kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін-өзі тану пәні бойынша "Өмір қымбатсың маған" тақырыбында ашық сабақтың презентациясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

МектепЫ.Алтынсарин атындағы орта мектеп         Мерзім: 13.03.2017         

Мұғалім: А. Аязбаева  Сынып 7       Оқушылар саны: 18  

Тақырып: Өмір қымбатсың маған !     26

Құндылық Сүйіспеншілік Қасиеттер Мейірімділік, жомарттық, ізгілік,

 

 Сабақтың мақсаты :

 Оқушылардың  өмір    туралы түсініктерін кеңейте отырып сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері :

- оқушылардың ізгілік туралы түсініктерін кеңейту;

- өмірге құштарлықтарын және жомарттық қасиеттерін дамыту.

- өмірдің мәнін түсінуге, мейірімділікке  тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер) плакат, жапсырмалы стиккер, аудио, видео жазбалар,  кестелер, фото - суреттер.

Сабақтың барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі :- Өзіңнің сүйікті оқушыларыңды «Өзін - өзі тану» сабағында көрген қандай ғанибет! Бүгінгі сабақта сіздермен  қауышқаныма өте қуаныштымын.
Ендеше, біздер бір - бірімізге күлімсіреп, сәлемдесіп, сабағымызды бастайық.Көздеріңізді жаймен жұмып тыныштық сәтіне яғни «Нұрға бөлену»  бөленейік.

          Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелдің үстіне қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз : Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,  құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттыңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге : барлық адамдарға, жан-жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз : «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде.Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және тыныштық  күйінде отыра тұрыңыз.Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады «Рахмет ! Ал балалар кім не сезінді, ойларыңды ортаға салайық».

 5Т (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық,)

Ескерту

«Нұрға бөлену».

Мұғалімге арналған әдістемелік құрал

2. Үй тапсырмасын тексеру :

- Балалар өткен тақырыпты есімізге түсірейікші. «Ғаламшар ғажаптары»

1.Адам неліктен ғарышты тануға талпынады?

2.Кез-келген адам ғаламға саяхат жасай ала ма?

3. Сенің ғарышкер болғың келе ме?

   Жер ғаламшарының адам үшін маңыздылығы зор, ең бастысы адам өмірі тек адамдар арасында ғана мәнді болады,  оның адамға тигізетін әсері туралы білуіміз керек. Жердің құндылық ретіндегі мәнін түсініп, сезіне біліп, жерді сүюге, қадірлеп– қастерлеуге ұмтылу.

Жағымды ой-пікір: (дәйексөз)

-«Адам боп оңай туғанмен, Адам боп қалу көп қиын»                                                    Қ. Мырза Әлі

Дәйексөз туралы сіздің ойыңыз.

Дәйексөзді дәптерге жазу.

Тақтаға дәйексөзді жазу         Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әлі (5 қаңтар 1935 жыл,Орал облысы - 24 қаңтар 2011 жыл, Алматы) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы

4. Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат):  

«Қызыққа толы қас қағым».

Теңіз жағасында ну орманда қартайған, үш жүз алпыс бес жыл өмір сүрген емен тұратын. Ағаш жылдың үш мезгілінде сергек, ал бір мезгілінде ұйқыға кетеді. Қыс – оның ұйықтайтын уақыты. Жаздың шуақты бір күні шаттанған, масайраған біркүндік көбелек демалмақ болып,еменнің жапырағына қонады: 
– Байғұс-ай! Сенің бар өмірің бір-ақ күндік! Сондай қысқа. Аянышты өмір-ай, – деді емен. 
– Не айтып тұрсың? Айнала жап-жарық, жып-жылы керемет! Жаным шаттыққа толы, сондай рақат! – деді көбелек. 
– Мен сенің мың күндік өміріңдей өмір сүремін, менің өмірімнің ұзақтығын сен санап тауыса алмассың! 
Сенің өмірің қаншалықты ұзақ болса да, мен өзімнің шаттыққа, бақытқа толы сәттерімді ешнәрсеге айырбастамаймын. Осылайша біркүндік көбелек мәңгі ұйқыға кетті.

  1. Әңгіме не туралы айтылған?
  2. Әңгімеде қандай қасиеттер көрініс берді?
  3. Өмір туралы қандай нақыл сөздер білесіңдер?

7 сынып «Өзін – өзі тану» оқулығы

Г.Х.Андерсон

(1805-1875 ) жыл

Дат жазушысы әлемге әйгілі балалар және ересектерге арналған ертегінің авторы

5.Шығармашылық :(топтық жұмыс)

Оқушыларды  2 топқа бөлу:

1 топ - Ақындар;

2 топ - Суретшілер;

Тапсырма : «Өмірге деген қөзқарастарың» атты тақырыбына «Ақындар» тобы  төрт жол өлең жазады, «Суретшілер»  бейнелейді.

Плакат, қарандаш, түрлі түсті қағаз,

дәптер, қалам.

6. Топпен ән айту :

ӨМІРІҢЕ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАМА

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден кетті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.

 Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Шақша басың айналса да бақыттан.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

 Тұсау салып, бастатқыз бай көш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын

Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Айдын көлге айналса да көз жасың.

Қайырмасы:

Үнтаспа

Сөзі: Серік Сейтман

Әні: Сәкен Дәрібаев

7.  Үй тапсырмасы :

 "Өмір,қымбатсың маған" тақырыбына эссе жазу.                                                                          

7 сынып «Өзін-өзі  тану»  жұмыс дәптері 

8. Соңғы тыныштық сәті. (музыкамен)(2минут)Тыныштық,тыныштық,тыныштық.

бар елде.Тыныштық,тыныштық,тыныштық.бүкіл әлемде. Бүгін сендер сабақты өте жақсы оқыдыңдар,жақсы ойлар айттыңдар, сол үшін, сендерге көп-көп рахмет айтамын.

 Сабақтың қорытынды сәті :   

1.Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

2.Бүгінгі сабақтан не түйдік?

Лирикалық әуен ойнап тұрады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану пәні бойынша "Өмір қымбатсың маған" тақырыбында ашық сабақтың презентациясы»

Сабақтың тақырыбы: Өмір, қымбатсың маған!

Сабақтың тақырыбы:

Өмір, қымбатсың маған!

Құндылық: Ішкі тыныштық. Қасиеттер: сүйе білу. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;  Дамытушылық: Өмірге құштарлықтарын дамыту; Тәрбиелік: Өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.

Құндылық: Ішкі тыныштық.

Қасиеттер: сүйе білу.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;

Дамытушылық: Өмірге құштарлықтарын дамыту;

Тәрбиелік: Өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың кезеңдері:

Сабақтың кезеңдері:

  • Ұйымдастыру.
  • Тыныштық сәті.
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Дәйек сөз
  • Мұғалімнің сыйы.
  • Шығармашылық жұмыс.
  • Топпен ән айту.
  • Үй тапсырмасы.
  • Соңғы тыныштық сәті.
Ұйымдастыру. Тыныштық Талап  Тәртіп 5 “Т” ережесі Тазалық Татулық

Ұйымдастыру.

Тыныштық

Талап

Тәртіп

5 “Т” ережесі

Тазалық

Татулық

Тыныштық сәті!  “ Күннің нұры”

Тыныштық сәті!

Күннің нұры”

«Күннің нұры»

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді тік ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіңіз, күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Үй тапсырмасын тексеру. “ Өмір жыры” әні

Үй тапсырмасын тексеру.

Өмір жыры” әні

  • Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?
  • Өмір адамға несімен қымбат?
Дәйек сөз Өзін үлкен адами тереңдікте сезіне алмаған адам өмірдің қызығын сезіне алмайды. Қадыр Мырза Әлі

Дәйек сөз

Өзін үлкен адами тереңдікте сезіне алмаған адам өмірдің қызығын сезіне алмайды.

Қадыр Мырза Әлі

Қызыққа толы қас қағым Мұғалімнің сыйы

Қызыққа толы

қас қағым

Мұғалімнің сыйы

Өмір сүрудің мәні неде деп ойлайсыңдар?  Өмірдің ұзақ-қысқалығы немен өлшенеді?
  • Өмір сүрудің мәні неде деп ойлайсыңдар?
  • Өмірдің ұзақ-қысқалығы немен өлшенеді?
Шығармашылық ЖҰМЫС

Шығармашылық

ЖҰМЫС

Топпен ән айту .

Топпен ән айту .

Үй тапсырмасы “ Мен өмірді сүйемін” тақырыбында эссе жазу

Үй тапсырмасы

Мен өмірді сүйемін” тақырыбында эссе жазу

Соңғы тыныштық сәті “ Гүлдің оянуы”

Соңғы тыныштық сәті

Гүлдің оянуы”

«Гүлдің оянуы» Көзімізді жұмып, терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер! Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша! Қане сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз жап - жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі – түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз, ата-анаңыз,достарыңыз,туыстарыңыз,ең жақын адамдарыңыз. Ал гүл ортасыңдағы дөңгелек бұл сізсіз. Бұл жәй гүл емес, бұл сүйіспеншілік гүлі. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі. Ал сіз, шын көңілден осы гүлге жылы сөздер айтыңыз,өз мейіріміңізді төгіңіз, оған деген сезіміңізді білдіріңіз.Ол әр сөзді естіген сайын өте үлкен әрі әдемі болып өсуде. Енді оны осы қалпында жүрегіңізге орналастырыңыз,күнде оған өз мейір-шапағатыңызды төгіңіз. Біраз уақыт тыныштықта отыра тұрыңыз. Енді көзіңізді ашыңыз.

«Гүлдің оянуы»

Көзімізді жұмып, терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер! Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша! Қане сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз жап - жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі – түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз, ата-анаңыз,достарыңыз,туыстарыңыз,ең жақын адамдарыңыз. Ал гүл ортасыңдағы дөңгелек бұл сізсіз. Бұл жәй гүл емес, бұл сүйіспеншілік гүлі. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі. Ал сіз, шын көңілден осы гүлге жылы сөздер айтыңыз,өз мейіріміңізді төгіңіз, оған деген сезіміңізді білдіріңіз.Ол әр сөзді естіген сайын өте үлкен әрі әдемі болып өсуде. Енді оны осы қалпында жүрегіңізге орналастырыңыз,күнде оған өз мейір-шапағатыңызды төгіңіз. Біраз уақыт тыныштықта отыра тұрыңыз. Енді көзіңізді ашыңыз.

Назарларыңызға Рахмет!!!

Назарларыңызға

Рахмет!!!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Аязбаева Айдын Жумабековна

Дата: 25.04.2017

Номер свидетельства: 411544


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства