Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Елімнің жүрегі-Астана"»
Сабақтың тақырыбы: «Елімнің жүрегі-Астана»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Астана туралы мәлімет беріп, түсініктерін тиянақтау. Ой-өрісін, танымын дамыту, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Астана қаласына, еліне, елбасына деген құрмет сезіміне, тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, рәміздер, Қазақстан картасы.
Сабақтың барысы.
1. Кіріспе бөлімі:
- Ұйымдастыру.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Жылулық шеңбері: Ал, енді балалар бәріміз бір - бірімізбен сәлемдесіп алайық.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, Астана!
Келдік саған қуана!
- Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.
Деніміз сау болсын!
Күніміз күлімдесін!
Еліміз аман болсын!
Ата-анамыз қасымызда болсын!
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз бақытты болайық!
Аспанымыз ашық болсын!
- Кәне, балалар отырайық. Біз бүгін Отан туралы әңгімелесеміз. Балалар Отан деген сөзді қалай түсінеміз?
Балалар: туған жерім, атамекенім, отбасым, халқым.
- Дұрыс балалар, Отан дегеніміз біздің еліміз, туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.
- Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстанды Отанымыз дейтін себебіміз, бұл жерде ата -бабаларымыз тұрған, енді сол жерде біз тұрамыз. Адал адам Отанын сүйеді. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да өмір сүре алмайды. Біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасы, ұлтымыз-қазақ.
2. Негізгі бөлім:
- Біз қай елде өмір сүреміз?
- Қазақстанда.
- Қазақстан қандай ел?
- Тәуелсіз ел.
- Тәуелсіз ел дегенді қалай түсінесіңдер?
- Біздің астанамыз қай қала?
- Астана қаласы.
3. 1961 жылы Ақмола деген атауы орысша Целиноград деп өзгертілді. Целиноград облыс орталығына айналды. Еліміз тәуелсіздік алған соң, 1992 жылы қалаға қайтадан өзінің қазақша атауы беріліп, Ақмола облысы атанды. Ақмола облысы – еліміздің ірі астық өңірі және ірі ауылшаруашылық машина жасау орталығы болды. Жер қойнауы – алтын, уран, мыс, кварц құмдары т. б пайдалы қазба байлықтарға бай.
Елбасымыздың шешімімен 1997 - жылдан бастап жаңа астананы осы Ақмола қаласының жер аумағына көшіріп, атауын «Астана» деп өзгерту қабылданды. Керемет жеделдетілген құрылыс жұмыстары жүргізіліп, айналасы аз уақыт ішінде: әсем де, ару қала–Астана қаласы бой көтерді. 1998 жылы негізгі құрылыс нысандары аяқталып, іске қосылды. Сонымен 1998 жылы 6-шілде Астана қаласының туған күні болып белгіленді.
4. Астана төрі елімнің.
Мақтана оған қарайды
Қазақтың барлық баласы.
Тұғыры туған елімнің.
Мақтана оған қарайды
Қазақтың барлық баласы.
Сергіту сәті.
Қорытынды: Бүгінгі сабақтан не түйдік? Я, балалар, сабағымызды қорытындылай келе, әрине Астана туралы айтып тауысуымыз мүмкін емес, әрине Астана туралы жырланған жыр, салған ән, шерткен күй қаншама дерсіз? Астана дегенде бар қазақ елеңдеп, қазақ дегенде Астананың ашық аспаны жарқырай түссе екен деген тағы бір тілек бар. Осымен, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.