kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок казахского языка по теме"Біріккен с?здер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

4сынып

Саба?ты? та?ырыбы: Біріккен с?здер.

Саба?ты? ма?саты:

а) Білімділік: Біріккен с?здерді? екі т?бірді? бірігуі ар?ылы жасалып, т?тас бір

                       ??ымды беріп, бір с?ра??а жауап беретінін ??ындыру, с?йлем

                       ішінен біріккен с?здерді таба алу?а, ?рт?рлі т?бірлерден біріккен

                       с?здер  жасай алу?а ?йрету.

?)Т?рбиелік: Бірігіп ж?мыс жасауын ?йымдастыра отырып,  ізденімпазды??а,

                      ??ыптылы??а, сауаттылы??а, жина?тылы??а,ту?ан жерін ??рметтеуге т?рбиелеу.

б)Дамытушылы?: О?ушыларды шы?армашылы??а баули отырып, ойлау

                               ?абілеттерін дамыту, с?здік ?орларын молайту.

Т?рі: аралас саба?

П?наралы? байланыс: ?дебиеттік о?у,математика,д?ниетану

?дісі: зерттеу, салыстыру, ??гімелеу,с?ра?-жауап.

К?рнекіліктер: сызбалар, суреттер.

Техникалы? ??рал: интерактивті та?та,актив студио

Жа?а технология:Сын т?р?ысынан ойлау технологиясы,дамыта о?ыту технологиясы

Барысы:                                  

І.?йымдастыру б?лімі.

   а) ?ызы?ушылы?ын ояту.

-Балалар ?азір ?аза? тілі саба?ы.

-?андай а?ын жазушы болмасын, ана тілінен н?р ал?ан.

-Поэзия! Менімен егіз бе еді?? – деп а?иы? а?ын М??а?али Ма?атаев айт?андай біз саба?ымызды поэзия минуттарынан бастаймыз.

1-?атар. Тілім мені? тірегім, тілім мені?.

            Тілсіз ?андай болады к?нім мені??               

            ?з хал?ыма жетеді ?з м?ні?де,

            ?з тілімде о?ылса жырым мені?.

 

2-?атар. Тілім мені?-?уатым к?нім мені?,

                 К?шім кетсе не болар ісім мені??

                 Тілсіз ?мір бар десе т?сінбедім,

                 Тілім менен тірлікті м?сіндедім.

 

3-?атар. Тілім мені?-Бабамны? батырлы?ы,

                 Махамбет пенен Абайды? а?ынды?ы  

                 Д?ниеге келе ай?айды сал?ан і?г?лап

                Тілімде мені? с?биді? батылды?ы.

-Міне балалар ?аза? тіліні? ат?аратын орны ерекше, ?азіргі кезде ?аза?станда т?ратын барлы? бас?а ?лт ?кілдері бізді? мемлекеттік тіліміз, ?аза? тілін жетік ме?геруге талпынуда.

      ІІ.?й тапсырмасын тексеру.

1.Шы?армашылы? тапсырма.

?ле? ?й?асын тауып ж?не ?ле?де ?андай к?рделі с?з кездеседі?            

                      Хан Ордасы-ту?ан.?лкем,                                              

Жер к?п пе сендей.к?ркем

Орманында ?ара?айы  .алуан-.алуан,                         

Алыс?а несібесі.шашыра?ан.

К?рделі с?здер.

С?з дегеніміз не?

С?з- затты?,сапалы?,?имылды?,санны? атауы.Мысалы:ай,к?н,а?ын,т?ны?,жинады т.б

Т?бір дегеніміз не?

С?зді? одан ?рі б?лінбейтін ма?ыналы б?лігін т?бір с?з деп атаймыз.

К?рделі с?здер дегеніміз не?

Екі немесе одан да к?п т?бірден ??рал?ан с?зді к?рделі с?з дейміз.Олар бір с?ра??а жауап береді.

К?рделі с?здер ?алай жасалады?

К?рделі с?здер т?бірлерді? тіркесуі,бірігуі,?осарлануы ар?ылы жасалады.

2.?ткен саба?та таныс?ан к?рделі с?здерге слайд бойынша ауызша с?ра?тар ар?ылы пысы?тап алу. 5-слайд

Біріккен с?з                                                                                                   ?ос с?з


Тіркесті с?здер                                                                                                 ?ыс?ар?ан с?з

ІІІ.Жа?а саба?.

Кіріспе.

  І?.Ой-?оз?ау.

Д?птермен ж?мыс.

-Олай болса, б?гінгі саба?ты? та?ырыбы:Біріккен с?здер

 Б?гінгі к?нні? жадысын жазу                                                          

 Біріккен с?здер ?р?ашан бірге жазылады. Мысалы:Темір?азы?, Сарыа?аш, К?кшетау,Жетісу,алабота т.б

 ?.О?улы?пен ж?мыс.                                                                   

Сергіту с?ті.?аза?стан ба?дарламасы.Радиодан с?йлейді.Біріккен с?здерді айт?анда ?ол со?амыз.

-Ты?да?ыздар,ты?да?ыздар!С?йлеп т?р?ан ?аза? радиосы.Сіздерді б?гінгі ба?дарламамен таныстырамыз

06.00.А?датпа.?н?ран.

07.00. «Та?шолпан» а?паратты-сазды ба?дарламасы.                     

09.30  «Жа?а ?аза?стан».

12.00. «Т?саукесер».

14.00. «Ба?даршам».

15.00. «?мірде бол?ан».

19.00. «Жан жылуы».

20.00.Жа?алы?тар».

22.00. «Атаж?рт» к?ркем фильм.

Ты?да?андары?ыз?а рахмет!

3-жатты?у.Ертегіден ?зіндіні о?ып,к?шіріп жаз.Біріккен с?здерді? астын сыз.   

Кер??ла атты Кендебай

Ерте,ерте,ертеде,ешкі ж?ні келтеде,?аратауды? ойында,?арасуды? бойында ?азан?ап деген бір кедей болыпты.?азан?ап ??с атып,балы? аулап к?н к?реді екен.?йелі ау то?ып,жырты? жамайды екен.?азан?апты? Кендебай деген ?лы болыпты.Кендебай ай сайын емес,к?н сайын  ?сіпті:алты к?нде к?ліпті,алпыс к?нде ж?ріпті.Алты жылда алып жігіт болыпты.

Біріккен с?здерді? ?андай т?бірлерден жасалып т?р?анын айт.Олар?а с?ра? ?ой.

-?аратау,?арасу,?азан?ап,Кендебай,Кер??ла

Ойын:  «Ж?мба? біріккен с?зді тап»                                            

?І.Саба?ты бекіту.

  •  Біріккен с?здер дегеніміз не?   22-слайд
  • Екі не одан к?п т?бірден бірігіп,т?тас бір ??ымды білдіретін к?рделі с?здер біріккен с?з деп аталады.
  • Біріккен с?здерге мысал келтір!Екібаст?з,О?жетпес,К?кшетау,Ж?мба?тас т.б
  • Біріккен с?здер ?алай жазылады?Біріккен с?здер ?р?ашан бірге жазылады
  • Біріккен с?здерге жататын атауларды ата!Кісі аттары,а?-??с аттары,ойын атаулары,дене  м?шелері,жер-аттары,ауру атаулары,дене м?шелеріні? атаулары,т?рмыс??а байланысты атаулар т.б

?орытынды.О?ушылар ?з ойларын айту.

Ба?алау.

?й тапсырмасы.5-жатты?у.Біріккен с?здерге ?атысты ма?ал-м?телдер жазып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«урок казахского языка по теме"Біріккен с?здер"»

4сынып

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір

ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру, сөйлем

ішінен біріккен сөздерді таба алуға, әртүрлі түбірлерден біріккен

сөздер жасай алуға үйрету.

ә)Тәрбиелік: Бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып, ізденімпаздыққа,

ұқыптылыққа, сауаттылыққа, жинақтылыққа,туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

б)Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, ойлау

қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу,математика,дүниетану

Әдісі: зерттеу, салыстыру, әңгімелеу,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: сызбалар, суреттер.

Техникалық құрал: интерактивті тақта,актив студио

Жаңа технология:Сын тұрғысынан ойлау технологиясы,дамыта оқыту технологиясы

Барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

а) Қызығушылығын ояту.

-Балалар қазір қазақ тілі сабағы.

-Қандай ақын жазушы болмасын, ана тілінен нәр алған.

-Поэзия! Менімен егіз бе едің? – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай біз сабағымызды поэзия минуттарынан бастаймыз.

1-қатар. Тілім менің тірегім, тілім менің.

Тілсіз қандай болады күнім менің? 2-слайд

Өз халқыма жетеді өз мәніңде,

Өз тілімде оқылса жырым менің.


2-қатар. Тілім менің-қуатым күнім менің,

Күшім кетсе не болар ісім менің?

Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,

Тілім менен тірлікті мүсіндедім.


3-қатар. Тілім менің-Бабамның батырлығы ,

Махамбет пенен Абайдың ақындығы

Дүниеге келе айқайды салған іңгәлап

Тілімде менің сәбидің батылдығы .

-Міне балалар қазақ тілінің атқаратын орны ерекше, қазіргі кезде Қазақстанда тұратын барлық басқа ұлт өкілдері біздің мемлекеттік тіліміз, қазақ тілін жетік меңгеруге талпынуда.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Шығармашылық тапсырма.

Өлең ұйқасын тауып және өлеңде қандай күрделі сөз кездеседі? 3-слайд

Хан Ордасы-туған....өлкем, 4-слайд

Жер көп пе сендей.....көркем

Орманында қарағайы ....алуан-..алуан,

Алысқа несібесі...шашыраған.

Күрделі сөздер.

Сөз дегеніміз не?

Сөз- заттың,сапалық,қимылдың,санның атауы.Мысалы:ай,күн,ақын,тұнық,жинады т.б

Түбір дегеніміз не?

Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір сөз деп атаймыз.

Күрделі сөздер дегеніміз не?

Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейміз.Олар бір сұраққа жауап береді.

Күрделі сөздер қалай жасалады?

Күрделі сөздер түбірлердің тіркесуі,бірігуі,қосарлануы арқылы жасалады.

2.Өткен сабақта танысқан күрделі сөздерге слайд бойынша ауызша сұрақтар арқылы пысықтап алу. 5-слайд


Біріккен сөз Қос сөз

Күрделі сөздердің

жасалу жолдары




Тіркесті сөздер Қысқарған сөз



ІІІ.Жаңа сабақ.

Кіріспе.

-Балалар әдебиет сабағынан алған білімімізді еске түсірейік. 6-слайд

-Ауыз әдебиетінің түрлеріне нелер жатады?

-Айтыс,жаңылтпаш,жұмбақтар,мақал-мәтелдер,тұрмыс-салт жырлары,аңыздар,шешендік сөздер,ертегілер т.б

-Осының ішінен аңыздар дегеніміз не?

-балалардың жауабы

-Олай болса, білетін аңыздарымыздың ішінен қандай кейіпкерлерді білесіңдер?

-Қожанасыр,Асанқайғы,Алдаркөсе,Жиренше шешен,Қорқыт ата т.б

-Дұрыс айтасыңдар,балалар осы кейіпкерлеріміздің есімдері белгілі бір оқиғаға,іс-әрекетіне байланысты тарихымызда аңызға айналған-Асанқайғы Сәбитұлы 7-слайд

Асанқайғы Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры - 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ.Барлық өмірін қазақ халқының асыл арманымен астастырып,оның тәуелсіз де бақытты тұрмыс кешуіне елеулі үлес қосқан. Керей, Жәнібек бастаған қазақ хандығының ақылшы биі болды. Ол тек мал шаруашылығымен күнелткен көшпелі елге жайлы қоныс,бейбіт өмір аңсады, «адамы жүзге келмей өлмейтін», «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заманы бар» «Жерұйықты» іздеді.Сөйтіп,қазақ жеріне көз алартып басып алуды ойлаған отаршыл да озбыр көршілерінен іргесін аулақ салу үшін әлгіндей құтты қоныс іздемек боладыАлты атанға қос артып,яғни желмаяға мініп алты жыл қоныс қарайды.Жолында кездескен тау,өзен,шұрайлы жерлерге,халыққа пайдалы жағын есептеп,тиісті бағасын беріп отырады.

Көріністің жүру барысы:
Асан қайғының желмаясына мініп Сарыарқа жерін аралап келе жатқан суретімен бейнеленген .Тәттімбеттің «Көкейкесті»күйі орындалып тұрады.Асанқайғы желмая үстінде ыңылдап келеді.

Асанқайғы:

-Құйрығы жоқ, жалы жоқ,құлан қайтіп күн көрер, 8-слайд
Аяғы жоқ,қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер?
Шыбын шықса, жаз болып, таздар қайтіп күн көрер,
Жалаң аяқ балапан, қаздар қайтіп күн көрер?
Уа, кең далам, тауларым,
Орманым, көлдерім мен суларым,
Не сыр түйіп жатырсыңдар,
Мынау әсем дүние,не сыр шертеді.
(Жан – жағына таңдана, қызыға көз тастайды.Шуласып даладан бір топ оқушылар келеді.)
Оқушы:Армысыз ата.
Асан қайғы:Бар бол балам.Амансыңдар ма? Кімсіңдер?
Мына заман, қай заман ?
Жарқырап тұр ғой түгел.
Жүздерің де бал – бұл жанған,
Айтшы қане, қай заман?
Оқушы: Уа, бабам сіз армандаған заман. Көксеген жер ұйығыңда бейбіт өмір асқақтаған халқыңның даналығы асқан, дариялығы тасыған, бірлігі жарасқан, рухы биіктеген көк байрағы еркін жайнап тұрған заман.
Асан қайғы: Уа, шіркін елім, жерім менің, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған қоныс та осында, бақыт та, байлық та, даналық та осында екен ғой.
Балаларым, сендер құлақ салсаңдар мен өмір сүрген сонау ерте дәуірде менің мынадай арманым болып еді. Желмаяға мініп, жиһан кезіп «Жерұйық» дейтін ну орманды, көк орай шалғынды, жарқырап жатқан даламнан жайлы қоныс іздеп едім.Сол қонысты ідеуге маған көмектесіңдерші.

-Сонымен балалар Асан атаға көмектесейік.

Қызылтауға келгенде не деген екен? 9-слайд

- Тау-тасы кеш болғанда қой болып ыңыранып жатады екен.Тоқты қысыр қалмайтын жер екен.-деді.

Баянауыл тауын көргенде:

-«Баянға жаймай, қой семірмес», - деп, Асан қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.

-Терісаққан өзенін кешіп өткенде не деген екен?

-Сарыарқаның тұздығы екен-депті

-Қаратауды көргенде:

-Көкектен басқа құсы жоқ,көкпектен басқа шөбі жоқ,жер азғыны мұнда екен-депті

-Жетісуға келгенде не депті?

-Мынау жетісудың ағашының әр бұтағы жеміс екен,шаруаға қоныс-деген екен.

Маңғыстауға келгенде:

-Түбінде,мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас –деген екен

Ақмешіт тұсындағы (Қызылорда) жерді көргенде:

-Ей, Ақмешіт ,жерің шаң екен,суың жар екен.Елің жұтамас малыңның көзіне сақ бол-деп ескертіпті.

-Міне,балалар, аңыз бойынша  Асан қайғы шұрайлы қоныс, нулы өлке  іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өткен екен.

-Қалай ойлайсыздар өзінің іздеген Жерұйығын тапты ма екен?

Бірақ өзінің туған жерінен артық жер болмайтынын түсініп,Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты.

ІҮ.Ой-қозғау.

-Балалар Асан атаны халық неге Асан қайғы деп атап кеткен?

« Асан қайғы» деп аталуы – халықтың қамын көп ойланған

-Ол қандай жерді іздеді?

-Елді жау алмайтын,малға жұт келмейтін,шөбі шүйгін,суы мол қоныс-Жерұйықты іздеді.

-Балалар,Асанқайғының барған жерлерін атаңдаршы

Қызылтау, Баянауыл, Терісаққан ,Қаратау, Жетісу, Маңғыстау, Ақмешіт, Қызылорда,Ұлытау.

-Балалар бұлар қандай сөздер? 10-слайд

-Күрделі сөздер

-Бұл сөздер неше түбір сөзден құралып тұр?

-екі түбірден

-Екі түбір сөз не істеп тұр?

Бірігіп тұр.

-Ал балалар осыдан өзіміз ереже шығарып көрейік.

-Екі не одан да көп түбірден бірігіп,тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөз деп аталады. 11-слайд

Дәптермен жұмыс.

-Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы:Біріккен сөздер

Бүгінгі күннің жадысын жазу 12-слайд

Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы:Темірқазық, Сарыағаш, Көкшетау ,Жетісу,алабота т.б

Ү.Оқулықпен жұмыс. 13-слайд

1-жаттығу.Сөздерді оқы.Олар қалай жасалған?

Талдықорған,егеуқұйрық,еңбеккүн,Жетіқарақшы,шаңсорғыш,Қаламқас,Жұмабай,Беташар,Теміржолшы,жанкүйер,асатаяқ,Қызылжарқұдық.

Әр сөз неше түбірден құралған? ауызша

2-жаттығу.Біріккен сөздерді мағыналарына қарай топтап жаз.

Орынбасар,асқазан,қосаяқ,Есенәлі,Қызылорда,алтыбақан,аяқдоп,Айгүл,Екібастұз,сегізкөз,ақсүйек,көкқұтан,Шиліөзен,аққу,Бисенбай,ұлтабар

Кісі аттары: Орынбасар, Есенәлі, Айгүл, Бисенбай

Аң-құс атаулары: қосаяқ, көкқұтан, аққу.

Ойын атаулары: алтыбақан, аяқдоп

Дене мүшелері: сегізкөз, ұлтабар ,асқазан

Тағы қандай атаулар қосуға болады? 11 слайд

-Жер-су аттары: Қызылорда, Екібастұз, Шиліөзен

Екібастұз сөзін сөз құрамына талда.Неше түбірдің бірігуі арқылы жасалған?

-Екі+бас+тұз үш түбірден

Семантикалық картамен жұмыс. 14-слайд

Біріккен сөздерге жататын атаулар.

Біріккен сөздерге жататын атауларға:Кісі аттары,аң-құс атаулары,ойын атаулары,дене мүшелер,жер-су аттары,мезгілге байланысты атау,ауру атауы,қоғамдық өмірге, күнделікті тұрмысқа байланысты атау.

Сергіту сәті.Қазақстан бағдарламасы.Радиодан сөйлейді.Біріккен сөздерді айтқанда қол соғамыз.

-Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Қазақ радиосы.Сіздерді бүгінгі бағдарламамен таныстырамыз

06.00.Аңдатпа.Әнұран.

07.00. «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы. 15-слайд

09.30 «Жаңа Қазақстан».

12.00. «Тұсаукесер».

14.00. «Бағдаршам».

15.00. «Өмірде болған».

19.00. «Жан жылуы».

20.00.Жаңалықтар».

22.00. «Атажұрт» көркем фильм.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

3-жаттығу.Ертегіден үзіндіні оқып,көшіріп жаз.Біріккен сөздердің астын сыз. 16-слайд

Керқұла атты Кендебай

Ерте,ерте,ертеде,ешкі жүні келтеде,Қаратаудың ойында,Қарасудың бойында Қазанғап деген бір кедей болыпты.Қазанғап құс атып,балық аулап күн көреді екен.Әйелі ау тоқып,жыртық жамайды екен.Қазанғаптың Кендебай деген ұлы болыпты.Кендебай ай сайын емес,күн сайын өсіпті:алты күнде күліпті,алпыс күнде жүріпті.Алты жылда алып жігіт болыпты.

Біріккен сөздердің қандай түбірлерден жасалып тұрғанын айт.Оларға сұрақ қой.

-Қаратау,Қарасу,Қазанғап,Кендебай,Керқұла

Біріккен сөздер ненің немесе кімнің аты болып тұр?

-Адамның ,жердің ,аттың аты.Олар қандай әріппен жазылады?Қандай сөз таптары?Жалқы есім бе,жалпы есім бе?

Дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөзді тап.Керқұла-Керғұла

Ертегінің толық нұсқасын тауып оқы.Бір оқушы ертегінің нұсқасын оқиды. 17-слайд

4-жаттығу.Сурет бойынша сөйлем құрап жаз.Біріккен сөздердің астын сыз.

Тасбақа,саңырауқұлақ,темірқазық,түйеқұс 18-19 слайд

Айтылуы Жазылуы

Таспақа Тасбақа

Саңырағұлақ Саңырауқұлақ 20-слайд

темірғазық темірқазық

Түйеғұс Түйеқұс

Ойын: «Жұмбақ біріккен сөзді тап» 21-слайд

ҮІ.Сабақты бекіту.

  • Біріккен сөздер дегеніміз не? 22-слайд

  • Екі не одан көп түбірден бірігіп,тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөз деп аталады.

  • Біріккен сөздерге мысал келтір!Екібастұз,Оқжетпес,Көкшетау,Жұмбақтас т.б

  • Біріккен сөздер қалай жазылады?Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады

  • Біріккен сөздерге жататын атауларды ата!Кісі аттары,аң-құс аттары,ойын атаулары,дене мүшелері,жер-аттары,ауру атаулары,дене мүшелерінің атаулары,тұрмысққа байланысты атаулар т.б

Қорытынды.Оқушылар өз ойларын айту.

Не білдік?Сабақ сіздерге несімен ұнады?Сабақта жақсы,белсенді жауап беріп,қатысып отырған кім ?-деп ойлайсындар

Бағалау.

Үй тапсырмасы.5-жаттығу.Біріккен сөздерге қатысты мақал-мәтелдер жазып келу.23-слайд













































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
урок казахского языка по теме"Біріккен с?здер"

Автор: Беккалиева Сабира Сигуатовна

Дата: 05.01.2016

Номер свидетельства: 272615


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства