Сабақ№ 15
Күні __________
Сабақ тақырыбы: А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары»
Сабақ мақсаты:
1.Білімділік: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармаларымен таныстыру.
Мысалдардың тақырыбын, идеясын, мазмұнын және ұлттық сипатын ашу. «Егіннің бастары» шығармасының құрылысына талдау жасау.
2.Дамытушылық: Сөз еркіндігіне баулу, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөз өнеріне қызығушылығын арттыру, шығарма сырына үңілуге шақыру.
3.Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерді дәріптеу, әсемдікті тану, эстетикалық рухани бағдар беру.Адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары: «Топтастыру», «Еркін жауап» интерактивті тақта.
Сабақтың көрнекілігі:А.Байтұрсынов портреті,тапсырмалар, нақыл сөздер.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
I. Қызығушылықты ояту
Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көл жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Әрине, бұл жолдардың авторы ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым Ахмет Байтұрсынов аталарың.
II. Мағынаны ашу
Сабақ мақсаты айтылады.
Автор өміріне шолу.
Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліп- биімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі саласында емес, әдебиет тану саласында да айтарлықтай болды деп санаймыз.
А.Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі- әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы…
Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік арналары, басты- басты терминдері мен категориялары түп- түгел осы кітапта қалыптастырылған.
Оның өлеңдері “Қырық мысал” “Маса”,“Үзік” деген аттармен 1912 жылдан
1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық т.б тақырыптарды қамтиды.Бұл жинақтардағы өлеңдер мысал өлеңдер деп аталады.
Мысал өлеңдерде -хайуанаттар, аңдар, құстар,өсімдіктер іс-әрекеттері, мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап, әжуа-күлкі етеді.Қазақ әдебиетінде мысал жанры Абайдан бастау алады.Ахмет,Сәбит жалғастырды.Крылов мысалдарын аударған да осылар.
Крыловтың туындыларын қазақы түсінікке лайықты етіп аударды.Мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды.
Бұлай көрсетуді аллегория дейді.
Кітаппен жұмыс
«Егіннің бастары» мысал өлеңі мәнерлеп оқылады.
Сұрақ-жауап арқылы мағынасын ашу.
1.Мысал өлеңдегі іс-әрекеттерден нені түсіндіңіздер?
2.Әке балаға қандай өсиет айтты?
Сөздікпен жұмыс.
Тапсырма №1
Өлеңде көтерiлген
проблема
Проблеманың ашылуы
туралы шумақ
Өлең техникасы
Оқушы ой-тұжырымы
Тапсырма №2
Көркемдік ерекшелігі
Мысалдар
III. Ойтолғаныс
«Топтастыру» әдісі.
Адам бойындағы жалпы қасиеттерді жазып, оны жақсы және жаман деп топтастырамыз.
Көрсеқызарлық, мақтаншақтық сөздерінің антонимдерін жаз
IV.Сабақты қорытындылау
Проблемалық сұрақтар дайындап, шешімін тапқызу.
Осы өлеңдегі мінездің адамдары қазір бар ма?
Оларды түзету үшін қандай жұмыс жүргіземіз?
V.Үйге тапсырма
Шығарма желісімен сурет салу. Өлеңді мәнерлеп оқу.
VI.Бағалау