kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

3 - сынып бойынша сабақ жоспары 34 сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

3 - сынып бойынша өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары 34 сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«3 - сынып бойынша сабақ жоспары 34 сабақ»

«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 03. 12. 2016 ж № 13

Тақырыбы: Ойнай білу де - өнер

Құндылық: Дұрыс әрекет, Қасиеттер: шыдамдылық, сабырлылық, ақылдылық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 12

Мақсаты: балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

  • шыдамдылық, сабырлылық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;

  • жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • көпшілдікке, әділдікке, кешірімділікке тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мақал - мәтелдер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 57 беттегі М. Төрежановтың «Аяқталмаған ойын» әңгімесін аяқтап келу берілді, сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Бәрінен күшті адам-өзіне-өзі ие болатын адам».

Сенека

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Адам ойын кезінде де,өмірде де өзінің ашуын,ызасын көрсетпей ,ұстамды болуы тиіс. Ашуды ақылға жеңдіре білу-адам бойындағы жақсы қасиет. Ойын кезінде досының жіберген қателігі мен кемшілігін кешіре білу-адамдық белгісі.

4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы) «Қызғаныштың кесірі» әңгімесін айтып беру.

5.Шығармашылық жұмыс.Топтық.

Ойын кезінде достарыңмен әр түрлі келіспеушілік жағдайлар реніштер болып жатады. Сондай сәттерде қандай шешім қабылдайсыңдар?Балалар екі топқа бөлініп , әр топқа бір жағдаяттан бөліп беріп. Жеке қағазға жазылған мәтінді оқып, мазмұнын топ болып талдайды, бір шешімге келеді.Топ арасында орындалып біткен соң әр топ атынан өздеріне берілген мәтінді бір оқушы шығып оқиды,сол топтың тағы бір оқушысы ол бойынша қабылдаған шешімдерін жария етеді.

І – топ: Кім ақылды?

ІІ – топ: Ойнамаймын

6.Топпен ән айту. «Айгөлек»

Әні: Б. Байқадамов

Сөзі: Н. Баймұхамедов

Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында.

Кемерінен шалықтап,

Асып жатқан шағында.

Ойын ойнап,ән салмай,

Өсер бала болар ма?

Күміс күлкі көрмей ол,

Кемеліне толар ма?


Қайырмасы:


Айгөлек-ай ,айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай туған кезімде,

Би билерсің дөңгелеп.

Асыл сөздің ұстазы-

Ақын болар ұрпақпыз.

Өнер,білім,еңбекке

Жақын болар ұрпақпыз.

Тұла бойы толған бір

Өнер болар ұрпақпыз.

Он саусағы майысқан,

Шебер болар ұрпақпыз.

Қайырмасы:

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 63 беттегі Т. Дәуренбековтың «Кімнің жұмысы» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал,енді көздеріңді ашсаңдар да болады.














































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 10. 12. 2016 ж № 14

Тақырыбы: Ұл бала мен қыз бала

Құндылық: Дұрыс әрекет, Қасиеттер: шыдамдылық, сабырлылық, ақылдылық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 12

Мақсаты: балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

  • ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру;

  • өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту;

  • инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мақал – мәтелдер, ақ парақтар, түрлі – түсті қаламдар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 63 беттегі Т. Дәуренбековтың «Кімнің жұмысы» әңгімесін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Ел ұлымен берік, қызымен көрік».

Халық даналығы.

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Қазақ халқы ұл дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанып,

масаттанады. Сондықтан да ұл баланы асқар тауға, алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңейді. Батырлардың барлығы ұлдардан шықты емес пе? Қобыланды, Алпамыс, Райымбек, Абылай, Сырым т.б. Ал қыз дүниеге келгенде елге, өмірге көрік берер қыз туды, деп мәз – мейрам болады. Өйткені қыз бала тән сұлулығымен ғана емес жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға теңейді.

4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы) Е. Өтетілеуовтің «Ұл бала мен қыз бала» өлеңін оқып беру.

5.Шығармашылық жұмыс.Топтық. Ұлдар және қыздар екі топқа бөлінеді. Ұлдар қандай жұмыс атқарады, қыздар қандай жұмыс атқарады суреттеп көрсету.

6.Топпен ән айту. «Біз – туған ел баласы»

Сөзі: Қ. Ыдырысов

Әні: К. Қуатбаев

Асыр салған таласып,

Біз – туған ел баласы.

Қандай байтақ Отаным,

Жан – жағыңа қарашы.


Отаным кең көсілген,

Төсінде ырыс өсірген.

Қаптаған мал, алып дән,

Бәрі менің несібем.


Бәрін көріп келеміз,

Болашаққа сенеміз.

Жақсы оқумен, еңбекпен,

Біздер жауап береміз.

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 67 беттегі Д. Сланбетованың «Саңырауқұлақтың саясы» қойылымды оқып, рөлдерге бөліп оқуға дайындалып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал,енді көздеріңді ашсаңдар да болады.







«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 18. 12. 2015 ж № 15

Тақырыбы: Дос болайық бәріміз!

Құндылық: Сүйіспеншілік, Қасиеттер: татулық, бірлік, мейірімділік

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 5


Мақсаты: Балалардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

  • татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;

  • достық қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • достыққа татулыққа, бірлікке тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мақал – мәтелдер, кітап, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 67 беттегі Д. Сланбетованың «Саңырауқұлақтың саясы» қойылымды оқып, рөлдерге бөліп оқуға дайындалып келу тапсырылды, рөлдерге бөліп оқыту. Оқушы дәптерін тексеру.

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Татулық – достық кепілі».

Халық мақалы.

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Шын достар уәдесінде тұрады, ойындары, сөздері жарасады, бірін – бірі ренжітпейді,

қуантқысы келеді, бір – бірінің көңіліне қарайды. Ал осы айтылғандар татулық белгісі. Сондықтан да шын достыққа татулық арқылы қол жеткізуге болады.

4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы) «Екі дос» ертегісін айтып беру.

5.Шығармашылық жұмыс.Жеке. «Достық» туралы эссе жазу.

6.Топпен ән айту. «Татуласу»

О. Асқар


Әкел досым, қолыңды,

Татуласқан орынды.

Өкпелесіп не керек,

Көрсет, кәне, соныңды.


Баққа бірге кірейік,

Қол ұстасып жүрейік.

Татулықтың белгісі –

Кел, қосылып күлейік:

-Ха-ха –ха, ха- ха –ха!..


7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 72 беттегі Е. Козлова, аударған М. Есенәлиеваның «Сазды хикая» ертегісін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал,енді көздеріңді ашсаңдар да болады.










«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 25. 12. 2015 ж № 16

Тақырыбы: Дос болайық бәріміз!

Құндылық: Сүйіспеншілік, Қасиеттер: татулық, бірлік, мейірімділік

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Балалардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

  • татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;

  • достық қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • достыққа татулыққа, бірлікке тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мақал – мәтелдер, кітап, дәптер,

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 72 беттегі Е. Козлова, аударған М. Есенәлиеваның «Сазды хикая» ертегісін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Әрқашан тілектес,

Досыңа көмектес».

Е. Өтетілеуов

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Дос адам бір – біріне қашанда тілекші, көмекші. Досыңа әрдайым тілектестік білдіріп,

оның айтқан сөзін, істеген ісін қолдап, қажет кезінде өз көмегіңді көрсетіп жүргенің дұрыс болады. Адалдық, сенім нағыз достарға тән қасиет.

4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы) «Дос туралы жыр» видеоролик көрсету.

5.Шығармашылық жұмыс.Топтық. Жағдаяттардың шешімін табу.

6.Топпен ән айту. «Дос болайық, бәріміз»

Сөзі: Х. Талғаров

Әні: И. Нүсіпбаев


Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Қайырмасы:

Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста.

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 78 беттегі Е. Шайқыұлының «Жақсы ата» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал,енді көздеріңді ашсаңдар да болады.



«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 19. 02. 2016 ж № 22

Тақырыбы: Ақыл – жастан, асыл - тастан

Құндылық: Дұрыс іс - әрекет, Қасиеттер: ақылды, талапты, жігерлі

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: «Даналық» құндылығы  туралы  түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • - Ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • - Ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;

  • - Бабалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу;


Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, мақал – мәтелдер, кітап, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 94 беттегі «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» аңыз әңгімесін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл».

Ж. Баласағұн

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Балалар, сендер білім мен ақылдың адам өміріндегі қажеттілігін, маңыздылығын білесіңдер. Адам баласы қаншалықты білімді болғанымен, ақылға жүгінбесе, өмірден дұрыс жол табу қиынға соғады. Сондықтан адамның біліміне ақылы сай болуы тиіс.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) «Байлық, бақыт , ақыл» ертегісін айтып беру.

1. Бақыт, Байлық, Ақылдың артықшылығы неде екен?

2. Данышпан қандай ой түйіндеді?

3. Данышпанның орнында өздерің болсаңдар, қандай төрелік айтар едіңдер?

4. Ақылды болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

5.Шығармашылық жұмыс.Жеке. Мақал – мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, құрастыру.

1. .... – ды адам ерінбейді.

2. Ашу – дұшпан, ... – дос,

... ыңа ақыл қос.

3. ... дан жақын дос бар ма?

4. ... азбайды,

Білім тозбайды.

6.Топпен ән айту. «Бес нәрсеге асық бол!»

А. Естенов

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 98 беттегі Б. Досымовтың «Маңдай тер» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс. Сурет салып келу «Еңбек етсең емерсің».

8.Соңғы тыныштық сәті.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал,енді көздеріңді ашсаңдар да болады.














«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 15. 01. 2016 ж № 17

Тақырыбы: Жылы жүрек – жақсы тілек

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Жақсы тілек, әдемі сөздердің мәнін түсіндіру арқылы сүйіспеншілікке баулу;

Міндеттері:

- Білімділік:  Ізеттілік, ізгілік, жылылық, туралы ұғымдарын кеңейту;

- Дамытушылық:  Өзара қайырымды қарым-қатынасын дамыту; 
- Тәрбиелік:  Бір-бірін сыйлап, қадірлеп, қол үшін беруге тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, мақал – мәтелдер, оқулық, дәптер, бейнефильм, ақ парақ, түрлі – түсті қаламдар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 78 беттегі Е. Шайқыұлының «Жақсы ата» әңгімесін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

  1. Немересі атасына қандай жақсы тілек айтты?

  2. Атасы немересін қалай жақсы көреді?

  3. Өздерің ата – әжелеріңе қандай жақсы тілек айтасыңдар?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Жақсы сөз – жан жылытар»

Халық мақалы

- Қандай жақсы сөздерді білесіңдер?

-     Отбасында қандай әдемі сөздерді айтасыңдар?

-     Сен кімге сыпайы, әдемі сөздерді айттың?

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) «Ата-ана қадірі» бейнефильмін көрсету.

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке. «Мен бақытты баламын» сурет салу.

6.Топпен ән айту. «Бала тілегі»

Сөзі: С.Молдасанұлы

Әні: Ф.Лұқпанова

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер билеңдер,

Гүлденсін деп ата-мекен қара орман. (2 рет)

 

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан –байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)

 

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де.(2 рет)

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 81 беттегі Е. Өтетілеуовтың «Ұқыптылық» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен.

-          Балалар енді көзімізді жұмып, бүгінгі өткен сабақта өткен кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізге сақтайық.







«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 22. 01. 2016 ж № 18

Тақырыбы: Ұқыпты бала – әдепті бала

Құндылық: Дұрыс іс - әрекет Қасиеттер: әдептілік, сыпайылылық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Балалардың әдептілік,сыпайылық адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

  • ұқыптылық, жинақылық, әдептілік туралы түсініктер беру;

  • сыпайылық қараым –қатынастарын дамыту;

  • ұқыптылыққа,жинақтылыққа, әдептілікке тәрбиелеу;


Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 81 беттегі Е. Өтетілеуовтың «Ұқыптылық» әңгімесін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

1. Асыланның ұқыптылығын неден байқауға болады?
2. Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?
3. Сендер Жомарттың орнында болсаңдар не ісер едіңдер?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Ұқыптының уақыты мол»
М.Әлімбаев
Ұқыпты бала әрқашан да өз жұмыстарын уақытылы орындайды. Ал мұндай қасиетке ие бала жұмысқа да,оқуға да, ойнауға да, серуендеуге де, қонаққа баруға да, дос, жақын, туыс адамдардың көңілін көтеруге де үлгереді.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) «Әдеп»
Арман мен Аян қаланың ортасындағы бес қабатты үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта оқиды. Бір мектепте оқитындықтан жолдары да бір. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Бір аялдамадан соң алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп бір әжей кірді.
Аян әжейдік қасына келіп:
- Әже , мына орынға отырыңыз, - деді. Арман болса қарт адамды көрмегенсіп, автобус терезесін өрнектеген қырауды саусағымен шимайлап, теріс қараған күйі отыра берді.
Екі аялдамдан кейін әжей онынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға ұсынды.
- Мә, қалқам, ала ғой.
- О, не дегеніңіз, рақмет, әже!
- Алманы орының үшін беріп тұрғаным жоқ. Әдептілігіңе сүйсінген алғысым ғой, - деді әжей Аянға күлімдей қарап.
Аян мен Арман автобустан түсіп, мектепке бет алды.Аян алманы жеп келе жатып,төңірегіне көңілдене қарайды. Арман қолындағы алманы бірер тістегені болмаса, тұтас жеп қоюға қысылып келеді.
Т.Қажыбаев.

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке. Көп нүктенің орнына ұқыпты, ұқыпсыз сөздерін қойып мақал – мәтелдер мен жаңылтпашты оқыңдар.

Мақалдар

1. ... – ның тоны тозбас,

... – дың ісі оңбас.

2. ...- тылық – істің көркі.

Жаңылтпаштар

  1. ... бала –

Кітапты түптеп тастады.

  1. ... бала -

Кітапты бүктеп тастады,

Жұмысын басқаға жүктеп тастады.

6.Топпен ән айту. «Мен өсемін»

Е. Ашықбаев

Мен өсемін, өсемін,

Жасыма жас қосылып.

Інімнің де төсегін

Жинап берем.

Осыны ұқ.

Бұзауды да бағамын –

Айран керек, сүт керек.

Дейді әжем: «Қарағым,

Сенен соны күткен ек».

Баламын гой мен деген,

Керек ойын, сауық та.

Бірақ... қазір жем берем

Қаз, үйрек пен тауыққа.

Қызықсам да жиі мен шуылына көшенің,

Көмектесем үйіме, мен осылай өсемін.

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 84 беттегі М. Гумеровтың «Дәме» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен.

-          Балалар енді көзімізді жұмып, бүгінгі өткен сабақта өткен кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізге сақтайық.





































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 29. 01. 2016 ж № 19

Тақырыбы: Ұқыпты бала – әдепті бала

Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: әдептілік, сыпайылылық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Балалардың әдептілік,сыпайылық адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

  • ұқыптылық, жинақылық, әдептілік туралы түсініктер беру;

  • сыпайылық қараым –қатынастарын дамыту;

  • ұқыптылыққа,жинақтылыққа, әдептілікке тәрбиелеу;


Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, мақал – мәтелдер, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 84 беттегі М. Гумеровтың «Дәме» әңгімесін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

1. Ақылбектің ұқыпсыздығы неден көрінеді?

2. Ақылбек ұқыптылыққа өзін қалай тәрбиеледі?

3. Ақылбекке қандай ақыл айтар едіңдер?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Ұқыптының уақытты мол»

М. Әлімбаев
Ұқыпты бала әрқашан да өз жұмыстарын уақытылы орындайды. Ал мұндай қасиетке ие бала жұмысқа да, оқуға да, ойнауға да, серуендеуге де, қонаққа баруға да, дос, жақын, туыс адамдардың көңілін көтеруге де үлгереді.
Ұқыпсыздықтан арылу үшін барлық жұмысты дер кезінде орындап отырған жөн. Оқу құралын, киімді таза ұстап, әдеппен сөйлеп, әдеппен тамақтануға тырысу керек. Өзіміздің де өзгелердің де уақытын қадірлейік.
Дәйек сөздің мағынасын түсіндіру.
Бәріне хормен айтқызу
Ұлдарға айтқызу
Қыздарға айтқызу

4.Әңгімелеу.

* Ұқыпты болу дегенді қалай түсінесіңдер?
* Ұқыптылық не үшін керек?
* Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке. Ұқыпты және ұқыпсыз бала туралы ойларыңды кестеге толыру.

6.Топпен ән айту. «Ана өсиеті»

Өтебай Тұрманжанов

Ана айтты бір өсиет баласына
Бір жолдың шығарын сан саласына
Ей балам шамаң келсе жақсылық ек
Ақ пейіл адамзаттың арасына
Егерде жол үстінде тіккен жатса
Кірер деп аяғына біреу басса
Ерінбей – ақ иіліп қолыңменен
Сол тікенді көтеріп алып таста
Бұл еңбегің қалмасты босқа, бекер
Соны көрген соңы жас солай етер
Жақсы үлгіні жалпы дәстүр жасап,
Жол тазарып, жолаушы жолдан өтер

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 87 беттегі К. Сегізбайдың «Құмға салған сурет» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен.

-          Балалар енді көзімізді жұмып, бүгінгі өткен сабақта өткен кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізге сақтайық.



«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 05. 02. 2016 ж № 20

Тақырыбы: Өнерлі бала сүйкімді

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: таланттылық, зеректілік, өнерпаздық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Өнерлі бала сүйкімді ұғымының мәнін ашу.

Міндеттері:

  •  оқушыларға өнер ұғымының тереңдігн түсіндіру;

  • эстетикалық талғамдарын дамыту;

  • сұлулықты,өнерді сүюге,өнерпаздыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, мақал – мәтелдер, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 87 беттегі К. Сегізбайдың «Құмға салған сурет» әңгімесін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

1. Балалар,Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінді?

2. Ә.Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті?
3. Өнерлі өрге жүзер дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?
Мектептегі өнерлі оқушыларды үлгі етіп айтып кету.

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Адамның сәні-өнер, білім, ақылы».

Халық мақалы.
Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Дәйек сөздің мағанасын оқушылардың жауаптарын тыңдау арқылы түйіндеймін.
-Адам өнер,білім,ақылымен ерекшеленеді. Олай дейтініміз өнер, білім,ақыл арқылы табысқа,қуанышқа, бақытқа жетуге болады.Өнерлі, білімді ақылды адамның жаны сұлу, мінезі де сыпайы, адамдармен қарым-қатынасы жақсы, қашанда көңіл күйі көтеріңкі болады.
-Өнерге,білімге байланысты тағы қандай ұлағатты сөздер немесе мақал-мәтелдер білесіңдер?

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) Бейнекөріністер көрсету
-Қандай адамды өнерлі дейді?
(Кішкентай ақын Жамбыл,шахматшы Жансая,әнші Ермек т,б, танымал өнерлі балалар туралы видео көрсету) 
Жас ақын Жамбыл 2 жасында хат танып, 4 жасынан ұйқас құраған.Бүгінде 50-ге жуық туындылары бар. Бала Жамбылдың «Періште тілек»атты кітабы жарық көрді.
Жас өнерпаз әнші Ермек Балжігіт жеті жасында жеке концертін өткізген.
Жас шахматшы Жансая Әбдімәлік күміс жүлде иеленді. Жансая атындағы шахмат акодемиясы ашылды.

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық. Ойын «Мамандық таңдау»
(Әр топтың ортасына мамандақ жазылған қағаздар тасталады.)
Әр топ қимыл іс-әрекет арқылы сол мамандықты дәріптеп шығады.

6.Топпен ән айту. «Айгөлек»

Сөзін жазған Н. Баймұхамедов
Әнін жазған Б.Байқадамов

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 91 беттегі Қ. Қайымовтың «Ақын деген кім?» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен.

-          Балалар енді көзімізді жұмып, бүгінгі өткен сабақта өткен кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізге сақтайық.








«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 12. 02. 2016 ж № 21

Тақырыбы: Өнерлі бала сүйкімді

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: таланттылық, зеректілік, өнерпаздық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Өнерлі бала сүйкімді ұғымының мәнін ашу.

Міндеттері:

  •  оқушыларға өнер ұғымының тереңдігн түсіндіру;

  • эстетикалық талғамдарын дамыту;

  • сұлулықты,өнерді сүюге,өнерпаздыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, мақал – мәтелдер, видеоролик, суреттер, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 91 беттегі Қ. Қайымовтың «Ақын деген кім?» әңгімесін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

1. Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсыңдар?

2. Өздерің қандай өнер түрін қалар едіңдер?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Өнерлі бала өрге жүзер»

Халық мақалы.

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Өнерге, білімге байланысты тағы қандай ұлағатты сөздер немесе мақал - мәтелдер білесіңдер?

Оқушылардың пікірі тыңдау арқылы түйіндеймін.

Қоршаған әлемді шығармашылықпен көркемдеп бейнелеу көрінісі өнер деп аталады. Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) Интерактивті тақтадан өнерлі адамдар туралы айту.
Кішкентай ақын Жамбыл, шахматшы Жансая, әнші Ермек және тағы басқа танымал өнерлі балалар туралы видео көрсету.

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке. Суреттерге қарап әңгіме құрастыру. Өз өнерлерің туралы айтып беріңдер.

6.Топпен ән айту. «Аташымның батасы»

Бойыма, күшіме,

Ойыма, ісіме

Сеніп тұр аташым,

Беріп тұр батасын:

- Шырағым, зейінді

Бол, кішіпейілді.

Оқуда, еңбекте

Үлгі бол сен көпке.

Қиыннан тартынба,

Сый көрсет қартыңа,

Сыйлы бол халқыңа.

Осындай бата алдым,

Досымдай атамның

Орындап талабын,

Алғысын аламын.

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 94 беттегі «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» аңыз әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал,енді көздеріңді ашсаңдар да болады.





«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 26. 02. 2016 ж № 23

Тақырыбы: Еңбектің наны тәтті

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: еңбексүйгіштік, табандылық, еңбекқорлық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;

  • Оқушылардың еңбек етуге деген қызығушылықтарын дамыту;

  • Еңбексүйгіштікке, табандылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу; 


Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, мақал – мәтелдер, мысал әңгіме, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 98 беттегі Б. Досымовтың «Маңдай тер» әңгімесін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

1. Атасы Хамитке «маңдай тер» дегенді қалай түсіндірді?

2. Өз еңбектеріңнің жемісін көрген кездерің болды ма?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Бейнетің қатты болса,

Татқаның тәтті болар».

Халық мақалы

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың пікірі тыңдау арқылы түйіндеймін.

Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) Мысал әңгіме

Б. Әділов.

Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі. «шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын. Бір күні Қара пышақ ауыр еңбектен құтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды,- деді ол қуанып. – Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін!… Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Оның қайда жатқанын ешкім білмейтін еді. Бір күні:
— Әй, туысқан, — деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынанжылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ — жұрқ етеді. Сұлуланып кетіпті.
— Төмен секір, — деді Қара пышақ.- бірге жатайық. Бізді ешкім білмейді.
— Ол жерде не бар?
— Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рахат!
— Ал жұмысты кім істейді?
— Жұмыс бізсіз де істеледі.
— Рахмет! – деді Сары пышақ.
— Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір – сүреңсіз. Өзің – ақ жата бер, рахатыңа бата бер.
Қара пышақ, орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойы тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінеді.

-Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
-Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?


5.Шығармашылық жұмыс. Топтық. Ойын: «Мақалдың жалғасын тап»

Жалқаудың … тәтті,

Еңбектің … тәтті.

Еңбек … ерінбей,

Тояды – … тіленбей.

Еңбек — … жеңбек.

Еңбек … жеткізер.

Ерлік … жеткізер.

1. Суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау.

2. Мамандық иелерін ата. (суреттерге қарап табу)

3. Еңбек құралдарының қолдану аясын тап.

6.Топпен ән айту. “Әр қашан күн сөнбесін”

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 101 беттегі И. Хасенұлының «Алтынмүйіз» ертегісін оқып келу. «Еңбек – бақыт бастауы» шағын әңгіме жазу.

8.Соңғы тыныштық сәті.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал,енді көздеріңді ашсаңдар да болады.





































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 04. 03. 2016 ж № 24

Тақырыбы: Мақтану – мақтаншақтық емес

Құндылық: Ішкі тынышт Қасиеттер: өзіңді - өзің алдамау, мақтанбау,шыдамдылық,байсалдылық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Балалардың мақтан тұту,мақтаншақ болмау, кішіпейіл,қарапайымдылық сияқты адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейте отырып,өмірде жақсылық жасауға үйрету және ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- Мақтаншақтық-жағымсыз қылық,ал мақтан тұту-жақсы әдеттерді үйрену;

-  Жағымды,жағымсыз қылықтарды ажырата білу іскерліктерін дамыту;

- Жақсылыққа ұмтылып, өзіңді-өзің алдамауға тәрбиелеу ;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, мақал – мәтелдер, ертегі, ақ парақтар, түрлі – түсті қаламдар, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 101 беттегі И. Хасенұлының «Алтынмүйіз» ертегісін сұрау. «Еңбек – бақыт бастауы» шағын әңгімелерін тексеру.

1. Алтынмүйіздің іс – әрекеті мақтануға жата ма, мақтаншақтыққа жата ма? Неліктен?

2. Ол мақтаншақтығынан қандай қиындықтарға тап болды?

3. Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Мақтаншақ кісі – менмен кісі,

Менмендік – адамның міні».

Ж. Аймауытов

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың пікірі тыңдау арқылы түйіндеймін.

Адам өз еңбегінің жемісін көргенде мақтаныш сезіміне бөленеді. Адамның мақтаншақтық сияқты жағымсыз қасиеті өзімшілдік, менмендіктен туындайды.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) Ертегіні көру «Мақтаншақ қыз»

1. Мақтаншақ қыздың іс-әрекеті мақтануға жата ма,мақтаншақтыққа жата ма?Неліктен?(мақтаншақтыққа,себебі ол өзін жоғары ұстады,өзін басқалардан артық санады,білмейтін істі білемін деді,өтірік айтты,өрмекші алып кете жаздады,өз басынан айыра жаздады .)

2. Мақтаншақ қыз қандай қиындықтарға тап болды?көп қиналды,ыңғайсыз жағдайларға дұшар болды,өтірік айтқызады,бар күшін,ақылын босқа жұмсатады

-Қандай қорытынды шығаруға болады?

-Мақтаншақтық ұятқа қалдырып , ыңғайсыз жағдайларға душар етеді , өтірік айтқызады, бар күшін , ақылын босқа жұмсатады. Мақтаншақ өзін басқалардан артық санайды. Ондай адамға көпшілік жақындағысы келмейді.Ол өзінің сыйын жоғалтады.Сондықтан да үлгі болар іспен мақтануға болады, ал мақтаншақ болмау керек.

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық. Жағдаяттарды сахналау, әр топ жағдаяттардың шешімін тауып, дәлелдейді.Өз пікірлерін айтады.

«Жарнама»ойыны

1 топ: «Дос туралы жарнама»

2топ: «Оқулықты жарнамалау»



А)Менің досым-Жайлыбек.Ол ұзын бойлы,қараторы,күлімкөз,білімімен,ақылымен ерекшеленіп тұратын өнерлі,байсалды,достыққа адал,қамқоршы бала.Оны көргілерің келсе,3а сыныпқа келіңіздер!

Б )Егер өзінді-өзің жан-жақты танып,өзгелерді терең білгің келсе,көп достар тапқын келсе,табиғатқа деген сүйіспеншілігінді арттырғын келсе «Өзін-өзі тану»оқулығымен достаса біліңдер!

6.Топпен ән айту.

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер, 2рет

Гүлденсін деп атамекен қара орман.



Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2рет

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.



Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мүңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін, 2рет

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 105 беттегі М. Төрежановтың «Сары тауық пен балапандары» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал,енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 11. 03. 2016 ж № 25

Тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: қайырымдылық, мейірбандылық, бауырмалдық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • - Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • - Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

  • - Қайырымдылыққа, мейірбандылыққа бауырмалдыққа, тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, мақал – мәтелдер, видеоролик, түрлі – түсті парақтар, түрлі – түсті қаламдар, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 105 беттегі М. Төрежановтың «Сары тауық пен балапандары» әңгімесін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

1. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

2. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Мейірімділікті анадан үйрен».

Халық даналығы

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың пікірі тыңдау арқылы түйіндеймін.

Ана –халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірімен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолында.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) «Ана» туралы видео көрсету.

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке. «Мейірімділік гүлін» құрастыру

Оқушылар түрлі-түсті қағаздан әртүрлі гүлдерді қиып, ата - аналарына жақсы тілектерін жазып жапсырмалайды.

6.Топпен ән айту. «Ана туралы жыр»

Сөзі: Ғафу Қайырбеков
 Әні : Шәмші Қалдаяков

Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың
Қанатын самғаған
Балалық құштарым
Өзіңе арналған.

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап,
Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышын
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай- күнін,
Қолыма түспеді.

Қайырмасы:

Ете гөр қанағат,
Әзірге берерім.
Балалық махаббат
Балалық жүрегім.
Бол риза, анашым,
Қолдағы осы бар.
Өзіңе арнаған
Әнімді қосып ал.

Қайырмасы:

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 108 беттегі Е. Көсеоғлұ аударған С. Дағайқызының «Жан Ана» әңгімесін оқып келу. Жақсылық туралы мақал мәтел жаттап келу

8.Соңғы тыныштық сәті.

- Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал,енді көздеріңді ашсаңдар да болады.





























«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 18. 03. 2016 ж № 26

Тақырыбы: Жаным толған жақсылық

Құндылық: Ішкі тыныштық Қасиеттер: өзіңді - өзің алдамау, шыдамдылық, байсалдылық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Өмірде жақсылық жасауға үйрете отырып, ішкі тыныштық

 құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- оқушыларды өміріндегі қиыншылықтарды шыдамдылықпен жеңуді ұғындыру;
- жақсылыққа ұмтылып, өзіңді - өзің алдамауға тәрбиелеу;
- іс әрекетті сабырлықпен, байсалдылықпен шешуге үйрету;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, мақал – мәтелдер, ақ парақтар, түрлі – түсті қаламдар, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 108 беттегі Е. Көсеоғлұ аударған С. Дағайқызының «Жан Ана» әңгімесін сұрау. Жақсылық туралы мақал мәтел сұрау.

1. Ауылдағылардың жасаған әрекеттеріне көзқарастарың қандай?

2. Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

3. Жан ана адамдарға қандай жақсылық істеді?

4. Адамдар жақсылықты қалай түсінді?

5. Жан ана неліктен өкінді?

6. Өздерің «жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»

Ы. Алтынсарин

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Өмірде жақсылық жасаудың маңызы қандай?

Оқушылардың пікірі тыңдау арқылы түйіндеймін.

Жақсылық жасау – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау – биік адамгершіліктің белгісі.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) Тату ағайындылар

   Өте ертеде бір патшалықта  екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың  екі жағында  болса да,  олар бір- біріне көмектесіп, тату-тәтті өмір сүреді.

  Бір күні  ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы  ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп  бөліп алдық, бұл дұрыс емес.  Інім жаңа ғана шаруашылығын  бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек».

   Ағасы тұрып, түнде інісіне  бір қап бидайды апарып

тастайды.

   Ал бұл кезде інісі жатып, олда ойлап жатады:  «Жоқ,.біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен  үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек».

   Таңға жақын інісі де  білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды.

    Таңертең ағайындылар  өз қамбаларына  қарап,  таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой,  ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта-қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!»

    Түн болысымен ағасы мен  інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады.

   Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жрде қарағайдың  түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды:

-          А, бұл сен бе? Кештетіп қайда  бара жатырсың?

Інісі айтады:

-А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?

  Екеуі де үндемей қалды, бір-бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жіберді. Осыдан кейін екеуі бір-бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді.

Сұрақтар:

1.      Әнгіме кімдер жайлы? Екі ағайындының іс-әрекеттері дұрыс па?

2.      Сен болсаң не істер едің?

3.      Әңгіменің соңында ағайындыларды не біріктірді?

4.     Осындай дұрыс әрекет жасап отырсақ,риясыз сүйіспеншілікпен көмектесіп отырсақ ішкі тыныштығың жай табады. Мысалы өздеріңнің өмірлеріңде осындай  жағдай кездесті ме?

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.

1-ші топқа

............................. өзіңнен,

............................. көзіңнен.

..............................өзіңнен,

............................. сөзіңнен.

2-ші топқа

 ................................. адам,

............................... жасаса.

................................ қадам,

...............................орнатса.

 

(Өз шығармашылығымнан айтып беру)

 

Жақсылығың өзіңнен,

Көрінеді көзіңнен.

Жақсылығың өзіңнен,

Айтылған ой мен сөзіңнен.

 

Жақсылықты тек адам,

Дұрыс әрекетпен жасаса.

Жасағаның әр қадам,

Жүрекке әкеп орнатса.



Балалар, егер біздің ішкі тыныштығымыз дұрыс болса біз текқана жақсылық жасаймыз.

Күн шуағын жасау алақаннан

6.Топпен ән айту. «От улыбки» әнімен айтамыз.

Барлық жанға мейірім сыйла,

Мейіріммен алтын күн де жарқырайды.

Жүзіңде күлкің де арайлы,

Бүкіл әлем бәрімізге нұр сыйлайды.



Қайырмасы:
Аспанда ақша бұлттар,
Күлімдеп бізді құптар,
Шегірткелер әнге салып шырылдайды ...

Сылдыр қаққан бұлақтан

Басталады өзен-көл

Ал мейірім басталады шын достықтан.



Мейіріммен өзгерет өмір,

Мейірімнен құс та аң да шаттанады.

Жүректе ұялап ақ сенім,

Айналамыз бір ерекше нұрланады.



Қайырмасы:
Аспанда ақша бұлттар,
Күлімдеп бізді құптар,
Шегірткелер әнге салып шырылдайды ...

Сылдыр қаққан бұлақтан

Басталады өзен-көл

Ал мейірім басталады шын достықтан.

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 112 беттегі Қ. Толыбаевтың «Күн мен гүлдер» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

- Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал,енді көздеріңді ашсаңдар да болады.




«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 08. 10. 2016 ж № 6

Тақырыбы: Бабалар сөзі – даналық көзі

Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: мейірімділік, ізгілік, әдептілік;

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 12

Мақсаты: өз халқының адамгершілік - рухани құндылықтарын, нақыл, өсиет сөздерін оқып, үйрету

Міндеттері:

  • балаларға адам өміріндегі ар, ұят сияқты қасиеттердің құндылығын ұғындыру, үлкенге құрмет, әдептілікті өмірде қолдана білуге баулу;

  • ойлау іскерліктерін дамыту;

  • балаларда ұлттық мінезді қалыптастыра отырып, ата - баба даналығынан өнеге алуға тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 26 беттегі Ә. Табылдиевтің «Ата өсиеті» әңгімесін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

1. Сендер «талап», «еңбек» деген сөздердің мәнін қалай түсінесіңдер?

2. Терең ой, қанағат, рақым сөздерінің мәнін қалай түсінесіңдер?

3. «Ақыл - жастан» дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Әдептілікті данадан үйрен»

Халық мақалы

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Адамзаттың сан ғасырлық жинақтаған білімі мен тәжірибесі даналық деп аталады. Даналық адамның өмірде дұрыс шешім қабылдауына септігін тигізеді.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы)

"Бөкен қарттың Сырымға бата беруі " деп аталады.
Сырым жас кезінде батасын алайын деп Бөкен қартқа барады. Бөкен қарт Сырымнан келген жұмысын сұрайды. Сонда Сырым:
- Менің сізге келген жұмыстарым - біріншіден, сіздің батаңызды алайып, екіншіден, әр түрлі ақыл сұрайын деп келдім, - дейді.
Бөкен "Саған батамды берейін, сен жас болғанмен елге бас болғандай бала екенсің", - деп бата береді:
Арқаң қара нардай жауыр болсын,
Мінезің қара жердей ауыр болсын.
Өкпең жоқ, кеудең толы бауыр болсын,
Құлағыңнан сыбыр кетпесін,
Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін,
Жасың жетпіске жетпесін,-
дейді. Батасын бергеннен кейін: "Мен не десем бәрінің де мағынасы бар, қалай түсіндің, өзіме айтып бер ",- дейді қарт. Сонда Сырым:
-"Арқаң қара нардай жауыр болсын" дегеніңізді халық үшін жұмыс жаса, халықты өзіңе ерте біл дегеніңіз.

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, санамақты оқыңдар. Өсиет сөздерді ұғып алыңдар.

Санамақ

Бір дегенің - ... .

Білім

Шашар нұрын,

Қадірін біл мұның.

Екі дегенің - ... .

Елің –

Ұлтың,

Тегің,

Ата жұртың сенің.

Үш дегенің - ... .

Үміттене жүріп,

Дос жүрегін жылыт.

Төрт дегенің - ... .

Тілсіз

Ұлт жоқ, күнім.

Құрметте ана тілін.

Бес дегенің - ... .

Үстемдігің артып,

Бақытқа жет шалқып.

Алты деген - ... .

Армансыздық – жалған,

Арманды күт алдан.

Жеті деген - ... .

Жігерлі

Өрге жүзер,

Жұрт қамымен жүрер.

Сегіз деген - ... .

Серігің сол сенің.

Сенім –

Шығар төрің.

Тоғыз деген - ... .

Тәлім –

Тағылым,

Таным,

Танып білер бәрін.

Он деген - ... .

Ойла!

Жақсылыққа бойла,

Сіңіріп бәрін бойға!

6.Топпен ән айту. «Алтын сөз»

Н.Айтов



Ұсақ болма, ірі бол!

Өз ортаңның гүлі бол!

Ата – анаңның көзінің,

Сөнбейтұғын нұры бол!Кім болсаңда әйтеуір,

Азаматтың бірі бол!

Туған елдің гүлі бол!

Ойға тоқы, парқын сез,

Ата сөзі – алтын сөз.

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 31 беттегі Ж. Жабаевтың «Туысқан ел» өлеңін жаттап келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

- Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал,енді көздеріңді ашсаңдар да болады.













«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 22. 04. 2016 ж № 29

Тақырыбы: Табиғат сыйы

Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: қамқорлық, қайырымдылық.

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 12

Мақсаты: Оқушыларға табиғат пен адам үйлесімділігі, оның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:

  • Оқушыларға табиғатқа қамқор бола білу,қиянат жасамау керек екенін түсіндіру;

  • Барша тіршілікке қамқорлық жасау қарым -қатынасын дамыту;

  • Табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 120 беттегі Қадыр Мырза Әлидің «Адамның артықшылығы» өлеңін жатқа сұрау. Сұрақ қою арқылы оқушылардың пікірін тыңдау. Оқушы дәптерін тексеру.

1. Адамдар табиғаттан нені үйрене алады?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Табиғатым аң – құсыммен ажарлы...»

Р. Сәтімбеков

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы)

Аңыз әңгіме: «ӘКЕ МЕН БАЛА» Ы.Алтынсарин
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі
тағасын көріп, баласына айтты:
—Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.
Бала әкесіне:
Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы
тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол
үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем
- бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің
қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді
екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және
бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан
түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып
айтты:
Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің,
енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің.
Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға
қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді

- Баласының істеген іс-әрекеті туралы не айтасыз?
- Әкесінің әрекетін қалай түсіндірер едіңдер?
- Өз ойларығмен қорытынды жасаңдаршы. 
Тамаша, жауаптарыңа рахмет.

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке. Құстардың жеке қасиеттерін тауып, орындарына қойыңдар.

Аққудың жақсы қасиеті .... .

Қарлығаштың жақсы қасиеті ... .

Қыранның жақсы қасиеті ... .

Тотықұстың жақсы қасиеті ... .

Тоқылдақтың жақсы қасиеті ... .

Бұлбұлдың жақсы қасиеті ... .

Керекті сөздер: әдемілік, батылдық, қамқорлық, әншілік, достық, сұлулық, адалдық.

6.Топпен ән айту. «Жас дәуірдің түлегіміз»
Сөзі:Е.Өтетілеуов
Әні:И.Нүсіпбаев
Бау-бақша белдер
Орман,тау,көлдер-
Көрікті шексіз даламыз


Қайырмасы:
Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей-
Бақытты біздер баламыз!


Өзіміз туған 
Көбелек қуған
Өлкеде өсіп,толамыз


Қайырмасы:


Жалықпай оқып,
Көңілге тоқып-
Білімді адам боламыз.


Қайырмасы:

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 123 беттегі С. Байшуақұлының «Наурызгүл» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәтi. 
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

























«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 29. 04. 2016 ж № 30

Тақырыбы: Табиғат сыйы

Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: қамқорлық, қайырымдылық.

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 12

Мақсаты: Оқушыларға табиғат пен адам үйлесімділігі, оның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:

  • Оқушыларға табиғатқа қамқор бола білу,қиянат жасамау керек екенін түсіндіру;

  • Барша тіршілікке қамқорлық жасау қарым -қатынасын дамыту;

  • Табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, видео, ақ парақ, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 123 беттегі С. Байшуақұлының «Наурызгүл» әңгімесін сұрау. Сұрақ қою арқылы оқушылардың пікірін тыңдау. Оқушы дәптерін тексеру.

1. Қызды Наурызгүл қалай сауықтырды?

2. осы гүлді табиғат сыйы деуге бола ма? Неліктен?

3. Наурызгүлдің қандай қасиеттері адам бойынан табылады?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Табиғаттың әдемілігі – адам жанының тазалығы».

В. А. Сухомлинский

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

-Балалар, табиғат-ана адамдар әдемі болсын деп сан алуан гүлдерін сыйға ұсынған, ұлдарының емендей мықты болуын ойласа, қыздарының қайыңдай нәзік майысқаның қалайды. Ал табиғаттың әсемдігі адам жаның тазалыққа, сұлулыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелейді.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) «Неткен сұлу қазақ жері» видеосын көрсету

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.

І топ «Күн,су,жер,өсімдіктің адамға қандай пайдасы және адамның оған тигізер пайдасы»

ІІ топ «Гүлде кездесетін жақсы қасиеттерін жазу»

ІІІ топ «Аспан көгіндегі күн болсаңдар,жан жағыңдағы адамдарға қандай жылы сөздер сыйлар едіңдер»

6.Топпен ән айту.

Ә. Ысқабай

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы мейірім.

Мен үшін жоқ уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

Жер шарының ұл – қызын

Жылытуға жетер қызуым.

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 128 беттегі Р. Әбілқадырова «Қандай тілек жақсы?» мәтіні оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәтi. 

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.






«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 06. 05. 2016 ж № 31

Тақырыбы: Жаны саудың – тәні сау

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: бағалау, шыдамдылық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 12

Мақсаты: Балаларға денсаулықтың маңыздылығы туралы

түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

  • - Денсаулық пен жан саулығының адам өміріндегі маңызын  түсіндіру;

  • - Денсаулығын сақтай білу іскерліктерін дамыту;

  • - Денсаулығын  бағалауға тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, видео, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 128 беттегі Р. Әбілқадырова «Қандай тілек жақсы?» мәтіні сұрау. Сұрақ қою арқылы оқушылардың пікірін тыңдау. Оқушы дәптерін тексеру.

1. Амантай апасына қандай қамқорлық танытты?

2. Апасы Амантайға қандай ақыл айтты?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»

Т. Карлейль

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

-Балалар, «Дені сау адам– табиғаттың ең қымбат жемісі» деген дені сау адамға тең келер ештеңе жоқ дегенді білдіреді. Оған қол жеткізу өзіміздің қолымызда. Ол үшін алдымен жан саулығына көңіл аударған жөн, ешкімді ренжітпей, ешкімге ауыр сөз айтпай, бәріне жақсылық тілеп, қуаныш, күлкі сыйлап, өзің туралы да, өзге туралы да, айналаң туралы тек қана жақсы ой ойлау керек.

Денсаулық дегеніміз адам организмінің жан – жақты дамуы мен бүкіл дене қызметкерлерінің жүзеге дұрыс асыра білуі.

Адамның дене шынықтыруы, үнемі денені таза ұстауы, күн тәртібін орындай білуі және адамның көңілді, қуанышты болуы да денсаулықты сақтауға көмектеседі.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) «Денсаулық» туралы видео көрсету.

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке.

«Жаның сұлу болсын!» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар.

6.Топпен ән айту.

«Алтын сөз»

Н. Айтов

Ұсақ болма, ірі бол!

Өз ортаңның гүлі бол!

Ата – анаңның көзінің,

Сөнбейтұғын нұры бол!

Кім болсаң да әйтеуір;

Азаматтың бірі бол!

Туған елдің ұлы бол!

Ойға тоқы, парқын сез,

Ата сөзі – алтын сөз.

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 131 беттегі «Ең үлкен байлық» ертегісін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәтi. 

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.




«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 13. 05. 2016 ж № 32

Тақырыбы: Денсаулық – зор байлық

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: төзімділік, табандылық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Балаларға денсаулықтың маңыздылығы туралы

түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

  • - Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын,өмір сүру
    қажеттілігін,басты байлық екенін түсіндіру және зиянды заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру;

  • - Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға баулу,шығармашылық қабілеттерін және сөйлеу шеберліктерін дамыту;

  • - Денсаулықты сақтауға,тазалыққа,салаутты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, видео, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 131 беттегі «Ең үлкен байлық» ертегісін сұрау. Сұрақ қою арқылы оқушылардың пікірін тыңдау. Оқушы дәптерін тексеру.

1. Жігіт байлықты қалай түсінді?

2. Үлкен адамның кеңесінен соң жігіттің «байлық» туралы көзқарасы өзгерді ме?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

Үшеуімен бақытты болады өмір»

Халық даналығы

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Адамның ерте тұруы, дене шынықтыруы және өзіне ұнаған спорт түрімен айналысуы оған қуаныш, шаттық сыйлайды. Адамның спортпен үздіксіз шұғылдануынан, жеңіске жетуінен оның төзімділігін, табандылығын байқауға болады.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) «Дұрыс тамақтану» туралы видео көрсету

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке. Бағалы байлықтар.

Мақалдарды қай сандыққа жинақтауға болады?

Бағалы байлықтар туралы түсінгендеріңді достарыңа айтып беріңдер.




6.Топпен ән айту.


1. Суық судың несі айып?
Шынығайық халайық.
Кеңестері айтылған
Денсаулыққа лайық.
2. Бұрын біздер ауырсақ,
Дәрігер қарар жанын сап.
Дәріханаға барамыз,
Дәрі сатып аламыз.
3. Тойып ішсең қаншама,
Ауырасың соншама
Асқазанды бүлдірсең,
Азылмас қанша күн жүрсең.
4. Ал, халайық, халайық.
Табиғатқа қарайық
Жер, су, ауа тазарса
Пайдалы екен бұл аса.


7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 134 беттегі Ә. Табылдиевтің «Әдепті сөз» мәтінін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәтi. 

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.












































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 20. 05. 2016 ж № 33

Тақырыбы: Өзін – өзі танудан үйренгенім

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: сыйлау, қамқорлық, жауапкершілік, бағалау

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

  • - «Өзін – өзі тану» пәнінен 3 – сынып бойынша алған білімдерін жинақтау;

  • - Жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • - Өзін және өзгені сыйлай білуге тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, видео, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 134 беттегі Ә. Табылдиевтің «Әдепті сөз» мәтінін сұрау. Сұрақ қою арқылы оқушылардың пікірін тыңдау. Оқушы дәптерін тексеру.

1. Үлкендерден қандай әдепті сөздерді үйренуге болады?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Бақытты болғың келсе, ізгі істерге бойыңды үйрет, жаман әдеттен қаш»

Нақыл сөз

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Өзін – өзі танудан адам «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап іздейді. Адамның өмірде жақсы мен жаманды ажырата алуына, жақсы адам болуына, өзін – өзі тәрбиелеуіне, өмірден өз орнын табуына көмектеседі. Адам адамгершілік қасиеттерді үйреніп, меңгерген кезде өз ортасында сыйлы болады.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) «Жақсылық жаса» видеоролигін көрсету.

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық. Берілген сұрақтарға жауап беру.

І – топ:

«Үлкенді құрметтеп сыйлау, тыңдау үшін не істер едіңдер?»


ІІ – топ:

«Үлкендерді, достарыңды жақсы көретініңді қалай жеткізуге болады?»

6.Топпен ән айту. «Жас ұландар маршы»

Сөзін жазған Б. Тәжібаев

Әнін жазған И. Нүсіпбаев


Біз – бейбіт ел ұланы,

Өнер, білім ұраны.

Алдымыздан жақсы арман

Күлім қағып тұрады.


Қайырмасы:

Біз – батыр ел жастары,

Бақыт алға бастады.


Тербетіліп алтын дән,

Теңіз дейін толқыған.

Даламызда тасқындап,

Еңбек күйі шалқыған.


Қайырмасы:


Күш- қайратың қаулаған

Келешекке арнаған

Алтын айдың төріне

Көгілдір ту қадаған.

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 137 беттегі Р. Әбілқадырованың «Раушангүл» мәтінін оқып келу. Дәптермен жұмыс.


8.Соңғы тыныштық сәтi. 

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.













































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 20. 05. 2016 ж № 34

Тақырыбы: Өзін – өзі танудан үйренгенім

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: сыйлау, қамқорлық, жауапкершілік, бағалау

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

  • - «Өзін – өзі тану» пәнінен 3 – сынып бойынша алған білімдерін жинақтау;

  • - Жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • - Өзін және өзгені сыйлай білуге тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, видео, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 137 беттегі Р. Әбілқадырованың «Раушангүл» мәтінін сұрау. Сұрақ қою арқылы оқушылардың пікірін тыңдау. Оқушы дәптерін тексеру.

1. «Жүрегі жарқын» дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Алғашқы күні Раушангүл неге көңілсіз оралды?

3. Қарлығаштың жақсы қыз екеніне Раушангүлдің көзі қалай жетті?

4. Сендер достарыңның қандай болғаныни қалайсыңдар?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Өзін тәрбиелей білмеген өзгеге өнеге көрсете алмайды.»

Абай

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Өзін – өзі тану адамға өмірді танып білуге құштарлықты, білім алуды, сүйікті ісіңмен айналысуды үйренуге мүмкіндік береді.

Өмірде ұқыпты, әдепті, өнерлі, ақылды, мейірімді болудың жолдарымен таныстырады.

Қоғамда бірліктің, ынтымақтың қажеттілігін түсініп, Отанына сүйіспеншілік таныта алуды үйретеді.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) «Адами қарым – қатынасқа үйренейік, құрметтей білейік» видеоролигін көрсету.

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.

Суреттерге қарап, өздерің үйренген жақсы қасиеттерді естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.









6.Топпен ән айту. «Жас ұландар жыры»

Е. Ашықбаев


Өркеніміз даланың,

Ертеңіміз қазақтың.

Аманаты бабаның –

Тәуелсіз таң, азат күн.


Қайырмасы:


Кез де келер ер жетер,

Біз сенімді жолдамыз.

Бесігіңде тербетер

Отанымыз – ордамыз.

Бай мұрасын сыйлайды

Қасиетті халқымыз.

Елдік тәлім жинағы –

Дәстүріміз, салтымыз.


Қайырмасы:


Сөгілмейді іргеміз,

Осылай сөз бергенбіз.

Қай кезде де біргеміз

Туып – өскен елмен біз.


Қайырмасы:

7. Үй тапсырмасы. «Өзін – өзі тану» пәнінен үйренген құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді адамдармен қарым – қатынаста, үлкендерді құрметтеуде, достарыңмен сыйласуда көрсете біліңдер. Мен сендерге сенемін.

8.Соңғы тыныштық сәтi. 

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.


































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 08. 04. 2016 ж № 27

Тақырыбы: Туған жер ғажаптары

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: қадірлеу, аялау, қорғау

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Балалардың «Отанға», «туған жерге» деген сүйіспеншілігін арттыру.

Міндеттері:

  • туған ел, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; 

  • туған жерге қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту; 

  • туған жерін қорғауға, қадірлеуге, әдемілікке тәрбиелеу. 

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, видеоролик, ақ парақтар, суреттер, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 112 беттегі Қ. Толыбаевтың «Күн мен гүлдер» мәтінін сұрау. Сұрақ қою арқылы оқушылардың пікірін тыңдау. Оқушы дәптерін тексеру.

1. Гүлдерді, шөптерді кім және қалай оятады екен?

2. Осы көріністі өздеріңнің таңда ұйқыдан оянатын сәттеріңмен салыстырып, айтып беріңдер.

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас»

Мақал

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Балалар, халқымыз «туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»- деп бекер айтпаған. Туған жер-әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені, ең алғаш жұтқан ауасы, табанының бастапқы ізі түскен жері, аялап өсірген алтын бесігі. Адам тағдыры да туған жерімен байланысты. Сондықтан, әрбір адам өзі туып-өскен мекенін құрметтеп, оған қамқорлықшы бола білуі керек. Өз туған жерінің әр тасын, әр құсын қызғыштай қорып, оған деген асқақ сезімін өз қамқорлығы арқылы көрсетіп отырған адамды ғана туған жерін құрметтейтін адам деуге болады. 

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) «Туған жер» туралы видеоролик көрсету

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке. Сөйлемдерді өз ойларыңмен жалғастырып айтыңдар.

- Мен туған жерді сүйемін, өйткені ...

- Мен туған жерді қорғаймын, өйткені ...

- Мен туған жерімді мақтан етемін, өйткені ...

- Мен табиғатты қорғаймын, өйткені ...

- Мен туған жерімді ғажайып деймін, өйткені ...

6.Топпен ән айту. «Туған ел»

Сөзін жазған: Ә. Сәрсенбаев

Әнін жазған: Л. Хамиди

Сүйікті туған ел,

Шарықтап өсе бер!

Ардақты ата –ана

Азаттық күресте

Шынығып, өскен ел.

Гүлденіп, көркейіп,

Өсе бер, өсе бер!


Сүйікті туған ел,

Көк майса, көркем бел.

Көңілді көтере

Қойнынан жұпардай

Аңқылдай ескен жел,

Гүлденіп, көркейіп,

Өсе бер, өсе бер!


Сүйікті туған ел,

Бауырындай айды көл.

Жаһанда сендей бір,

Мақтауға тұрарлық,

Сүйкімді бар ма жер?

Гүлденіп, көркейіп,

Өсе бер, өсе бер!

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 115 беттегі Қ. Толыбаевтың «Армысың, Алатау!» мәтіні оқып келу. Суреттерге әңгіме құрастырып келу.

8.Соңғы тыныштық сәті.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал,енді көздеріңді ашсаңдар да болады.









































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 15. 04. 2016 ж № 28

Тақырыбы: Туған жер ғажаптары

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: қадірлеу, аялау, қорғау

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Балалардың «Отанға», «туған жерге» деген сүйіспеншілігін арттыру.

Міндеттері:

  • туған ел, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; 

  • туған жерге қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту; 

  • туған жерін қорғауға, қадірлеуге, әдемілікке тәрбиелеу. 

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, видеоролик, ақ парақтар, табиғат суреттері, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 115 беттегі Қ. Толыбаевтың «Армысың, Алатау!» мәтіні мен суреттерге құрастырған әңгімелерін сұрау. Сұрақ қою арқылы оқушылардың пікірін тыңдау.

1. Әкесі мен баласының туған жеріне деген сүйіспеншілігін неден аңғаруға болады?

2. Әкесі мен баласы тауды көргенде неге асқақ сезімде болды?

3. Атасы не үшін «Алатауға сәлем бер» деген өсиет қалдырды деп ойлайсыңдар?

4. Өздеріңнің туып – өскен жерлеріңді көргенде, ойлағанда қандай сезімде боласыңдар?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Туған жер алтын бесік, асыл анам»

Ғ. Қайырбеков

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Туған жеріміздің табиғаты адам айтқысыз әсем әрі бай. Кішкентайымыздан бізді анамыз дүниеге әкеліп, бесікке бөлеп мәпелесе, тамақтың тәттісін аузымызға тосса, туған жерімізде біздің екінші анамыз секілді. Өйткені кіндік қанымыз тамған, тәй – тәй басып жүргеніміз, тай құлындай тебісіп асыр салып ойнағанымыз, анамыз бен туған жеріміздің құшағында бақытты ғұмыр кешкеніміз үшін аялы. Туған жерімізді, табиғатымызды аялап, гүлдендіру – өз қолымызда.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) «Туған жер» туралы өлең оқып беру.

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке. Сөйлемдерді өз ойларыңмен жалғастырып, айтыңдар.

- Табиғаттағы жарқыраған ... , ... , ... .

- Табиғаттағы көгілдір ... , ... , ... .

- Табиғаттағы жайқалған ... , ... , ... .

- Табиғатта ән салған ... , ... , ... .

6.Топпен ән айту. «Туған өлкем»


Елінде күн нұрын төккен, 

Жерінде гүл жұпар сепкен, 

Неткен сұлу, неткен көркем 

Осы менің туған өлкем? 


Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар,

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем?

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 120 беттегі Қадір Мырза Әлидің «Адамның артықшылығы» өлеңін жаттап келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал,енді көздеріңді ашсаңдар да болады.


«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 22. 10. 2016 ж № 8

Тақырыбы: Отан сүйген ұланбыз

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: қорғау, құрметтеу

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 12

Мақсаты: Балалардың «Отанға», «туған жерге» деген сүйіспеншілігін арттыру.

Міндеттері:

  • Отанға махаббат түсініктерін қалыптастыру; 

  • Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту; 

  • Отанын сүюге, қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу; 

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, бейнеролик, ақ парақтар, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 35 беттегі Е. Естаевтың «Біздің Мәншүк» мәтінін сұрау. Сұрақ қою арқылы оқушылардың пікірін тыңдау.

1. Мәншүк Мәметованың жаудан қаймықпай ерлік көрсетуінің себебі неде деп ойлайсыңдар?

2. Мәншүк Мәметованың ерлік шайқасқа қандай сезім жетеледі деп ойлайсыңдар?

3. Отаны үшін ерлік жасаған тағы да кімдерді білесіңдер?

4. Олардың қандай ерліктерін білесіңдер?

5. Сендер осындай ерлік жасай алар ма едіңдер?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Отан үшін отқа түс - күймейсің»

Б. Момышұлы

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегін жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Ашаршылық пен ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек.Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Бұл тарихқа алтын әріптермен жазылды.
Соғыс кезінде қаншама жастар қыршынан қиылды. Олар Отан үшін жанын пида етті. Ал олардың әрқайсысының анасы, баласы, сүйген қыздары, үлкен-үлкен армандары бар еді. Бірақ олар елге қауіп төнген кезде барлығын да құрбан етті. Жап-жас болса да Отанын қорғап жатып жан тапсырды. Бұл – шынында да ерлік болатын. Майдан шебінде жанын пида еткен жауынгерлер мәңгі есімізде қалады. Отан үшін отқа түсіп, Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз. Сұрапыл да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) «Б. Момышұлы» туралы бейнеролик көрсету

5.Шығармашылық жұмыс.

I-топ..  Мақалды жазу

1. Отан........ оттан да  ыстық

2. Отансыз .............................

Бұлбұлсыз..........................

3.Отан..........   

............ түс -күймейсин.

4.Туған  жерге...................    тік.

II-топ. Отан сөзінің тұсына  тиісті сөздерді  ойлап жаз

Отан.......................................

Отан.........................................

Отан..........................................

Отан..........................................

6.Топпен ән айту. «Атамекен»   

Ескендир Хасангалиев



Жaсыл жaйлaу түкті кілeм, көк кілeм,

Көк кілeмдe көп oйнaймын, көп күлeм.

 Мaңдaйымнaн сипaп өткeн сaмaлды,

Қaзaғымның aлaқaны дeп білeм.

Қайырмaсы:

 Қайдa жүрсeм aтaмeкeн,

 Көкeйімдe жaтaды eкeн.

Күннің көзі ұясынa,

 Қимaй oны бaтaды eкeн.

Жaсыл жaйлaу-түкті кілeм, көк кілeм,

Көк кілeмдe көп oйнaймын, көп күлeм.

Күннің нұрын, aйдын aппaқ сәулeсін,

Кaзaғымның мaxaббaты дeп білeм.

Қaйырмaсы:

Қaйдa жүрсeм aтaмeкeн,

 Көкeйімдe жaтaды eкeн.

Күннің көзі ұясынa,

Қимaй oны бaтaды eкeн.

Жaсыл жaйлaу-түкті кілeм, көк кілeм,

Көк кілeмдe көп oйнaймын, көп күлeм.

Aсқaр тaуым, aспaныммeн aстaсқaн,

Қaзaғымның мәртeбeсі дeп білeм.

 Қaйдa жүрсeм aтaмeкeн,

Көкeйімдe жaтaды eкeн.

Күннің көзі ұясынa,

Қимaй oны бaтaды eкeн.

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 37 беттегі М. Төрежановтың «Алғыс» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып,еркін отырайық. Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып,көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көзімізді ашайық. Енді,бүгінгі сабақтан алған

әсерлеріңді, көңіл күйлеріңді смайлик арқылы көрсетіңдер.

Бүгінгі сабаққа белсене  қатысқандарыңызға көптен көп рахмет қош сау болыңыздар!





















«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 03. 09. 2016 ж № 1

Тақырыбы: Өзін – өзі тану белестері

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық, жанашырлық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 12


Мақсаты: Балалардың «өзін – өзі тану» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • - 3 – сыныпқа арналған «Өзін – өзі тану» пәнінің

  • мазмұнымен таныстыру.;

  • - Өзін, өзгелерді, адамгершілік құндылықтарын танып

  • білуге қызығушылықтарын арттыру;

  • - Сыйластыққа, кішіпейілділікке, ізгілікке тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, суреттер, өлең сөзі, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Өзін – өзі тану пәні бойынша алған білімдерін қорытындылауға арналған сұрақтар.

1. «Өзін – өзі тану» пәнінен не үйрендік?

2. «Өзін – өзі тану» сабақтарынан қандай жақсы қасиеттерді үйрендіңдер?

3. Өзіңе, өзгеге, табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Жақсы ой мен жақсы сөз – жақсы істерге жетелейді...»

Ы. Алтынсарин

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы)

М. Төрежановтың «Алтын балық» әңгімесін айтып беру.

Оқушыларға сұрақтар қою:

● Қарияның қандай әрекеті сендерге ерекше әсер етті?

● Неліктен балық қарияның тілектерін орындады?

● Алтын балықтан өздерің қандай тілек тілер едіңдер?

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.

І – топ: Суреттерге қарап, «Жақсы болу өзімнен ...» тақырыбында әңгіме құрастыру.

ІІ – топ: «Өз өмірім өз қолымда» тақырыбында жоба құрыңдар.

6.Топпен ән айту.

Жас ұландар жыры

Сөзін жазған А.Байғожаев

Әнін жазған Ә.Молдағайынов

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 10 беттегі «Ата өсиеті» оқып, мазмұндап келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып,еркін отырайық. Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып,көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көзімізді ашайық. Енді,бүгінгі сабақтан алған

әсерлеріңді, көңіл күйлеріңді смайлик арқылы көрсетіңдер.

Бүгінгі сабаққа белсене  қатысқандарыңызға көптен көп рахмет қош сау болыңыздар!










«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 10. 09. 2016 ж № 2

Тақырыбы: Өмірді танып білуге құштарлық

Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жанашырлық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 12

Мақсаты: Балалардың « білім » құндылығы туралы   түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • - Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын білуге үйрету;     

  • - Білімге,оқуға құштарын арттыру;

  • - Жақсы оқуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, суреттер, өлең сөзі, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 10 беттегі «Ата өсиеті» оқып, мазмұндап келу. Оқушы дәптерін тексеру.

Мәтін бойынша сұрақтар:

● Нұртас неліктен өз – өзіне риза болмады?

● Қария «өмірді сүю керек» дегенді не үшін айтты?

● Әңгімені қалай жалғастырар едіңдер?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Егер сіз бақытты болам десеңіз, қарапайым өмір сүруді үйреніңіз»

Шығыс нақылы

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы)

Екі қасқыр (аңыз)

Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:

  • Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі –сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді.

Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып,өмір бойы күресумен болады.Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты: - Ата, ал ең соңында қай қасқыр жеңеді? Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:

-Сен қайсысын көбірек коректендірсең, сонысы жеңеді.

Талдау сұрақтары:

Ертегідегі қарттардың немерелеріне айтқан өсиеттері жайлы не түсіндіңдер?

  • Екі қасқырдың айқасын қалай түсінуге болады?

  • Адам бойындағы жақсы қасиеттерді атаңдар?

  • Жағымсыз қасиеттерге нені жатқызамыз?

  • Қарияның немересінің пайымдылығын неден аңғаруға болады?

  • Кемеңгер қарияның жауабын өзің қалай түсіндірер едің?

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.

Жағдаяттармен танысып, қалай дұрыс көмектесуге болатындығын сахналап көрсетіңдер.

І – топ:

Анар мен Асылай сабақтан қайтып келе жатты. Қолында ауыр сөмкесі бар көрші әжей жолдан өте алмай тұр екен ...

ІІ – топ:

Насыр мен Ғизат спорт кешенінен үйге қайтып келе жатыр еді. Кенет иесінен адасып қалған күшікке көздері түсті ...

6.Топпен ән айту. «Біз өмірдің гүліміз»

Сөзін жазған: Ә. Дүйсенбиев

Әнін жазған: Б. Ғизатов

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 14 беттегі «Білім мен өмір» аңыз әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

Жай, әсем музыка қойылады. Көзімізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл - күйін есітеріңізге алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. «Мен өмірді сүйемін, өзімнің адамгершілік асыл қасиеттерімді жүзеге асыруға дайынмын. Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп, жақсы адамға айналамын». Рахмет!

«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 17. 09. 2016 ж № 3

Тақырыбы: Білім – ақиқат бастауы

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: еңбексүйгіштік, талаптану, ізденушілік

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 12

Мақсаты: Балалардың «білім» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. 

Міндеттері:

  • - Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; 
    - Білімге, оқуға қызығушылықтарын арттыру; 
    - Жақсы оқуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, суреттер, өлең сөзі, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 14 беттегі «Білім мен өмір» аңыз әңгімесін оқып келу. Оқушы дәптерін тексеру.

Аңыз әңгіме бойынша сұрақтар:

● Данышпанның өз шәкірттеріне жарысқа түсуінің мәні неде?

● Ұстаз шәкіртіне дұрыс өмір сүруді қалай үйретті?

● Білімді өмірде қалай дұрыс қолдануға болады?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Талаптан да, білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз, болады ақыл тұл»

Ш. Құдайбердіұлы

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы)

«Білім» туралы бейнеролик көрсету.

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.

Сүйікті журналыңнан алынған материалдардан «Білім әлемі» тақырыбында коллаж жасаңдар.

6.Топпен ән айту.

Кел, балалар, оқылық!

Ы. Алтынсарин

Кел, балалар, оқылық.

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!


Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей – ақ табылар.


Сиса көйлек үстіңде

Тоқуменен табылған...

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған...

Өнер, білім – бәрі де

Оқуменен табылған.

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 19 беттегі А. Қайырханованың «Өнерлі балалар» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

Жай, әсем музыка қойылады. Көзімізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл - күйін есітеріңізге алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. «Мен өмірді сүйемін, өзімнің адамгершілік асыл қасиеттерімді жүзеге асыруға дайынмын. Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп, жақсы адамға айналамын». Рахмет!





«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 24. 09. 2016 ж № 4

Тақырыбы: Менің сүйікті ісім

Құндылық: дұрыс іс-әрекет

Қасиеттер: еңбексүйгіштік

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 12

Мақсаты: Балалардың "еңбек" құндылығы мен еңбексүйгіштік адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

- сүйікті іс туралы түсініктерін қалыптастыру .

- еңбек ету іскерліктерін дамыту.

- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, суреттер, бейнеролик, өлең сөзі, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 19 беттегі А. Қайырханованың «Өнерлі балалар» әңгімесін оқып келу. Оқушы дәптерін тексеру.

Оқушылардың пікірін тыңдау үшін сұрақтар қою:

● Балалар үлкендерді қандай істерімен қуантты?

● «Өнерлінің қолы алтын» дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Сүйіп істеген іс шаршатпайды»

Халық мақалы

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Сүйікті ісімен айналысу адамның өзіне деген сенімін арттырып, шығармашылықпен еңбек етуіне ықпал етеді. Адам табиғатынан бір іске қабілетті, дарынды болады. Өз мүмкіндіктерін орынды қолдана білген адам айналасындағылардың құрметіне ие болады.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы)

«Сүйікті ісім» айдарынан бейнеролик көрсету

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке.

Сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар. Өздеріңнің сүйікті істерің туралы айтып беріңдер.

6.Топпен ән айту.

«Кім немен ойнайды?»

Ө. Тұрманжанов

Теңізші болатын бала –

Бұлақпен ойнайды.

Батыр болатын бала –

Қынаппен ойнайды.

Жарықты жағатын бала –

Шырақпен ойнайды.

Диқан болатын бала –

Топырақпен ойнайды.

Ғалым болатын бала –

Кітаппен ойнайды.


7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 24 беттегі «Ана қиялы» аңыз әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп,тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз.



- Балалар, бүгінгі сабақта сүйікті іс жайында әңгімілестік. Сүйікті іс адамды көптеген жақсы қасиеттерге баулитынын білдік. Сүйікті іс адамды ұлы мақсаттарға жетелейді. Сондықтан да айналаңды сүйсінтер, өзіңе бақыт сыйлар сүйікті ісің болсын. Ол еңбекпен келеді.




«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 01. 10. 2016 ж № 5

Тақырыбы: Қиял арманға жетелейді

Құндылық: Ішкі тыныштық 

Қасиеттер: Шыдамдылық, тәртіп, сыпайылық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 12

Мақсаты: Қиял арманға жетелейді тақырыбы бойынша ішкі тыныштык құндылығын ашу

Міндеттері:

  • Балаларды шыдамдылыққа үйрету арқылы қиял арман

туралы түсінігін қалыптастыру;

  • Оқушылардың тәртіп туралы ұғымын кеңейту;

  • Сыпайылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, суреттер, бейнеролик, өлең сөзі, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 24 беттегі «Ана қиялы» аңыз әңгімесін оқып келу. Оқушы дәптерін тексеру.

Аңыз әңгіме бойынша сұрақтар қойып пікірлерін тыңдау:

● Ана өз арманын балаларына қалай жеткізді?

● Қалай ойлайсыңдар, ананың арманын қалай жүзеге асыруға болады?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Армансыз адам болмайды»

Халық мақалы

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Өзіне – өзі сенімділік, адамдарға деген сүйіспеншілік, табандылық, еңбекқорлық қасиеттері адамның өз арманын жүзеге асыруына көмектеседі. Арман ақ ниетке, адал пейілге негізделіп, өзгелердің мүддесіне сәйкес болса, адамға қанат бітіреді.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы)

Аңыз әңгіме: «Арманға қанат бітеді»
№46, 15 қараша 2011 жыл «Ұлан» газетіне жарияланған мақала
Айдос бүгін тағы да үйінде жалғыз қалды. Ол өзі сүп-сүйкімді 5 жасар бала. Іші пысып не істерін білмеді. Бір кезде... Еденнің көтеріліп бара жатқанын сезді. Еден астынан әп-әдемі, кішкене бала шықты.
- Сен кімсің? Не болды? – Қорыққанынан Айдостың даусы дірілдеп шықты. Ол айқайлап жіберуге дайын еді.
- Атым Кішкентай! Сен маған қарап таңдаңба, мен жер асты тұрғынымын.
Оның мәдениетті сөйлегеніне Айдос қайран қалды.
- І-і-і... Менің есімім...
- Ия білемін. Сенің атың Айдос.
- Оны қайдан білесің?
- Мен бәрін білемін.
Олар үнсіздік еліне кіріп кетті. Бұл үнсіздікті Айос бұзды.
- Теледидар көреміз бе? – деді жай ғана.
- Теледидар көу өте зиян. Ол көру, есту мүшелерін әлсіретеді,- деді Кішкентай.
- Кішкентай... Менің досым боласың ба?
- Әрине!-деді ол қуана.
Міне тағы да тыныштық.
Айдос, сен нені армандайсың?
- Менің арманым асқар таудан да үлкен. Біріншісі – мектепке бару. Онда достар табу. Ал сенің ше? – Ол өзіне риза болды. Қалайша әдемі сөйледі, анасы естігенде ғой...
- Ал менің арманым...
Сол кезде есік тоқылдады.
- Мен сені ата-анаммен таныстырайын, сен менің алғашқы досымсың! 
- Жоқ, кейін,- деп кішкентай бала еден астына кіріп, ғайып болды.
Есіктен ата-анасы кірді. Екі бетін кезек-кезек сүйіп жатыр.
- Жалғасы бар. Күткен арманы орындалады. Бала екі аяғынан жүріп мектепке барады.

1. Айдостың арманы не еді?
2. Айдостың арманының орындалуына кім көмектесті?
3. Айдостың қиялы неге жетеледі?

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке.

«Менің жарқын болашағым» тақырыбында сурет салу

6.Топпен ән айту.

«Арман мен ақыл»

Қ. Мырза Әли

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 27 беттегі Ә. Табылдиевтің «Ата өсиеті» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,
Тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.
(Жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау)
Сабақты аяқтау.







































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 19. 11. 2016 ж № 11

Тақырыбы: Шаңырақ жарастығы

Құндылық: «Ақиқат» 

Қасиеттер: Мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік, таза ниет, адал еңбек.

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 3 Оқушылар саны: 12

Мақсаты: Балалардың «махаббат», «сыйластық» құндылықтары туралы түсінік беру.

Міндеттері:

- шаңырақ жарастығы, сыйластығы туралы түсінік

қалыптастыру;
- жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- өзара сыйластыққа тәрбиелеу.;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, суреттер, бейнеролик, өлең сөзі, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 48 беттегі А. Асылбековтың «Сүйіспеншілік» мәтінін оқып, мазмұндап келу. Оқушы дәптерін тексеру.

Мәтін бойынша сұрақтар қойып пікірлерін тыңдау:

● Әйелдің дұрыс әрекетін қайдан бақылауға болады?

● «Сүйіспеншілік бар жерде – байлық пен сәттілік бар» дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Шаңырақ сәні - сыйластық»

Халық мақалы

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды.

Дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

● Бір шаңырақта тұратын адамдар арасындағы сыйластық туралы айту.
● Өз отбасыңның сыйластығы туралы әңгімелеу.

Қорыту:

Ия, дұрыс айтасыңдар балалар, бір шаңырақ астында тұратындардың бір - біріне сыйластығы, махаббаты, бауырмалдығы, бір - бірімен ынтымағы, татулығы, бірлігі шаңырақ жарастығын құрайды.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы)

«Бақытты отбасы үлгісі» бейнеролигін көрсету

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке.

Әр бала өз шаңырағы туралы эссе жазу

6.Топпен ән айту.

«Мен қазақ баласымын»

Е. Өтетілеуов

Бұтағы - бабасының,
Ұрпағы – атасының,
Шуағы - әжесінің,
Тұяғы - әкесінің,
Тілегі – анасының,
Тірегі – ағасының
Түлегі – даласының
Дарытқан бар асылын
Мен – қазақ баласымын!

Жерінде – бабасының,
Елінде – атасының,
Көңілінде - әжесінің,
Қолында – анасының,
Жолында – ағасының,
Төсінде – даласының
Тапқан өз жарасымын.
Мен қазақ баласымын!


7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 51 беттегі Е. Өтетілеуовтың «Бірлік» мәтінін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

Жай әуен мен көзді жұма отырып бүгінгі сағаты елестету сабақ ұнадым тұжырым жасау. Мен сендердің шаңырақтарыңа шын жүрегімнен бақыт тілеймін. Ал сендер де достарыңның шаңырағына жақсы тілектеріңді айтыңдар.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
3 - сынып бойынша сабақ жоспары 34 сабақ

Автор: Мұратова Гүлзира Әбдібекқызы

Дата: 23.01.2017

Номер свидетельства: 382739

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "К?нтізбелік жоспар "Т?зу сызы?ты ?оз?алысты? графигі" 7 - сынып?а арнал?ан"
    ["seo_title"] => string(66) "kuntizbielikzhospartuzusyzyktykozgalystynghrafighi7synypkaarnalgan"
    ["file_id"] => string(6) "302304"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457112357"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "К?нтізбелік жоспар "Т?зу сызы?ты ?оз?алысты? графигі" 7 - сынып?а арнал?ан"
    ["seo_title"] => string(67) "kuntizbielikzhospartuzusyzyktykozgalystynghrafighi7synypkaarnalgan1"
    ["file_id"] => string(6) "302305"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457112364"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "4 - сынып бойынша сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(31) "4_synyp_boiynsha_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "382740"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485167710"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ашы? саба? "Мені? досым" 5- сынып "
    ["seo_title"] => string(32) "ashyk-sabak-mienin-dosym-5-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "164647"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422682743"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "2 - сынып бойынша сабақ жоспары 34 сабақ"
    ["seo_title"] => string(40) "2_synyp_boiynsha_sabak_zhospary_34_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "382733"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485166587"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства