Сыныбы: | 7 |
Пән: | Қазақ әдебиеті |
Тақырыбы | С.Мұқановтың әңгімелері. «Балуан Шолақ» |
Мақсаты | Шығармадағы Балуан Шолақтың бейнесін, тарихтағы орнын, автордың бейнелеу шеберлігін оқушыларға таныту; оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіру; оларды дербес жұмыс істей алуға үйрету, өз ойын еркін жеткізе алу қабілетін дамыту; шығармашылық жұмысқа баулу; |
Жалпы мақсаты | Тақырыпты толық меңгерту, оқушылардың әңгімелеу, мазмұндау қабілеттерін арттыру |
Күтілетін нәтие | Оқушылар тақырыпты толық әрі өздеріне түсінікті дәрежеде меңгере алады. Түсініктерін, өз ойларын ашық әрі нақты жеткізе алады |
7 модульдің қолданылуы | АКТ, «Сыни тұрғыдан ойлау», «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | «Ассоциация әдісі», «Мозайка әдісі», «Өзіңізді тексеріңіз», «Кері байланыс» |
Қолданылатын ресурстар | АКТ, видеоролик,стикер, кестелер, |
Ұйымдастыру кезеңдері | Оқушылармен амандасу, түгендеп қызығушылықтарын ояту үшін топтастыру жасау. Өткелі отырған тақырыпты өз беттерімен меңгерту, «Мозайка» әдісі арқылы түсініктерін өзге топтарға айту, сұрақтарға жауап жазып, ойларын дәлелмен айтқызу. Кері байланыс арқылы сабақтан алған әсерлерін бір сөйлеммен, бір сөзбен қорытындылап жазғызу | Оқушылар мұғаліммен амандасып, топтастыру жұмысын орындайды. |
Сабақ кезендері | Тапсыра | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Қызығушылықты ояту «Ассоциация» әдісі | Оқушылар С.Мұқановтың өмірі жайлы видеоролик көреді. Видеороликтен көргендерін қысқаша қылып топтастырулары керек. | Мұғалім оқушыларға автортың өмірдерегінен қысқаша видеоролик ұсынады. Топтастыру жасатады. | Оқушылар видероликти карайды, топтастыру жасайды. |
Мағынатану «Мозайка» әдісі | Оқушыларға «Балуан Шолақ» шығармасынан алынған кей әңгімелер бөлініп беріледі. Оқушылар шығармамен таныса отырып, өзге топтарға түсініктерін айтулары керек. | Мұғалім оқушыларды қатар-қатармен топқа бөледі. 1-топқа: «Алып анадан туады» 2-топқа: «Қамбадағы қсқыр» 3-топқа: «Каронмен күрес» әңгімелерін береді. Оқушылар өз беттерімен оқып, қалған топтарға мазмұнын айтулары керек және композициялық құрылысына қарай талдайды. | Оқушылар әңгімені оқып шығып, қлған топтарға түсініктерін айтып береді және композициялық құрылысына қарай талдайды. |
«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі | Әр әңгіме бойынша құралған сұрақтарға «Дұрыс» немесе «Бұрыс» деп жауап беру, және неліктен солай екенін дәлелмен айту.Әр қатар өздеріне түскен әңгіме бойынша қойылған сұрақтарға жауап бермейді, яғни қалған екі топ жауап берулері керек. | Мұғалім арнайы дайындалған сұрақтарды оқушылардың назарына ұсынады. | Оқушылар ең әуелі өзге топтардың әңгімелерін мазмұндауын мұқият тыңдаулары керек. Содан кейін қойылған сұрақтарға дәлілімен жауап берулері керек. |
Толғаныс «Кері байланыс» әдісі | Оқушылар өтіп жатырған сабақты әуелі бір сөйлеммен, содан кейін бір сөзбен стикерлерге жазып, «Білім ағашына» ілулері керек. | Мұғалім оқушыларды толғаныс сәтінің шартымен таныстырады.Әр оқушыға стикер береді. | Оқушылар өтіп отырған тақырыптарын бір сөйлеммен, кейін бір сөзбен қорытындылайды. |
Бағалау | | Мұғалім сабаққа белсенділік танытып, жақсы қатысқан, сұрақтарға дәлелмен жауап бере білген оқушыларды «Жұлдызшалармен» бағалайды. | Оқушылар сабқта көрсеткен алғырлықтары мен белсенділіктеріне қарай бағаланады. |