1. Білімділік: ана тілі туралы білім алу, білу ар?ылы о?ушыларды с?йлесім ?рекетіні? т?рлерін ?леуметтік ортада ?олдана білуге ?йрету.?ткен та?ырып бойынша о?ушыларды? білімдерін пысы?тау, сауатты с?йлеу да?дыларын ?алыптастыру, тіл білімдерін жина?тап, ?рт?рлі ж?мыс жасау ар?ылы білімдерін жетілдіру;
2. Дамытушылы?: ана тілі туралы білім алу ар?ылы о?ушыларды? тілдік да?дысы мен ойлау ?абілетін дамыту,оларды? ой - пікірін ?алыптастыру. Топты? ж?мыс ар?ылы ?йымшылды??а, бірін - бірі ты?дай білуге т?рбиелеу.
3. Т?рбиелік: о?ушыларды? патриотты?, отаншылды? сезімін оята отырып, ана тілін ??рметтеуге т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ана тілі ашы? саба?»
Сабақтың тақырыбы: Ана тілі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ана тілі туралы білім алу, білу арқылы оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету.Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау, сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, тіл білімдерін жинақтап, әртүрлі жұмыс жасау арқылы білімдерін жетілдіру; 2. Дамытушылық: ана тілі туралы білім алу арқылы оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту,олардың ой - пікірін қалыптастыру. Топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
3. Тәрбиелік: оқушылардың патриоттық, отаншылдық сезімін оята отырып, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап бере біледі. Сан есім түрлерін ажырата алады. Тақырыптың өмірге қажеттілігін,маңыздылығын түсінеді. Сабақтың түрі: кіріспе сабақ,
Сабақтың әдістері: әңгімелеу, пікірлесу, түсіндіру, топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Көрнекілігі: тірек сызбалар, кластер, қосымша материалдар, презентация Сабақтың барысы:
: І. Ұйымдастыру бөлімі 1. Сәлемдесу, сабаққа даярлау ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Тіл туралы әңгімелеу. ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту. Ой шақыру
«Ана тілі» атты өлең жолдары оқылып, балаларға сұрақ қойылады.
Ана тілім – бала шағым өркенім,
Ана тілім – болашағым, ертеңім,
Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,
Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.
1. Бұл өлеңде не туралы айтылған? - Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ана тілі.
Сабақтың эпиграфы: «Өзге тілде сөйлей білу — бір өнер, Ана тілде таза сөйлеу — шын өнер». (Т.Айбергенов)
Мәтінді оқымас бұрын жаңа сөздермен таныстырылады.
Жаңа сөздер:
Сақтап қалу-сохранять
мұра — наследие
бойға дарыған- впитался
қадір-қасиетін-
қоғам-общество
ұмтылады- стараются
Тіл – атадан балаға жететін мұра. Әр халықтың ана тілі – оның бақыты, қуанышы.Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі.Ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдында мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір - қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез - келген мемлекет өзінің салт - дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз - біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек деген сөз.
Ана тілі дегеніміз – ананың ақ сүтімен бойға дарыған анамыздың тілі. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз. Ана тіліңді қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Сондықтан әркімнің өз ана тілін құрметтеуі тек анасының ақ сүтін өтеу ғана емес, қоғам алдындағы азаматтық абзал парызын ақтау, сол арқылы елдің елдігін сақтау болып саналады.
Ү. Жазбаша жұмыс. Грамматика
- Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары қандай?
- Зат есімнің неше жалғауы бар?
А.1-топ: ана тілі сөзін септейді.
2-топ: ана тілі сөзін тәуелдейді.
Ә. Берілген мақалдарды толықтыр.
1-топ:
а) Ана тіліңді ұмытқаның.... б) Көп сөз – Аз сөз –
в) Шебердің қолы ортақ, Шешеннің ..... ортақ г) Тіл тас жарады, .... (тас жармаса бас жарады; тілі; көмір, алтын; өз ұлтыңды құртқаның) 2-топ:
а) Тіл - адам ойының ...
б) Ойнап сөйлесең де ... .....
в) Өнер алды- ..... ....
г) Таза сөйлеу – биік ...
(айнасы; қызыл тіл; ойлап сөйле;мәдениеттілік)
ҮІ. Топтық жұмыс: берілген өлең жолдарының, нақыл сөздің мағынасын жазу.
1-топ:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,-
Өз тіліңді құрметте!
2-топ:
Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ.
ҮІІІ. Тіл туралы сұхбат құру.
Қорытынды бөлім. Екі топ «Ана тілі» тақырыбына кластер құрастырады.
Қорытынды сөз. - Ана тілін дұрыс білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды. Сондықтан да әрқашан өз тілімізді, ана тілімізді, қазақ тілін құрметтеп, ардақтап әрбір сөз мағынасына тереңірек үңіліп, сөз қадірін ұғына білуге үйренейік.
ІХ. Үй тапсырмасы: «Ана тілі – тірлігімнің айғағы» тақырыбына эссе жазу