kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдебиеттік оқу пәнінен "Қажымұқан" тақырыбына ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Қажымұқан" тақырыбына ашық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдебиеттік оқу пәнінен "Қажымұқан" тақырыбына ашық сабақ»

Есалы Амангүл Ержанқызы.

Ақтөбе қаласы № 15 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі.


Пәні: әдебиеттікк оқу.

Сабақтың тақырыбы: Қажымұқан Мұратхан Тәнекеев

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Мұратхан Тәнекеевтің «Қажымұқан» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Кейіпкерлерге мінездеме беруге үйрету. Олимпиадалық спорт түрлері туралы білімдерін кеңейту. Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Балаларды батырлыққа‚ ептілікке баулу. Салауатты өмір салтының маңыздылығын дәріптеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер,кубоктар, Қимақағаздар.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:

Қонақ күту салтымыз,

Білеміз жас- кәріміз.

Сыпайылық белгісі

Сәлем берсек бәріміз.

Үй тапсырмасымен жұмыс:

«Комбаттың әңгімесі»

( мазмұнын сұрау, қосымша сұрақтар қою)

Кубизм әдісі: (Құнды сөздер жазылған ұяшықтардың артындағы өткен тақырыптарды пысықтауға арналған сұрақтарға жауап іздеумен жалғасады. )

Күш

Намыс

Ерлік




Талап

Жігер

Мақсат





Сұрақтары:

«Ерлік»- Әлия Молдағұлова туралы хабарлау.

« Намыс»- Ұлы Отан соғысы нешінші жылдары болды?

«Күш»- Деректі әңгіме дегеніміз не?

«Мақсат»- қуғын сүргін дегеніміз не?

«Жігер»- 1930-1932 жылдары борлған оқиғаны ата.

«Талап»- 1937-1938 жылдары болған тарихи оқиғаны ата.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Ұяшықтардың артында суреттер жасырылған.





Бұл суреттерге қандай ортақ тақырып қоюға болады? Мысалы: «Олимпиада».


Олимпиадалық спорт түрлері


Бокс Жүзу

Күрес


Мәнерлеп сырғанау

Жеңіл атлетика



Осы спорт түрлерінен қазаққа тән спортты атау.

Қандай палуандарды білесіңдер?

Жаңа сабақ.

-Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

- « Олимпиа елінен сиқырлы хабар»

1- топ: Мұратхан Тәнекеев  1 қаңтар 1928, Жамбыл облысы Қордай ауданы Талапты ауылында туылған.. ғылыми докторы, профессор,. Оның жекелеген еңбектері ағылшын, француз, неміс және моңғол тілдерінде жарияланды. Ұзақ жылдар бойы отандық спорт ғылымының ірі өкілі болды. Шығармашылығы: "Қажымұқан", "Бәйгеден Олимпиадаға дейін", "Дене тәрбиесі мен спорт тарихы" және т.б.

2- топ: Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой палуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған 

3-топ: Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді. Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. 

Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс:

- Мәнерлеп оқып беру.

- Таныс емес сөздермен жұмыс.

- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.

- «Теріп оқу» әдісі.

Мәтіндегі Нұрлыны сипаттаған бөлікті оқу.

Мәтіндегі Қажымұқанды сипаттаған бөлікті оқу.

Сергіту сәті.


Суретпен жұмыс.

Сурет бойынша сұрақтар.



Сұрақтар мен тапсырмаларларды орындау.

1. Қара Ахмет, Нұрлы дегендер кімдер, олар жайында әңгімеде не айтылған?

2. Мұқан мен Нұрлы күреске шыққанда халық қалай қарсы алды?

3. Күрестің басында кімнің күші басым көрінді?

4. Неліктен Нұрлы төрт тағандап доғаша иіле қалды?

5. Нұрлы неліктен жығылды?

6. Даңқты жеңіс дегенді қалай түсінесің?

7. Мұқан неліктен Қажымұқан аталынды?

8. Мұқан бұл атпен бірінші рет қай жылы қай қалада күреске шықты?

9. Әңгіменің әр бөліміне ат қой.


Жаңа сабақты бекіту:

Ф.с:

1- топ: Палуан ағама хат.

2- топ: Әңгімеден алған әсерім. (эссе)

3- топ: Қажымұқанға арнау. ( 4 тармақты өлең құру)

Ұйқасы:

______________________бабамыз,

______________үлгі аламыз.

______________________

______________________баламыз.


Сабақты қорыту:

Әр топ сабақтан алған 1 жаңалығымен бөліседі

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: . Әңгімені мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Рефлексия: Қошемет жасау арқылы отшашу дыбысын шығару.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Әдебиеттік оқу пәнінен "Қажымұқан" тақырыбына ашық сабақ

Автор: Есалы Амангүл Ержанқызы

Дата: 25.05.2017

Номер свидетельства: 418533

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Біріктірілген ашы? саба? ?дебиеттік о?у Орыс тілі 4 сынып"
    ["seo_title"] => string(53) "biriktirilghienashyksabakdiebiiettikokuorystili4synyp"
    ["file_id"] => string(6) "289567"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454839775"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Саба? жоспары "Батыр Бауыржан" М.?абдуллин"
    ["seo_title"] => string(37) "sabakzhosparybatyrbauyrzhanmgabdullin"
    ["file_id"] => string(6) "295900"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455887115"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства