kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Біріккен сөздер

Нажмите, чтобы узнать подробности

6 кластар үшін қазақ тілі пәні бойынша Біріккен сөздер тақырыбында ашық сабақ. сабақ жаңартылған технологиялар мен әдістермен байытылған. сабақ иесі 5 жылдың еңбек өтілі бар білікті маман.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Біріккен сөздер»


Сабақ жоспары

«Бекітемін»

Күні: 03.10.2016ж

Пән аты: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Оқушыларға сөз тұлғасы және біріккен сөздер туралы толық мәлімет беру.

Ә) Дамытушылық: Ой-орісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту.

Б) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а)Оқушылармен сәлемдесу.

ә)Кезекші мәлімдемесі, оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақ бойынша сұрақтар қою. «Ой қозғау» стратегиясы.

ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру.

Екі, я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір үғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады. Мысалы, белбеу, баспасөз, ашудас, өнеркәсіп, тоқсан деген сөздер екі сөзден құралып (бел және бау, баспа жөне сөз, ашу немесе ащы және тас (кейінді ыкпал заңы бойынша т дыбысы д-ға айналып, тас сөзі дас болған), өнер және кәсіп, тоғыз -тоғыз және он), бір ұғымның ғана атауы болып тұр.

Қазақ тілінде біріккен сөз екі түрлі болады. Бірінде құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталып отырады. Мысалы: түйеқұс (түйе+құс), бұзаубас (бұзау+бас), қарақұрт (қара+құрт), т. б. Екіншісінде құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталмай, кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы: биыл (бұл және жыл: бірінші сөздегі л дыбысы түсіп қалған, екінші сөздің басындағы ж дыбысы и-ға айналған), жаздыгүні (жаздың және күні: бірінші сөздегі соңғы ң дыбысы түсіп қалған, екінші сөздің басындағы к дыбысы ілгерінді ықпал заңы бойынша г-ге айналган), түрегелді (тұра және келді: бірінші сөздегі дауысты дыбыстар екінші сөздің әсерінен жіңішкеріп ұ ү-ге, а е-ге айналған, екінші сөздің басындагы к дыбысы г-ге айналған). Бұлар ғылым тілінде кіріккен сөздер деп аталады.

Біріккен сөздерге көбіне мынадай атаулар жатады:

1) аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: қосаяқ, тасбақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан, алабота, қарақұрт, итмұрын, саңырауқұлақ т.б.

2) географиялық атаулар (жер, су, планета аттары): Жетіқарақшы, Темірқазық, Ақбозат, Көкбозат, Сарысу, Қызылорда, Әулиеата, Алакөл т. б.;

кісі аттары: Орынбасар, Сейілбек, Мұхаметжан, Ерасыл, Аманжол, Есенәлі, Бейсенбай т. б.

дене мүшелері (анатомиялық атаулар): асқазан, тоқішек, ұлтабар, мойыномыртқа, сегізкөз т. б.

5) ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел, қарасан, т. б.

ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек, балтамтап, доптаяқ т. б.

ән, күй, өлең аттары: «Сарыжайлау», «Сарыарқа», «Қараторғай», «Кісенашқан» т. б.

8) қоғамдық өмірге, күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар: баспасөз, қолбасшы, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отағасы, ақсақал т. б.

9) мезгілге байланысты атаулар: биыл, бүгін, қыстыгүні, жазғытұрым, күздігүні т. б.

10) белгісіздік, болымсыздық мәндегі атаулар: ешкім, ештеңе, қайсыбіреу, әлдекім, әрқайсысы, ешқашан, кейбір, әрбіреу, әлдеқашан т. б.

IV. "Топтастыру" стратегиясы.

А) Оқушыларға өздері білетін біріккен сөздерін жаздыру. Мысалы: жалбарыс,Ақтөбе, Гулдана, асқазан, алтыбақан т.б.

Ә) Жазған біріккен сөздердің мағынасын айтқызу және атауларының бірыңғайлығына қарай топтастыру.

Оны сызба түрінде көрсету. Мысалы:

Аң, құс атаулары


Жәндік


Өсімдік


Географиялық атаулар


Ән,күй, ойын атаулары


V. Венн диаграммасы бойынша оқушының біріккен және кіріккен сөздерді салыстыруы.

Біріккен сөз

Екеуіне ортақ

Кіріккен сөз

Түбір тұлғалары сақталып жазылады

Бірігіп жазылады

Түбір тұлғалары сақталмайды, өзгеріске ұшырайды

Мысалы:

Мысалы:

Мысалы:

VІ. Кітаппен жұмыс.

78-жаттығу.

Берілген біріккен сөздердің қандай түбірлерден біріккенін көрсету. Біріккен сөздердің мағыналарын айту.

79-жаттығу.

Түбірлері өзгермей біріккен сөздерді бір бөлек, тбірлері дыбыстық өзгеріске ұшыраған кіріккен сөздерді бір бөлек көшіріп жазу.

VІІ.Сабақты қорытындылау. Бекіту. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма:

81-жаттығу.

Өзің тұрған мекенді суреттеп мәтін құраңдар.Онда біріккен сөздердіңжиі қолданылуын ескеріңдер.













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Біріккен сөздер

Автор: Айтыманова Айгул Ырғызбекқызы

Дата: 29.10.2016

Номер свидетельства: 353126

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Біріккен с?здер   6-сынып"
    ["seo_title"] => string(25) "birikkien-sozdier-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "268344"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450618898"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Біріккен с?здер  6-сынып"
    ["seo_title"] => string(22) "birikkiensozdier6synyp"
    ["file_id"] => string(6) "268347"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450619309"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "С?зжасам. Біріккен с?здер"
    ["seo_title"] => string(25) "sozzhasambirikkiensozdier"
    ["file_id"] => string(6) "285481"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454174083"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "урок казахского языка по теме"Біріккен  с?здер""
    ["seo_title"] => string(46) "urokkazakhskoghoiazykapotiemiebirikkiensozdier"
    ["file_id"] => string(6) "272615"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452013341"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Біріккен сөздер сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(32) "birikkien_sozdier_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "431196"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1507390233"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства