелік: а?ын ?ле?ін о?ыта отырып, бабалар са?тап келген ?лтара?тай жерді ?ор?ау?а, аманатына ?иянат жасамау?а,  к?зді? ?арашы?ындай са?тау?а, барды? ?адірін, ту?ан жер та?дырын халы? та?дыры деп білуге т?рбиелеу;
  • Дамытушылы?: теориялы? білімдерін практикамен ?штастырып, «Аяг?з, ?айда барасы??!» ?ле?іне сатылай кешенді ж?не тілдік таби?атына к?ркемдік талдау жасау, ?зіндік ой-пікірлерін орта?а салу, м?нерлеп о?у да?дыларын арттыру;

Саба?ты? т?рі: жа?а та?ырыпты ме?герту

?діс-т?сілдері: с?ра?-жауап, сатылай кешенді талдау, шы?армашылы? ж?мыс, СТО стратегиялары, тренинг;

К?рнекілігі: интерактивті та?та, слайд, бейне материалдар, постер, стикер, смайликтер;

П?наралы? байланыс: тарих, ?дебиет теориясы

Пайдаланыл?ан ?дебиет:

         Р.??т?ожина «?дебиет о?ыту ?дістемесі». Алматы: Атам?ра, 2012 ж.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дулат Бабатай?лы «Аяг?з, ?айда барасы??!» ?ле?і »

5 орта мектеп












Дулат Бабатайұлы

«Аягөз, қайда барасың?!» өлеңі

7 В-класс






Өткізген: Піралина Гүлжанат Жәрдембергенқызы.

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі
















Шалқар қаласы

2014-2015 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы «Аягөз, қайда барасың?!» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Дулат Бабатайұлы өмір сүрген кезеңнің тарихи шындығы және оның ақын өлеңдерінде көрініс табуы туралы білім дағдыларын қалыптастыру, «Аягөз, қайда барасың?!» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ұғындыру, таным көкжиектерін кеңейту;

  • Тәрбиелік: ақын өлеңін оқыта отырып, бабалар сақтап келген ұлтарақтай жерді қорғауға, аманатына қиянат жасамауға, көздің қарашығындай сақтауға, бардың қадірін, туған жер тағдырын халық тағдыры деп білуге тәрбиелеу;

  • Дамытушылық: теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, «Аягөз, қайда барасың?!» өлеңіне сатылай кешенді және тілдік табиғатына көркемдік талдау жасау, өзіндік ой-пікірлерін ортаға салу, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру;

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау, шығармашылық жұмыс, СТО стратегиялары, тренинг;

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, бейне материалдар, постер, стикер, смайликтер;

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет теориясы

Пайдаланылған әдебиет:

Р.Құтқожина «Әдебиет оқыту әдістемесі». Алматы: Атамұра, 2012 ж. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру;

  • Оқушылар назарын сабаққа аудару;

  • Жаңа сабақтың мақсатын таныстыру; жүргізілетін жұмыс үлгілеріне шолу жасау және жұмыс дәптерін үлестіру, бағалау жолын түсіндіру;

  • Дәптерге күннің жады мен тақырыпты жаздыру;

ІІ. Қызығушылықты ояту сатысы

«Сен білесің бе?»

  • «Аягөз кімнің жері еді?» (Аягөз тарихын таныстыру)

  • Дулат Батайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы бейне мәлімет;

ІІІ. Мағынаны тану сатысы

  • Біз білуге тиісті шындық:

  1. Дулат өмір сүрген дәуір патшалық Ресейдің Қазақ даласын отарлау кезеңімен тұспа-тұс келді.

  2. Патшалық Ресей отарлау саясатын жүзеге асыру үшін өзіне тиімді жаңа әкімшілік жүйені енгізді. Жергілікті халықты (қазақтарды) сулы, нулы, жерлерден ығыстырып, қуаң, малға жайсыз жерлерге шеттете бастады. Қазақ даласының ең шұрайлы жерлеріне өз бекіністерін салды.

  3. Дулат Қазақ даласының отар өлкеге біртіндеп айналу процесін көз алдынан өткізді. Қазақтың өз алдына тәуелсіз елдігінің ақырғы белгісі – хандық биліктің жойылғанын көрді, қазақтың өз ішінен аға сұлтан, старшын, би-болыстары секілді билеушілері пайда болды. Қарапайым халық екі жақты қанауға түсті. Осылардың куәсі болды.

  • Топтастыру стратегиясы.


  • Дулат өлеңдерінің идеясы.

Д.Бабатайұлы өлеңдерінің идеясы

Өлеңдері


Қазақ жерінің отарлануы


«Тегімді менің сұрасаң»;

«О, Сарыарқа, Сарыарқа»;

«Асқар таудың сәні жоқ»;

«Сүлейменге»;

«Бараққа»;

«Кеңесбайға»

Ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуі

“Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”;

Мақтаншақтықты, тойымсыздықты әшкерелеу, кішіпейілдікті, адамгершілікті, бірлікті уағыздау;


«Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық», «Қара қарға жем тілеп»



  • Кітаппен жұмыс. Мәтінмен танысу.

  1. «Аягөз, қайда барасың?!» өлеңін мәнерлеп оқу (мұғалім);

  2. Сұрақ-жауап: (мәтіннен тауып оқу)

  • Аягөз бұрын қандай еді?

  • Аягөз жері қалай өзгерді, оған не себеп болды?

  • Қарапайым халық тағы кімдерден зәбір көрді?

  • Қазақ қоғамында қандай өзгерістер болды?

  • Ақын ойын қалай қорытындылайды?

  • «Аягөз, қайда барасың?!» өлеңіне шығармашылық талдау жасау.

  1. Сатылай кешенді талдау

«Аягөз, қайда барасың?!»

  • Жанры: __________________________________________________

  • Тақырыбы: ___________________________________________________________

  • Идеясы:______________________________________________________________________________________________________________

  • Шығармадағы тарихи кезең: ______________________________________________________________________________________________________________________

  • Мәтінде кездесетін ел билеушілер: ______________________________________________________________________________________________________________________

  1. Топтық жұмыс. (Топ шығармашылықпен жұмыс жасап жатқанда интерактивті тақтадан Д.Бабатайұлының өлеңі оқылған бейне таспа көрсетіледі.)

І топ. Поэтикалық талдау. Фигура түрлерін (аллитерация, ассонанс) табу;

Мәтіннен үзінді

Фигура түрі

Неге байланысты?

Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын…



Тарбағатай тауынан, 
Тоқсан сала қосылып,
Тоғыз өзен түйісіп…



Ақтың төмен жосылып,
Ағының тасты ағызып,
Арнаң қалды осылып..



Айтуға ауыз келе ме,
Аягөз кімнің жері еді?!



Қара ісіңе дем беріп,

Қарайтты әдейі ағыңды...



Қарасаңшы бір мезгіл

Қолдарыңа айна алып...




ІІ топ. Поэтикалық талдау. Тіл көркемдігі мен троп түрлерін (теңеу, эпитет, метафораны) табу;

Мәтіннен үзінді

Көркем сөз

Көркемдік құрал

Жағаңдағы сұлу тал,
Саясының шөбі бал,
Ерекше семіз ішкен мал…



Сумаң қағып сүйріктей,

Шалқып шапқан жүйріктей



Қырың – малдың кіндігі

Ойың – өнім егіс қой...



Сауыр жерден айырылып,

Қазақ елі жұқарды...



Қу заманға сұм басшы

Сорымызға тап болды...



Қара ісіңе дем беріп,

Қарайтты әдейі ағыңды.

Ұзын өріс қысқарып,

Кең қонысың тарылды.

К




ІІІ топ. Өлең құрылысын талдау.

Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын.

Кесіп өтіп кезеңді

Аягөз, қайда барасың?!

Бұл шумақ: __________________________________________________________________________________________________________________________



Жерге қарай мал бітіп,
Малға қарай құт болмақ.
Қонысынан мал тайса,
Құты кетіп, жұт болмақ.

Бұл шумақ: __________________________________________________________________________________________________________________________


ІҮ. Ой толғаныс сатысы. (Топ шығармашылықпен жұмыс жасап жатқанда интерактивті тақтадан Д.Бабатайұлының өлеңі оқылған бейне таспа көрсетіледі.)

Өлең мазмұнының желісі бойынша «Жер тағдыры – ел тағдыры» деген тақырыпта шағын ой толғау.

Ү. Білімді бекіту. Тест.

Мақал-мәтелдер

Ат төбеліндей болса да,

Туып өскен ел қымбат.

ормансыз бұлбұл.


Елінен айырылған өлгенше жылайды.

өз түбіңе жеткенің


«Отаныңа опасыздық еткенің - … »





«Отансыз адам – …»





«Ұлтарақтай болса да,

Ата қонысы жер қымбат...»





«Ерінен айырылған көмгенше жылайды,..»





ҮІ. Қорытынды.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорыту: «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлтттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»

ҮІІ. Үйге тапсырма:

  • Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқу.

  • “Аягөз, қайда барасың?” өлеңінен үзінді жаттау;

  • Д.Бабатайұлының «Ата қоныс Арқадан» толғауын оқып, «Аягөз, қайда барасың?!» өлеңімен салыстырып, венн диаграммасын сызу;







ҮІІІ. Бағалау. Критериалды бағалау.

Оқушының

аты-жөні:

Танымдық мағлұматты игеру


«Аягөз, қайда барасың?!» өлеңінің мән-мазмұнын ашар сұрақтарға жауап іздеу;

Өлеңге сатылай кешенді және шығарма-шылық талдау жасау;

«Жер тағдыры – ел тағдыры» деген тақырыпта шағын шығарма жазу;

Тест


Жалпы балл










  • «ТОПТАҒЫ АХУАЛ»:

  • Сабақтың басындағы Cіздің сезімдеріңіз бен эмоцияңызды сипаттайтын 3 сын есім;

  • Сабақтың соңындағы Cіздің сезімдеріңіз бен эмоцияңызды сипаттайтын 3 сын есім.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Дулат Бабатай?лы «Аяг?з, ?айда барасы??!» ?ле?і

Автор: Піралина Г?лжанат Ж?рдемберген?ызы

Дата: 19.11.2014

Номер свидетельства: 132580


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства