kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Абылай хан" ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Абылай хан жайында оқушыларға мәлімет бере отырып, оның қазақ тарихындағы орны, ерлік істері жайындағы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Тарихи оқиғаларды сұрақ-жауап, тапсырмалар арқылы нығайту, сөйлеу тілін дамыту, көріп-есту мағыналық қабылдауды тапсырмалар арқылы қалыптастыру, зейіннің тұрақтылығын, ұзақ мерзімде есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды қаһарман тұлғалардың ерлігін құрметтеуге, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: Қазақстанның саяси  картасы, Абылай ханның суреті, кескін карта, үлестірмелі парақшалар,тест.  

Түрі: жаңа сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Абылай хан" ашық сабақ»

Сыныбы: 7 «Ә,Б»

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Абылай хан жайында оқушыларға мәлімет бере отырып, оның қазақ тарихындағы орны, ерлік істері жайындағы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Тарихи оқиғаларды сұрақ-жауап, тапсырмалар арқылы нығайту, сөйлеу тілін дамыту, көріп-есту мағыналық қабылдауды тапсырмалар арқылы қалыптастыру, зейіннің тұрақтылығын, ұзақ мерзімде есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды қаһарман тұлғалардың ерлігін құрметтеуге, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: Қазақстанның саяси картасы, Абылай ханның суреті, кескін карта, үлестірмелі парақшалар,тест.

Түрі: жаңа сабақ

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды жағымды психологиялық көңіл-күйге келтіру

ІІ. Өткен сабақты қайталау

«Кубизм» әдісімен

1. Балалар өткен сабақта қандай тақырып өттік?

- Қазақ батырлары мен хандары

2. Қазақ батырларын кім айтып береді?

- Қабанбай батыр, Қанжығалы қарт Бөгенбай, Райымбек батыр, Наурызбай батыр

3. Қабанбай батырдың шын аты кім?- Ерасыл

4. Қанша жасында үш жүздің ұранына айналған?- 30 жас

5. Не себептен Қанжығалы Бөгенбай деп аталды?

– Арғынның Қанжығалы тайпасынан шыққан

6. Райымбек батыр туралы қай ақын поэма жазған? – М.Мақатаев «Райымбек, Райымбек »

7. Наурызбай батыр қай жерде туылған?

- Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Жалпақтас деген жерде туып өскен

8. Наурызбай батыр қай ханның ту ұстаушысы болған? – Абылаай хан

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

1. Кіріспе сөз.

Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. Абылай хан Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған, үш жүздің басын біріктірген ірі тұлға. Ол қазақ хандығын біртұтас мықты мемлекетке айналдырған дарынды қолбасшы батыр, атақты мемлекет қайраткері.

Абылай хан (суреті)

(

Абылай

орта жүз ханы


1711-1781)

Ш ын аты 1711 жылы

Әбілмансұр

Абылай хан


Б атыл қолбасшы Өте шешен


Батыр Өнер иесі


2. Сөздік жұмыс: Қолбасшы – қол бастаушы батыр.

Дипломат – шетел мемлекеттері мен қарым-қатынасын жүзеге асыратын арнайы дайындығы бар адам.

3. Картамен жұмыс.

Жетісуді, Шу өзенін картадан көрсету.

4. Оқулықпен жұмыс.

II- деңгей

III- деңгей

IV-деңгей

Оқулықтан оқу, түсінік айту


Бір абзац оқу, сұрақ-жауап

Суретпен жұмыс

5. Дәптермен жұмыс. Жаңа сөздермен сөйлем құрастыру.

ІV. Сабақты пысықтау

1 тапсырма II- деңгей

III- деңгей

IV-деңгей

1. Тапсырма. Ойды аяқта.

Абылай - ........... басын бір хандыққа біріктірген қолбасшы батыр.

2. Тапсырма. Үлестірмелі парақшамен жұмыс.

1. Тапсырма. Ойды аяқта.

Абылай - ........... басын бір хандыққа біріктірген қолбасшы батыр.

2.Тапсырма. Үлестірмелі парақшамен жұмыс.

Кескін картаны бояу.


2. Тест сұрақтарымен жұмыс

1. Абылай хан қай жылдары хандық құрды?

А. 1748-1786 Б. 1718-1748

В. 1734-1771 Г. 1771-1781

2. Абылайдың атасы қай қаланың билеушісі болған?

А.Ташкент Б. Сайрам

В. Әулиеата Г. Түркістан

3. Абылай хан қай қалада қайтыс болған?

А.Алматы Б. Тараз

В. Сайрам Г. Ташкент

4. Абылай хан қай қалада жерленген?

А. Тараз Б.Созақ

В. Сығанақ Г.Түркістан


V.Сабақты қорытындылау.

Сұрақ-жауап:

  • Абылайдың шын аты?

  • Өмір сүрген жылдары?

  • Абылайдың қандай қасиеттері болған?

  • Сенің ойыңша Абылай ханның қазақ елі үшін қандай ролі бар?

  • Абылай хан қай жерде қайтыс болған?

  • Абылай хан бейіті қай қалада?

VІ. Бағалау, мадақтау







Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі шаһар — көне Тараз қаласының туған күніне орай, Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың есімімен аталған саябақ толық жаңғыртудан кейін ел игілігіне пайдалануға беріліп отыр.

Саябақтағы Қайрат Рысқұлбеков ескерткішінің өзі назар аударарлық. Қаймықпай жалынға қарсы жүгірген батыр бейнесі көпшілікті тебірентпей қоймасы анық. Ал саябақ кіреберісінде жазылған Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов, Қайрат Рысқұлбеков сияқты алып тұлғалардың нақыл сөздері де еліміздің ұлы мұратын айғақтап тұрғандай. Сонымен қатар, бүгін аталған саябақ ішінен «Желтоқсан-86» орталығы, «Тәуелсіздік ұшқыны» аллеясы, қайта жаңғыртудан өткен «Ардагерлер үйі», «Ғибрат» орталығы және «Шахмат» алаңы ашылып, ел игілігіне берілді. Бұдан былай тараздықтар мен қала қонақтары Қайрат Рысқұлбеков саябағына келіп, осындай кереметтерді тамашалай алады.




Ұлы Отан және ауған соғысы ардагерлеріне, сондай-ақ тыл еңбеккерлеріне арналған музей бой көтеретін болады. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысына қатысқан 68 мың жамбылдықтардың есімі жазылған «Жауынгерлік даңқ аллеясы» мемориалды композициясы да салынады. Сонымен қатар, ерлікпен қазақ тапқан жамбылдық жауынгерлер туралы тың деректер іздестіріліп, олар жергілікті баспасөз беттерінде жарияланады. Саябақ аумағында Жеңіс күніне орай «Мәңгілік полктің» жүруіне де басымдық беріліп, қаланың әр жерінде орналасқан «Мәңгілік алау» мен Бауыржан Момышұлы ескерткіші саябақ аумағына әкелінеді. Бұл орайда Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы Бауыржан Момышұлының ұрпақ тәрбиесіне қатысты айтқан нақыл сөздері жазылған тақтайшалар орнатылады. Сонымен қатар, қауіпсіздікті сақтау мақсатында саяқат аумағына толықтай бейнабақылаулар қойып, қосымша полиция пункттерін ашу жоспарда бар.  Келешекте Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін, тарихты тануға үндейтін саябақ болмақ. Хамит Есаман,




2011 жылы Тараз Орталық базары басқа жерге көшіріліп, оның орнында көне Тараз қаласының археологиялық қазба жұмыстары басталған. Жұмыстарды жергілікті бюджет қаржыландырды. Археологтар VI-XII ғасырларға жатқызылатын шамамен 40 мың артефакт, ортағасырлық қамал, VIII - IX ғасырлардағы мешіт, заратустрашылдықтардың мехрабы, Талас өзені көне аңғарының жағалауын, тұрғын құрылыстарының іргетастарын анықтаған.



Жамбыл облысының көрікті жерлері

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ МОНУМЕНТІ

        Жамбыл облысы еліміздегі тарихы ең бай өлкелердің бірі. Дәл осы өңірде Талас пен Шу өзендерінің аралығында 550 жыл бұрын Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығының іргесін қалады.

       Осы Қазақ хандығы құрылуының тарихи мағынасын ашатын 30 метрлік монумент қаламыздың батыс бөлігінде «Тараз-Арена» спорт сарайына қарама-қарсы тұста тұрғызылған. Сәулет үйлесімділігі алыстан өте әдемі және көзтартарлық сипатта жалпы көрініс береді.

  

  


  


                             




















 «Көне Тараз» археологиялық саябағы

          Ұлы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығы мерекесі қарсаңында (2015 ж) бұрынғы Тараз қаласы орталық базары орнында «Көне Тараз» археологиялық саябағы ашылды.

     Бұл «Көне Тараз» саябағы халықаралық туристік орынға айналады деп күтілуде. Қазақстан бірінші рет осы саябақты ішкі,аймақтық және халықаралық туризм саласын дамыту жолында ең ірі археологиялық нысан ретінде, Әлемдік ЭКСПО – 2017 көрмесіне келетін қонақтарға көрсететін қалалар тізіміне енгізіп отыр. Бұдан басқа Ұлы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын тойлау мерекесі аясында «Көне Тараз» археологиялық саябағында бірнеше нысандар ашылды.

   

   

 


Айша бибі кесенесі(XI-XIIвв.).

Қазақстандағы үздік сәулет ескерткіштерінің дені - діни ғимараттар болып табылады. Біздің уақытқа дейін сақталып жеткен құрылыстардың ішінде аса қызықтыратыны - осылар.

         ХІ-ХІІ ғасырлармен мерзімделетін сәулет өнерінің үздік нұсқасы Айша бибі кесенесі Тараз қаласынан 17 шақырым жерде Жамбыл ауданының Айша бибі ауылында орналасқан. Біздің ғажап өлкемізге аяқ басқан әрбір адам мұсылман әлемі құрмет тұтатын,«әулие орын» деп аталған ортағасырлық сәулет өнерінің інжу-маржаны Айша бибі кесенесіне ат басын бұрмай өтпейді. Ғасырлар тереңінен біздің заманымызға дейін кесененің батыс жақ қабырғасы мен оған жапсарлас қабырғаларының қалдықтары ғана жеткен. Қаншама жылдар бойы археологтар, сәулетшілер, жаңғыртушы-реставраторлар кесенені қайта жаңғырту туралы пікірталас жүргізді. ХХІ ғасырдың басында ол уақытта келіп жетті. Бұл жұмысты Республикалық «Қазқайтажаңғырту» мекемесінің Түркістан филиалындағы мамандары үш жыл ішінде, 2002-2005 жылдар аралығында аяқтап шықты. 2005 жылдың көктем айында кесене өзінің алғашқы қайталанбас көз қуантарлық ғажап келбетіне енді.

         Кесене жобасы шаршы формалы бұрыштарында коллоналары бар құрылыс. Кесене қабырғаларының сыртқы жағы қолдан ойылған ою-өрнектері бар 62 түрлі терракот қыш тақталармен көмкерілген. Әр қилы үйлесім мен нұсқалардан тұратын, түрлі өсімдік гүлдері мен геометриялық түрлер сарынындағы өрнектерге бай. Бұл орталық Азия мен Қазақстандағы өнбойы ою-өрнектермен көмкерілген жалғыз ескерткіш.

          Сондықтан да Айша бибі кесенесі қазақ халқының ежелгі ою-өрнегін сақтаған мұражай іспетті. Қабырғаларының ортасында жебе бейнелі иіндермен көмкерілген терең қуыстар бар. Колонналардың жоғарғы жағы ваза түрінде жасалған. Бұрыш колонналары, жоғары қарай сүйірлене жасалған белдеушелері өсімдік гүлді оюлармен өрнектелген терракот қыш тақталардың 18-ші қаланымында (3,4м биікте) арабтың куфа әріптерімен оюланған «Күз...бұлттар...жер ғажайып...» деген тылсым сөздер  жазылған. Кесененің ішкі жағында жер бесік тұр.

         Кесене құрылысына антисейсмикалық мақсатта арша ағашы пайдаланылған.

         Жерленген адам туралы тек аңыздар ғана сақталған. Аңыздардың бірінде Тараз билеушісі Қараханға іңкәрлік сапары кезінде жылан шағып, қайтыс болған, Зеңгі баба мен Ануар бегімнің ару қызы Айша бибі туралы айтылады. Аңыз бойынша - Қарахан өзінің сүйіктісіне арнап керемет кесене салдырған. Ал, жастар болса Айша бибі кесенесіне мәңгілік махабаттың, таза сезімнің пәктіктің символына айналған киелі орын ретінде,  мінәжат  етіп  келіп-кетіп  жатады. 

 

 

 


Қарахан кесенесі  (ХІ-ХІІ ғ.ғ.)

Тараз қаласының орталығында орналасқан (Төле би мен Байзақ батыр көшелерінің қиылысы), ортағасырлық рабад аумағындағы діни-мемориалдық кешенге кіреді. Кесене Қараханидтер әулетінің көрнекті тұлғасының бірі – Шах Махмуд Қараханға арналып салынған. Кесенені салушы шебердің аты-жөні тарихта сақталмаған. Кесененің алғашқы нұсқасы біздің заманымызға жетпеді. 1906 жылы жергілікті тұрғындардың күшімен алғашқы кесененің орнына қайта салынған, алайда оның сәндік өрнектері жойылған. Кесененің алғашқы келбеті мен сәулеттік құндылығын  тек 1902 жылы түсірілген фотосуреттен ғана көре аламыз. Суретте кесене шаршы формалы. Бас қасбетінде кірпіштен өрілген өрнектер бар. 1961 жылғы қазба жұмыстары кесенені сәндеу үшін 30-ға жуық түрлі терракоттар пайдаланылғанын анықтады. Кіре беріс иіні сүйірлене қаланып  колоннаға тірелген. 1836-1936 жылдар аралығында қаламыз Қараханның құрметіне Әулиеата деп аталды.

         Қазір бұл жер бесік орналасқан орталық залы, үш бұрышында үш худжра бөлмелері бар порталды-күмбезді құрылыс. Қарахан кесенесінің қабырғалары патшалық кезеңінің кірпіштерімен өрілген. Күмбезі мен аркалық ойықтары ғана ХІ ғасырдағы кірпіш-плиткалармен салынған. Кіре беріс маңдайшасында: «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі»- деген Құран сөздері өрнектелген. Соңғы қайта жаңғырту жұмыстарын Тараз қаласының 2000 жылдық мерекесіне орай 2002 жылы Республикалық «Қазқайтажаңғырту» мекемесі жүргізді.

 








Сыныбы: 8 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем. Тараз қаласының көрікті жерлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Туған жерге деген сүйіспеншілігін оята отырып, Тараз қаласының тарихын біле отырып, қаланың қазіргі кездегі көрікті жерлерін таныстырып білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Тарихи оқиғаларды сұрақ-жауап, тапсырмалар арқылы нығайту, сөйлеу тілін дамыту, көріп-есту мағыналық қабылдауды тапсырмалар арқылы қалыптастыру, зейіннің тұрақтылығын, ұзақ мерзімде есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз халқына, еліне деген мақтаныш сезімін ояту, оқушылардың елін, жерін сүюге, қадірлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу. құрметтеуге, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: Қазақстанның саяси картасы, суреттер, кескін карта, үлестірмелі парақшалар, тест.

Түрі: жаңа сабақ

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды жағымды психологиялық көңіл-күйге келтіру

ІІ. Өткен сабақты қайталау

Миға шабуыл

1. Балалар өткен сабақта қандай тақырып өттік?

- Жамбыл облысының орналасқан жері

2. Біздің облыс қалай аталады?

- Жамбыл облысы

3. Жамбыл облысы қандай облыстармен шектеседі?

- Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қырғыстан Республикасы

4. Облыстың орталығын кім атап, картадан көрсетеді?-Тараз

5. Жамбыл облысында қанша аудан бар? – 10 аудан

Атап картадан көрсету. Жамбыл облысының аудандарын іліп көрсету

А3-ға жазу

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

1. Кіріспе сөз. Суреттер іліп тақырыпты ашу. Әрқайсысына тоқталу.

Жамбыл облысы еліміздің тарихы ең бай өлкелердің бірі. Дәл осы өңірде Талас пен Шу өзендерінің аралығында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығының іргесін қалады. Осы қазақ хандығы құрылуының тарихи мағынасын ашатын отыз метрлік монумент тұрғызылды.

«Көне Тараз» археологиялық саябағы

Айша-Бибі кесенесі

Қарахан кесенесі

Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы

Қ.Рысқұлбеков саябағы


ІV. Сабақты пысықтау

Бірінші- топтастыру

Суреттер беріледі тақырыптарға байланысты топтастырады

Жібек жолы көшімен сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау


2. Тест сұрақтарымен жұмыс

1. Қазақ хандығын құрған сұлтандар?

А. Абылай Б. Жәнібек пен Керей

В. Тәуке Г. Төле би

2. «Көне Тараз» археологиялық саябағы қай жылы ашылды?

А. 2010 Б. 2013

В. 2015 Г. 2016

3.Айша-Бибі кесенесі қай ғасырдың нұсқасы?

А. VІ-VІІ Б. ІІІ-ІV

В. ХІ-ХІІ Г. ІХ-Х

4. «Жеңіс» саябағы кімнің құрметіне ашылған?

А. Л.Асанова Б. Б.Момышұлы

В. Қ.Рысқұлбеков Г. Т.Рысқұлов


V.Сабақты қорытындылау.



VІ. Бағалау, мадақтау





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Абылай хан" ашық сабақ

Автор: Мусаева Гулжанат Алтынбайкызы

Дата: 28.09.2019

Номер свидетельства: 521171

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Ашы? саба? "Абылай хан""
    ["seo_title"] => string(23) "ashyk-sabak-abylai-khan"
    ["file_id"] => string(6) "264246"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449674102"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "?.Ша??ытбаев "Сабала?" ?ле?іне саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(50) "k-shan-g-ytbaiev-sabalak-olien-inie-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "169688"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423457885"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Сабалақ өлеңі Қ.Шаңғытбаев"
    ["seo_title"] => string(32) "sabalak_olien_i_k_shan_g_ytbaiev"
    ["file_id"] => string(6) "401287"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489826943"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) ""Абылай хан"."
    ["seo_title"] => string(11) "abylaikhan1"
    ["file_id"] => string(6) "321102"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461226161"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Абылай хан т?сында?ы ?аза? ханды?ы. "
    ["seo_title"] => string(42) "abylai-khan-tu-syndag-y-k-azak-khandyg-y-1"
    ["file_id"] => string(6) "191927"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427384525"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства