«Салауатты өмір салтын ынталандыру- әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алькогольді тұтынуды қойып, тазалық сақтауымызға бағытталған»
Елбасымыздың айтқанын қалай түсіндіңдер?
Сонымен осы сабағымызда елбасымыз айтқандай Салауатты өмір салтын сақтау ережелері туралы әңгімелесеміз.
Балалар денсаулықты сақтау дегенді қалай түсінесіңдер?
Мысалы: таза жүру, таңертеңгі жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну, тырнақты өсірмеу, күн тәртібін сақтау.
Жаңа сөздермен жұмыс:
Уақытымен тамақтану- правильное питание
Салауатты өмір салтын сақтау- вести здоровый образ жизни
Тазалық – зор байлық- чистота – залог здоровья
Ұмытпау- не забыть
Жаңа сөздерді мұғалім оқиды.
Балалар оқиды.
Синоним, антонимдерін табу.
Сөйлемдер құрастыру.
Мәтінмен жұмыс
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Адам денсаулығы -қоғам байлығы. Денсаулық –зор байлық. Денсаулық болса бәрі де болады.Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болады. Денсаулық ең қасиетті, құнды, қайталанбас, жоғалса орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазына. Денсаулықтың досы –тазалық. Дені сау , сымбатты болу үшін тазалық ережелерін орындау маңызды. Тазалықты орындау қол, аяқ, тіс, шаш, тырнақ тазалығына қамқорлық жасаудан басталады. Сырттан келгенде,тамақ жеу алдында қол жууды, ұйықтар алдында және таңертең тіс тазалауды, күнде кешкілік душ қабылдауды әдеттке айналдыру керек.
Мәтінді мұғалім оқиды.
Оқушылар оқиды.
Жаңа сөздерді қолданып мәтінді орысша мазмұндайды.
Мәтін бойынша бір- біріне сұрақтар қойып жауабын алады.
Қатардағы оқушылар топ болып жұмыс істейді.
Ситуациялық сұрақтар:
1-топ. Сенің досың темекі шегеді. Бірақ сен оны білмейсің, Бір күні темекі шегіп тұрғанын көрдің. Сен не істейсің? Достығың жалғаса ма?
ІІ-топ. Сенің досың жұқпалы ауруға шалдықты. Не істейсің? Достығың жалғаса ма?
ІІІ-топ.Бір топ бала аялдамада автобус күтіп тұр, осы кезде олардың біреуі түкірінеді. Сен не істер едің?
Ойларына рахмет балалар. Дұрыс шешім қабылдап шықтыңдар деп ойлаймын.
Рөлдік ойын.
Қазір салауатты өмір салтына жатпайтың қылықтар.
Әр топ өздері дайындайды.
Көрініс көрсетеді, басқа топтар не туралы екенін айтады.
«Миға шабуылы» Мұғалім сұрақ қояды, Салауатты өмір салты үшін не керек?
«Жалғасын тап» ойыны
Мақалдарды аяқтау.
Денсаулық - зор байлық
Дені саудың –жаны сау
Дені сау ұрпақ- ел болашағы
Топпен жұмыс:
Талқыланатын сұрақтар:
Адам дені сау болу үшін не істеу керек?
Адам өміріне зиянды нелер? Неліктен?
Салауатты өмір сүру дегеніміз не?
Адамға салауатты өмір сүруге не кедергі болуы мүмкін?
Сабақты бекіту. Есте сақтау ережесі
Салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін төмендегі талапты орындау керек. Адам денсаулығын сақтауда төмендегідей факторлардың маңызы зор.
Айқын жасалған күн тәртібінің болуы.
Дұрыс тамақтану.
Дұрыс тынығу.
Дене еңбегімен шұғылдануы.
Таза ауада болып, күн көзінде серуендеу.
Табиғат аясында болуы.
Зиянды әдеттерден сақтану.
Дұрыс қозғалыста болуы.
Рефлексия: Не нәрсе білдіңдер? Сабақ қызықты болды ма?
Егер сабақ ұнаса жасыл, ұнамаса көк.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Салауатты өмір салтына 4-5 сөйлем жазып келу.
Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану 1. Қолыңды сабындап жу 2. Қисаймай, түзу отыр 3. Қасықты оң қолыңмен ұста 4. Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап, газет оқыма 5. Шамадан тыс тойып ішпе 6. Нанды үзіп же 7. Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу.
Жұқпалы аурудан сақтана білу Табиғи шынығу. Күн тәртібін дұрыс сақтау. Жеке бас тазалығын сақтау Дұрыс тамақтану. Спортпен айналысу. Темекі, арақ, нашақорлықтан аулақ болу. Қайрымды болу.