Просмотр содержимого документа
«Сөйлеу тілі және оның айырым белгілері»
Сабақтың тақырыбы:
Сөйлеу тілі және оның айырым белгілері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Сөйлеу тілі және айырым белгілері жайлы мағлұмат беріп, түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық. Сөйлеу тілінің ерекшеліктерін біліп, сауатты сөйлеп, жаза алу; өз пікірлерін ашық айту дағдыларын, есте сақтау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік. Сөз қадірін түсініп, орынды қолдана білуге, ұлтымыздың бай тілін құрметтеуге, ұлт жанашыры, тіл жанашыры болуға тәрбиелеу.
Жаңа тақырып бойынша меңгерілетін ұғымдар:
Сөйлеу тілінің қолданылатын орны
Сөйлеу тілінің мақсаты
Сөйлеу тілінің лексикалық ерекшеліктері
Сөйлеу тілініңфонетикалық-морфологиялық ерекшеліктері
Сөйлеу тілініңсинтаксистік ерекшеліктері
«Қазыбек бидің төрелігі» атты шешендік сөз бен Бейімбет Майлиннің «Ыбыраймыз» диалог үлгісінде жазылған өлеңіне қойылған көрініс бойынша жаңа тақырып ашылады.
Қойылатын сұрақтар:
Оқиға қандай ортада өтіп жатыр?
Кейіпкерлердің сөйлесудегі мақсаттары не?
Кейіпкерлердің сөзіне талдау жасау.
Сөйлеу тілінің өзіндік түрлі ерекшеліктерін жинақтап қорытынды шығару.
Сөйлеу тілінің лексикалық ерекшеліктері
Бейтарап сөздер
Тұрпайылау сөздер
Күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым сөздер
Эвфемизм
Метонимия
Дисфемизм
Ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер
Кәсіби сөздер
Диалект сөздер
Сөйлеу тілінің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері
Дыбыстарды түсіріп айту
Сөйлем диалогке құрылады
Хабарлы,сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер
Қыстырма сөз
Қаратпа сөз
Одағай сөз
Эмоционалды-экспрессивті сөздер
Толымсыз, жалаң сөйлемдер
Сөйлем түрлері аралас келеді
Сөйлеу тілінің айырым белгілері
Күнделікті қарым-қатынаста пайдаланылатын әдеби тілдің бір түрі
Өмірдің барлық саласында кеңінен пайдаланылады
Үйреншікті жағдайда адамдар емін-еркін сөйлейді
Бейресми жағдайда, дайындықсыз өтуі, сөйлеуші және тыңдаушы жақтардың болуы
Интонация, сөз екпіні үлкен қызмет атқарады
Ауызба-ауыз тікелей жалғанатын қатынас тілі
Сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты
Ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді
Сөйлеу тақырыбына сай күнделікті тұрмыста жиі жұмсалатын дағдылы сөздер мен сөз тіркестері қолданылады
Ым, дене қимылы үлкен қызмет атқарады
Тапсырма:Ұлы Абайдың өлеңдерінен сөйлеу тіліне тән сөздердің астын сызыңыз.
Жейде, дамбал ақсаңнан, жарғақ шалбар,
Жырым балақ, матамен әдіптеткен...»
«Сабыр мен талап беріпті,
Ақылың, рақымың қиын-ды...»
«Қолынан ұстап алып, ертіп барып,
Далада бір бұзылған тамға апарды».
«Мен-дағы жүрген жоқпын малдан күсеп,
Айттым, балам, басыңа мейірім түсіп...»
«Ала жаздай байың кеп бір жатпайды,
Қазақтың не қыласың шариғатын».
«Бірлікті шайқайды,
Араз боп өнбеске».
«Өңкей уды жиып ап,
Себеді сорлы жүрекке...»
Көп нүктенің орнына керекті сөздер мен сөз тіркестерін тауып қойыңдар
Тіл – адам ойының ... .
2.Аңдамай сөйлеген ... ... .
3. Ойнап сөйлесең де, ... ... .
4.Тисе терекке, тимесе ... .
5.Айтылған сөз - ... оқпен тең.
6.Бал тамған тілден ... тамар.
7. Көп сөз - ... ... .
8. Көп сөз – күміс, аз сөз - ... .
9.Жасыңда қылжың болсаң, өскенде ... ... .
10.Таза сөйлеу – биік ... .
11.Көңілсіз ... – ойға олақ.
Жеке жұмыс тапсырмалары:
Әдеби тіл
Сөйлеу тілі
Сандарға байланысты сөз тіркестерін жазып, сөйлем құрастырыңыз
Кәсіби сөздерді тауып, мағынасын сөздік арқылы түсініңіз
Қауын егіп болған соң қарттың көңілі тына қойған жоқ. Тоғайға барып, шартаққа деп екі-үш күн ағаш кесті.Қауыны біркелкі жақсы шықты.
Қарт енді қауындық жерінің басынан шықпайтын болды. Қарықтардың арасына шыққан отақтарды шабады. Болашақ шартақ құратын жерді тегістеп, шаңы бұрқырап жатпасын деп су салады. Пәлектер гүлдей бастаған соң, қарттың ісі тіпті басынан асып кетті. Қауын пәлегінің өркенге құлауы да, гүлдеуі де ол үшін кішігірім мереке болды.
Сіз үшін бейтаныс сөздердің мағынасын сөздіктен қарап, сөйлеу тіліне мысал келтіріңіз
Тұманның арты жібіскі жаңбырға айналды.
Екі жыл қатарынан сол желтоқсанның басындағы тобықшылар ұшқанақтан басқа ештеңе түспеді.
Ми зеңитіндей күн бүгін әдеттегісінен әлдеқайда қағу.
Сөйлеу тілің қандай?
Бекжан: Салам Жан?
Жандос: Приветик Бек.
Бекжан: Че там, қалайсың?
Жандос: Тема! Ал өзіңде?
Бекжан: Бәрі норм, бірақ настр жоқ.
Жандос: А че, не болды?
Бекжан: Апай сабақта дұрыс сөйлемейсің, ойыңды жеткізе алмайсың, тілің шұбар деп нашар баға қойды. Еще күнделігіме қойып берді. Үйге барған соң батяға не айтамын?
Жандос: Ой, сол да сөз болыпты ма, бір сылтау айта сал, маған да классная ұрысқан. Че, бәрі өтеді де кетеді. Бека, смотри біздегі Ернұр кетіп бара жатыр, киіміне қараш?
Бекжан: Дааа, жынды киінеді екен!
Жандос: Елки, менің әкем богач болса, менде солай киінер едім.
Бекжан: Ертеңгі сабаққа дайындалу керек еді....
Жандос: Да-ну, бір сылтауды айта салармыз, одан да компьютерный клубқа барайық.
Бекжан: Так думаешь, ладно, кеттік!
Жаңа сабақты қорыту.Сөйлеу тілінің адам өмірінен алатын орны, жаңа сабақтан алған мағлұматтар жайлы ойларыңызды айтыңыздар.
Үйге тапсырма:
Өзара жұптасып, қалаған тақырыптырыңызға диалог құрастырып келу.
Студенттердің білімін бағалау.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Р. Сыздықова. Сөздер сөйлейді. Алматы, Санат баспасы, 1994 ж.
Қазақ әдеби тілінің сөздігі . Алматы, Арыс баспасы, 8 томдық.
Т. Қоңыров. Тұрақты теңеулер сөздігі. Алматы, Арыс баспасы, 2007 ж.
Сөз өрнегі (оқу-әдістемелік құрал). Құраст. Е.О. Арын. Алматы, Елтаным баспасы, 2010 ж.
Шешендік сөздер. Құраст. Е.О. Арын. Алматы, Елтаным баспасы, 2010 ж.