Мақсаты: оқушыларды Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары арқылы ұлттық құндылыққа тәрбиелеу, шығармаларын дәріптеуге үйрету, және ақынның қадір- қасиетін бойларына дарыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Ахмет Байтұрсынов тағылымы»»
Восход жалпы орта білім беретін мектебі
«Ахмет Байтұрсынов-
қазақ халқының
рухани көшбасшысы»
Ахмет Байтұрсынов
(1873-1938)
2017-2018 оқу жылы
«Ахмет Байтұрсынов тағылымы»
Мақсаты: оқушыларды Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары арқылы ұлттық құндылыққа тәрбиелеу, шығармаларын дәріптеуге үйрету, және ақынның қадір- қасиетін бойларына дарыту.
Жүргізуші:
-Қайырлы күн, қадірменді оқушылар, еңбегі асыл, білімі зор, ғибраты мол ұстаздар! Бүгіннің тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан ұлыларымыз салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, тілші, әдебиет зерттеушісі, түріктанушы, дарынды ақын, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 140 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылған «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының рухани көшбасшысы» атты әдеби- сазды кешіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Қазағым елім,
Қайқайтып белің.
Сынуға тұр таянып,
Талауда малың.
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып
-Иә, қазақтың бағына туған дара ақын Ахмет Байтұрсынұлы. Ұлы ғұламаның ақындық, қайраткерлік істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы түрік әлемі ғана емес орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдарының орны ерекше. Ірі ғалым- лингвист, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың қазақ халқы, елі үшін еңбегі зор. Осындай талантты, талапты ақынның өмір жолына тоқтала кетсек.
Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы.
-Ахмет Байтұрсынұлы – ақын, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ағартушы- педагог, жаңаша ақын, талантты публицист, мәдениет қайраткері, жас совет үкіметіне адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері – 1873 жылы 28 қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты, Тосын болысының 5-ші ауылында (қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Южный деген жерде) дүниеге келген. Ол бала кезінен сөз танып, оны ұғып, көркем сөздің елде жоғары бағаланатынын сезіп өсті. Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордагы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. 1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Торғай уездерінің мектептері мен училищелерінде мұғалім болады. 1913-1917 жылдары әйгілі «Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарады. І съезде негізгі мәселелер бойынша хатшы болса, ІІ съездің шақыру комиссиясына енді. 1917 жылы 14 желтоқсанда Орынборда Алаш партиясының Торғай облыстық комитеті ашылып, қайраткер төраға (Ә.Бөкейхан) орынбасары болып сайланады. Ұлт кеңесі құрылатын ІІ съезде Оқу-ағарту комиссиясын басқарады. 1919 жылы ұлттың болашағы үшін кеңестер шебіне шығып, Өлкелік әскери төңкеріс комитетінің мүшесі болады. 1922-1925 жылдары ХАК Ғылым комиссиясын басқарады. 1926-1929 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтында, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтында қызмет атқарады.
Жүргізуші:
- Бір басында сан-салалы өнер тоғысқан телегей-теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа бастаудан асқан бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың рухани көсемі.
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жөн сілтедім жақын емес , алысқа
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда
Дедім: «Сен де қатарыңнан қалыспа!»
«» авт: А. Байтұрсынұлы.
Жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бишілерді шақырайық ортаға!- деп бір әдемі биге кезек берсек.
Би: «Шашу»
Жүргізуші:
- Бір ақын айтқан екен «Адам баласының дүниеде шашатын жемісі-мәңгілік мейірімді қызмет» деп. Міне сол ақын айтқан адамдық диқаншысы-Ахмет Байтұрсынұлы еді...
Ахмет Байтұрсынұлы қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың. Кезекті ақынның өлеңдеріне кезек береміз.
«Жұртыма» авт: А. Байтұрсынұлы.
«Досыма хат» авт: А. Байтұрсынұлы.
«Жұртыма» авт: А. Байтұрсынұлы.
Жүргізуші:
- Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Кейбір деректерге қарағанда 6 млн. адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 900 мыңдайы атылған. Сондағы 25 мыңға жуық қазақтың ішінде бес арысымыз Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы болған еді.
Адам өмірінде болатын аумалы-төкпелі уақыт қайғысымен де, қуанышымен де ерекше айқындалатын болса керек. Ахмет Байтұрсынұлы тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен еді... Қорлық - зорлыққа мойымаған, бостандық, еркіндік жолында бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлардың бірі анасына жазған өлеңі.
«Анама хат» авт: А. Байтұрсынұлы.
Бейнеролик «Ахмет Байтұрсынұлы» көрсетіледі.
Домбыралы, кернейлі,
Өнерпазым, алға шық.
Мерекеміз, мерейлі,
Кетсін күйге жалғасып!- деп, әдемі бір күйге кезек берейік.
Күй: «Келіншек».
Жүргізуші:
- Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады. Ахметті аудармашы дедік. Ол орыс ақындарының өлеңдерін аударып, басылымға шығарған болатын.
Бұрынғы ескі ертегі, хикая үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма – мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан – жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургта бастырып шығарады. Аудармаларында мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп – төгіліп тұр. Енді кезең оқырманына қатысты жаңа ой, соңғы пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады.
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын, Әзірге қолдан келген осы барым. Қанағат азға деген, жоққа сабыр, Қомсынып, қоқырайма, құрбыларым,- деп кезекті өлеңіне береміз.
«Аққу, шортан һәм шаян» авт: А. Байтұрсынұлы.
Жүргізуші: -Ахаң-еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-соңынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахаң Мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды. Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң жырлаған ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.
Ән: «Жаса, Қазақ!»
Жүргізуші: Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып, бүгінгі кешімізді осымен тәмамдаймыз.