kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дұрыс тамақтана білейік

Нажмите, чтобы узнать подробности

бастауыш сынып оқушыларына дұрыс тамақтана білецік мақсатында тәрбие сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дұрыс тамақтана білейік»


"Үшағаш негізгі орта мектебі"КММ











Тәрбие сағаты













Өткізген: М Тапауов









2021 оқу жылы

Бекітемін:

ДТІЖО: Г Ажигалиева

Күні: 5.04.2021ж Сыныбы: 4

Мақсаты: тамақтану тәртібі мен оның пайдасы туралы негізгі түсінік қалыптастыру, тағам құрамы мен витаминдер, кенеулі заттар туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: ой-өрісін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін дамыту, ағза үшін кенеулі заттардың маңызын ұғындыру.

Тәрбиелік мақсаты: күн тәртібін сақтауға, ұтымды тамақтана білуге баулу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, шағын пресс-конференция, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: суреттер, слайд, кестелер, топшамалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар! «Тәні саудың –жаны сау» деген мақал сендерге таныс. Ал деніміз сау болуы үшін ең алдымен салауатты өмір сүруіміз керек.

Салауатты өмір деген не?

Оқушылар жауабы: Денені шынықтыру, зиянды әдеттерден аулақ болу, күн тәртібін сақтап, ұтымды тамақтану.

Мұғалім: Ұтымды тамақтану дедіңдер, бүгін біз тамақтану туралы әңгімелесеміз. Тиімді, ұтымды, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс істеу қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әр түрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Қазір топпен жұмыс жасаймыз. Әр топқа тамақтану түріне байланысты сұрақтар жазылған карточка таратылады. Топта осы сұрақтарды талқылап, жауап берулеріңіз сұралады.

  1. Қалай ойлайсыздар, адам неге тамақтанады? (Өмір сүру үшін, өсу үшін, көңілкүйді

жақсарту үшін)

  1. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? (Ет, қуырдақ, қымыз, шұбат, бауырсақ, құрт, көже, айран, т.б.)

  2. Таңғы астың қандай пайдалы жақтары бар? (Жақсы жұмыс істейді, көп қателеспейді, жадында сақтау қабілеті жақсы, таңғы ас ішкен адам темірді, кальции мен В тобындағы витаминдерді алады. Олар салқын тию тұмауға сирек ұшырайды)

Оқушылардың ойы тыңдалады.

Мұғалім: Балалар, қалай ойлайсыздар, бізге ең қажетті тамақтану тағамдары ма, әлде

қоректік заттар ма?

  • Қоректік заттар.

  • Ал қандай қоректік заттарды білесіңдер?

Оқушылар жауабы:

  1. Дәнді өсімдіктер-қуатты ұзақ сақтайтын қара нан, ақ нан, кептірілген нан.

  2. Жеміс-жидектер-қуат пен витаминдерді тез қорыту үшін. Жеміс-жидек шырындыры пайдалы.

  3. Сүт тағамдарынан – ақуыздар мен минералдық заттар үшін (иогурт, ірімшіктер), жұмыртқа т. б.

Мұғалім: Балалар, енді шағын пресс-конференция өткіземіз, себебі бүгін бізге дәрігер апайымыз келіпті. Олар ұтымды тамақтану және қоректік заттардың ағзаға пайдасы жайында бізге мәлімет береді.

Журналист: Біздің оқырмандар көмірсутегі қандай қызмет атқарады, соны білгілері келеді.

Дәрігер: Барлық ағзаның тіршілігіне энергия керек, ең жеңіл энергия көзі көмірсулар. Олар 600г дейін бауырда, бұлшық етте жиналады, Бұл бір тәулікке жетеді.

Журналист: Көмірсуға бай тағам түрлерін атап кетсеңіз,

Дәрігер: Көмірсу- картопта, жүзімде, шоколадта, балда, қарақұмықта, сұлы жармасында ұн мен макарон тағамдарында мол кездеседі.

Журналист: Дәруменсіз адамның қалыпты өмір сүруі мүмкін бе?

Дәрігер: 30 түрлі дәрумен бізге белгілі. Әрбір дәрумен ағзада белгілі бір қызмет атқарады. Көптеген дәрумен ағзада болмайды, тағам арқылы ағзаға келеді. Ал дәруменнің жетіспеуі зат алмасу процесін бұзады. Дәрумендер көбінесе көкөністер құрамында кездеседі. Балалар күніне ең кем дегенде екі түрлі дәрумені бар (А және С) көкөніс жеу керек. А дәрумені көздің қызметін жақсартады, тері ұлпасының жақсы түзілуін, ағзаның өсуін қамтамасыз етіп, жұқпалы ауру қоздырғыштармен күреседі. С дәрумені де жұқпалы ауру қоздырғыштарымен күресіп, қаңқаны қатайтуға үлкен үлес қосады. Сары немесе сарғыш түсті көкөністе А дәрумені көп кездеседі және бауырда, жұмыртқада, сары май мен сүтте де кездеседі. Ал С дәрумені капустада, жасыл бұрышта, жүзімде, түсті капустада, лимонда, қарақатта көп кездеседі.

Журналист: Ақуыз ағзада қандай қызмет атқарады және қандай тағамдарда кездеседі?

Дәрігер: Денеміздегі жасушалар әрдайым жаңарып отырғандықтан, жаңаруға құрылыс материалы керек. Негізгі «кірпіштер» аминқышқылдар, ал олар ақуыздардың ыдырауы арқылы пайда болады. Ақзаға ақуыз жетіспегенде ағзаның өсуі мен дамуы баяулайды, қан аздық пайда болады. Ақуызға бай тағамдар – ет, балық, ірімшік, жұмыртқа, бұршақ, нан, жаңғақ т.б.

Журналист: Май ағзада қандай қызмет атқарады?

Дәрігер: Майда көмірсутегі сияқты энергияның көзі, бірақ май адамға керек кезде жұмсалады.

Мұғалім: Өмір сүру үшін, денеміз толыққанды сау болу үшін әр түрлі тамақпен тамақтана білу керек . Күнделікті тамақта жеміс-жидектер, витаминдер көп болуы тиіс. «Витамин» терминін американ ғалымы Казимур Функ ойлап тапқан. «Вита» - өмір деген сөзді білдіреді. /Ортаға оқушылар шығып, кенеулі заттар атынан сөйлейді /

Ақуыз: Мен- ақуызбын,

Денені құрайтын кірпішпін.

Тіршілік қуат көзімін,

Өмірмін мен, өмірмін,

Май: Мен – маймын,

Өзім жасаймын,

Шұбатты құнарлы ғып,

Денені серпімді етіп,

Зат алмасуын күшейтіп жүрген жайым бар.

Көмірсу: Көмірсумын, көмірсумын,

Күш қуат көзімін,

Керекпін ғой, керекпін.

Дәрумендер: Дәрумендер атынан сөйлейін,

Сөйлегенде бүй дейін,

Дәрумен деген не?

«Вита» деген өмір ғой

Оны ұсынған Функ қой

Дерттен қорғар қалқан ғой,

Шұбаттың құрамында ол толық қой,

Ал, сайраңдар, дәрумендер.

(Дәрумендер сөйлейді)

Оқушыларға ереже таныстырылады. (Оқушыларға тамақтанудың 10 ережесі жазылған парақшалар таратылады ).

  • Балалар, бүгінгі сабақта тамақтану туралы білімімізді тереңдеттік, пікірлеріңді тыңдадық. Осы алған білімдеріңді күнделікті өмірде қолдана біліңдер. Тиімді тамақтану адамның тіршілік етуінің басты шарты.

  • Бүгінгі сабаққа белсенділікпен қатысқандарыңыз үшін көп рахмет. Сабақ аяқталды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Дұрыс тамақтана білейік

Автор: тапауов муратбек толеугалиулы

Дата: 18.05.2021

Номер свидетельства: 580777

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Д?рыс тама?тану-денсаулы? кепілі"
    ["seo_title"] => string(31) "durystamaktanudiensaulykkiepili"
    ["file_id"] => string(6) "294817"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455724130"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Ашық сабақ Қалай дұрыс тамақтану керек?"
    ["seo_title"] => string(44) "ashyk_sabak_k_alai_du_rys_tamak_tanu_kieriek"
    ["file_id"] => string(6) "386905"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486034148"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(52) "du_rys_tamak_tanu_diensaulyk_kiepili_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "437533"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1510080821"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі (ғылыми жұмыс)"
    ["seo_title"] => string(52) "du_rys_tamak_tanu_diensaulyk_kiepili_g_ylymi_zhu_mys"
    ["file_id"] => string(6) "407362"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1491540616"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Тамақтану мәдениеті."
    ["seo_title"] => string(24) "tamak_tanu_m_dieniieti_1"
    ["file_id"] => string(6) "408301"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491884536"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства