Сабақтың тақырыбы | Абайдың аудармалары |
Сабақтың танымдық мақсаты | а) білімділік: оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың аудармалары туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, ақынды әр қырынан аша білу, бұрынғы Абай туралы білімдерін тереңдету ә) дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын дамыта отырып, сабаққа, ақынға деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру б) тәрбиелік : қазақ халқының мәдениетін қастерлеуге, туған жерді сүюге, отбасын қадірлеуге тәрбиелеу, әнге сүйіспеншілікті ояту |
Күтілетін нәтиже | 1. Абайдың кім екенін кеңінен біледі 2. Ақын өмірі мен шығармашылығымен таныс болады. 3. Абай аудармаларына талдау жасай алады. |
Сілтеме | С.Ч.Тұрсынғалиева; Ә.С.Берекенова «Қазақ әдебиеті» 10-сынып «Арман-ПВ» 2014 |
Дереккөздер мен жабдықтар | Ғаламтор материалдары, интербелсенді тақта, тақта, стикер, флипчарт, маркер. |
Кезеңдері | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Тапсырмалар | Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау |
Мотивациялық кезең (17 мин.) | 1 | Ұйымдастыру, амандасу, сынып оқушыларын түгендеу, оқу құралдарының түгел болуын қадағалау, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау. | Мұғаліммен сәлемдеседі. Сабаққа дайын отырады. Назарын сабаққа аударады. | | |
2 | Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал. "Біздерден сіздерге…" Олай болса біз бүгінгі сабағымызда да көп нәрсені ұғып, үйренеміз. | Үш қатардағы оқушылар өзге топтарға бүгінгі сабаққа тілек-хат жазады, оқып береді | «Біздерден сіздерге...» | Қол шапалақтау |
1 | Сынып оқушыларын Абайдың өлең қиындылары арқылы 3 топқа бөлемін. Бүгінгі сабақ барысында орындалатын тапсырмаларға сәйкес бағалау парағын дайындап, топбасшыға беремін. | 1-топ «Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба» 2-топ « Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан» 3-топ «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» -деген өлең жолдарын құрастырып, үш топқа бөлінеді. Өзара топбасшы сайлайды, бағалау парағымен жұмыс жасайды. | Топ ережесін есіне алады. | Мақтау Мадақтау |
3 | Уйге берілген тапсырманы сұраймын. | Оқушылар Абайдың әр тақырыпта жазылған өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтады. | Махаббат лирикасы Табиғат лирикасы Өнер-білім туралы | Бағалау парағына топбасшы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды |
2 | Өтілген сабақты қайталау “Сандар сөйлейді” стратегиясы арқылы 1.1845 ж- Абай туған жыл 2.1854 ж – Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі 3.1858 ж – әкімшілік билік жұмысына қатысады 4.1878 ж – 20 жыл төре би болады 5.1895 ж – өлең жаза бастады 6.1904 ж – қайтыс болды | Топбасшылар өтілген сабақ бойынша сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларына бағалау парақшаларына бағалап отырады. | “Сандар сөйлейді” | Бағалау парағына топбасшы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды |
3 | Проблемалық полимика «Дұрыс- Бұрыс» 1.Абай Семей обл. Шыңғыстай жерінде туған 2.Абайдың ата-аналары атақты адамдар болған. 3.Ұлжан-қатыгез, зұлым, қара ниет адам. 4.Абайды Ибрахим деп атасы қойған. 5.Ол қазақ тілінен басқа тілді білмеген. 6.Алғашқы өлеңін 15 жаста жазған. 7.Абай табиғат лирикасына ғана өлеңдер жазған. 8.1889 ж. «Білімдіден шыққан сөз» өлеңін жазған | Оқушылар мұғалім оқыған мәліметтерге дұрыс-бұрыс деп жауабын стикерге жазып отырады. | «Дұрыс- Бұрыс» | Бағалау парағына топбасшы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды |
| 2 | Абай туралы слай-шоу көрсетемін. «Сурет стратегиясы» | Интербелсенді тақтадан толығырақ мәлімет тамашалайды. | «Сурет стратегиясы» | |
3 | Оқушылардан Абай атамыз туралы даналардың сөздерін сұраймын. | Оқушылар Абай атамыз туралы даналық ойларды айтады. | «Даналық ойдан дән ізде» | Бағалау парағына топбасшы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды |
Операциялық кезең (17 мин) | 1 | Интербелсенді тақтадан Абай Лермонтов, Крылов, Пушкиннің суреттерін көрсетемін, жаңа сабақтың тақырыбын ашамын. | Оқушылар суреттерді тамашалап, сабақтың тақырыбын айтады. | «Ойлан, тап» | Мақтау, мадақтау |
6 | Оқушыларға жаңа тақырып бойынша көршілерімен ақылдасып, түсіндіруді тапсырамын. Постер дайындау жұмысын беремін. | Оқушылар көршілерімен тақырыпты талқылайды, топ бірігіп оқыған мәліметтеріне постер дайындайды. | «Көршілеріңе әңгімелеп бер» | Бағалау парағына топбасшы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды |
9 | Оқушыларға Абайдың оқулықта берілген аудармаларын беріп, алдарына тапсырмалар жазылған үлестірмелі ресурстар таратамын. | Оқушылар тапсырманы топ ішінде орындайды. Қорғайды. I топ «Татьянаның Онегинге жазған хаты» және «Онегиннің Татьянаға жазған хаты» өлеңдерін орыс, қазақ тілінде мәнерлеп оқиды. II топ «Теректің сыйы» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасайды III топ Крыловтың «Есек пен бұлбұл» мысалына көрініс дайындап көрсетеді. | «Ротация» әдісі | Бағалау парағына топбасшы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды |
Рефлексиялық кезең (11 мин.) | 2 | Бағалау парағы арқылы оқушылардың критерийлер бойынша бағалауынан қорытынды баға шығарамын | Топбасшы дескрипторлардағы ұпай санын қосып, топ мүшелерін бағалайды. | | Келісу Қарсылық білдіру |
4 | Кері байланыс О - ойлау Т – талдау М – мысал келтіру Қ – қортынды жасау | 1 Мен ............. есептеймін/ойлаймын. 2. Өйткені ............ 3. Оны ...........мына мысалмен дәлелдей аламын. 4. Бұдан мынадай қортынды жасаймын................... | «ОТМҚ» стратегиясы | Мадақтау мақтау |
1 | Уй тапсырмасын беремін. «Бүгінгі күннің Абайы болсаң не істер едің?» тақырыбына ойтолғау жазу | Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. | | Алғыс білдіру |
| 2 | Сабақты «Көзімнің қарасы» әнімен тамадаймын |