kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сынып оқушыларын жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескере отыра оқыту негізінен баланың даму ерекшелігін ескеру болып саналады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып оқушыларын жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту»

Бастауыш сынып оқушыларын жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту


Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру – бұл модуль талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу балалар дамуында оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты «Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулімен тығыз байланысты. Әртүрлі жастағы балаларда байқалатын метасана (тұлғаның өзін-өзі тануы және өз когнитивтік үдерістері мен стратегиясын қарастыру) деңгейіне, балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы да әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі. 
Бастауыш сынып оқуышларының жас ерекшеліктерін ескере отыра оқыту негізінен баланың даму ерекшелігін ескеру болып саналады.

Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға болады.

Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз — адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.

Оқу-тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.

Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:

1) төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);

2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);

3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).

Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:

1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)

2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);

3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);

4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);

5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);

6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);

7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін) [15].

Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі — жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.

Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт.

Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшіліктері баланың бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына көшуге дайындап отырады. Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепке дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарай алмайды.

Мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың өміріне іс-әрекеттің жаңа түрі — оқу енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілікпен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертіп, бұл  өзгерісті ол біртіндеп сезінеді. Төменгі сынып оқушылары біртіндеп оқу ісіне, мектептің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің  түсініктерін кеңейтіп, сөздік қоры молайып, оқуға, жазуға, санауға үйренеді. Оқытудың алғашқы сатысында олардың өмірлік тәжірибелері молая түседі. Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың қалыптасуына жағдай туғызады. Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Екінші сатыда оқушылар заттар мен жағдайларды сыртқы белгісі бойынша бағалайды. Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар білуге әуесқой болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары, адамдардың өмірі туралы сұрақтары көбейеді. Шығармашылық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады.

Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі — олардың маңызды бір ерекшелігі. Оқушылар ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста болғанды жақсы көреді.

Бұл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті — оқу. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ уақыт бір қалыпты отыра алмайтындықтан, сабақта жазу мен оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп, сыныптың ауасын тазартып, үзіліс кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру керек.

Мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп, оларды бірте-бірте күрделендіріп отырады. Оқыту процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдық жұмыстарға байланысты талаптарды жүйелі қойып, оның орындалуын бақылау, өздік жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру, ойындарды қолдану, балалардың еңбегін жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудың қажет екендігін түсіндіру арқылы, мұғалім оқушының оқуға деген жауапкершілігін тәрбиелейді.

Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сондықтан көрнекілік әдістері мен ойындарды жиі қолдану пайдалы. Мектептегі, үйдегі еңбек, дене жаттығулары, ойындар баланың есте сақтау қабілетін дамытады.

Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды күрделі бағдарлама, оқулықтармен оқыту өте маңызды іскерлік, атап айтсақ, өз ойын ауызша, жазбаша түрде беруге үйретеді.

Бұл жастағы балалармен оқу – тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мына ерекшелікті ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету, жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімінің болуы, үлкен адамдардың жіберген қателігін тез байқау, арманшыл-қиялшыл, ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына ықыласты болу.

Мектептің ең негізгі міндеті — балаға білім атаулының әліппесін үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ең бастысы — ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу.

Жалпы осы уақытқа дейінгі тәжірибелеріміз оқушының білім алуы мен оның біліктілігі  көбіне мұғалімнің іс-әретектінің доминант роль атқаратындығы деп келдік. Бұл қалыптасқан қағидат болып келді. Оқу нәтижесінің  өзгеруін қазіргі уақытта заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып ала алатынымызды көз жеткіздік. Бастауыш сынып мұғалімдерінің көптен ойландыратыны және өз тәжірибелерінде кездесіп жүрген оқушылардың зейіні.

Әр жастағы оқушылардың зейіндерінің тиімді шоғырландырылуы оларға берліген тапсырмалардың жас ерекшелігіне байланысты деген ойды жан-жақты тапсырмалар берумен және олардың білімді өз беттерінше алуына арналған сыни тұрғыдан ойландыратын әдістерді пайдаланып оқушылардың оқуда көшбасшылық қабілеттерінің артуына көңіл бөле отыра дарынды және талантты оқушылардың әлеуметтік дарындылығын шыңдау үшін «Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмаларды берсе, негізгі түйінді еркін жеткізе ала ма?» деген сұрақ туындайды.

Өз сабақтарымда кіші жас оқушыларының метасана, яғыни тұлғаның өзін-өзі тануы және өз танымдық үдерістері мен стратегиясын қарастыруын ескеріп, сабақ жоспарында не туралы ойланатындықтарын, өз ойларын жинақтап, талдап өз сөздерімен анықтама беруін үйреттім. Сабақ үдерісінде оқушылар ой жүгірту арқылы ойлаудың жоғары деңгейін ашық сұрақтар арқылы іске қосуды мұғалімнің тапсырмалары арқылы іске асырып  отырды. Оқушының шығармашылық қабілеті ойлаудың жоғары деңгейін іске қосты. Оқушыларға  ашық сұрақ қою барысында байқағаным, олар өздерінің ойларын әлі де болса еркін жеткізе алмай жатуы. Дегенмен де талпыныстары көрініп тұрды. Дәстүрлі сабаққа қарағанда оқушыларда өзіне деген сенімділік пайда  болғанын көруге болады. Сыныпта еркіндік атмосферасы пайда болады. Оқушылар  тапсырмаларды орындау үшін нені?  және қалай ? орындау керектігін өзара келісіп алады. Негізгі алғышарт мұғалімнің қолданған әдіс-тәсілдері оқушылардың метатанымдық немесе өздігінен реттелетін оқуын дамытуға  ықпал ететіндігі болып табылады. Оқытудың әлеуметтік-мәдени теориясын дамыту барысында Выготский оқушының өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ересек «маңызды» (ықпалды) адамның көмегімен  қамтамасыз етуге рөлі туралы жазады; мұндай оқудың әлеуметтік көлемі «Жақын арадағы даму аймағы»-ЖАДА ретінде анықталды. Бұл орайда айта кететіні қолдаушы әрине мұғалім «рефлексивті агент» ретінде жұмыс істей отырып оқушының әрекетіне жауап береді және оның оқуының дамуын қамтамасыз етеді.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. — Алматы, 1968.

В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. — Алматы, 1976.

А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. «Жаманнан жирен», «Зиянды әдебиеттер және одан алдын ала сақтандыру туралы». — Алматы: Мектеп, 1988.

Ильин Е.Н. Пугь к ученику. — Москва: Просвещение, 1988.

Дубровский А.А. Открытое письмо врача учителю. — М.: Просвещение, 1988.

Фридман Е.М. Изучение личности учащегося и ученических коллективов. -М.: Просвещение, 1985.

Т.Сабыров. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. — Алматы, 1977.

Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бақыты. — Алматы, 1979.

Никитин Б.А., Никитина А.П.. Мы и наши дети. — М.: Московский рабочий, 1988.

А.Г. Хрипкова. Үл есейсе, қыз өссе. — Алматы, 1988.

Библиотека «Актуальные проблемы педагогики и психологии». — М.: Знание, 1970. Вып.2.

ХарламовИ.П. Педагогика. — М.,1990.

Р. Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. — Алматы, 1991.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Бастауыш сынып оқушыларын жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Автор: Оразаева Сайран Кабыкеновна

Дата: 21.02.2017

Номер свидетельства: 394258

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) ""БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ" мақала"
    ["seo_title"] => string(73) "bastauysh_synyp_ok_ushylarynyn_psikhologiialyk_ieriekshieliktieri_mak_ala"
    ["file_id"] => string(6) "437886"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1510209077"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "БАСТАУЫШ СЫНЫП О?УШЫЛАРЫНЫ? ФУНКЦИОНАЛДЫ? САУАТТЫЛЫ?ЫН ?АЛЫПТАСТЫРУ"
    ["seo_title"] => string(73) "bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-funktsionaldyk-sauattylyg-yn-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "255663"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447959848"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Баяндама "БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЭКОЛОГИЯЛЫ? БІЛІМ МЕН Т?РБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ "
    ["seo_title"] => string(77) "baiandama-bastauysh-synyptarda-ekologiialyk-bilim-mien-t-rbiie-bieru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "149100"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1419950407"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу әдістері"
    ["seo_title"] => string(55) "bastauysh_synyp_ok_ushylaryn_ien_biekkie_baulu_distieri"
    ["file_id"] => string(6) "381533"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1484890610"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Шетел тілін ерте жастан о?ытуды? ма?ызы ж?не оны? ерекшеліктері"
    ["seo_title"] => string(67) "shietieltiliniertiezhastanokytudynmanyzyzhnieonynieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "273217"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452172484"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства