kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? Адал дос ?андай болу керек?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Досты? сезімі ?мірде оларды? бірін бірі ?ажетсінуінен, ??рмет т?туынан, шынайы тілектестік пен ?зі?дей к?ріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, ?иын ?ыстау к?ндерде іркілместен ?асынн табылудан, риясыз, есепсіз жомартты?тан к?рінетінін ??ындыру.

Барысы:


І. ?йымдастыру.

  • Балалар, б?ріміз шатты? ше?беріне жиналайы?. Енді бір бірімізге б?гінгі к?німізді? тамаша ?туіне арнап жа?сы тілектер айтайы?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? Адал дос ?андай болу керек? »

5 орта мектеп





Ашық сабақ







Тақырыбы: Адал дос қандай болу керек?













Өткізген: Құдабаева А.Б

Өзін -өзі тану пәні мұғалімі

6 – 7 сынып



















Шалқар 2014 – 2015 оқу жылы



Мақсаты: Достық сезімі өмірде олардың бірін бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіңдей көріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қиын қыстау күндерде іркілместен қасынн табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.

Барысы:


І. Ұйымдастыру.

  • Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.

ІІ. Оқушыларға тақырыпты ашу сұрақтары:

  1. «Дос деген кім?» сауалына сызба арқылы жауап беру.

  2. Дос дегенді қалай түсінеміз?

  3. Досың бар ма? Ол қандай?

  4. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

  5. Достық жасқа байланысты ма?

  6. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

  7. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

  8. Досыңды неге теңер едің?

  9. Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек?

ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі, достық туралы әңгіме.

Достық – адамдардың бір бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

Дос қандай болу керек?

Жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым мейірімді, кешірімді, адал, төзімді, ақылды, сабырлы, салмақты кек сақтамайтын. (Ертеде Әйтімбет деген) сөзге шешен кісі болыпты.

Бірде оның замандастары:

  • Достық нешеу деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: Достықтың екі түрі болады.

  • Бірі адал достық, екіншісі амал достық.

  • Дұрыс – ақ. Енді оны қалай ажыратамыз дегендерге:

  • Адал достықтың – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады деп жауап берген екен.

  • Досым саған сенемін, сеніп өтем!

  • Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

  • Достық деген ақылдық серігі екен.

  • Дос арындай қымбатты,

Достық сезім тым тәтті, дей отырып келесі мақал мәтелдер кезеңіне көшейік, әр топ берілген мақал мәтелдді толықтырып аяқтауы қажет.

Не жетеді нағыз досқа асылға,

Қуансаң да, қайғырсаңда қасыңда

Қиналады сен қиналсаң болғаны,

Ұйықтамасаң ұйықтамайды ол дағы.

Нақыл сөздерді тақтаға жазып қояды.

Достың көңілін қалдырма,

Досыңа адал бол!

Досыңды қорлама!

Досыңды кешіре біл.

Досыңа көмектесе біл

2 – жүргізуші:

Достың көңілі шар айна,

Сындырып алма абайла.

Мақал мәтелдер кезеңі:

IV.Мақал- мәтелдер

  1. «Кемшіліксіз дос әздеген адам доссыз қалады»

  2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады»

  3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»

  4. «Киімнің жаңасы жақсы, досыңның көнесі жақсы»

  5. «Көп ақшаң болғанща, көп досың болсын»

  6. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас»

  7. «Досы жақсының – өзі де жақсы»

  8. «Дос басқа қарайды, Дұшпан аяққа қарайды»

  9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық»

10) «Досың мың болса да аз, Дұшпаның мың болса да көп»

11)«Доссық адам тамыры жоқ ағашпен тең»

12)«Білімдімен дос болсаң,

13)Сасқанжа ақылын айтар

Білімсізбен дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».

V. Мінездеме:

Екі дос арасындағы түсініспеушілікті бейнелейтін көріністі көрсету.

А) Ортадағы орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушыны ұнамды жақтарын айтады.

Б) «Менің досым» тақырыбы бойынша әр оқушы өзінің досы жайлы айтады. Төменде оқылатын аңыздан қандай қорытынды шығаруға болады?

Досыңды жоғалтпас үшін оған деген өкпеңді кешіре білу керек пе?

«Достықтың негізі талғамның, көзқарастың толық үндесуінен туады» Цицерон Жақсылықты ұмытпау.



Аңыз әңгіме

Бір күні екі дос келе жатып, сөзге келіп қалады. Біреу екіншісінің жағынан тартып жібереді. Таяқ жеген досы жоғы ауырса да, ештеңе деместен жердегі құмға «Бүгін менің ең жақын досым жағымнан тартып жібереді» деп жазады

Олар әрі қарай кете береді де, суы бар шалғынды әсем жерге тап болады. Сол жерде шолмылуды ұйғарады. Жағына шапалақ тигені суға батып кете жаздайды. Оны досы құтқарып, есін жиғаннан кейін ол тасқа «Мені бүгін ең жақын досым өлімнен құтқарып қалды» деп жазды.

Бір кезде шапалақпен ұрып жіберген, соңынан суға кетуден құтқарған досы одан былай деп сұрайды.

«Мен сені жәбірлеген кезде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып отырсың.Мұны қалай түсінуге болады?» дейді. Досы оған: «Егер бізді біреу жәбірлесе оны құмға жазуымыз керек, өйткені жел құмдағы жазуды өшіріп әкетеді. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа қашап жазу керек,өйткені ол жазуды желде, уақытта өшірмей керек».



VI. «Жалғастырып көр» ойыны

а) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ...

ә) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілерім ...

б) Сыйластық бар жерде ...

VII. Сауалға жауап іздеу

А) Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.

Ә) Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?

В) Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп, соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

Г) Анаң сабақтан нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр.Түскі тамаққа нан келеді деп. Досың да анасы нан ала ел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?

Соңғы тыныштық сәті.

Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар.

Бүгін сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар. «Мен досыма адалмын. Мен далада да, мектепте де досыма көмектесемін. Мен досымның алдына сабырлы, ұстамды болуға тырысамын. Досымның амандығын тілеймін. Іздегенде досым әрқашан қасымнан табылса деймін» деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? саба? Адал дос ?андай болу керек?

Автор: ??дабаева Айг?л Болатбай?ызы

Дата: 06.04.2015

Номер свидетельства: 197819

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) ""Дос" ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(15) "dos_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "471683"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1527739506"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""К?к кептер" ашы? саба?. "
    ["seo_title"] => string(24) "kok-kieptier-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "187415"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426513605"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Достар -екі әлемде өмір сүретін бір адам"
    ["seo_title"] => string(42) "dostar_ieki_liemdie_omir_surietin_bir_adam"
    ["file_id"] => string(6) "411778"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1493205376"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "т?рбие саба?ы  Та?ырыбы: «Доссыз ?мір бос» "
    ["seo_title"] => string(41) "t-rbiie-sabag-y-tak-yryby-dossyz-omir-bos"
    ["file_id"] => string(6) "187241"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1426493418"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "«Дос болайы? б?ріміз!»."
    ["seo_title"] => string(16) "dosbolaiykbrimiz"
    ["file_id"] => string(6) "291904"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455198446"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства