kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ақтөбе туралы не білеміз?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақтөбе Батыс Қазақстандағы қала.1997 жылы қала әкімшілігінің құзырына бұрынғы Ақтөбе ауданының аумағы өтті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ақтөбе туралы не білеміз?»

Ақтөбе ( тыңдау) — Батыс Қазақстандағы қала, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қалалық әкімшілігінің орталығы.

Ақтөбе Қазақстанның батысында, Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Қала ауданы — 297,39 км². 1997 жылы қала әкімшілігінің құзырына бұрынғы Ақтөбе ауданының аумағы өтті. Құрамына Ақтөбе қаласы мен көршілес бес ауылдық округ енген жаңа әкімшілік-аумақтық құрылымның ауданы 2 338 км² тең болды. Қаланың ішімен Елек өзені мен оның тармақтары ағып өтеді, жақын маңда Ақтөбе және Сазды су қоймалары орналасқан. Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан қашық орналасқандықтан қала климаты континенталды болып келеді.

Ақтөбе Қазақстан қалаларының арасында халық саны бойынша бесінші орында орналасқан, Батыс Қазақстан өңірінің ең ірі қаласы. Халық саны — 387 807 адам (1 қаңтар 2015). Ақтөбеде көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Саны жағынан ең көп таралған ұлттарға қазақтар (76,3 %) мен орыстар (16,89 %) жатады. Негізгі діни топтар — мұсылмандар мен христиандар. Қала әкімшілігіне бағынышты бес ауылдық округте 51 508 адам өмір сүреді. Болашақта 1,3 млн адамды «сыйдыруға» тиіс қалыптасып жатқан Ақтөбе агломерациясының құрамына Ақтөбе маңындағы ондаған елді мекен кіреді.

Қаланың негізі Ресей империясының қарулы жасағымен Ақтөбе бекінісі (орыс. Ак-Тюбе) ретінде Елек өзенінің сол жағалауында, оң жағынан Қарғалы өзені құятын тұсында қаланды. 1891 жылдың 25 наурызында Ақтөбе Торғай облысының құрамындағы уездік қала мәртебесін иеленіп, орысша атауы Актюбинск болып өзгертілді. Азаматтық соғыскезінде Ақтөбе Торғай өңірінің революциялық күштерінің орталығына айналды. Қала кезекпен ақтар мен большевиктердің қолына өтті. 1919 жылы қалада біржолата кеңес өкіметі орнады. 1921 жылдан бастап Ақтөбе губерниясының әкімшілік орталығы. 1928 жылы Ақтөбе губерниясы таратылғаннан кейін Ақтөбе округінің орталығы, 1932 жылдан бастап жаңадан құрылған Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы. Бүкіл өңір тұрғындары секілді ақтөбеліктер 1920-шы және 1930-шы жылдары орын алған ашаршылықтан жапа шекті. Ұлы Отан соғысы жылдары қалада бірнеше әскери жасақтар құрылып, жау басып алған аймақтардың кәсіпорындары осында көшірілді. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан бастап Ақтөбе тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрамындағы Ақтөбе облысының орталығы. Қазіргі таңда химия, тамақ және жеңіл өнеркәсібі дамыған Ақтөбе қаласы Қазақстанның ірі индустрия және мәдениет орталықтарының бірі.

Атауы

Қала атауының қазіргі жазылуы 1940 жылы кириллица негізінде жасалған әліпби қабылданған кезден бастап қолданыста. 1929— 1940 жылдары қала атауы латын әріптеріне негізделген қазақ әліпбиімен «Aqtɵbe» деп[1], одан бұрын араб-парсы әріптерін қолданған әліпбимен «اقتوبە»‎ деп жазылған[2]Қытай және Таяу Шығыстағы қазақтарға арнап шығарылатын басылымдарда қала атауының араб әріптерімен жазылатын нұсқасы әлі күнге шейін қолданылады[3][4][5].

1891 жылы Ақтөбе бекінісі (Акъ-Тюбе) Ресей империясының уездік қалаларының біріне айналғаннан бастап 1999 жылға дейін қаланың орыс тіліндегі атауы «Актю́бинск» (Актюбинскъ) түрінде жазылып келді. 1999 жылдың 11 наурызында жарияланған Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің қаулысына сәйкес, қала атауының орысша транскрипциясы «Актобе́» болып өзгертілді[6]. Бұл қаулы «Тiл туралы» заңның «елді мекендердің… дәстүрлi, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тiлдерде транслитерация ережелерiне сәйкес берiлуге тиiс» деген тұсына сәйкес келеді. Орыс тіліндегі жаңа атау Ресейдің мемлекеттік тіркеу, кадастр және картография Федаралдық қызметімен ресми түрде мойындалды[7].

Қала атауы көне түркі тіліндегі aq («ақ») және töpü («төбе») сөздерінен құралған. Бұл атау орыс тілінде «белый холм» мағынасын білдіргендіктен, кейде Ақтөбені орысша «Город на белом холме»[8] немесе «Беловершинск»[9] деп те атайды.

«Ақтөбе» және осыған ұқсас елді мекен атаулары Қазақстаннан басқа елдерде де кең таралған (Ахтуба, Актюба, Ақтепа, Ақ Таппе, Ақдепе) .

Таңбасы

Ақтөбенің ең алғаш таңбасы (авторы: С. Т. Симонов) 1968 жылдың 18 қараша күні бекітілді. 20 жыл өткен соң, 1988 жылдың 24 желтоқсанында халық депутаттарының қалалық Кеңесі суретші М. Ф. Луцинның жобасы бойынша жаңа таңбаны қабылдады.

1998 жылы алда келе жатқан Ақтөбе қаласының 130 жылдық мерейтойының қарсаңында қала әкімшілігі жаңа елтаңбаға сайыс жариялады. Құрамына ғалымдар, архитекторлар және бұқаралық ақпараттық құралдар өкілдері кірген жюри 50 жұмыстың арасынан үздік деп ақтөбелік суретші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Сағынтай Әлімбетовтың эскизін таңдады. Таңба ресми түрде 1998 жылдың 24 шілде күні қалалық Мәслихаттың 23-сессиясында қабылданды.

Ақтөбе елтаңбасы «мәңгіліктің нышаны» болып саналатын дөңгелек пішінінде жасалған. Қала атауы «тазалық» пен «қасиеттілікті» білдіретін ақ түспен жазылған, көк түсті ою-өрнек «табиғаттағы судың мәңгілік қозғалысын», қызыл түсті ою-өрнектер қызғалдақтарды білдіреді (қызғалдақ — Ақтөбенің бейресми символы[10][11]). Елтаңбаның нақ ортасында бүркіт басты, арыстан денелі, арқасында қанаты бар мақұлық (грифон) бейнеленген[12].

Физикалық және географиялық сипаттама

Географиялық орналасуы

Қаланың географиялық координаттары — 50°16′00″ с. е. 57°13′00″ ш. б. (G) (O) (Я) [13]Уақыт белдеуі — UTC+05:00.

Қала Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде, Жайық сағасы Елек өзенінің жағалауында, Қарғалы өзені келіп құятын тұсында[14], теңіз деңгейінен биіктігі 250—400 м жазықтық болып келетін Орал асты платосының орталық бөлігінде орналасқан[15].

Азия мен Еуропа шекарасы

Қазіргі таңда Еуропа мен Азия арасындағы шекараны нақты белгілеу даулы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл құрлықтардың шекарасын Жайық өзені арқылы жүргізетін болсақ, Ақтөбе Азияда орналасқан қала болып шығады. Бірақ географтардың арасында ең кең таралған пікір бойынша, Еуропа мен Азияның шекарасы Каспий теңізінің солтүстік жағалауымен, Жем өзенін бойлай және әрі қарай Мұғалжар таулары арқылы өтеді екен. Бұған пікірге сәйкес, Ақтөбе Еуропада орналасқан қалалардың қатарына жатады. Бірақ географиялық орналасуына қарамастан, бұрынғы Кеңестік Одақтың елдерін батыс географтары Еуропа мен Азиядан бөлек ерекше аймақ ретінде қарастырады.

Өзен-сулары

Қала Елек өзеніне Қарғалы өзені құйып, оның аңғары 15 км дейін ұлғаятын жерінде орналасқан[16]. Қаланың орталығымен Електің сол жақ тармағы Сазды өзені, солтүстік-батысымен Електің тағы бір тармағы — Жіңішке өзені ағып өтеді. Сазды өзені ірі сауда-саттық орындары орналасқан қала орталығынан ағып өтетіндіктен 2010 жылдан бастап өзен жағасын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Қаланың оңтүстік бөлігінде Тамды өзенінің төменгі тұсы орналасқан. Солтүстіктегі Заречный ауданының шетімен Қарғалының сол жақ тармағы Песчанка өзені ағып өтеді. Кірпішті ауданының батысымен Қарғалының оң жақ сағасы Бұтақ өзені ағып өтеді.

Қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км қашықтықта ақтөбеліктер «Ақтөбе теңізі» деп атап кеткен, 1988 жылы іске қосылған, сыйымдылығы 245 млн м³ болатын Ақтөбе су қоймасы орналасқан[17]. Оңтүстік-батысқа қарай 8 км қашықтықта қала тұрғындарының дәстүрлі демалыс орнына айналған Сазды су қоймасы орналасқан (1967 жылы салынған)[18]. Солтүстік-шығысқа қарай 60 км қашықтықта қала маңындағы ең үлкен қолдан жасалған су айдыны — сыйымдылығы 280 млн м³[19] тең Қарғалы су қоймасы орналасқан (1975 жылы салынған).




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ақтөбе туралы не білеміз?

Автор: Абишева Зулфия Утесиновна

Дата: 24.05.2018

Номер свидетельства: 470935

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Саба?ты? та?ырыбы: К?лпаш. Бейімбет Майлин"
    ["seo_title"] => string(45) "sabak-tyn-tak-yryby-kulpash-bieiimbiet-mailin"
    ["file_id"] => string(6) "311947"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459267422"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "П?ні: Д?ниетану Та?ырыбы: Жануарлар таби?ат?а ?алай бейімделеді"
    ["seo_title"] => string(70) "p-ni-duniietanu-tak-yryby-zhanuarlar-tabig-atk-a-k-alai-bieiimdieliedi"
    ["file_id"] => string(6) "322267"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461560376"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Д?ниетану " ?сімдіктерді? к?беюі""
    ["seo_title"] => string(34) "duniietanu-osimdiktierdin-kobieiui"
    ["file_id"] => string(6) "264089"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1449656862"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) ""Маманды? - ?мір та?дауы " атты т?рбие са?аты."
    ["seo_title"] => string(35) "mamandykomirtandauyattytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "284443"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453983405"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Ғажайып ертегілер әлемі""
    ["seo_title"] => string(23) "gazhaiyp_ertegiler_lemi"
    ["file_id"] => string(6) "475025"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1531716977"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства