kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

4 - сынып бойынша сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

4 - сынып бойынша өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«4 - сынып бойынша сабақ жоспары»

«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 02. 12. 2016 ж № 13

Тақырыбы: Кешірім мен келісім

Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: кешірімділік, татулық, мейірімділік, қайырымдылық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 5


Мақсаты: Оқушылардың ешкімге қиянат жасамай, кешірімді болу және басқа адами қасиеттер туралы түсініктерін дамыту.

Міндеттері:

  1. Кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

  2. Шынайы достық қарым-қатынастар жасау іскерліктерін дамыту;

  3. Мейірімділікке, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мақал – мәтелдер, ақ парақ,

түрлі – түсті қаламдар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 67 беттегі «Мақтаншақ жолбарыс» ертегісін оқып келу. Оқушы дәптерін тексеру.

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық».

М. Әуезов

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Адамдар абайсызда бірін-бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап, татуласады. Ал татулық-адамдар, сыныптастар, достар арасындағы қарым-қатынастағы ең жақсы қасиет.

4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы) «АЛТЫН БАЛЫҚ»

Ертегі

Ертеде ашық алаңқайда бір адам өмір сүріпті. Үйінің қасындағы өзеннен балық аулап, таза ауамен дем алып, мөлдір суға шомылып, таң атқаннан күн батқанша табиғаттың тыныс – тіршілігін бақылап, уақытының қалай өткенін білмесе керек. Бір қызығы, бұл адам ешқашан ауру дегенді білмепті. Бір күні тағы да өзенге балық аулауға қарамағын салып отырса керек. Бұл жолы ауын суға қанша салса да қармаққа ешбір балық түспейді. Күтуден жалыққан адам енді кетейін деп жатқанда, қармағының қозғалғанын байқайды. Адам өз көзіне өзі сенбейді. Дәл алдында көзді қызықтыратындай жалтылдаған алтын балық тұрады. Адам сасқанынан:

Сен кімсің? - деп сұрайды.

  • Иә, мен алтын балықпын, кәдімгі бала кезден білетін ертегідегі балықпын, одан да көп тұрмай, тілегіңді айт, - дейді. – Жарайды, сені босатайын, бірақ менің тілегімді тыңда, мен үйшікте тұрудан жалықтым, маған еңселі биік үй керек, - дейді. Балық ләм деместен, құйрығын бір билетіп, суға жоқ болады. Адам үйіне келсе, бұрынғы лашықтың орнында зәулім үй тұрғанын көреді. Рас, үш- төрт ағаштың орны қопарылып, орнын үй алғаны болмаса, барлығы жақсы. – Маған енді дала кезіп, су тасудың қажеті де жоқ, тіпті үйдің ішінде – ақ суға түсуге болады, - дейді қуанып. Аз уақыт өтпестен, адамның, есіне тағы алтын балық түседі.

  • Мен неге балықтан машина сұрамадым, қазір ешкім де жаяу жүрмейді ғой, - деп ойлайды. Асығып – аптығып, өзенге барып, алтын балықты шақырады. Өз тілегін білдіреді. Ауыз жинап үлгергенше адамның алдында алып та әдемі машина тұра қалады. Адам енді өзі өсірген гүлді алқаптарын машина жолына арнап, әбден таптап, қатқақ жерге айналдырады. Сол күннен бастап айнала өткір бензин иісінен улана бастайды, құстардың да саны азаяды. Бірақ бұған мән бермеген адам:

  • Енді мен әлемдегі бай болғым келеді, маған мына қаңыраған орман, қаңыраған дала керек емес, сондықтан менің соңғы тілегім болсын, оның орнына алып завод тұрғызып бер, - дейді.Балық екі айтқызбастан бар орманды тып – типыл етіп, орнына завод тұрғызып береді. Завод болғанда қандай, мұржаларының үлкендігі көз жетпестей. Ол алып мұржалардан шыққан қара түтіндер көк аспанды қара аспанға айналдырады, ал заводтан аққан лай су өзенді ластайды. Осындай ауасы тар жерде адам өз денсаулығының бұзылғанын кеш түсінеді, тынысы тарылып ауа іздеген адам жалма-жан баяғы өзіне таза ауа сыйлайтын орманын іздейді, жоқ. Бойын сергітіп, демалыс сыйлайтын таза суын іздейді, жан – жағында қою лайдан басқа ешнәрсе көрінер емес. Амалы таусылған адам жалма – жан баяғы алтын балықты іздеп, өзенге келгенде су бетінде көлкіген қара майды көреді. Ал мұндағы балықтар сол кезде – ақ бұл суды тастай қашқан еді.

Сұрақ:

1.Адам орман мен суды неліктен іздеді деп ойлайсыңдар?

  1. 2. Сендер адамның орнында боласаңдар, қандай тілек айтар едіңдер?

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық. Жағдаятты талдау.

6.Топпен ән айту. «Татуласу»

Сөзі: А.Оразақын



Әкел, досым, қолыңды,

Татуласқан орынды.

Өкпелесіп не керек,

Көрсет, кәне, қолыңды.


Баққа бірге кірейік,

Қол ұстасып жүрейік.

Татулықтың белгісі,

Кел қосылып күлейік.

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 53 беттегі М. Төрежановтың «Көп біріксе - береке» мәтінін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгін сабақта үйренген құндылықтар мен қасиеттерді есімізге түсірейік. Кешірімділік, татулық, бірлік, достық, мейірімділік, қайырымдылық.

Осы қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңді ашуға болады».

































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 9. 12. 2016 ж № 14

Тақырыбы: Ортақ іс табысы

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: достық, ынтымақ, бірлік

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: оқушылардың «еңбек», «сыйластық», «ынтымақ» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

● Ынтамақ, бірліктің адам өміріндегі мыңызын түсіндіру;

● Бірлесіп жұмыс істей білу іскерліктерін дамыту;

● Өзара көмекке, достыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мақал – мәтелдер, ақ парақ,

түрлі – түсті қаламдар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 53 беттегі М. Төрежановтың «Көп біріксе - береке» мәтінін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

1.Мектеп жанындағы ағаштардың ну орманға айналуының себебі неде?

2. «Көп біріксе-береке» дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Келісіп істесе,көп іс бітеді».

  Құтып.

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы) «Төрт дос»

  1. Әңгімеде достардың бірлігі неден аңғарылады?

  2. Олар бірліктің нәтижесінде неге қол жеткізді?

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке. Суретке қарап, әңгіме құрастыру. (75-76 бет)

Ойын-жаттығу «Күш-бірлікте»

6.Топпен ән айту. «Дос болайық, бәріміз!»

Сөзі: Х.Талғаров

Әні: И.Нүсіпбаев

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіндер.

Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз.

Атсын күліп танымыз.

Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста.

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.

Қайырмасы:

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 78 беттегі «Төле би» туралы аңыз әңгімені оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгін сабақта үйренген құндылықтар мен қасиеттерді есімізге түсірейік. Кешірімділік, татулық, бірлік, достық, мейірімділік, қайырымдылық. Осы қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңді ашуға болады».

«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 23. 12. 2016 ж № 15

Тақырыбы: Құрметтей білейік

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: ізеттілік, сабырлылық, әдептілік

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Оқушылардың «құрмет», «сыйластық», құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

●  Құрмет, сыйластық әдептерінің адами қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

● Ізетті қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

● Үлкендерді құрметтеуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мақал – мәтелдер, оқулық, дәптер


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 78 беттегі «Төле би» туралы аңыз әңгімесін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

1.Данагүл үлкен адамдарға қандай құрмет көрсетті?

2. Өздерің құрметтейтін адамдардың қандай қасиеттерін үлгі тұтасыңдар?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы – әдеп пен сый».

  М. Әуезов.

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы) «Адами қарым – қатынасқа үйренейік, құрметтей білейік»

Видеоролик көрсету.

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке. Құрмет көрсету дегенді қалай түсінесіңдер? Шағын әңгіме жазу.


6.Топпен ән айту. «Қонақжайлық белгісі»



Сырттан келген мейманға

Сәлем беріп, қол алсаң,

Бірінші еткен құрметің.

Түсіңіз деп түс беріп,

Шылбырына оралсаң,

Екінші еткен қызметің.

Есік ашып енгізіп,

Көрпе төсеп құп алсаң,

Үшінші еткен құрметің.

Мейман риза болмағы,

Құрметпен үйге қонғаны.

Қонақжайлық сол – дағы.

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 83 беттегі «Жақсылық пен жамандық» ертегісін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгін сабақта үйренген құндылықтар мен қасиеттерді есімізге түсірейік. Кешірімділік, татулық, бірлік, достық, мейірімділік, қайырымдылық. Осы қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңді ашуға болады».







«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 26. 12. 2015 ж № 16

Тақырыбы: Жақсылық жасай білейік

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: сыйластық, мейірімділік, адалдық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, ой-өрісі дамыту.

Міндеттері:

●  Адам қарым-қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру;

● Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпа ету;

● Оқушыларды сыйластыққа, мейірімділікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мақал – мәтелдер, оқулық, дәптер, ертегілер


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 83 беттегі «Жақсылық пен жамандық» ертегісін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

1.Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады, деп ойлайсыңдар?

2. «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын».

Халық мақалы.

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы) «Жақсылық жасасаң да өзіңе, жамандық жасасаң да өзіңе».

Аңыз әңгімені айтып беру.

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық. Ертегілерді өз ойларыңмен жалғастырып айтыңдар.

1 – топ: «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі

2 – топ: «Аю мен тышқан» ертегісі

6.Топпен ән айту. «Жақсылық жерде қалмайды»

Сөзі: Е. Бағай.



Жақынды, досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды.

Жайдары жүзбен жарқыра,

Қатыгез болсаң – сол қайғы.

Қайырымды бол халқыңа,

Жақсылық жерде қалмайды.


7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 87 беттегі Б. Әділовтың «Қанат пен Жанат» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгін сабақта үйренген құндылықтар мен қасиеттерді есімізге түсірейік. Кешірімділік, татулық, бірлік, достық, мейірімділік, қайырымдылық. Осы қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңді ашуға болады».







«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 09. 01. 2016 ж № 17

Тақырыбы: Талаптыға нұр жауар

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: сыйластық, мейірімділік, талаптану 

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7

Мақсаты: Оқушыларға жақсылыққа талаптану арқылы дұрыс әрекет жасауға болатынын түсіндіру.

Міндеттері:

-  Оқушыларға сыйластық, мейірімділік қасиеттері адамға дұрыс әрекет жасауға ықпал ететінін түсіндіру; 
- Сыйластық, мейірімділік, талаптану қасиеттерін дамыту. 
- Оқушыларды ізетті, ілтипатты, табанды болуға тәрбиелеу. 

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мақал – мәтелдер, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 87 беттегі Б. Әділовтың «Қанат пен Жанат» әңгімесін сұрау.Сұрақтарға жауап беру. Оқушы дәптерін тексеру.

1. Жанат пен Қанаттың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

2. Қанат домбыраны үйрену ниетіне қалай жетті?

3. «Талаптыға нұр жауар», «Талаптансаң, алмайтын асу жоқ» деген сөздердің мағынасын түсіндіріңдер.

4. Талапты бала қандай болады, деп ойлайсыңдар?



Жаңа тақырып Балалар бүгін біз жаңа сабақ «Талаптыға нұр жауар» атты тақырыппен танысамыз. Олай болса балалар жақсы адам болу үшін талаптану жолдары туралы түсінік алып, оны өмірде қолдана алуды үйренеміз.

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл».

Ш. Құдайбердіұлы

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы) Аңыз әңгіме айтып беру.

Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп,еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады. 
Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады. 
«Балам,өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады: 
«Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», -дейді. 
Сұрақтар: 
- Баланың іс әрекетіне қарап, мінез құлқына қандай баға беруге болады? 
- Әкесі қандай айла ойлап тапты? 
- Бала өзін тежеп ұстауға қалай үйренді? 
- Әкесінің «Бұл саған өмірлік сабақ болсын» дегенін қалай түсіндіңдер? 
_ Бала дұрыс әрекет жасады деп ойлайсыңдар ма? 

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық. Сынып 2 топқа бөлінеді 
1топ: (талаптану тақырыбына өлең шығару) 
2 топ: (талаптыға нұр жауар тақырыбына эссе жазу)

6.Топпен ән айту. «Біз өмірдің гүліміз»

( Сөзі өзгертілген)

Нұрланамыз бәріміз 
Ақ ниетпен 
Пәк жүрекпен 
Өмірге біз келеміз. 
Қуанышты 
Ізгілікті 
Күн нұрындай төгеміз.

 
Адалдықпен 
Ақиқатқа 
Жүгінеміз бәріміз. 
Жақсылықты 
Жамандықты 
Айырады жанымыз. 

Адамзатқа 
Махаббатпен 
Шырқалады әніміз. 
Мейіріммен 
Шуақ шашып 
Нұрланамыз бәріміз. 

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 90 беттегі Б. Исаевтың «Мен талапты баламын» өлеңін жаттап келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгін сабақта үйренген құндылықтар мен қасиеттерді есімізге түсірейік. Сыйластық, татулық, бірлік, достық, мейірімділік, қайырымдылық. Осы қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңді ашуға болады».





























«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 16. 01. 2016 ж № 18

Тақырыбы: Талаптыға нұр жауар

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: сыйластық, мейірімділік, талаптану 

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7

Мақсаты: Оқушыларға жақсылыққа талаптану арқылы дұрыс әрекет жасауға болатынын түсіндіру.

Міндеттері:

-  Оқушыларға сыйластық, мейірімділік қасиеттері адамға дұрыс әрекет жасауға ықпал ететінін түсіндіру; 
- Сыйластық, мейірімділік, талаптану қасиеттерін дамыту. 
- Оқушыларды ізетті, ілтипатты, табанды болуға тәрбиелеу. 

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мақал – мәтелдер, өсиет әңгіме, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 86 беттегі Б. Исаевтың «Мен талапты баламын» өлеңін жатқа сұрау.Сұрақтарға жауап беру. Оқушы дәптерін тексеру.


  1. Адам талаптану арқылы қандай жетістіктерге жете алады деп ойлайсыңдар?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Талап қылса ер егер, ұлт тағдыры көгерер» 

Нақыл сөз

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Адам өмірден өз орнын табуда талапты, қабілетті, еңбекқор, ізденген болуы қажет.

Адам өзінің ынта – ықыласы, жігері және талмас талабы арқылы көздеген мақсатына жете алады.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) Қарттың ұлына өсиеті ертегіні айтып беремін Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:  - Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, - деп, өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да жігітке:  -  Неғып отырсың? - дейді. Жігіт:  -  Жәй отырмын, - деп жауап береді. Шал:  -  Шыныңды айт! - деп қыса бастайды. Жігіт еш нәрсе айтпайды. Шал:  -  Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, - дейді. Жігіт:  -  Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым, - дейді. Шал:  -  Қандай өсиет айтып еді? - дейді. Жігіт:  -  Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», - деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым.  Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал», - деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», - деп еді.  Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, - дейді. Шал тұрып жігітке:  -  Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал» - дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүресің» - дегені. «Қала сайын үй сал» дегені: «Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» - дегені еді. «Ас ішсең бал же» - дегені: «Еңбек істеп ас ішсең, балдан тәтті болады» - дегені еді, - деп, қарт өз жөніне кетіпті. Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетіне сонда ғана түсініпті.

1. Ертегі не туралы?

2. Бұл ертегі мен бүгінгі тақырыпта қандай байланыс бар?

3. Сендер осы баланың орнында болсаңдар әке өсиетін дұрыс түсінесіңдер ме?

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.

1 топ: “Талапты жетер мұратқа” тақырыбында эссе жазу

2 топ: “Талап” туралы мақал-мәтелдер жазу 

6. Топпен ән айту. «Айналайын»

Өзің едің тірегім де,

Жыр боп тұндың жүрегімде...

Сені мендей түсінетін,

Кім бар екен бұл әлемде?


Қайырмасы:


Жарқын құшақ жайған айым,

Ниетіңе сай болайын.

Мені сүйген жүрегіңнің,

Лүпілінен айналайын.

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 89 беттегі С. Ақаевтың «Қорада малың болсын, көшеде талың болсын» өсиетін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен қосылады. Балалар денемізді тік ұстап, еркін отырамыз. Қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Көзімізді жұмамыз. Балалар бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Біз бүгін не білдік, не үйрендік сол туралы ойланайық. Жақсы ойларымызды жүрегімізде сақтайық. Әрқашан жақсылықта, амандықта болайық.












































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 23. 01. 2016 ж № 19

Тақырыбы: Ақылды тыңдай білу де өнеге

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: еңбекқорлық, шыдамдылық, іскерлік

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7

Мақсаты: оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсінік беру.

Міндеттері:

-  ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;

- ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту;

- оқушыларды еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, іскерлікке тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мақал – мәтелдер, өлеңдер, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 89 беттегі С. Ақаевтың «Қорада малың болсын, көшеде талың болсын» өсиетін сұрау. Сұрақтарға жауап беру. Оқушы дәптерін тексеру.


1.Балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде?

2. Әке өсиетін орындаған балалар қандай жетістікке жетті?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Ата – анаңның ақылы –

Сайрап жатқан жолмен тең.

Ақылдының ақылы –

Сарқылмайтын көлмен тең.»

Халық мақалы

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Ата сөзін, әке сөзін, ұстаз сөзін үлкендер сөзін, халық даналығын, өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі, адаспайды. Ақылды тыңдайтын бала да ақылды атанады.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) «Анам маған...»

М. Мақатаев


Анам маған: - Үлкенді сыйла, - деген,

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем.

Атамнан қалған мұра – ізеттілік,

Арымды соған қойғам күзеттіріп.

Адалдық – менің сәби Айбарым ғой,

Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.

Суреттердегі балаларға қандай ақыл – кеңес берер едіңдер?

І – топқа: 2 сурет

ІІ – топқа: 2 сурет

6. Топпен ән айту. «Мен сүйемін»

Сөзін жазған: С. Жарқынбек

Әнін жазған: В. Питерцев


Мен сүйемін анамды,

Ізгілік пен адалдыққа баулыды

Мен сүйемін әкемді

Қорған болған, өзің сынды асылды.


Қайырмасы:


Мен сүйемін елімнің кең даласын,

Мақтанышым өмірде бір өзіңсің.

Мен сүйемін, мен сүйемін туған жер,

Бақ дәулеттің сыйы болған көзісің.

Мен сүйемін тауымды,

Баурайынан мөлдіреген нәр ақты.

Мен сүйемін елімді,

Тілеуменен бір өзіңе бақытты.


Қайырмасы:


Мен сүйемін досымды,

Жақсылықты ортақ бізге тіледі,

Мен сүйемін бәріңді,

Мақтанышпен сүйе бергім келеді.

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 93 беттегі Г. Әзімбаеваның «Қызғаныштың кесірі» мәтінін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен қосылады. Балалар денемізді тік ұстап, еркін отырамыз. Қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Көзімізді жұмамыз. Балалар бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Біз бүгін не білдік, не үйрендік сол туралы ойланайық. Жақсы ойларымызды жүрегімізде сақтайық. Әрқашан жақсылықта, амандықта болайық.







































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 30. 01. 2016 ж № 20

Тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік

Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: сыйластық, бірлік, татулық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7

Мақсаты: Адам өміріндегі «Дұрыс әрекет» құндылықтың

мағынасын кеңейту.


Міндеттері:

-  Оқушыларға «көпшілдік», «өзімшілдік», ұғымдары туралы түсінік беру;

- Оқушыларды өзара сйыластық қарым-қатынастарын дамыту;

- Оқушыларды сыйластыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мақал – мәтелдер, өлеңдер, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 93 беттегі Г. Әзімбаеваның «Қызғаныштың кесірі» мәтінін сұрау. Сұрақтарға жауап беру. Оқушы дәптерін тексеру.


1.Назымның әрекеті туралы не айтар едіңдер?

2. Назым неліктен жалғыз қалды?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл»

Абай

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспайды, тек өз мүддесін ойлайды. Ондай адам туыстары, достары, сыныптастары арасында тек өзінің ғана қамын көздейді. Бұл жақсы қасиет емес. Ал көпшіл адам көп көңілінен шығып, айналасындағылармен тіл табысады. Кеңпейіл, көпшіл болу, сыйласа білу жақсы қасиет.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) «Өзіңді тану» өлеңін оқып беру

Ө.Ақыпбеков


Жақсы болу - өзіңнен.
Жаман болу - өзіңнен
Енді өзің ая да 
Өзің үйрен өзіңнен 
Жақсылық көрсең біреуден 
«Мен қандаймын?»-деп ойла 
Жамандық көрсең біреден 
«Мен қандаймын?»-деп ойла
Өзіңді өзің қолыңа ал 
Өзіңсің – ақыл айнасы 
Тіледі саған мәні бар 
“ Өзіңді тану”-пайдасы 
Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен 


Бейне ролик «Өзімшіл Көксарай»

Сұрақтар:

  1. Бейнероликтегі Көксарайдың бойындағы қандай қасиеттерді байқадыңдар?

  2. Көксарайдың әрекеттері туралы не дейсіңдер?

  3. Бейнероликті көрген кезде қандай ой туды?

- Өмірлеріңде осыған ұқсас жағдайлар болды ма?

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке.

Берлген сөздер мен сөз тіркестерін оқыңдар. Өзімшіл және көпшіл адамға тән қасиеттерді ажыратып айтыңдар.

Өз басының пайдасын ойлау, бауырмалдық, ақкөңілділік, басқалармен санаспау, өз қамын ойлау, белсенді, жомарттық, өркөкіректік, менмендік, тәкаппарлық, қауымшыл.


«Өзімшілдік пен көпшілдік» туралы күнделікті өмірден мысал келтіріп айтып беріңдер.

6. Топпен ән айту. «Дос болайық бәріміз»

сөзі: Х.Талғаров, әні:И.Нүсіпбаев



Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!



Қайырмасы:



Дос болайық, бәріміз

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.



Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста.

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.



Қайырмасы:

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 96 беттегі «Қойшы Қаһарман» ертегісін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен қосылады. Балалар денемізді тік ұстап, еркін отырамыз. Қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Көзімізді жұмамыз. Балалар бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Біз бүгін не білдік, не үйрендік сол туралы ойланайық. Жақсы ойларымызды жүрегімізде сақтайық. Әрқашан жақсылықта, амандықта болайық.




























«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 06. 02. 2016 ж № 21

Тақырыбы: Батылдық пен өжеттік

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Батылдық, өжеттілік шыдамдылық, сабырлық.

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7

Мақсаты: «батылдық»,«өжеттік»,адамгершілік құндылықтары

туралы түсініктерін кеңейту.


Міндеттері:

- батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру;

- шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту;

- батылдыққа, өжеттілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, бейнефильм, ақ парақтар, түрлі – түсті қаламдар, өлең, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 96 беттегі «Қойшы Қаһарман» ертегісін сұрау. Сұрақтарға жауап беру. Оқушы дәптерін тексеру.


  1. Қаһарманның ержүрек батырлығын қандай іс – әрекетінен байқадыңдар?

  2. Қаһарман батырға Қарлығаш қалай көмектесті?

  3. Өздеріңнің батылдық, өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?

  4. Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Батыл болмай, батыр болмайды»

Халық даналығы

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

-Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады.Ал батыл болу үшін өжет, төзімді,шыдамды,сабырлы, ата-анасын,елін,жерін сүйетін, қорқуды бімейтін адам болу керек. Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) «Қанатты барыс» ертегісі бейнефильм.

Ой қозғау.

Бүгін, міне туған күнім,

Ой пәлі-ай,

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны –ай, -деді

Мұқағали атамыз жырлағандай

12 ақпан кімнің туған күні?

Сара Алпысқызы Назарбаева туралы баяндап бейнеролик көрсету.

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.

І топ «Батылдық», өлең шығару.,

ІІ топ «Өжет», сурет салу.

6. Топпен ән айту. «Ана туралы жыр»

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 101 беттегі В.А. Сухомлинскийдің «Еңбексүйгіш пен Еріншек» ертегісін оқып келу.

2-тапсырма : Халқымыздың батыр, өжет азаматтарының бірі туралы шағын әңгіме жазу.

Қорытындылау
-Батылдық-адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі.Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халықбатырларының өмірін мақтаныш,үлгі тұта білейік.
-Бір-бірімізді қиын сәтттерде қодай білейік.
-Деніміз сау болсын.
-Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т.б.


8. Соңғы тыныштық сәті

Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар.
Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.
«Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, ешнәрсеге ренжімеймін. Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

















































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 13. 02. 2016 ж № 22

Тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік

Құндылық: «Ақиқат», «Сүйіспеншілік»

Қасиеттер: Мейірімділік, қайырымдылық, сенімділік, жанашырлық 

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7

Мақсаты: Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсінік беру.


Міндеттері:

- еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру.
- еңбекке қызығушылықтарын арттыру.
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 


Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, аңыз әңгіме, өлең, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 101 беттегі В.А. Сухомлинскийдің «Еңбексүйгіш пен Еріншек» ертегісін сұрау. Сұрақтарға жауап беру. Оқушы дәптерін тексеру.


  1. Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерінде қандай айырмашылықтар бар?

  2. Еңбексүйгіштің бойында қандай жақсы қасиеттер бар?

  3. Еңбектену адамға не үшін қажет?

  4. Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба? Неліктен?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап»

Абай

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.

Еріншектік, жалқаулық әңгімеде айтылғандай бір қиындықтан екінші кедергіні тудырады, жолын болдырмайды. Нәтижесінде көңілің де, қарның да тоқ болмайды. Сондықтан да ұлы Абай атамыз «Еңбек - қуаныш, жалқаулық – айрылмас азап» - деп айтқан болатын.

Оқушылардың пікірін тыңдау:
* Еңбектену адамға не үшін қажет?
* Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?
* Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба?

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) Бүркіт пен оның балапандары (аңыз)
Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: - Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып - қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?
Біріншісі айтыпты: - Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.
Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: - Ал сен не айтасың,- депті.
Екіншісі айтыпты: - Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.
Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: - Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?
Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:
- Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.
Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: - Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.

- Мәтінді оқып беріп түсіндіру.

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке.

«Еңбек пен бақыт – егіз» тақырыбында шығарма жазу.
Тапсырма екі өлеңді салыстырып қорытынды шығару.
Ұмытшақ па әлде еріншек пе?
Үйдегі қоқыс шелегі Самауырын қояр су таппай,
Төгілмей үш күн тұр күтіп, Анасы жүрсе абдырап
Ұмытып Ұмсын келеді. Қысылмай, соған міз бақпай,
«Ертең!»- деп күнде сырғытып. Жүр, әне, Ұмсын ал бірақ.
Алынбай қалып шайға нан,
Дүкенге тарты тәтесі.
Ұмсын қыз қайда ойланған.
Мойындап өз қатесін
Үлкен әже мақалдап мүмкін бүй дер.
« Еріншекке есік пен төр.. Бір күндік жер».
Менің оған нем кетті.
Отын жардым балталап, Менің оған нем кетті
Құлаштадым, шалқалап. Көргенім жоқ мен кейіп
Маңдайымды терлеттім. Еден жудым еңкейіп
Менің оған нем кетті. Қолтығымды терлеттім..

6. Топпен ән айту. «Болайықшы осындай»

Өлеңі мен әні: А. Меңжанованікі

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 105 беттегі Р. Әбілқадырованың «Әдемі әже» мәтінін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәті

Жай әуен мен көзді жұма отырып бүгінгі сағаты елестету сабақ ұнады ма тұжырым жасау. - Адам бойынан табылып жататын ең бір жағымсыздық - еріншектік. Бұл әдет – бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек кісінің мойны іске жар бермейді. Осыған байланысты Абай атамыз 38 – қара сөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық,- деген екен.


























«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 20. 02. 2016 ж № 23

Тақырыбы: Төзім мен табандылық

Құндылық: «Ақиқат»

Қасиеттер: төзімділік, сабырлылық, тиянақты, ұқыпты, төзімділік

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7

Мақсаты: Оқушыларға “төзімділік,табандылық”адами қасиеттер туралы түсінік беру.


Міндеттері:

- Білімділік: Төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- Дамытушылық: Өзара жағымды қарам-қатынасты дамыту;

- Тәрбиелік: Төзімділікке,табандылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, әңгіме, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 105 беттегі Р. Әбілқадырованың «Әдемі әже» мәтінін сұрау. Сұрақтарға жауап беру. Оқушы дәптерін тексеру.


  1. Әңгімеде берілген төзімділік пен табандылық туралы ұғымнан нені түсінесіңдер?

  2. Сендердің төзімділік пен табандылық танытқан кездерің болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Табандылық кез келген кедергіні жеңеді»

Л. Винчи

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді. Ол қажымай – талмай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Мұндай адамның ерік күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы) Құмырсқаға сабақ болды

«Айгөлек» журналынан

Үш құмырсқа бірлесіп, шөп – шаламмен бітеліп қалған бұлақты тазалап, су ішпек болыпты. Бір кезде:

  • Уһ, әбден шаршадым! Басқа жақтан бұлақ тауып, шөлімді қандырсам болмас, - дейді қызыл құмырсқа.

  • Бастаған соң, тастама. Шыдап бақ! Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады, - дейді көк құмырсқа.

Бетінен қайтпаған қызыл құмырсқа көк құмырсқаның сөзін тыңдамай, басқа бұлақ іздеп кетіп қалды.

Көк құмырсқа мен жасыл құмырсқа бұлақтың көзін ашуға бар күшін жұмсайды.

Қызыл құмырсқа талай жер жүрсе де, бұлақ таба алмайды. Әбден шаршап, шөқлдеген соң, ол тілі аузына сыймай, сол алғашқы бұлаққа қайтпақшы болады.

Көк құмырсқа мен жасыл құмырсқа бұлақты тазалап болып, мөп мөлдір салқын су ішіп отырады. Қастарына тілі салақтап, қызыл құмырсқа келді. Достарынан ұялып, беті қызарған қызыл құмырсқа қайта – қайта кешірім сұрайды. Содан бері қызыл құмырсқа не істесе де «табандылықпен аяқтармын – ау!» деп өз – өзіне серт етті.


Мұғалім балалардың түсініктерін байқау мақсатында сұрақтар қояды.

  • Қызыл құмырсқаның әрекеті туралы не айта аласыңдар?

  • Неліктен құмырсқа «табандылықпен аяқтармын» деп серт берді?

Сендерге төзімділік, табандылық бойынша үлгі – өнеге болатын қай сала адамдары?

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.

І – топ:

Төртінші сынып оқушысы Дарқан күнделік жазуды бастады. Ол өзінің табандылығы мен ерік күшін қалыптастыру үшін өзіне төмендегідей талаптар қойды:

«Сабаққа дайындалатын уақыт болғанда, мен барлық шаруаны, тіпті өте қызық нәрселерді жинап қоямын.

Барлық сабақты оқып болмайынша, еш нәрсеге алаңдамаймын.

Мен бастаған ісімді аяғына дейін жеткіземін».

Дарқан осы талаптарды үнемі басшылыққа алып отырды.

  1. Дарқан неліктен өзіне осындай талаптар қойды деп ойлайсыңдар?

  2. Өздеріңе қандай талап қоясыңдар?

ІІ – топ:

Айман ән салып, би билегенді ұнатады. Уақытының көбін осыған арнағысы келеді. Осыны ойлағанда үй тапсырмасын да тыңғылықты орындағысы келмей қалады. Үй шаруасына көмектесуге де ынталанбайды. Ән салып, би билеуге де бар күшін сала қойған жоқ.

  1. Айманға қандай ақыл – кеңес берер едіңдер?

  2. Айманның бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар?

6. Топпен ән айту. «Жеңіс»

Қадір Мырза Әли


Жалқаулыққа көнбеймін

Жігерленем,

Бекимін.

Кейде оқығым келмейді,

Келмесе де оқимын.

Жеңіл емес дер едім

Жету асыл мұратқа.

Көп ойнағым келеді,

Аз ойнаймын бірақ та!

Жалқаулыққа көнбеген

Түсінеді мәніске.

Өзін – өзі жеңбеген

Жетпейді ешбір жеңіске!

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 108 беттегі Д. Әлімжановтың «Төзім» өлеңін жаттап келу. Сұрақтарға дайындалып келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)





























«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 27. 02. 2016 ж № 24

Тақырыбы: Төзім мен табандылық

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: төзімділік, сабырлылық, тиянақты, ұқыпты, төзімділік

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7

Мақсаты: Оқушыларға “төзімділік,табандылық”адами қасиеттер туралы түсінік беру.


Міндеттері:

- Білімділік: Төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- Дамытушылық: Өзара жағымды қарам-қатынасты дамыту;

- Тәрбиелік: Төзімділікке,табандылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, әңгіме, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 108 беттегі Д. Әлімжановтың «Төзім» өлеңін жатқа сұрау. Сұрақтарға жауап беру. Оқушы дәптерін тексеру.


  1. Төзім адамға не үшін қажет?

  2. «Төзімді жан мойымас» дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. «Төзген жетер мұратқа» деп неліктен айтылған?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Төзімді тілегіне жетеді.»
Құтып

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Төзімділікке үйрену, қиындықты жеңе білу, ұқыпты, тиянақты, табанды болу адамның өмірден өз орнын табуына көмектеседі.

Адам өмірде кездесетін қиындықтарға төзімділік танытып, табандылығымен жеңе алғанда ғана биік шыңдардан көрінеді. Ондай адамның, ісі нәтижелі болып, армандаған жетістіктерге жете алады.

4.Әңгімелеу. ( мұғалім сыйы)

Қайта – қайта

Аңыз

Қ.Толыбаев

Фарабидің жастау кезі болса керек. Бір күні жолаушылап бара жатқан жолдасы:

-Менің мына кітаптарымды сақтап қой, қайтып келген соң алармын, - деп бір бума кітапты қолына ұстатады. Әбунасыр оны үйіне апарып, сақтап қояды. Қолы босаған сәтте Әбунасыр әлгі кітаптардың біреуін алып, көз жүгірте бастайды. Кітап сөздері ұнап қалады да, аяғына дейін оқып шығады. Бірақ онша түсіне қоймайды. Қайта оқиды. Сонда да ұғымы жетіңкіремейді. Үшінші мәрте оқиды. Тағы да қанағаттанбайды. Төртінші мәрте оқиды. Көңілі көншімейді. Ақыры кітаптағы ойды толық ұғып алғанша, кітапты оқи береді. Сонда ғана жазылған жайлардың мағынасын айқын ұғып, анық түсінеді. Осы табандылығының арқасында Әбунасыр ғалымға бой ұрып, асқан білікті философ болып жетілген екен деседі.

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке.

Дәптермен жұмыс

6. Топпен ән айту. «Мектеп полькасы»

Сөзін жазған: Т. Молдағалиев

Әнін жазған: И. Нүсіпбаев

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 111 беттегі Ы. Алтынсариннің «Асыл шөп» мәтінін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәті

Жай әуен мен көзді жұма отырып бүгінгі сағаты елестету сабақ ұнады ма тұжырым жасау. - Адам бойынан табылып жататын ең бір жағымсыздық - еріншектік. Бұл әдет – бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек кісінің мойны іске жар бермейді. Осыған байланысты Абай атамыз 38 – қара сөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық,- деген екен.


«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 19. 03. 2016 ж № 27

Тақырыбы: Табиғатқа қамқорлық

Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: аялау, қорғау, сүю

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7

Мақсаты: Оқушылардың  «табиғат» және  «қамқорлық» адами қасиеті туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

●  табиғатқа қамқорлық жасау түсінігін қалыптастыру;

●табиғатқа қамқорлық жасау қарым-қатынасын

дамыту;

●табиғатты аялап сүюге, қорғауға тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мақал – мәтелдер, оқулық, дәптер, бейнекөрініс, ақ парақ, түрлі – түсті қаламдар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 125 беттегі Ә. Табылдиевтің «Атаның өнегесі» ертегісін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

1. Атасы немересін неліктен жол үстінде тоқтатты?

2. «Жол жүрсең, жоралғыңды сақта» дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Атасы мен немересінің бұлақ көзін ашуын табиғатқа қамқорлық деп айтуға бола ма? Неліктен?

4. Атасы мен немересінің табиғатқа қамқорлығы тағы қандай істерінен көрінеді?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр,

Ізіңді қалдыр – істен мұра шаша жүр,

Өзіңді қалдыр – бақша өсіріп жаса нұр».

Халық даналығы.

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылардың пікірі тыңдалады.

Жол үстіндегі тасты тазалау, бұлақ көзін ашу, бұлақтың жанына ағаш егу сияқты істер кей адамға қарапайым шаруа болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл – нағыз игілікті іс. Өйткені мұндай істердің басқа адамдарға шарапаты, жақсылығы, пайдасы тиеді. Бұлақ суының көзін ашу арқылы өсімдіктерге су жіберіледі. Бұлақтан қаншама адамдар таза су ішеді. Ал отырғызылған ағаштар орманға айналып, оның көлеңкесімен, таза ауасымен бүкіл халық тыныс алады.

Мына халық даналығындағы ой – осылай өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрпағыңа да өшпейтін мұра қалдыр, қолдан көзін ашқан бұлағың, жақсы істерің – шырағың, еккен ағашың, жасыл орманың – құнарың дегені.

4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы) «Табиғатқа қамқорлық» бейнекөрініс көрсетіледі.

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық. «Атаның өнегесі» әңгімесін сахналап көрсетіңдер

1 – топ: «Актерлер» немересі мен атасының ата жұртына барған жерін сахналаңдар.

2 – топ: «Журналистер» сұрақтарға жауап беріңдер

3 – топ: «Суретшілер» атасы мен немересінің еккен ағаштарының бес жылдан кейін қандай болатынын суреттеп айтып беріңдер.

6.Топпен ән айту. «Мен де балғын гүлмін»

Сөзі: М. Байсариева

Арасында гүлдің,

Ойнап бүгін жүрдім.



Қызыл, көкшіл, сары

Әп – әдемі бәрі.



Бірі сондай ірі,

Ал нәп – нәзік бірі.



Дейтін көкем: - Күнім,

Дейтін апам: - Гүлім.



Енді ғана білдім –

Мен де балғын гүлмін!

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 130 беттегі А. Мырзағұлованың «Табиғат - ана» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.


8.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз де ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгін сабақта үйренген құндылықтар мен қасиеттерді есімізге түсірейік. Кешірімділік, татулық, бірлік, достық, мейірімділік, қайырымдылық. Осы қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңді ашуға болады».














































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 02. 09. 2016 ж № 1

Тақырыбы: «Өзін – өзі тану – өмірді тану»

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: сыйластық, кішіпейілділік, ізгілік

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • - 4 – сыныпқа арналған «Өзін – өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру;

  • - Өмірді мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету;

  • - Сыйластыққа, кішіпейілділікке, ізгілікке тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Өзін – өзі тану пәні бойынша алған білімдерін қорытындылауға арналған сұрақтар.

1. «Өзін – өзі тану» пәнінен не үйрендік?

2. «Өзін – өзі тану» сабақтарынан қандай жақсы қасиеттерді үйрендіңдер?

3. Өзіңе, өзгеге, табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Дәйексөз

«Адам өміріндегі ең қажетті білім – өзін – өзі тану»

Б. Фонтенель

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылардың пікірі тыңдалады.

Қорыту:

Өзін – өзі тану адамның өзін – өзі, өзінің жан дүниесін танып білуіне, түрлі өмір белестерінен жаңылмай өтуіне көмектеседі. Өз бойындағы жақсы қасиеттерді істерімен көрсете білген адам өмірдің мәнін терең түсіне алады.

4.Әңгімелеу (мұғалім сыйы) «Екі дос және қария» аңыз әңгімесін айтып беру.

● Арман мен Сауран қалай армандады?

● Арманның әрекетіне қандай баға берер едіңдер?

● Ал Сауранға ше?

● Неліктен адамдар Арман туралы естеріне алмады деп ойлайсыңдар?

● Сауран қандай ісімен ел құрметіне бөленді?

● Екі достың әрекеттеріне деген көзқарастарың қандай?

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке.

Суреттерге қарап әңгіме құрастыру. Өз бойларыңнан қандай қасиеттерді көргілерің келетінін әңгімелеп беріңдер.

6.Топпен ән айту.

Шұғылалы әлем

А. Асылбеков

7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 12 беттегі Қ. Толыбаевтың «Құштарлық» мәтінін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз де ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгін сабақта үйренген құндылықтар мен қасиеттерді есімізге түсірейік. Кешірімділік, татулық, бірлік, достық, мейірімділік, қайырымдылық. Осы қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңді ашуға болады».








«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 09. 09. 2016 ж № 2

Тақырыбы: Білімге құштарлық

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: еңбексүйгіштік, сүйіспеншілік

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7

Мақсаты: «білім», «махаббат» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

Білімділігі: - оқу-білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

Дамытушылығы: - оқуға, білім алуға деген ынталарын дамыту;

Тәрбиелілігі: - кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, мақал – мәтелдер, оқулық, аңыз әңгіме, дәптер, ақ парақ,

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т» ұстанымын еске түсіру.

    1. 1.Тәртіп

    2. 2.Талап

    3. 3.Тыныштық

    4. 4.Тазалық

    5. 5.Татулық

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 12 беттегі Қ. Толыбаевтың «Құштарлық» әңгімесін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

1. Талапты баланың білімге деген құштарлығын қалай аңғаруға болады?

2. «Оқу – инемен құдық қазғандай» деген мақалдан нені түсінесіңдер?

3. Баланың бойынан өздеріңе ұнайтын қандай жақсы қасиеттерді көрдіңдер?

4. Білімнің адам өміріне қандай маңызы бар?

5. Білімді өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға болады деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың пікірін тыңдау.

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Оқу - білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы»

Халық мақалы.

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

 Қорыту:

Жастайыңнан көп оқысаңдар, көп білесіңдер.Көп білгендерің-қиындықты жеңгендерің.Білімді адамның ала алмайтын биігі жоқ.Біріне де білімнің арқасында жетесіңдер.

Оқу арқылы адам бойында білім жинақталады.Оқу білімнің бұлақ көзі болып табылады.Шырақ барлық уақытта айналаға нұрлы сәулесін шашып тұрады.Сен де білімді болсаң өмірде шырақ сияқты жарқырайсың.Сондықтан да халық «оқу – білім бұлағы, білім өмір шырағы»деп айтқан.

4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы) «Білім мен тәжірибе»

(Аңыз әңгіме)

Бір күні шәкірті қария данышпанға келіп:

  • Ұстазым,сіз өмір бойы біліммен сусындап келесіз.Білімнің сіз алмаған қамалы жоқ шығар.Айтыңызшы,күнделікті тұрмыста да сондай шеберсіз бе?-деп сұрайды.

Артынша ұстазының жауабын күтпестен:

  • Мен болсам,балтамен ағаш бұтауды шебер меңгердім.Алдыма жан салмаймын.Сізді де жеңетініме сөз жоқ,жарысып көрейік,-деді.

Данышпан асықпай,сабырлылықпен:

-Мен дайынмын,-деп жауап берді.

Олар орманға барып,әрқайсысы өзіне жер бөліп алады да,жарысты бастап кетеді.

Шәкірт дем алмастан ағашты шаба береді.Ұстазы жаққа құлақ салып қояды.Ол данышпан балтасының даусын естімей қалса,демалып отыр екен деп қуанып қояды.

Жарыс біткен кезде, данышпанның шапқан ағашы көп болып шығады.

-Қалайша?-деп айқайлап жібереді шәкірті.-Сіздің кейде ағаш шаппай,демалып отырғаныңызды естідім ғой...

- Иә, ол кезде мен балтамды қайрап отырғанмын. «Ісім өнсін»десең,алған біліміңді өмірде дұрыс қолдана біл,балам.Қайралған балта сияқты білім де тәжірибемен шыңдалып отыруы керек,-дейді данышпан шәкіртіне.

Шәкірт ұстазының сөзі мен ісінен өзіне мәңгілік сабақ алды.

1.Данышпанның өз шәкіртімен жарысқа түсуінің мәні неде?

2.Ұстаз шәкіртіне дұрыс өмір сүруді қалай үйретті?

3.Білімді өмірде қалай қолдануға болады?

Қорыту:

Ұстазының ойы, сөзі, ісі сәйкес келеді.Ісі өнімді болу үшін балтаны қайрады.Сол сияқты білімді де шыңдап, толықтырып,жинақтап отыру қажет .Білім :сені рухани тұрғыдан дамытады,досыңды көбейтеді,жұмсағанмен азаймайды,жан дүниеңді дамытады, ел құрмет тұтады.Өмір:алған білімді өмірде дұрыс қолдана білу ,тек адамның игілігіне жұмсау ,ойы,сөзі,ісі бір-біріне сәйкес келу,тек жақсылық тұрғысынан қызмет ету,адамның бақытты болуына септігін тигізеді.Ұстазы дұрыс әрекет жасады.

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.

Оқушыларды 2 топқа бөлу (кездейсоқ бөлу,дөңгелекшелер арқылы шартын түсіндіру, уақытты жариялау.7 минут.)

1-топ: «Алғырлар»тобы-қызыл түс

1-тап:Білім туралы мақал-мәтелдерді жалғастыр.

2-топ: «Білгірлер»тобы-жасыл түс

1-тап:Берілген әріптерді дұрыс орналастырып,оқу білім туралы даналық сөзді оқыңдар.

1-топ: «Алғырлар»тобы-

2-тап: «Білім шыңына жетер баспалдақ»

2-топ: «Білгірлер»тобы-

2-тап: Оқу, білім , кітап туралы өлең, тақпақ құрастыру

6.Топпен ән айту. «Ұстазым»әні

1.Әліппеден басталған,

Келгенімді мектепке.

Ұстаз маған жол ашқан,

Оқу ,білім,өнерге.

Асығамын мектепке,

Көңілім бар қуанған.

Бақыттымын бүгін мен,

Ұстазыма ұқсаған.

Қайырмасы:

Ұстазым ағайым,ұстазым апайым

Үлгілі шәкіртің болайын.

Анамдай,әкемдей ұстазым,ұстазым

Өзіңе арналған осы әнім А А А А,Ұстазым

2.Жылатты да қуанттым,

Бір тал шашын ағарттым.

Боламын мен өзіңдей,

Салмақты да, сымбатты.

Әр сөзіңді жаныма,

Жаны сұлу ұстазым,

Тоқыдың да баурадың.

Айналайын ,Ұстазым.

Қайырмасы:

Ұстазым ағайым,ұстазым апайым

Үлгілі шәкіртің болайын.

Анадай, әкедей ұстазым, ұстазым

Өзіңе арналған осы әнім А А А А Ұстазым

7.Үй тапсырмасы.

  1. Оқулықтың 17-бетіндегі Ы.Алтынсариннің «Асан мен Үсен» мәтінін оқып келу.

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Ал енді балалар,бір минут тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіп алыңдар.













«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 07. 10. 2016 ж № 6

Тақырыбы: Ата – баба өнері

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: құштарлық, іскерлік, шеберлік

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 5

Мақсаты:  «Өнер" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

Білімділігі: -ата-баба өнері, соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылығы: -қазақ халқының ою-өрнек өнеріне қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелілігі: -қазақ халқының ою-өрнек өнерін бағалауға, сақтауға тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, мақал – мәтелдер, оқулық, аңыз әңгіме, дәптер, ақ парақ,

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т» ұстанымын еске түсіру.

    1. 1.Тәртіп

    2. 2.Талап

    3. 3.Тыныштық

    4. 4.Тазалық

    5. 5.Татулық

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 31 беттегі «Өсиет әңгіме» аңыз әңгімесін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

1. Дүрияның Ыдырысқа айтқан сөздері туралы қандай пікір айта аласыңдар?

2. Ыдырыстың ою – өрнек өнерін үйренгендігінің қандай көмегі болды?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Еңбек – өнер өрісі,

Өнер – өмір жемісі»

Халық мақалы.

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Өмірді шығармашылық пен көркем образдар арқылы суреттеуде ерекше қабілет, шеберлік, іскерлік байқатқан адамды өнерлі адам деп айтады. Өнер адамның өміріне нәр береді, оның құштарлығын арттырады.

Біздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген. Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған «Орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан. Әр өрнектің астарында мағыны болады. Мысалы: жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.

4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы) «Ақсақ құлан» қазақ ертегісі

Баланың бойынан қандай өнер байқадыңыздар?

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке.

Суреттерге қарап, өнердің түрлері туралы әңгімелеп беріңдер. Өздеріңе ұнаған өнер түрлерін әңгімелеп айтып беріңдер.

6.Топпен ән айту. «Өнер»

С. Қалиұлы

Домбырам күмбірлеп,

Күй шерте аламын.

Бұрала би билеп,

Сурет те саламын.



Ұқсатып кілемге

Кесте де тігемін.

Актерше рөлде

Ойнай да білемін.



Жалықпай талай күн

Жасаймын мүсін де.

Болмауын қалаймын

Бір ақау ісімде.



Өнер көп бойымда,

Мақтану маған жат.

Өнерлі болуға

Тиісті адамзат.

7.Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 34 бетіндегі сахналық көрініске дайындалып келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз де ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгін сабақта үйренген құндылықтар мен қасиеттерді есімізге түсірейік. Кешірімділік, татулық, бірлік, достық, мейірімділік, қайырымдылық. Осы қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңді ашуға болады».








































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 21. 10. 2016 ж № 8

Тақырыбы: Мен елімнің азаматымын

Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: адалдық, қамқорлық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 5

Мақсаты:  Ақиқат құндылығы арқылы оқушыларды елдің азаматы болуға баулу.

Міндеттері:

    • Туған ел, өскен ортаның адам үшін маңыздылығын ұғындыру.

    • Оқушылардың елге деген жанашырлық, қамқорлық,адалдық қасиеттерін дамыту .

    • Жігерлікке, шыншылдыққа,намыстылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, оқулық, әңгіме, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т» ұстанымын еске түсіру. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Жағымды көңіл күй орнату.Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 38 беттегі С. Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін» мәтінін сұрау. Оқушыларға сұрақ қою арқылы пікірін тыңдау. Оқушы дәптерін тексеру.

1. «Туған жерсіз адамның күні жоқ» дегенде нені түсінесіңдер?

2. Сендерге өз елің несімен ыстық?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Ел іші – алтын бесік»

Халық мақалы

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:


4.Әңгімелеу . ( мұғалім сыйы) Ақжайық әңгімесі 

Айтмағанбет Құдайберген 

Өзеннің жарқабағында Өсер әкесімен әңгімелесіп отыр. 
-Ол былай болыпты,,балам! Алыстағы қатпар-қатпар асқар таудан басталған бұл Жайық елеусіз ғана бұлақ саға- сағаны қуалап, сылдырап келіп, өз тамшысын бас өзекке құя беріпті. Бас өзек ұлғайып, суы молайып,арналы өзенге айналыпты. Судың түсі көк, өзі айнадай мөлдір болыпты. Тұнығында балық ойнап, байлық жиналыпты. 
Өзен жағасын баласымен бір кәрі әже мекендейді. Баласы кішкентай қайығына мініп,балық аулапты. Бірақ құралы нашар жас балықшының ауына ештеңе түспепті. Ертелі- кеш ұстаған бірлі-екілі шабақпен жарлы жандар күн кешеді. 

-Балық неге ілікпейді, әже? -деп сұрапты баласы. 
-Маңдайыңның тері көбірек төгілсе, балық та ілігер, балам,- депті әжесі. 
Бала ауын тереңге қайта жаяды. Тынбай еңбек етеді. Бір кезде қалтқы- қалқандардың бәрі суға батып кетіпті. Бала ауды тарта бастайды. Ау қиын тартылды. Бала шаршап қалжырайды. Маңдайыңнан ащы тер шұбырып, Жайыққа құйылады. Тердің ақысындай болып,балық та қайықты толтырады. Қысылған бала әжесін шақырады. Әжесі баласының терін күнде келіп жаулығының ұшымен сүртеді екен. Тынбай шұбырған терден Жайық суының түсін осылайша өзгерткен екен. Содан бері Жайық суының түсін осылайша өзгерткен екен. Содан бері Жайық өзені Ақжайық аталыпты. 
Өсер әкесіне сұрақ қойды: 
-Олай болса, судың дәмі неге ащы болмайды, әке? 
-Сұрағың орынды, балам. Ақжайық- ағысты өзен. Ол маңдай тердің ащы тұзын ағызып әкетеді. Тұйық су болса, ащы болуы да мүмкін еді. Тұз Атырауға ағып барады. Теңіз суының ащы болатыны сондықтан. 
Өсер Ақжайықтың бұйраланған ағысына ойлана қарады. 

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.

Сахналық көрініс қою. Қатысушылар: оқушылар, мұғалім.

«Туған жер» өлеңін жеке – жеке жатқа айту.

6.Топпен ән айту. «Өз елім»

Сөзін жазған: Қ. Мырза Әли

Әнін жазған: Н. Тілендиев

7.Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 44 беттегі «Сыпайы қоян» Мексика ертегісін оқып келу. Сұрақтарға дайындалып келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Жай музыка қойылады. 
Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы сәттерін жүрегіңізге түйіп алаңыз.
















































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 16. 09. 2016 ж № 3

Тақырыбы: Ойлы бала озар

Құндылық: Дұрыс іс – әрекет  Қасиеттер: Шыншылдық, жауапкершілік,шыдамдылық.

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 5


Мақсаты: «Ой» ұғымының құндылық ретінде мәнін ашу.

Міндеттері:

* Терең ойдың,ойлаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

* Ойлай білу іскерліктерін дамыту;

* Ойлылыққа тәрбиелеу;


Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, мақал – мәтелдер, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т» ұстанымын еске түсіру. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Жағымды көңіл күй орнату.Тыныштық сәті «Орманға ойша серуен»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 17 беттегі Ы. Алтынсариннің «Асан мен Үсен» мәтінін оқып келу. Оқушы дәптерін тексеру.

Мәтін бойынша сұрақтар:

● Сендер қай баланы ойлы бала деп ойлайсыңдар? Неліктен?

● Ойлы баланың бойында қандай қасиеттердің болуы тиіс деп білесіңдер?

● Сендердің де ойлылық танытқан сәттерің болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Терең ой – асыл іс»

Абай

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Адам ойлылығын іс – әрекетінен, ақылынан көруге болады. Әр ісін ойлап, ақылмен істеген адам өз мақсатын айқын көріп, мұратына жете алады. Өз ортасына сыйлы болады.

4.Әңгімелеу ( мұғалім сыйы) «Данышпан диқан» әңгімесін айтып беру.

Сабақта әңгімелесу әдісін өткізу үшін мынадай сұрақтар ұсынылды: 
• «Білекті – бірді жығар, білімді – мыңды жығар» деген мақалды қалай түсінесіңдер? 
• «Кітап – білім бұлағы, білім өмір шырағы», - дегенді қалай түсінесіңдер? 
• Білімнің адам өміріне қандай пайдасы бар? 

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке.

Дәптермен жұмыс. Асан мен Үсеннің бойындағы қасиеттерді жазу.

6.Топпен ән айту.

Жас ұландар жыры

Сөзін жазған А.Байғожаев. Әнін жазған Ә.Молдағайынов

7.Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 23 беттегі М. Гумеровтың «Күмән» әңгімесін оқып, мазмұндап келу.

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды айналамыздағы адамдарға жеткізу үшін оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы іс істейік.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде) Рахмет!Көздеріңізді ашуларыңызға болады.













«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 23. 09. 2016 ж № 4

Тақырыбы: Менің сыныбым – менің ұжымым

Құндылық: Дұрыс іс – әрекет  Қасиеттер: бірлік, сыйластық, ұйымшылдық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: оқушылардың ұжым, достық, құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

    • Ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

    • Өзара татулық, сыйластық қарым – қатынастарын дамыту;

    • Бірлікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, мақал – мәтелдер, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т» ұстанымын еске түсіру. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Жағымды көңіл күй орнату.Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 23 беттегі М. Гумеровтың «Күмән» әңгімесін оқып, мазмұндап келу.

Әңгіме бойынша сұрақтар:

● Әңгімедегі оқиғадан сынып оқушыларының қандай жақсы қасиеттерін көруге болады?

● Олардың бойынан қандай жағымсыз қасиеттерді байқадыңдар? Одан қалай арылуға болады? Сендер не істеген болар едіңдер?

● Өз сыныптарыңда осыған ұқсас оқиғалар болды ма? Естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.

● Бірлік, сыйластық, түсіністік, ұйымшылдық, ұжымшылдық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

● Өз сыныбың несімен ұнайды?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Ұжымда болу - бақыт»

Ә. Табылдиев

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Оқушылар бірлесіп қоғамдық пайдалы іспен шұғылданса, бір – біріне көмектесе, ұжымда бірлік, сыйластық, болады. Оларды біріктіретін ортақ мақсат, ол – білім алу, өнерге үйрену және өмірді түсіну.

4.Әңгімелеу ( мұғалім сыйы) «Менің сыныбым» бейнеролик көрсету.

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке.

Суреттердегі балалардың көңіл күйі туралы айтып беріңдер.


6.Топпен ән айту. «Дос болайық, бәріміз!»

Өлеңін жазған: Х. Талғаров

Әнін жазған: И. Нүсіпбаев

7.Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 29 беттегі Қ. Мырза Әлидің «Арман мен ақыл» өлеңін жаттап келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды айналамыздағы адамдарға жеткізу үшін оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы іс істейік.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде) Рахмет!Көздеріңізді ашуларыңызға болады.


«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 30. 09. 2016 ж № 5

Тақырыбы: Менің арманым

Құндылық: Дұрыс іс – әрекет  Қасиеттер: төзімділік, табандылық, еңбектену

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету. 

Міндеттері:

    • арман ұғымы туралы түсінік беру; 

    • балалардың ойын,қиялын дамыту; 

    • жақсылыққа тәрбиелеу; 

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, мақал – мәтел, дәйексөз, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т» ұстанымын еске түсіру. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Жағымды көңіл күй орнату.Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 29 беттегі Қ. Мырза Әлидің «Арман мен ақыл» өлеңін жаттап келу. Оқушы дәптерін тексеру.

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы пікірін тыңдау:

● Өлең неліктен «Арман мен ақыл» деп аталған?

● Білімнің арманға қандай қатысы бар? Ойланып, жауап беріңдер?

● Арманның үлкен – кішісі болады деп ойлайсыңдар ма?

● Өздеріңнің қандай армандарың бар?

● Адамға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

● Арманға қалай қол жеткізуге болады?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Арман – адамға қанат»

Халық мақалы

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Әрбір адамның арманы болады. Арман таусылмайды, бір арманыңа қол жеткізген соң, екінші, үшіншісіне талпынасың, солай жалғасып кете береді. Өйткені бұл өмір! Ал өмір армансыз болмайды.

Арманға жету үшін көп күш жұмсалады. Арманның орындалуы үшін жақсы ниет, төзімділік, табандылық, еңбектену, білім , ақыл қажет болады. Арманың орындалған шақта үлкен бақытқа кенелесің.

4.Әңгімелеу ( мұғалім сыйы)

Ә. Есмағанбетовтың «Өмірге» өлеңін айтып беру.

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке.

«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» тақырыбында эссе жазу

6.Топпен ән айту.

«Бала арманы»

7.Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 31 беттегі «Өсиет әңгіме» аңыз әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды айналамыздағы адамдарға жеткізу үшін оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы іс істейік.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде) Рахмет!Көздеріңізді ашуларыңызға болады.











«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 14. 10. 2016 ж № 7

Тақырыбы: Тілім – менің тірегім

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: сыйластық, елжандылық, ана тілін сүю, құрметтеу.

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 5


Мақсаты: Оқушылардың «тіл» , «Отан» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

    • Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

    • Ана тіліне деген құштарлығын арттыру;

    • Ана тілін сүюге, құрметтеге тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, мақал – мәтел, дәйексөз, өлең сөзі, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т» ұстанымын еске түсіру. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Жағымды көңіл күй орнату.Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 34 беттегі сахналық көрініске дайындалып келу. Оқушы дәптерін тексеру.

Сұрақтарға жауап беріңдер:

● Неліктен тілді анамен байланыстырып айтамыз?

● Қандай адам өз тілін құрметтейді деп ойлайсыңдар?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім»

С. Торайғыров

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу,

Мақтаныш ету – әрбір азаматтың міндеті.

4.Әңгімелеу ( мұғалім сыйы)

Д. Әділовтің «Туған тілім» өлеңі оқылады.Содан соң төмендегідей сұрақтар қойылып балалар пікірі тыңдалады.

  • Неліктен тілді анамен байланыстырып айтамыз?

  • Қандай адам өз тілін өте құрметтейді деп ойлайсыңдар?

  • Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.

Оқушылар топқа бөлінеді. Төменде берілген мақал мәтелдердің мағынасын түсіндір.

1-топ   Тіл ақылдың — өлшемі.

2-топ   Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

6.Топпен ән айту.

«Ана тілім»

С. Кәттебайұлы

7.Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 38 беттегі С. Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін» мәтінін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды айналамыздағы адамдарға жеткізу үшін оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы іс істейік.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде) Рахмет!Көздеріңізді ашуларыңызға болады.






«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 28. 10. 2016 ж № 9

Тақырыбы: Жақсы сөз – жанға қуат

Құндылық: Дұрыс іс-әрекет Қасиеттер: әдептілік, сыйластық, мейрімді

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Жылы, сыпайы сөздердің мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың бойында дұрыс іс-әрекет қалыптастыру.

Міндеттері:

- Білімділік:  - жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- Дамытушылық:  - жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;- - Тәрбиелік:  - ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, мақал – мәтел, дәйексөз, бейнеролик, ақ парақтар, өлең сөзі, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т» ұстанымын еске түсіру. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Жағымды көңіл күй орнату.Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 44 беттегі «Сыпайы Қоян» Мексика ертегісін оқып келу. Оқушы дәптерін тексеру.

● Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?

● Жақсы сөз адамдарға қалай әсер етті?

● Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?

● Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

● Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

● Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады»

Науаи

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым – қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Адамдар бір – бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жеткізеді.

4.Әңгімелеу ( мұғалім сыйы)

«Жақсы сөз сөйлей білейік» бейнеролик көрсету.

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.

Оқушылар әр мәтін бойынша олардың қандай сөздер (мақтау, мадақтау, алғыс және т. б.) екендігін табуы тиіс.

1. Құрметті ұстаздар!

Сіздерді төл мерекелерідізбен құттықтаймыз. Сіздерге шығарма- шылық табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз!

Күтілетін жауаптар: жақсы тілек, құттықтау сөз.



2. - Апа, аман-есенсіз бе? Қалжағдайыңыз қалай? Ауырып қал- ды деп еді, айығып кеттіңіз бе?

Күтілетін жауаптар: амандық, жағдай сұрау.



3. - Алло! Сәлеметсің бе, Айжан! Сенің маған 8 Наурызға жіберген ашық хатыңды алдым. Саған көп-көп рақмет айтып, алғысымды білдіргім келіп тұр.

Күтілетін жауаптар: алғыс айту, ризашылық білдіру

6.Топпен ән айту.



Кел, балалар,күлейік

Сөзін жазған Ш. Смаханулы

Әнін жазған И. Нусіпбаев

7.Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 49 беттегі «Екі дос» мәтінін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8.Соңғы тыныштық сәтi.

Көздеріңді жұмыңдар, бойларыңды еркін ұстаңдар, бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңді еске түсіріңдер. Осы жақсы сезімдеріңді жүректе сақтаңдар.

Көзімізді ашамыз, рахмет.







«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 11. 11. 2016 ж № 10

Тақырыбы: Адал достық

Құндылық: Ақиқат Қасиеттер:  Шыншылдық, адалдық, сыйластық.

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Оқушыларға шынайылық, шыншылдық, адалдық туралы түсінігін кеңейте отырып, ақиқат құндылығын ояту.

Міндеттері:

-  Оқушыларға ақиқат құндылығының шыншылдық, адалдық,

адамгершілік түсініктерін кеңейту;

- Оқушылардың өзара қарым – қатынастағы шыншылдық,

шынайылық, «адал достықты» қадірлей білуге үйрету;
- Ақиқаттың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыра отырып,

адами шынайы құндылықтарға тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, мақал – мәтелдер, дәйексөз, аңыз әңгіме, ақ парақтар, өлең сөзі, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т» ұстанымын еске түсіру. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Жағымды көңіл күй орнату.Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 49 беттегі «Екі дос» аңыз әңгімесін оқып келу. Оқушы дәптерін тексеру.

Мәтін бойынша сұрақтар:

● Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?

● Жауынгердің достыққа адалдығын неден байқауға болады?

● Сендердің де адал достарың бар ма? Олардың адалдығын қай іс – әрекеттерінен байқадыңдар?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам.»

Халық мақалы

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Адамдар бір – біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық – өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Достыққа адал болу, көмектесу және оны қадірлей білуден адамның жақсы қасиеті көрінеді.

4.Әңгімелеу ( мұғалім сыйы)

«Өсиет әңгіме»
Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: - Ақсақал мен қандай жігітпін? Сынаңызшы - депті.
Қарт жігітке:- жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын - депті.
Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң, қарт:
- Шырағым жаман жігіт емессің - депті.
- Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой - депті жігіт. Қарт күліп: -«Жігітті жолдасыңа қарап бағала» дейді халық - депті.


Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: “Достық нешеу?” – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
– Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық.
– Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:
– Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет.

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке.

Оқулықта берілген мәтіндерді оқып, шешімдерін айту

Адал достыққа тән қасиеттерді жазу.

6.Топпен ән айту.

«Достарым»



1.Достарым-ай, достарым,

Сағындым ғой сендерді.

Достарым-ай, достарым,

Ауылға көктем келді.

Достарым-ай, достарым,

Бір жүрейік шаттанып,


Достарым-ай, достарым,

Би билейік, ән салып.

Қ-сы:

Достарым менің, достарым,

Қосылды бүгін бастарың.

Достарға арнап әдемі

Осынау әнді бастадым.


2. Достарым-ай, достарым,

Туған жердің төрінде,

Сәуле шашқан алтын күн,

Жарқырасын көгімде!


Достарым-ай, достарым,

Тек куаныш көңілде!

Достардың көп болғаны,

Қандай жақсы өмірде!

7.Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 54 беттегі Ж. Дәуренбековтың «Сурет» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәті.
Көздерімізді жұмамыз, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.



































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 18. 11. 2016 ж № 11

Тақырыбы: Ашу – дұшпан, ақыл - дос

Құндылық: Тыныштық Қасиеттер: сабырлылық,ұстамдылық,төзімділік. 

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 5

Мақсаты: Оқушыларға сабырлылық пен ұстамдылық қасиеттерін түсіндіре отырып, бұл қасиеттер адамның ішкі тыныштығын сезіне білуге ықпал ететінін түсіндіру. 

Міндеттері:

    • Оқушыларға «сабырлылық» пен «ұстамдылық» қасиеттерін ұғындыру;

    • Оқушылардың «ұстамдылық» пен «сабырлылық» қасиеттерін дамыту; 

    • Оқушыларды сабырлылыққа, ұстамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу; 

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, мақал – мәтел, дәйексөз, аңыз әңгіме, мәтін,өлең сөзі, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т» ұстанымын еске түсіру. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Жағымды көңіл күй орнату.Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 54 беттегі Ж. Дәуренбековтың «Сурет» әңгімесін оқып келу. Оқушы дәптерін тексеру.

Оқушыларға сұрақ қою арқылы пікірлерін тыңдау:

● Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?

● Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?

● Сендердің ашуланған кездерің болды ма? Не себепті ашуландыңдар? Сол кезде қандай күйде болдыңдар?

● «Ашу – дұшпан, ақыл - дос» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Ақыл – адам көрігі,

Ақылдың сабыр серігі»

М. Әуезов

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

Іс- әрекеттің байыбына бара алатын, ұстамды, сабырлы, ақылды, жақсы мен жаманды айырып, әр іске дұрыс бағасын бере алатын адамды ақылды адам дейді.

4.Әңгімелеу ( мұғалім сыйы)

Сабыр суы 
аңыз әңгіме 
Бір адамның басынан мынадай оқиға өтіпті.Ол сол ауылдың ақсақалына жылап келіп, шағым айтады: маған әрдайым көршілерім тиіседі, біздер ұрысып қала береміз. Көршілермен сөйлесуден қалдым. Мен әбден шаршап, өзіңізден ақыл-кеңес, көмек сұрап келіп отырмын. 
-Не амал етсем екен?. 
Ақсақал ойланып отырып, келген адамға бірнеше сұрақ қояды. Содан соң бір құты су береді.
«Осы су саған көмектесуі тиіс, — дейді. 
Күнде көршілерің жұмыстан келген кезде осы суды ұрттап ал. Бірақ оны бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек». Арада бірталай уақыт өткенде, әлгі адам ақсақалға тағы жылап келеді. 
«Сірә, бірдеңе қосып берген болсаңыз керек, Сіз берген судың көмегі тиген еді. Мен деген көршілеріммен жақсы қарым-қатынас орнатып қалған едім. Бәрі де жақсы болып келе жатыр еді. Менің көңілім көтеріліп, тыныштығым орнап қалған еді. Бірақ ол су таусылып қалды. Таусылғалы бері көршілерім баяғы «жырын» қайта бастады. Менің ішкі тыныштығым бұзылды. Сіздің көмегіңізсіз болмайтын болды» — деп, тағы да су беруін сұрайды. Сонда ақсақал күліп: «Айналайын, ол судың басқа ешқандай қасиеті жоқ, күнде өзің пайдаланып жүрген, кәдімгі су. Оның саған көмегі — көршілерің жұмыстан шаршап келген кезде не болса соны айтуға аузыңның бос болмағаны, үндемей қарсы алуға мәжбүр болғаның. Ендеше, өзіңді-өзің қолға алып, шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйренсең, өзіңді-өзің тізгіндей алсаң, бұл жағдайда саған басқаның көмегі керек еместігін түсінген шығарсың» — дейді. 

1. Ақсақалға не үшін келді? 
2. Ақсақал қандай ақыл-кеңес берді? 
3. Ақсақал не үшін суды ұсынды? 
4. Ақсақал неліктен суды бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек деп айтты? 
5. Неліктен көршінің тыныштығы бұзылып, мазасыздана берді? 
6. Сіздер үшін сабырлы адам кім? 
7. Сабырлы адамды ең бақытты адам деп айтуға болады ма? 
8. Сонда сабырсыз адам бақытсыз адам болғаны ма?

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 

Әңгімені оқып, өздерің жалғастырып көріңдер. Н. Носов «Сырғанақта»

6. Топпен ән айту. 
«Біз үйде де, аулада сабырлымыз» 
1. Өз-өзіңді ұстай біл төзімді бол 
Қызбалыққа салынбай шыдамды бол 
Сабырлы да, ұстамды бола білу 
Сезіндірді жүрекке тыныштықты 

Қ-сы 
Біз үйде де,аула да сабырлымыз 
Шыдамдымыз,төзімдіміз 
Жарасымды, тартымды,ұстамдымыз 
Ұстамдымыз әрқашан!

7. Үй тапсырмасы. 

12 сабақ 62 беттегі В.А.Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы» әңгімесін оқып, талдау. 
Дәптердегі 11 сабақтағы тапсырма берілді. 

8. Соңғы тыныштық сәтi. 
Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар. 
Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар. 
«Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін.Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! 



































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 5. 03. 2016 ж № 25

Тақырыбы: Сабыр түбі – сары алтын

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:  сабырлылық, ақылдылық, ұстамдылық, ізеттілік

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7

Мақсаты: Оқушылардың «сабырлылық», «ұстамдылық» адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту. 


Міндеттері:

- сабырлы, ұстамды болудың маңыздылығын түсіндіру; 
- жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту; 
- ізеттілікке тәрбиелеу. 

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, әңгіме, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 111 беттегі Ы. Алтынсариннің «Асыл шөп» мәтінін сұрау. Оқушы дәптерін тексеру.

Сұрақтар:

● Бәтиманың көңілді жүруінің себебі неде деп ойлайсыңдар?

● Сендердің ойларыңша сабырлы адам қандай болады?

● Зылиқаның «сабыр» атты шөпті таба алуы мүмкін бе?

● Өзіңнің сабырлылық танытқан кезің болды ма?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Асығыс түбі өкініш,

Ойланып алмақ – сабыр сол»

Абай

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4.Әңгімелеу ( мұғалім сыйы)

Жан жарасы жазылмайды”

(аңыз әңгіме)
Ертеде қарияның ашушаң, сабырсыз, ұстамсыз баласы болыпты. Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:
- Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде, суырып аларсың, - дейді.
Бала бірінші күні - ақ бағанға он шақты шеге қағылғанын байқап, өзін - өзі ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе-күн азая бастады. Бала бағанға шеге қағылғаннан гөрі ашуын басқан жеңіл екенін түсінді. Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті. Сонда әкесі баласын бағанға жетелеп келіп:
- Жарайсың, балам! Бірақ бағанның шұрық-шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың? Ол ешқашанда бастапқы қалпына келе алмайды. Адамға ғайбат сөз айтсаң, оның көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық-шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан - жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, балам,- дейді.
● Әкесі баласын қалай сабырлылыққа үйретті?
● “Ашуды ақылға жеңгізе біл” дегенді қалай түсінесіңдер?
● Ашуланған кезде өздеріңді қалай ұстайсыңдар?

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 

 І топ: «Сабырлылар» тобы Сабырлылық туралы мақал – мәтелдер айту; 
ІІ топ: «Сабырсыздар» тобы Өлең шумақтарын шығару 

6.Топпен ән айту.  «Көңілді күн» 
Ұ. Жолдасов- А. Дүйсенбі 
Теріп едік жемісін сезім бақтың, 
Сыйластықтың алауын өзің жақтың. 
Сенің думан тойыңның әнін естіп, 
Есігіңді шыдамай өзім қақтым. 
Қ-сы: 
Бүгін қандай тамаша 
Көңілді күн 3-рет 
Сені қуанышыңмен құттықтаймын 
Бақытты бол, жан досым. 
2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп, 
Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп. 
Есігіңнен мен кіріп келгенімде 
Қуандың ау балаша мені көріп. 
Қ-сы: 
Бүгін қандай тамаша 
Көңілді күн 3-рет 
Сені қуанышыңмен құттықтаймын 
Бақытты бол, жан досым! 

7. Үй тапсырмасы. 

Оқулықтағы 114 беттегі К. Демешевтің «Мөлдір бұлақ» ертегісін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәтi. 
Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар. 
Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар. 
«Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін.Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен

дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! 

















































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 12. 03. 2016 ж № 26

Тақырыбы: Жақсылықтан жақсылыққа

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:  Мейірімділік, сыйластық, адамгершілік, қайырымдылық

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7

Мақсаты: Оқушылардың Сүйіспеншілік құндылығын мейірімділік, адамгершілік, қайырымдылық, сыйластық қасиеттері арқылы ашу.


Міндеттері:

- Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
- Оқушылардың бойында мейірімділік, адамгершілік, қайырымдылық,

сыйластық қасиеттерін дамыту.
- Оқушыларды бір - біріне сүйіспеншілік көрсетуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, дәйексөз, әңгіме, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 114 беттегі К. Демешевтің «Мөлдір бұлақ» ертегісін оқып келу тапсырылған. Оқушы дәптерін тексеру.

Сұрақтар:

● Халық неге қатты абыржыды?

● Халықтың сусыз қалу себебі неде?

● Жалаңбас бала қандай әрекеттер жасады ?

● Қарлығаштың қандай көмегі тиді?

● Жер бетіне мөлдір бұлақтың қайтуының себебі неде?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Жақсылыққа жақсылық жаса»

Халық нақылы

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4.Әңгімелеу ( мұғалім сыйы)

«Қоян, түлкі және әтеш» ертегісі
Бір күні қоян ұйықтап жатады, түнде ұйықтап жатқанда біреу есікті тарсылдатады. Тук, тук, тук.
Қоян: - Бұл кім?- дейді.
- Бұл мен түлкімін, мен бір түн сенде қонайыншы.
Қоян: - Өз үйінде неге қонбайсың, сенің үйіне не болды?- дейді
Түлкі:- Менің үйім күйіп кетті - дейді түлкі.
Қоян: Жарайды, баспанасыз қалдың ғой кіргізейін - депті қоян. Сөйтіп түлкі қоянның үйінде қалды. Келісі күні қоян орманға қорек іздеуге кетті. Біраздан кейін үйге оралып келді. Есікті тарсылдатса түлкі ашпайды екен. Қоян: - Түлкі аш есікті бұл мен қоянмын дейді. Түлкі есікті ашпай қояды. Сөйтіп қоян үйсіз қалып, жылап, орманға кетеді. Орманда жылап отырған кезде аюды кездестіреді.
Аю: - Не болды? Неге жылап отырсын дейді.
Қоян: - Жыламағанда қалай, мен үйсіз қалдым ғой! Түлкі мені өз үйімнен қуып шықты. Мен оны аяп түнде үйге кіргіздім ғой – дейді қоян. Ол алды да мені келесі күні үйден қуып шықты.
Аю:- Жүр мен саған көмектесейін түлкіні үйден қуып шығарам дейді.
Екеуі қоянның үйіне барады. Сонда аю келіп айқайлайды: - Әй, Түлкі шық үйден, шықпасаң өзім үйге кіріп сені шығарам.
Түлкі: Байқап сөйле аю, мен шықсам сенің жүніңді жұлып тастаймын дейді. Аю түлкіден қорқып қашып кетеді. Қоян үйіне кіре алмай, өзі жалғыз орманда жылап отырады.
Сөйтсе, жылап отырғанда қасқыр келеді.
Қасқыр: - Не болды? Неге жылап отырсын дейді.
Қоян: - Жыламағанда қалай, мен үйсіз қалдым ғой! Түлкі мені өз үйімнен қуып шықты. Мен оны аяп түнде үйге кіргіздім ғой – дейді қоян. Ол алды да мені келесі күні үйден қуып шықты.
Қасқыр:- Жүр мен саған көмектесейін түлкіні үйден қуып шығарам дейді.
Екеуі қоянның үйіне барады. Сонда қасқыр келіп айқайлайды: - Әй, Түлкі шық үйден, шықпасаң өзім үйге кіріп сені шығарам.


5.Шығармашылық жұмыс. Жеке.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып мақал – мәтелдерді жазыңдар

6.Топпен ән айту. «Көңілді күн»


7. Үй тапсырмасы. 

Оқулықтағы 118 беттегі Ә. Табылдиевтің «Атаның өнегесі» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәтi. 
Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар. 
Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар. 
«Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін.Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен

дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! 
























































«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 2. 04. 2016 ж № 28

Тақырыбы: Табиғатқа қамқорлық

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: аялау, қорғау, сүю

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7

Мақсаты: Оқушылардың  «табиғат» және  «қамқорлық» адами қасиеті туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

●  табиғатқа қамқорлық жасау түсінігін қалыптастыру;

●табиғатқа қамқорлық жасау қарым-қатынасын

дамыту;

●табиғатты аялап сүюге, қорғауға тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, аңыз әңгіме, мақал – мәтелдер, оқулық, дәптер,

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 130 беттегі А. Мырзағұлованың «Табиғат - ана» әңгімесін оқып келу тапсырылған. Оқушы дәптерін тексеру.

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Біз ата – бабамыздан табиғатты мұраға, ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық»

Халық даналығы

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4.Әңгімелеу ( мұғалім сыйы)

Бір жұлдызды құтқару (аңыз)
Теңіз жағасын жағалап  келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.
-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.
-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.
-Бұл ақымақтық қой!-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?
Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:
-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе …  мына бір теңіз жұлдызы үшін.
-Бір кісі теңіз жағалап келе жатып не көрді?
-Теңіз жағасында бала не істеп жүр екен?
-Баланың тірлігінің теңіз жұлдызы үшін мәні неде ?
-Сен осы баланың орнында болсаң не істер едің?
-Осы аңыз бойынша қандай қорытынды жасауға болады?

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке.

«Табиғатты қорғау адамзаттың міндеті» эссе жазу

6.Топпен ән айту.

«Туған елдің ұлымын»


Аспанымдай мөлдірмін,

Жайлауымдай жазықпын.

Өзенімдей өршілмін,

Гүлдерімдей нәзікпін.


Қуат алған өзіңнен,

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген

Отанымның гүлімін.

7. Үй тапсырмасы. 

Оқулықтағы 126 беттегі Э. Шимнің «Көктем иісі» мәтінін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәтi. 

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!




«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 9. 04. 2016 ж № 29

Тақырыбы: Жер - Ана

Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: қамқорлық, қорғау, қадірлеу

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7


Мақсаты: Оқушыларға «Жер ана» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

●  жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

● жерге қамқорлық жасау қарым-қатынастарын дамыту;

● жерді қадірлеуге, қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мақал – мәтелдер, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 126 беттегі Э. Шимнің «Көктем иісі» мәтінін оқып келу тапсырылған. Оқушы дәптерін тексеру.

Сұрақтар:

● Бала көктем иісін қалай сезінді?

● «Көктемнің иісі» деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Баптағанға – жер жомарт»

Халық мақалы

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4.Әңгімелеу ( мұғалім сыйы)

Н. Құмардың «Жер – ана тұншықса» әңгімесін айтып беру.

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке.

Өз туған жерлерің туралы әңгіме, өлең құрастырыңдар.

6.Топпен ән айту.

«Дауысыңнан айналайын»

Өлеңін жазған: Ш. Сариев

Әнін жазған: В. Питерцев


Өмірге мынау тамсандым,

Әуенмен таңды қарсы алдым,

Әлемді әуен тербетіп,

Бұлбұлмен бірге ән салдым.


Қайырмасы:


Күнің мен ай болайын,

Үніңе сай болайын,

Көктегі бұлтқа жеткен

Даусыңнан айналайын.


7. Үй тапсырмасы. 

Оқулықтағы 132 беттегі Ы. Алтынсаринның «Таза бұлақ» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәтi. 

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!











«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 16. 04. 2016 ж № 30

Тақырыбы: Су – өмір көзі

Құндылық:  Сүйіспеншілік Қасиеттер: Қамқорлық, іскерлік, үнемшілдік.

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7


Мақсаты: «Су» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

●  Судың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

● Суға қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;

● Суды қадірлеуге, үнемдеуге тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мақал – мәтелдер, оқулық, дәптер, А3 плакат, маркер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 132 беттегі Ы. Алтынсаринның «Таза бұлақ» әңгімесін оқып келу тапсырылған. Оқушы дәптерін тексеру.

Сұрақтар:

● Сендер бұлақ басындағы жазуды қалай түсіндірер едіңдер?

● Әңгімедегі үш жігіттің айтқандарынан судың қандай қасиеттерін білдіңдер?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Су жоқ жерде өмір жоқ,ол ақиқат»

М.Хакімжанова

Дәйексөзді оқушылармен бірге талданып, мәні түсіндіріледі.Бәріміз қосылып айту, 2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

4.Әңгімелеу ( мұғалім сыйы)

Бос қайық

Бір данышпан өз оқушыларына былай деді:

–    Мен жас кезімде қайықпен жалғыз өзім жиі серуенге шығатынмын. Онда мен керемет рақатқа бөленетін едім. Мен ұзақ уақыт өзенде жүзіп жүретінмін.

 Бір күні мен көзімді жұмып, қайық үстінде терең ойға шомып кеткен екенмін. Кенеттен ағыспен жүзіп келе жатқан бір қайық қайығымды соғып кетті. Мен ызаға булығып кеттім. Көзімді ашып, мазамды алған адаммен ұрыспақ болып, басымды көтеріп едім, қайық бос екен. Өшімді алар ешкім болмаған соң, қайта көзімді жұмып, өз ашуыммен бетпе-бет жалғыз қалдым.

Оны көрген сәттен бастап, мен өзімді өзім тануға бірінші қадам жасадым. Бос қайық маған өмірлік сабақ болды. Содан бері мен біреуге ренжіп, ашу-ыза қыса бастаса, өзімнен-өзім күлемін де: «Бұл да бос қайық!» деп, сабама түсемін.



-Аңызда адам көңіл күйінің қандай сәті сөз болады?

-Өздерің аңыздан қандай қорытынды жасар едіңдер?

-«Бос қайық» әдісін өмірде қалай қолдануға болады?

- Айналаңдағыларға қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

- Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өзгерістер бай­қадыңдар?

-Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалай­сыңдар?

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.

 Екі топ «Су» сөзіне ассациация жасайды. Постер қорғау.

6.Топпен ән айту.

«Жау, жаңбыр»

Б. Майлин

7. Үй тапсырмасы. 

Оқулықтағы 136 беттегі М. Аяғанованың «Табиғатпен тілдессем» өлеңін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәтi. 

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!





«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 23. 04. 2016 ж № 31

Тақырыбы: Таза болса табиғат, аман болар адамзат

Құндылық:  Қиянат жасамау Қасиеттер: қорғау, аялау, қамқорлық.

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7


Мақсаты: «Табиғат», «денсаулық» ұғымы туралы түсініктерін  кеңейту;

Міндеттері:

●  табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін

қалыптастыру;

● Денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;

● Табиғатты, халқын сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мақал – мәтелдер, оқулық, дәптер, А3 плакат, маркер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 136 беттегі М. Аяғанованың «Табиғатпен тілдессем» өлеңін оқып келу тапсырылған. Оқушы дәптерін тексеру.

Сұрақтар:

● «Табиғаттан ешқашан қаша алмайсың, Әуел баста егіз боп жаралғансың» деген өлең жолдарынан нені түсінуге болады?

● «Ол ауырса сенің де ауырғаның, ол сауықса сенің де сауыққаның» дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Табиғатқа тазалықты тарту ет»

Р.Сәтімбеков

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қорыту:

- Адам туылған күннен бастап табиғатпен бірге. Өйткені оның жерінде дүниеге келіп, суын ішіп,ашық аспанында күн нұрына малынып,өсімдіктермен тынығып, жаңбыр- қарының қызығын көріп өсіп-жетіледі.Табиғатта адамның оны сақтауымен, қорғауымен,күтімімен дамып келеді. Демек, олардың бір – бірінсіз өмір сүруі қиын.

4.Әңгімелеу ( мұғалім сыйы)

Бейнеролик көрсету.

- «Жасыл ел» туралы естігендеріңіз бар ма?

- «Жасыл ел» тобын құрған адамдар немен айналысады?

- Олардың атқарған іс-шаралары қандай мақсатпен жасалуда деп ойлайсыңдар?

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.

1.«Табиғатты қорғау - өзіңді қорғау» коллаж жасау

2. «Денсаулық жан саулығыңның кепілі» эссе жазу

6.Топпен ән айту.

«Бақытты бол, бөбегім!»

М. Хакімжанова

7. Үй тапсырмасы. 

Оқулықтағы 140 беттегі Н. А. Рыжованың «Алтын балық» ертегісін оқып келу. Дәптермен жұмыс.

8. Соңғы тыныштық сәтi. 

Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп, тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз

Жадыраған Күндейміз! Күндейміз!

Жайнап өскен Гүлдейміз! Гүлдейміз!

Тұнық таза Ауамыз!Ауамыз!

Сылдыраған Сумыз біз, тазамыз, тазамыз!









«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 30. 04. 2016 ж № 32

Тақырыбы: Таза болса табиғат, аман болар адамзат

Құндылық:  Қиянат жасамау Қасиеттер: қорғау, аялау, қамқорлық.

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7


Мақсаты: «Табиғат», «денсаулық» ұғымы туралы түсініктерін  кеңейту;

Міндеттері:

●  табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін

қалыптастыру;

● Денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;

● Табиғатты, халқын сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мақал – мәтелдер, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 140 беттегі Н. А. Рыжованың «Алтын балық» ертегісін оқып келу тапсырылған. Оқушы дәптерін тексеру.

Сұрақтар:

● Адам орман мен суды неліктен іздеді деп ойлайсыңдар?

● Сендер адамның орнында болсаңдар, қандай тілек айтар едіңдер?

● Ертегінің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Мың шыбық шаншып, өсірсең,

Халқыңа орман салғаның»

Халық даналығы

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4.Әңгімелеу ( мұғалім сыйы)

«Жер жаннаты – Жетісу» бейнеролик көрсету.

5.Шығармашылық жұмыс. Жеке.

Дәптермен жұмыс

6.Топпен ән айту.

«Міне, үлкен азамат»

С. Мәуленов

Шынықтырып денені,

Тісін жуып тазалап.

Мектебіне келеді,

Міне, үлкен азамат.


Орамалы қалтада,

Үсті – басы таза, бап.

Отыр алғы партада,

Міне, үлкен азамат.


Ойнамайды орынсыз

Үйдің ішін мазалап.

Кездессеңіз, оны сіз

Дейсіз үлкен азамат.


7. Үй тапсырмасы. 

Оқулықтағы 144 беттегі Е. Өтетілеуұлының «Денсаулық» өлеңін жаттап келу.

8. Соңғы тыныштық сәтi. 

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!







«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 14. 05. 2016 ж № 33

Тақырыбы: Денсаулық – өмір негізі

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: қадірлеу, күту.

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7


Мақсаты: «Денсаулық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

●  Денсаулық күтімі туралы түмінік беру;

● Денсаулығын нығайтуға деген қызығушылықтарын дамыту;

● Денсаулығын күте білуге, қадірлеуге  тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, бейнеролик, мақал – мәтелдер, А3, маркер, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 144 беттегі Е. Өтетілеуұлының «Денсаулық» өлеңін жаттап келу тапсырылған.

Сұрақтар:

● Өлеңде денсаулық адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

● Неліктен «Басты байлық - денсаулық» деп айтылады?

● Өзің денсаулығыңды қалай күтесің?

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Күн тәртібі мен еңбек – денсаулық кепілі»

Халық даналығы

4.Әңгімелеу ( мұғалім сыйы)

«Салауаттылық өмір негізі» бейнеролик көрсету

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.

І тапсырма.Денсаулықтың келесі құпиясы. Дұрыс тамақтану.

Балалар екі топқа бөлінеді.

І топ – денсаулық үшін қандай тағамдар пайдалы

ІІ топ - денсаулық үшін қандай  тағамдар зиян екендігін жазады.

ІІ тапсырма. Жариялау. Топ жетекшілері сынып алдына шығып жазғандарын жариялайды. Оқушылар талқылайды.

Ойын-жаттығу «Пайдалы - зиянды» мұғалім оқушыларға жағдайаттар жазылғн кеспе қағаздар таратып береді. (Олар суреттермен де берілуі мүмкін) оқушылар мұғалім  ұсынған жағдайаттардың денсаулық үшін пайдалы немесе зиянды екендігін ажыратуы керек.

6.Топпен ән айту.

«Бақытты балалық шақ»

Ж. Тұрбеков

Жарастықпен жайнатып өмір көркін,

Гүл – бақшада сайраңдап өскен еркін.

Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз

Келешекте ұлы істі меңгеретін.

7. Үй тапсырмасы. 

Оқулықтағы 149 беттегі берілген сұрақтарға ойланып, жауап беріп келу.

8. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз де ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгін сабақта үйренген құндылықтар мен қасиеттерді есімізге түсірейік. Кешірімділік, татулық, бірлік, достық, мейірімділік, қайырымдылық. Осы қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңді ашуға болады».







«Бекітемін»

Мектеп: № 199

Пәні: Өзін – өзі тану

Мерзiмі: 14. 05. 2016 ж № 34

Тақырыбы: Үйренгенім көп менің

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: сыйлау, қамқорлық, жауапкершілік, бағалау

Мұғалiм: Мұратова Гүлзира Сынып: 4 Оқушылар саны: 7


Мақсаты: Адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

  • ●  - «Өзін – өзі тану» пәнінен 4 – сынып бойынша алған білімдерін жинақтау;

● Жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

● Өзін және өзгені сыйлай білуге тәрбиелеу;

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, бейнеролик, мақал – мәтелдер, оқулық, дәптер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.

Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 149 беттегі берілген сұрақтарға ойланып, жауап беріп келу тапсырылған.

3.Сабақтың дәйексөзі.

«Үйренгенің өзіңе жақсы»

Халық даналығы

Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4.Әңгімелеу ( мұғалім сыйы)

«Жақсылық жаса», «Ата –ананы құрметтеу», «Өмірге құштарлық» бейнероликтер топтамасын көрсету.

5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.

Суреттерге қарап, өздерің үйренген жақсы қасиеттерді естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.


6.Топпен ән айту.

«Ұланымыз ұлы елдің»

Сөзін жазған: Қ. Баянбаев

Әнін жазған: М. Әубәкіров


Әуеге асқақтаған өлеңіміз,

Бақытты, байтақ елдің бөбегіміз.

Жорыққа тауларына жиі шықсақ,

Сол таудай асқар болсақ дегеніміз.


Қайырмасы:


Жарысып ойнап желменен,

Қарысып өрге өрлеген,

Бағыттан қайтып көрмеген

Қашаннан қайсар ұланбыз.

Көңілін шаттық кернеген,

Өмірін өлең тербеген,

Ертеңге қанат сермеген

Бақыты тасқан ұланбыз.

7. Үй тапсырмасы. 

«Өзін – өзі тану» пәнінен үйренген құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді адамдармен қарым – қатынаста, үлкендерді құрметтеуде, достарыңмен сыйласуда көрсете біліңдер. Мен сендерге сенемін.

8.Соңғы тыныштық сәтi. 

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
4 - сынып бойынша сабақ жоспары

Автор: Мұратова Гүлзира Әбдібекқызы

Дата: 23.01.2017

Номер свидетельства: 382740

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "3 - сынып бойынша сабақ жоспары 34 сабақ"
    ["seo_title"] => string(40) "3_synyp_boiynsha_sabak_zhospary_34_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "382739"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485167501"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(165) "1-сыныпқа арналған ана тілі пәнінен ”Сәлем берем үлкенге” тақырыбы бойынша сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(80) "1_synypk_a_arnalg_an_ana_tili_p_ninien_s_liem_bieriem_ulkienghie_tak_yryby_boiyn"
    ["file_id"] => string(6) "380032"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484574244"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "2 - сынып бойынша сабақ жоспары 34 сабақ"
    ["seo_title"] => string(40) "2_synyp_boiynsha_sabak_zhospary_34_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "382733"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485166587"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(190) "2-сыныпқа арналған математика пәнінен “2-ні қосу және азайту тәсілдері” тақырыбы бойынша сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(80) "2_synypk_a_arnalg_an_matiematika_p_ninien_2_ni_k_osu_zh_nie_azaitu_t_sildieri_ta"
    ["file_id"] => string(6) "380019"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484573439"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Биология пәнінен сабақ жоспары "Бұршақ тұқымдастар" (6 сынып)"
    ["seo_title"] => string(65) "biologhiia_p_ninien_sabak_zhospary_bu_rshak_tu_k_ymdastar_6_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "408275"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491853516"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства