kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Отбасы татулығы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Отбасы татулығы" 5сыныптарға арналған өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Отбасы татулығы"»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №1 ОЖББмектебі КММ Күні: 16.01.2018 №18

Тақырып:Отбасы татулығы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік,қамқорлық,сыйластық

Мұғалiм: Губайдуллина А.Х

Сынып:5а

Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты:

-Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-Оқушыларға отбасы ұғымын мейірімділік қасиетімен байланыстра отырып ұғындыру.

-Отбасындағы өзара сыйластыққа үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу.

-Оқушыларды отбасын құрметтеуге ,татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

оқулық,дәптер үнтаспа,А-3,түрлі-түсті бояу


  1. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т»-ны қайталап, оқу құралдарын «5 затты» (кітап, дәптер, пенал, күнделік, бейджик) тексеріп, көңіл – күйлерін сұрау.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

(Оқушыларды тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісуге шақыру.)

  • Қандай күйде болдыңыздар?

  • Жаттығу қалай әсер етті?

Қорытынды:

  • Олай болса, балалар, біз әрқашан бір-бірімізге риясыз сүйіспеншілікпен тілектер тілеп, жан дүниеміз нұрлана түссін.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

№18 сабақ «Ағаның хаты»Әбді Шынбатыров әңгімесін оқып, сұрақтар арқылы талқылау.

Сұрақтар:

  • Әбеннің Нұрилаға хат жазуының себебі неде?Әбен Нұрилаға қандай ақыл айтты?

  • Аға ақылынан қандай үлгі алуға болады?

  • Өзің іні-қарындстарына қандай ақыл-кеңес айтып жүрсің? Сіз қандай ағасыз ?

Сабақ барысын талқылау:


Дәйексөз.

«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің» 

Халық мақалы 

Дәйексөздің мағынасын ашу

Түйін: Адамға өмірде ең қымбаты- отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре , түсіне білгенде отбасы берік болады. Мұғалім.
Отбасы - адам тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата – ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата – бабамыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата – анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан қай ата – ана болсын баласының білімді,әдепті болуын армандайды.


Әңгiмелеу.Мұғалімнің сыйы « Отбасы татулығы»аңыз әңгіме

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті.Отбасындағы адамдар саны өте көп екен,бір қауым ел болып,бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен,отбасының өзара келісімде,татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады.Оларда ұрыс-керіс,дау-жанжал деген атымен болмайды екен.Бұл отбасы жайлы патшаның құлағынада жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді.Ауылда тап-таза,барлығы да жеткілікті,тыныштық пен береке қонған.Патшаның көңілі толып,ерекше бір шаттыққа бөленеді.Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде,уайым-қайғысыз,балалары бақытты,мәз-мейрам екен.Бұған патша таң-тамаша болды.Отбасының қалайша бақытты,тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келді.Ол ауыл ақсақалына келіп,отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінді.Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып берді.Үш сөзді оқып патша таң қалып осы –ақ па?

-Иә деді ақсақал.Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,-деді де,сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

1.Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырды?

2.Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?

3.Отбасының татулығын ұстап тұрған ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?

4.Сіздер өздерінің сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіріп жүрсіңдер?



Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Жүректер арқылы сыныпты 4-топқа бөлу

1– топ.

Мақал – мәтелдерді жалғастырып жазу.

  1. Атаға қарап - ..............., анаға қарап - ....................

  2. Атаның баласы болма, ............................................

  3. Ұяда не көрсең, ........................................................

  4. Ата көрген оқ жонар, ..............................................

  5. Ананың сүті – бал, ..................................................

  6. Туған үйдің түтіні жылы, .......................................

  7. Анаңа ауыр сөз айтпа, ............................................

  8. Әке – асқар тау, .......................................................

2-топ Бақытты отбасы тақырыбында коллаж құрастыру

3-топ Отбасындағы құндылықты сахналау

4топ«Отбасың бақытты болуы үшін не қажет?»

Алдарыңдағы қағаздарды пайдаланып, күн шуақтарын жасаңдар. Жасаған күн шуағына отбасында үйлесімділік тізімін жазып күнге орналастырыңдар. (Мейірімді,бақытты,жарасымды,өнегелі,тату,үлкен,тәрбиелі тб).



Топпен ән айту

« Әке Ана»Өлеңі мен әнін жазған Роза Әлқожа

Жанашырым - ана, дара шыңым- ана 
Бар асылым - ана, шуағымсың.
Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке
Қорғанымсың- әке, шырағымсың.

Ана - аяулым өзіңмен мақтанамын
Ана - мен сені меккеге апарамын
Ана - баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.
Әке - бір жылы сөзіңе шаттанамын 
Әке - мен сені меккеге апарамын
Әке - биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке


Үй тапсырмасы.

№19сабақ 79 бет «Мойындау »Дәулет Қасеновтың әңгімесін оқып келу.

Өзін – өзі тану оқулығы 5 – сынып, 79 – 81 бб

Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

- Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Айналамызға шексіз сүйіспеншілік сыйлайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.

- Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет, сау болыңыздар!!



Үнтаспа






























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Отбасы татулығы"

Автор: Губайдуллина Айгуль Хамитовна

Дата: 22.01.2018

Номер свидетельства: 451749

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Өзін-өзі тану 1 сынып Отбасы татулығы"
    ["seo_title"] => string(38) "ozin_ozi_tanu_1_synyp_otbasy_tatulyg_y"
    ["file_id"] => string(6) "412014"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493288930"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Д??гелек  ?стел  "Отбасы" "
    ["seo_title"] => string(26) "don-ghieliek-ustiel-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "215434"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432696338"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Отбасы туралы ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(25) "otbasy_turaly_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "460983"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1520399457"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Отбасы жарастығы 5 сынып Өзін - өзі тану пәні"
    ["seo_title"] => string(45) "otbasy_zharastyg_y_5_synyp_ozin_ozi_tanu_p_ni"
    ["file_id"] => string(6) "360484"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479578673"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Отбасы жарасты?ы 5-сынып"
    ["seo_title"] => string(22) "otbasyzharastygy5synyp"
    ["file_id"] => string(6) "309157"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458747878"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства