kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Достар -екі әлемде өмір сүретін бір адам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Достар-екі әлемде өмір сүретін бір адам
Мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту. 
Дамытушылық: Оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. 
Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту. 
Міндеттері: 
- Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету; 
- Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту; 
- Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. 
Түрі: аралас 
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, «Сөйлемді аяқта» тренингі, хатқа жауап беру, пікіралмасу, жүректен-жүрекке, «Сиқырлы орындық» жаттығуы, «Ренжістік-татуластық ойыны. 
Көрнекі құралдар: Ұлы ғұламалардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, слайд, мәуелі ағаш, жүрекшелер, 5 саусақты қағаз қолғап. 

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Амандасу, түгендеу. /Әнұран орындау/. 


І. Тақырыпты ашу сұрақтары. 
Тақырыпты жағдаятпен ашып алу (слайд) 
1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз? 
2. Досың бар ма? Ол кім? 
3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба? 
4. Достық жасқа байланысты ма? 
5. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма? 
6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады? 
7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз? 
8. Дос қандай болу керек? 


ІІ. «Нағыз дос» атты алма ағашына, досқа тән қасиеттерді жапырақтар түрінде теріп ілу (Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді, кешірімді, төзімді, ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік, өтірікші, тәртіпсіз, мақтаншақ, жалқау) 

ІІІ. Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: 
-Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке: 
-Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт: 
- Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті. 
Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп: 
- «Жігіті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті. 
Мұғалім оқушылардың ол туралы пікірін білу үшін сұрақ қояды. 
-Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіңдер? 


ІV. «Сөйлемді аяқта» тренингі 
А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені. 
Ә) Сыйластық бар жерде. 
Б) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім. 

V. Жағдаяттан шығу. Слайд арқылы 
1. Жақсы дос 
Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады. 
Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған. 
Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды? 
2. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты. 
- Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар? 

VІ. Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/ 
Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер: 
• «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер. 
• «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар. 
• « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар. 
Пікір алмасу. 
- Сендерге ойын ұнады ма? 
- Татуласу ше? 
- Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты, көңілді/ 
- Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма? 
- Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер? /уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/ 
Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсін.

 Қосымша: 
Мақалды жалғастыр. 
1. «Кемшіліксіз. іздеген адам. қалады». 
2. «Дұшпан. айтады, дос. айтады». 
3. «Жаңылмайтын. жоқ, сүрінбейтін тұяқ.». 
4. «. жаңасы жақсы,. көнесі жақсы». 
5. «. теңгең болғанша, жүз. болсын». 
6. «Досы көппен., 
Досы жоқпен.». 
7. «Досы., өзі де жақсы». 
8. «. басқа қарайды, 
. аяққа қарайды». 
9. «Ақылсыз., ақылды дұшпан.». 
10. «Досың мың болса да -., 
. біреу болса да - көп». 

Жауаптары: 
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». 
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады». 
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ». 
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы». 
5. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын». 
6. «Досы көппен сыйлас, 
Досы жоқпен сырлас». 


VІІ. «Хат қоржын» (хаттарға жауап) 
Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата-анамды әрі-бері күтіп, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келеді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым. Сіздер маған қандай ақыл айтасыздар? 

VIІІ. «Мінездеме беру» тренингі 
Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір-біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар. 
Тірек сөздер: 

Адал Арам 
Жомарт Өз қамын ойлайтын 
Адамгершілігі мол Кекшіл 
Қарапайым Сөзге түсінбейтін 
Мейірімді Жалқау 
Кешірімді Тәккапар 
Төзімді Қатал 
Ақылды Мейірімсіз 
Сабырлы Сараң 
Салмақты Қызғаншақ 
Кек сақтамайтын Тұйық 
Ашық 
Бүкпесіздік 
«Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылып бірауыздан алдымыздағы жүкті көтере білейік. 
Татулық достар арасындағы ең тамаша қасиет. Тату балалар бір – бірін ренжітпейді, тату-тәтті ойнайды, ойыншықтарымен, тәттілерімен бөліседі. Сондақтан да достық - татулықтан басталады делінеді. 
ІХ. «Сиқырлы орындық» жаттығуы. 
Ортадағы бір орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады. 
Х. Жүректен жүрекке: 
Оқушылар шеңбер бойымен бір-біріне кезекпен достық тілектерін білдіреді. 
-Досыңа адал бол! 
-Татулық тілеймін! 
-Досыңа кек сақтама! 
-Кешірімді бол! 
-Достық тілеймін! 
 

ХІ. Қорытынды: 
• Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер. 
• Досыңды алдамай, оған адал бол. 
• Досыңды қорлама. 
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл. 
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

 • Досыңның кемшілігін кешіре біл. 
Жасығанда жездей боп мойымайық. 
Сыр сақтамас біреумен дос болам деп, 
Сыр ашқан досымыздан айрылмайық. 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Достар -екі әлемде өмір сүретін бір адам»

Тәрбие сағаты:   Достар- бөлек әлемде өмір сүретін бір адам

Тәрбие сағаты: Достар- бөлек әлемде өмір сүретін бір адам

Сабақтың мақсаты:  Білімділік: оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, орны, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру;  Дамытушылық: берілген сұраққа толық жауап беруге үйрету;  Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу, әр балаға өз досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін өз бойына сіңіре білуге үйрету .

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, орны, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру; Дамытушылық: берілген сұраққа толық жауап беруге үйрету; Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу, әр балаға өз досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін өз бойына сіңіре білуге үйрету .

Сабақтың түрі: сайыс сабақ Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, топтастыру, ой шақыру, ойын Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар,мақал-мәтелдер, түсті қағаз т.б.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, топтастыру, ой шақыру, ойын

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар,мақал-мәтелдер, түсті қағаз т.б.

“ Ой шақыру

Ой шақыру " стратегиясы

" Топтастыру " стратегиясы

Достық дегенді қалай түсінеміз?

Достық дегенді қалай түсінеміз?

Сіз кіммен доссыз?

Сіз кіммен доссыз?

Жағдаяттан шығу, сөйлемді аяқтау Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің? 2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

Жағдаяттан шығу, сөйлемді аяқтау

  • Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?

2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

«Мінездеме беру» тренингі Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіңіздің қолыңыздағы жазылған есімді оқушыға бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.  Тірек сөздер: Адал жомарт өз қамын ойлайтын адамгершілігі мол кекшіл қарапайым сөзге түсінбейтін мейірімді жалқау кешірімді тәккапар төзімді қатал ақылды мейірімсіз сабырлы сараң салмақты қызғаншақ кек сақтамау тұйық  «Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылы бірауыздан алдымыздағы жүкті көтерейік

«Мінездеме беру» тренингі

Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіңіздің қолыңыздағы жазылған есімді оқушыға бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.

Тірек сөздер:

Адал

жомарт өз қамын ойлайтын

адамгершілігі мол кекшіл

қарапайым сөзге түсінбейтін

мейірімді жалқау

кешірімді тәккапар

төзімді қатал

ақылды мейірімсіз

сабырлы сараң

салмақты қызғаншақ

кек сақтамау тұйық

«Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылы бірауыздан алдымыздағы жүкті көтерейік

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

  • Мәтінмен жұмыс
  • Адал досқа тән қасиеттерді топтастыру
  • Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып,бір мақалдың мағынасын ашу
Көрініс

Көрініс

Сиқырлы орындық

Сиқырлы орындық

“ Сауалға жауап іздеу” а) Біздің сынып қандай? ә) Сынып оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба?

Сауалға жауап іздеу”

а) Біздің сынып қандай?

ә) Сынып оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба?

Әннің   сөзі:  Т.Молдағалиев әні:  С.Бәйтереков «Дос туралы жыр» әнімен аяқтайық.    Ән шашу «Дос туралы жыр» 1. Іздегенде табылатын қасыңнан, Көңілі бар қызғалдақтай ашылған. Көріспесе сағыныштан жүдейтін, Кім бар жақын бала күнгі досыңнан. Жан досым үстем болсын мерейің, Әр қашан жеңісіңді көрейін Сырымыз да бітпесін Жырымыз да бітпесін

Әннің   сөзі:  Т.Молдағалиев

әні:  С.Бәйтереков

«Дос туралы жыр» әнімен аяқтайық.

 

Ән шашу «Дос туралы жыр»

1. Іздегенде табылатын қасыңнан,

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.

Көріспесе сағыныштан жүдейтін,

Кім бар жақын бала күнгі досыңнан.

Жан досым үстем болсын мерейің,

Әр қашан жеңісіңді көрейін

Сырымыз да бітпесін

Жырымыз да бітпесін

Рефлексия  Сабақ ұнады ма?  Несімен ұнады?

Рефлексия

Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Достар -екі әлемде өмір сүретін бір адам

Автор: Умбетова Анар Бижановна

Дата: 26.04.2017

Номер свидетельства: 411778

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Сайыс саба? "Тап?ыр достар""
    ["seo_title"] => string(22) "saiyssabaktapkyrdostar"
    ["file_id"] => string(6) "282877"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453740044"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "саба? "Маманды? ?лемінде" "
    ["seo_title"] => string(24) "sabak-mamandyk-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "218533"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433830270"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Денсаулы? - тазалы?тан басталады "
    ["seo_title"] => string(32) "diensaulyk-tazalyk-tan-bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "139410"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417710225"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ашы? саба?   "Таби?аттан н?р алып..." "
    ["seo_title"] => string(32) "ashyk-sabak-tabig-attan-n-r-alyp"
    ["file_id"] => string(6) "182001"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425450582"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Білгенге маржан" интеллектуалды сайыс"
    ["seo_title"] => string(43) "bilghienghie-marzhan-intielliektualdy-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "298933"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456416858"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства