kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен ғалым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шоқан Уалиханов ұлы ғалым, суретші, зерттеуші, саяхатшы. Оның ғылыми еңбектері, суреттері, саяхат жасаған жерлері туралы сабақта айтылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен ғалым"»

10 сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: «Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен ғалым»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасынан алған білімдеріне қосымша мәліметтер келтіре отырып, жан-жақты талдау жасау, пысықтау. Тәрбиелік: Ұлы ғалымның қазақ халқы үшін жасаған қызметіне, өз халқының мәдени жетістіктеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіндік пікір, көзқарастарын қалыптастыру.

Сабақтың типі: пысықтау, дамыту сабағы

Оқытудың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, баяндау, талдау, жазу, ойлау, тыңдау.

Көрнекілігі: Шоқан туралы ақын-жазушылардың сөздері, фотосуреттер топтамасы, презентация, портреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық: «Ұранымыз-жақсы оқу, үлгілі болу, Мақсатымыз-еңбектену, «бестік» бағаға қолды жеткізу» Бүгін сабақта мен сіздерге сәттілік тілеймін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Блиц сұрақтар «Сын есім», семантикалық картаны алып, толтырыңдар. (5 минут)

ІІІ. Сабақтың тақырыбын ашайық,: «Тұлғаны танып ал» Бұл даналық сөз кім туралы айтылған «Корустың оқытущылары ... (Шоқанды) болашақ зерттеуші, тіпті ғалым болуы ықтимал деп жүрген кезде, ... (Шоқан) небәрі он төрт-он бес-ақ жаста болатын» (Г.Н. Потанин) Бұл дана ой кім туралы деп ойлайсыңдар? Дұрыс, бұл даналық ойды досы Г.Н. Потанин қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов туралы айтқан. Сондықтан бүгінгі сабақтың тақырыбы «Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен ғалым» (слайд 1 )

«Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен ғалым»



- Бүгін сабақта біз Шоқан туралы білімдерімізді толықтырамыз, мәтіндер бойынша тапсырмалар орындаймыз. Сабақты топ бойынша өткіземіз: топқа бөліну: І топ Шоқан- географ, ІІ топ Шоқан-зерттеуші, ІІІ топ Шоқан-суретші

-Балалар, Шоқан туралы Не білеміз? Шоқан туралы бізге қандай деректер мәлім: Шоқан 1835 жылы Қостанай облысында, Құсмұрын жерінде туған, Ол-ғалым, суретші, саяхатшы, ағартушы, тарихшы, шын аты-Мұхаммедханафия, Омбы кадет корпусында оқығын, оның көп еңбектері бар, 1865 ж. қайтыс болған.

- Ал не білгіміз келеді? (Шоқанның әр түрлі ғылым саласындағы еңбектерімен тереңірек танысу.)

- Енді әр топ өз мәтіні бойынша тапсырмаларды орындайды, мәтінді оқып, кластерді қорғау, диалог құрастыру.

Топтық жұмысы.

І топ (слайд 2-4) ХІХ ғасырдағы Петербург

Орыс географиялық қоғамы

Орыс географиялық қоғамының кітапханасы






Шоқан – географ

1857 жылы Шоқан жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды. Үлкен ғалым атанды. Ол орыс халқының алдыңғы қатарлы, озық ойлы ғалымдары П.П.Семенов-Тян-Шанскиймен, Ф.М.Достоевскиймен дос болды. Ф.М.Достоевский Шоқанды туған бауырындай көрді. Шоқан туған халқының жақсы тұрмысқа жетуін армандады. Шоқанның еңбектерін орыс ғалымдары жоғары бағалады. Шығыстанушы Е.И.Ковалевский Шоқанды «Қазақ халқының ең жақсысы әрі орыстың мемлекет мүддесін қадір тұтушы» деп атады. Г.Н.Потанин оны «Шығыстың құйрықты жұлдызы» деді. Шоқанның еңбектері бірнеше рет қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді. Қашқария мәліметтері Шоқанның дүниежүзілік география ғылымына қосқан зор жаңалығы болды.

Сөздік: Озық ойлы-прогрессивно мыслящий

Мемлекет мүддесін қадір тұтушы- защитник интересов государства

Құйрықты жұлдыз- комета

Мәлімет -информация

Тапсырмалар:

  1. Мәтінге диалог құрастыру.

  2. Синтаксистік талдау: 1857 жылы Шоқан жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды.

  3. Сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажырату.

ІІ топ. Қазақтың зерттеуші ғалымы – Шоқан (слайд 5-7)

Шоқанның еңбектері:

“Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде”

“Алтышаһар немесе Қашқария туралы”

“Қазақ шежіресі”

“Сот реформасы жайында хат”

“Қырғыздар туралы жазбалар”

“Іле өлкесінің географиялық очерктері”

“Ұлы жүз туралы”

“Ыстықкөл күнделіктері”








Шоқанның достары: П.Семенов-Тян-Шанский, Ф.Достоевский, Г.Потанин




Ш.Уәлиханов Семей, Аягоз, Қапал, Алакөл, Тарбағатай, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау жерлерінде болып, қазақ халқының ауыз әдебиетін, тарихы мен этнографиясына байланысты материалдар жинады. Ыстықкөл аймағына барып, қырғыз, ұйғыр, дүңген, қытай халықтарының тарихын да зерттеді. Қырғыз халқының « Манас» жырын қағазға түсірді. Оның «Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл күнделіктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Іле өлкесінің географиялық очеркі» т.б. зерттеулері бар. Шоқанның еңбектері , өнер туындылары қазақ халқының алтын қазынасы ретінде ғасырлар бойы жасай береді.

Сөздік:

өнер туындылары – произведения искусства

ғасырлар бойы – веками

алтын қазына- золотое богатство

Тапсырмалар:

1.Мәтінге диалог құрастыру.

2. Синтаксистік талдау: Оның «Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл күнделіктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Іле өлкесінің географиялық очеркі» т.б. зерттеулері бар.

3. Сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажырату.

ІІІ топ. Шоқан Уәлиханов – суретші (слайд 8-9)




Шоқанды замандастары шығыстану іліміндегі қайталанбас ірі тұлға деп таныған. Суретшілік өнер , тарихшы, географ, этнограф, фольклорист,саяхатшы – Шоқанның сегіз қырының бірі ғана. Шоқанның 200-ге жуық суреттері сақталған. Ол суреттер Ш.Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының бесінші томында және «Шоқан және өнер » атты кітапта басылып шықты. Бұл еңбектер Шоқанның шын мәніндегі суретші екенін дәлелдейді. Суретші Шоқан сәулет өнері үлгілеріне де, таңбалы тастар мен мүсіндерге де ерекше көңіл бөлген. Ол қазақ халқының тұңғыш өнер зерттеушісі.Ол портрет, табиғат көрінісі, халықтың тұрмыс-салтын бейнелеу жанрымен айналысқан. Оның суреттері: «Алатау қырғызы», «Қытай мырзалары», «Қалмақ зайсаны», «Ақан сері», «Қартқожа», «Жаяу мұса», «Ханқожа Уәлиханов» т.б.

Сөздік: замандас-современник

қайталанбас - неповторимый

саяхатшы –путешественник

таныған – признали

дәлелдейді – доказывает

сегіз қырлы – всесторонне развитый

тұлға – личность

шын мәніндегі – в действительности

Сәулет өнері үлгілері –образцы архитектурного искусства

Таңбалы тастар –камни с надписью

Тас мүсіндер –каменные фигуры

Тапсырмалар:

  1. Мәтінге диалог құрастыру.

  2. Синтаксистік талдау: Шоқанның 200-ге жуық суреттері сақталған

  3. Сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажырату


Ұжымдық жұмысы:

1. Мына сөздерге синонимдерді айтыңдар: зерек-алғыр; биік-асқар; тұңғыш-алғаш, бірінші; белгілі- атақты, әйгілі; құрметті-қадірлі; асыл-бағалы; ғалым-оқымысты; саяхат-сапар; мәлімет-мағлұмат, дерек, ақпарат.

2. Ойын сәті «Әріптер сөйлейді»: Мына әріптерге осы әріптен басталатын және бүгінгі тақырыпқа қатысты сөздер жазыңдар. Кім дайын? « Қ»- Қостанай, Құсмұрын, Қашқария, Қытай, Құлжа, Қартқожа, Қырғызстан. « С» -Суретші, Семенов, Сырымбет, Сарыарқа, саяхат, сәулет өнері, Соткин. «Ш»- Шыңғыс, Шығыстану, Шоқан, шөбере, Шығыс, Штенгель (Шоқанның досы болды) Балалар, жарайсыңдар!

ІV Сабақты бекіту: Бүгін сабақта Шоқан туралы қандай жаңа мәлімет алдыңдар? ( Шоқанның қанша суреті болды, қандай тақырыпқа ол сурет салды, суреттер атауы, қандай ғылыми зерттеулері болды, география ғылымына қосқан жаңалығы)

Ш.Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындады...” Академик И.И.Веселовский

V. Рефлексия: Балалар, Сабақ ұнады ма? Неліктен? Сабақ ұнамады ма? Неліктен? Сабақтан алған әсерін қандай? Соны жазып беріңдер. (стикерге жазып, көңіл-күй ағашына жапсырады)

VI. Бағалау. Сабақ аяқталды. Бүгінгі сабақтың мақсатына жеттік деп ойлаймын. Рақмет. Бүгін сабақтың бағалары.

VII. Үй тапсырмасын беру: 152 бет 4 тапсырма.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ашық сабақ "Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен ғалым"

Автор: Жайсанова Сауле Жалгаспаевна

Дата: 01.12.2016

Номер свидетельства: 364604

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Внеклассный урок на тему: "Физика п?нінен ойын саба?ы""
    ["seo_title"] => string(55) "vnieklassnyi-urok-na-tiemu-fizika-p-ninien-oiyn-sabag-y"
    ["file_id"] => string(6) "269652"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450879964"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Внеклассный урок на тему: "Астрономиялы?  со?ыс ойыны""
    ["seo_title"] => string(54) "vnieklassnyi-urok-na-tiemu-astronomiialyk-sog-ys-oiyny"
    ["file_id"] => string(6) "269641"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450878612"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Внеклассный урок на тему: "Астрономия ?ылымы""
    ["seo_title"] => string(46) "vnieklassnyi-urok-na-tiemu-astronomiia-g-ylymy"
    ["file_id"] => string(6) "269650"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450879914"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "11 - сынып. Диктант м?тіндері. "
    ["seo_title"] => string(27) "11-synyp-diktant-m-tindieri"
    ["file_id"] => string(6) "185312"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426169103"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "?деби ертегілер. ?бділд? Т?жібаев. Тола?ай "
    ["seo_title"] => string(45) "diebi-iertieghilier-bdild-t-zhibaiev-tolag-ai"
    ["file_id"] => string(6) "128170"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415451250"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства