1.М.Әуезов қай жылдары өмір сүрді? А) 1900-1973 Ә) 1897-1961 Б) 1895-1960 В) 1894-1959 2.Мұхтар 11 жасынан бастап кімнің тәрбиесінде болды? А) Немере ағасы Қасымбектің Ә) Әкесі Омарханның Б) Нағашыларының В) Атасы Әуездің 3. М.Әуезов «Қорғансыздың күні» әңгімесін жазғанда қанша жаста еді? А) жиырмадан енді асқан Ә) жиырмада Б) Отызда В) он сегізде 4.М.Әуезовтің пьесасын белгілеңіз. А) «Бақыт жолына» Ә) «Бәйбіше-тоқал» Б) «Ш.Уәлиханов» В) «Ант»
5.Абай Ділдәға үйленгенде бас құда болып барған адамды белгілеңіз. А) Майбасар Ә) Тәкежан Б) Ызғұтты В) Ербол
6.М.Әуезовтің 1917 жылы жарық көрген тырнақ алды мақаласының атын табыңыз. А) «Мәдениет һәм ұлты» Ә) Философия жайынан» Б) Адамдық негізі-әйел» В) Оқу ісі 7.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы өзінің қалай қазақ болып кеткенін білмей қалғанын жазған жазушыны белгілеңіз. А) Б.Матип Ә) К.Федин Б) Бельгер В) Л.Арагон 8.М.Әуезовтің әңгімесін табыңыз. А) «Қаракөз» Ә) «Абай жолы» Б) «Еңлік-Кебек» В) «Жетім» 9.М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Абайға:»Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер»,-деп айтқан адамды табыңыз. А) Зере Ә) Айғыз Б) Ұлжан В) Күңке 10. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Сүйіндіктің қандай адам екенін белгілеңіз. А) Табанды, қырсық адам Ә) Сыр бермес Б) Жалтақ адам В) Сұм адам
1.М.Әуезовтің тұңғыш көркем туындысы қалай аталатынын белгілеңіз. А) «Абай жолы» Ә) «Қилы заман» Б) «Қаракөз» В) «Еңлік-Кебек» 2.М.Әуезов Санкт-Петербург университетін қай жылы бітірді? А) 1922 Ә) 1928 Б) 1924 В) 1926 3«Қорғансыздың күні» әңгімесінің басты кейіпкері кім? А) Рабиға Ә) Ғазиза Б) Жәмила В) Қадиша 4М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абай қол ұшын бере алмай, қыршын кеткен қарындасының атын табыңыз. А) Кәмшат Ә) Айгүл Б) Мағыш В) Салиха 5.М.Әуезовтің қай шығармасында Жарасбай, сәлмен, Қатша деген кейіпкерлер кездесетінін белгілеңіз. А) «Қилы заман» Ә) «Қаралы сұлу» Б) «Қараш-қараш оқиғасы» В) «Оқыған азамат» 6.«Абай жолы» романындағы асы берілген адамның атын табыңыз. А) Бөжей Ә) Байдалы Б) Қодар В) Қаратай 7.М.Әуезовтің 1956жылы қандай кітабы басылып шықты? А) Абай жолы» ІІ кітап Ә) «Абай жолы» І,ІІ кітап Б) «Дос-бедел-дос» В) «Абай жолы» І кітабы 8.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының І кітабында Абайдың кім ретінде қалыптасқанын белгілеңіз. А) Азамат Ә) ақын Б) Ел қамқоры В) Азамат-ақын 9.»Абай жолы» романындағы Дәркембайдың кім екендігін көрсетіңіз. А) Орта шаруалы адам Ә) Абайдың шәкірті Б! Кедей жатақ В) Бай, болыс 10.Пейзаж терминінің мағынасын анықтаңыз. А) Оқиғаны баяндау Ә) Табиғатты суреттеу Б) Оқиға болған жерді көрсету В) Адамның сыртқы түрін сипаттау
Жауабы: 1-в, 2-ә, 3-ә, 4-а, 5-б, 6-а, 7-а,8-а, 9-б, 10-ә. VI. Сөзжұмбақты шешу: 1. Семей 2. Мұхамеджан 3. Абай 4. Ербол 5. Пушкин Үйге тапсырма: эссе жазып келіңдер.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қазақ әдебиетінен тест "Мұхтар Әуезов"»
1.М.Әуезов қай жылдары өмір сүрді? А) 1900-1973 Ә) 1897-1961 Б) 1895-1960 В) 1894-1959 2.Мұхтар 11 жасынан бастап кімнің тәрбиесінде болды? А) Немере ағасы Қасымбектің Ә) Әкесі Омарханның Б) Нағашыларының В) Атасы Әуездің 3. М.Әуезов «Қорғансыздың күні» әңгімесін жазғанда қанша жаста еді? А) жиырмадан енді асқан Ә) жиырмада Б) Отызда В) он сегізде 4.М.Әуезовтің пьесасын белгілеңіз. А) «Бақыт жолына» Ә) «Бәйбіше-тоқал» Б) «Ш.Уәлиханов» В) «Ант»
5.Абай Ділдәға үйленгенде бас құда болып барған адамды белгілеңіз. А) Майбасар Ә) Тәкежан Б) Ызғұтты В) Ербол
6.М.Әуезовтің 1917 жылы жарық көрген тырнақ алды мақаласының атын табыңыз. А) «Мәдениет һәм ұлты» Ә) Философия жайынан» Б) Адамдық негізі-әйел» В) Оқу ісі 7.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы өзінің қалай қазақ болып кеткенін білмей қалғанын жазған жазушыны белгілеңіз. А) Б.Матип Ә) К.Федин Б) Бельгер В) Л.Арагон 8.М.Әуезовтің әңгімесін табыңыз. А) «Қаракөз» Ә) «Абай жолы» Б) «Еңлік-Кебек» В) «Жетім» 9.М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Абайға:»Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер»,-деп айтқан адамды табыңыз. А) Зере Ә) Айғыз Б) Ұлжан В) Күңке 10. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Сүйіндіктің қандай адам екенін белгілеңіз. А) Табанды , қырсық адам Ә) Сыр бермес Б) Жалтақ адам В) Сұм адам
1.М.Әуезовтің тұңғыш көркем туындысы қалай аталатынын белгілеңіз. А) «Абай жолы» Ә) «Қилы заман» Б) «Қаракөз» В) «Еңлік-Кебек» 2.М.Әуезов Санкт-Петербург университетін қай жылы бітірді? А) 1922 Ә) 1928 Б) 1924 В) 1926 3«Қорғансыздың күні» әңгімесінің басты кейіпкері кім? А) Рабиға Ә) Ғазиза Б) Жәмила В) Қадиша 4М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абай қол ұшын бере алмай, қыршын кеткен қарындасының атын табыңыз. А) Кәмшат Ә) Айгүл Б) Мағыш В) Салиха 5.М.Әуезовтің қай шығармасында Жарасбай, сәлмен, Қатша деген кейіпкерлер кездесетінін белгілеңіз. А) «Қилы заман» Ә) «Қаралы сұлу» Б) «Қараш-қараш оқиғасы» В) «Оқыған азамат» 6.«Абай жолы» романындағы асы берілген адамның атын табыңыз. А) Бөжей Ә) Байдалы Б) Қодар В) Қаратай 7.М.Әуезовтің 1956жылы қандай кітабы басылып шықты? А) Абай жолы» ІІ кітап Ә) «Абай жолы» І,ІІ кітап Б) «Дос-бедел-дос» В) «Абай жолы» І кітабы 8.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының І кітабында Абайдың кім ретінде қалыптасқанын белгілеңіз. А) Азамат Ә) ақын Б) Ел қамқоры В) Азамат-ақын 9.»Абай жолы» романындағы Дәркембайдың кім екендігін көрсетіңіз. А) Орта шаруалы адам Ә) Абайдың шәкірті Б! Кедей жатақ В) Бай , болыс 10.Пейзаж терминінің мағынасын анықтаңыз. А) Оқиғаны баяндау Ә) Табиғатты суреттеу Б) Оқиға болған жерді көрсету В) Адамның сыртқы түрін сипаттау
Жауабы: 1-в, 2-ә, 3-ә, 4-а, 5-б, 6-а, 7-а,8-а, 9-б, 10-ә. VI. Сөзжұмбақты шешу: 1. Семей 2. Мұхамеджан 3. Абай 4. Ербол 5. Пушкин Үйге тапсырма: эссе жазып келіңдер.
11 сынып қазақ әдебиеті
Қазақ әдебиетінен күнтізбелік-сабақ жоспары Қазақ әдебиеті 11 «А» сынып Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушыларды қазақ ақыны, біртуар тұлғаларының бірі-Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылығымен таныстырып, жас буынды поэзияға, қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілдерін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, ізденушілік қабілеттерін дамыту, ғылыми ізденіске жол ашу. Тәрбиелік:Отанын, туған жерін сүюге, ақын жырланынан үлгі алуға, поэзияға сүйене отырып сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. Үйге берілген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық өмір жолы бойынша оқушылардың білімдерін мазмұндау арқылы тексеру. • Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық өмір жолы. • Ақын поэзиясының ерекшелігі. • Мұқағали өлең сөздің құдіретін Абайша сезіне білген ақын. - Туған жерің? - Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың. - Туған жылың? - 1931. Құрдасымын Шәмілдің. - Шыққан тегің? - Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын. - Білімің ше? - Орташа ғой. Алайда өзім жоғарыға балаймын. - Ана тілің? - Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар. - Қайда істедің?
2 топ. Тақырыбы: Ақын поэзиясының ерекшелігі. Мақсаты:Ақын үшін оның өмірінде поэзияның ерекше орын алатынын дәлелдеу. 1 оқушы: Азамат ақын тек поэзия үшін жаралған жан еді. Ол өлең үшін өмір сүрді. Жеңіс үшін шаттанбай, жеңіліс үшін тапталмай, өзімен «егіз» жаралған поэзиядан ғана жанына дауа іздеді. Айналасынан «мұңдасар бір жан таппаған» сәтте, туған табиғатына табынап, оның тау-тасына, бәйшешек, қызғалдағына, мөлдір бұлағына аққайыңына мұңын шақты.
ІІІ.Жаңа тақырыпқа дайындық кезеңі. 1. «Бақыт» сөзін қалай түсінесіңдер? 2. Жаңа сөздермен жұмыс Қымбатырақ-дороже Түңілсем-разочаруюсь Қасиетті-священный Сөнген-погасший Жадыңда ұста-храни в памяти Алақанда- в ладони ІV. Жаңа тақырып. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Оқушылар өлеңді тыңдайды (жаңды дауыс). «Үш бақытым» атты өлеңімен танысамыз. Жүргізілетін жұмыс түрлері. 1. Әр шумаққа тоқталып өлеңнің мазмұнын түсіндіру. 2. Өлеңді оқушыларға оқыту. 3. Өлеңнің шумақ, тармағын анықтау. Тапсырмалар. 4. Сонымен ақынның үш бақыты не екен? Халық. Тіл. Отан. Мұғалім:- Балалар, ақын Халқын, Тілін, Отанын қандай көркем сөздерге теңейді? Қымбаттырақ алтыннан. Қасиетті тіл. Отан-Оттан да ыстық. 5. Халық, Тіл, Отан сөздерінің синонимін тауып көрейік. Халық – ел, жұрт. Отан – туған жер, атамекен. 6. Мұғалім: Балалар, осы Халық, Тіл, Отан сөздеріне түсінік бере кетейікші. Халық 1. Халық дегеніміз – Қазақстанда тұратын адамдар. 2. Елімізде 17 миллион халық тұрады. 3. 130-дай ұлт өкілдері тұрады. 4. Біз - халқымыздың үміт артарымыз, өлкемізді көркейтіп жасартатын да біз-жастар. Тіл. 1. Тіл дегеніміз адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы. 2. Қазақстанда 130-дай тіл бар. 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 4.«Адамға екі нәрсе тіректегі, бірі-тіл, бірі-ділің жүректегі»-деп, Жүсіп Баласағұн айтқандай, қазақ тілінің көсегесін көгерту алдымен өзін қазақпын деп санайтындар ғана емес, Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік тіл - қазақ тілін өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс. 5. Елбасы айтқандай, «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» екенін ұмытпау керек. 6. Бүгінгі күні қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады. Отан 1.Отан. Бұл сөз-әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. 2.«Құс-ұясыз болмайтындай, адам-Отансыз болмайды». Ал біздің Отанымыз-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке - Қазақстан. 3. Отан – әр адамның туып өскен жері. 4. Отан – сенің отбасың Рефлексия: Бүгінгі сабағымызды қорыта келе ақын өлеңіне сатылай кешенді талдау жасайық 1. Авторы: М.Мақатаев. 2. Тақырыбы: «Үш бақытым.» 3. Жанр түрі: Өлең. 4. Шумақ: 3 5. Тармақ: 12 6. Әр шумақтың мәнін ашатын көркем, бейнелі сөздер: 1-шумақ: Қымбаттырақ алтыннан, алтын кен. 2-шумақ: Қасиетті тіл. 3-шумақ: «Отан оттан да ыстық.» 7. Өлеңнің идеясы: ақынның туған жеріне, халқына, тіліне деген шексіз махаббаты айтылады. V.Қорытындылау. Кезеңнің мақсаты: оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылау. «Үш бақытым» өлеңінің идеялық мәнін түсіндіріңдер Ақын әрқашан өз елін, туған жерін, ана тілін құрметтеді. «Үш бақытым» атты өлеңінде сол үш бақытты ақын «Халқым, Тілім, Отаным» деп нақтылай айқындайды. «Осы үш бақыт барда, өмірдің сәттік мұң-шері түкке тұрмайды» деген тұжырым жасайды. Мұқағали Мақатаевтың «Бақыт туралы» шығармасын тыңдау арқылы қорытындылау. Мұғалім: Мұқағалидай ақыны бар халық-бақытты халық. Қазіргі таңда Мұқағали ең көп оқылатын ақынның бірі. Оның жырлары адамға күш-қуат беріп, елімізді, жерімізді сүюге, оларға қашанда қамқор бола білуге тәрбиелейді. VI.Үйге тапсырма: 1. «Үш бақытым» өлеңін жаттау. 2. Ақынның аудармалары туралы мәліметтер жинақтау. VII.Бағалу. Сабақта белсене қатысқан оқушыларды бағалау.