kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама Тақырыбы:"Жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауының ерекшеліктері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған

облыстық арнайы мектеп- интернаты. 

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

Ф.Б.Жалетденова- логопед- мұғалім.

Жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауының ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының  дамуы  үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» қажеттілігі айрықша деп атап көрсетілген.

Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс. Қазіргі таңда  балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына барлық жағдай жасалуда.

Зерде бұзылыстары бар  балалардың сөйлеу  тілінде  мынандай ақаулықтар  болады: Жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауы  І, ІІ, ІІІ және ІVдеңгейі, фонетика-фонематикасының  толық дамымауы, дислекция, дисграфия. 

  Жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауы  - есту қабілеті мен өрісі әдеттегідей дамымаған балалардың дыбыстық,  мағыналық  жағына қатысты сөйлеу тіл құрамының  компоненттерінің бұзылуынан  болатын әр түрлі күрделі  тіл кемістігі.

СТЖД -нің ІVдеңгейі болады.

Жалпы тіл кемістігі ІІІ деңгейіндегі сөйлеу тілінің бұзылуы:

-        Ауызекі байланыстырып сөйлегенде кейбір сөздерді  білмейді, дұрыс  қолданбайды;

-                     Тілдің грамматикалық жағынан дамымауы;

-                     Сөйлегенде  тек  жәй сөздерді қолданады;

-                     Дыбыстық талдау, жинақтау әдісін меңгеруде қиналады.

Ауызекі сөйлеу тілінің патологиясынан  басқа  оқу және  жазу тілінің бұзылуы болады. Сөйлеу тілінің түрлі  мүкістері  бар балалар жазуды және  оқуды  меңгеріп кетуге шамалары келмейді.

Дислекция-оқи алмау, дауыстап оқудың  қиналуы, оқу  процесінің  бұзылуы.

Дисграфия- жазу қабілетінің  бұзылуы, грамматикалық  ережелерді  білгенімен сөздерді, сөйлемдерді  қате  жазады.Дисграфиялық  қателердің ерекшеліктеріне жататындары:

Ерекше фонетикалық алмастырулар.   Бұл қателер сөйлеу  мүшелерінің  және әуезінің  нәзік  белгілерімен ғана  айыруға  болатын бір топқа жататын дыбыстарды айыруының жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұған ысқырық және ызың, ұяң және қатаң, жуан және жіңішке, Р және Л дауыссыз дыбыстарды  алмастыру  және орындарын жаңылыстыру, сонымен бірге, дауысты  дыбыстарды да алмастыру жатады.

Сөздің буындық құрлысының  бұзылуы. Бұған дыбыстарды  ажыратуды және бөлуді ғана емес, сонымен бірге  олардың жүйелілігін анықтауды да білмеуі   жатады. Бұнда  жекелеген дыбыстарды және тұтас буындарды түсіріп  қалдырады, дыбыстардың немесе буындардың орынын ауыстырады, бір сөзді бөліп екі сөзді қосып жазады.

Грамматикалық қателер. Бұл қателер жазылуының грамматикалық жағының қалыптасу барысының жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұл жалғаулардың, көмекші сөздердің, септік жалғауларының түсіп  қалуы немесе дұрыс қолданылмауы.

Дисграфияға ілеспелі қателер.

Орфографиялық қателер.Екпін түспейтін дауысты дыбастарда  ұяң және қатаң дыбыстар әріпін сөздің аяғында дұрыс жазбау.

Графикалық  қателер.Әріптердің жазылуындағы ұқсастықтар (И-дің орнына Ш жазу, Л-әрпінің орнына М жазу және  жазылуындағы белгілері бойынша Б-ның орнына Д жазу, т.б.)

Дисграфия мен дислексиясының пайда болуы  фонематикасының толық дамымауының есебінен екендігі  ғылыми түрде  дәлелденген.Сонымен, балалардың оқуы мен жазуындағы кемістіктері ауызекі сөйлдеу тілінің дамуынан, фонематикалық  түйсігінің толық қалыптаспағандығынан  немесе сөйлеу тіл мүшелерінің  барлық сыңарлары, фонетика-фонематикасының  және  лексико-грамматикасының  толық  дамымауының нәтижесінде  пайда болатындығы кейінгі уақытта дәлелденді.

Мектепте оқитын ересек және орта жастағы  балалардың  арасындағы  ең көп  тарағаны дыбыстарды бұзып айту ақаулықтары.  Бұл топқа  жататын есту қабілеті  дұрыс балалар  жеке дыбыстарды,  бір немесе  бірнеше  топтағы  (ызың, ызың және ысқырық, ызың және аффрикаттар) дыбыстарды дұрыс  айта алмайтыны  байқалады. Бұл  балалардың сөйлеу тілінің дыбыстар жағын мұқият  тексерген кезде солардың ішіндегі кейбіреулерінің  дыбыстарды айтуы  сөздің  құрамындағы  буындық ырғақтың, дыбыстық түсінігінің барлық  элементтерінің  жиынтығының  қалыптаспағандығын көрсетті.  Бұл сияқты  ауытқулардың  ерекшеліктері оқу мен  жазу  дағдыларын меңгеруіне  қауіпті.

ФФТД -  ол  қабылдау  түйсігімен дыбыстардың  айтылуындағы  ақаулардың салдарынан  болған сөйлеу  тілінің әртүрлі  кемістіктері  бар  балалардың  ана тіліндегі  дыбыстардың  айтылу жүйесіндегі  қалыптасу  барысынан бұзылуы.

ФФТД - ың сипаттайтын негізгі  көріністер:

Жұп немесе  топ  дыбыстардың айтылуын ажырата  алмауы. Мұндай  жағдайда  бір  дыбыс екі  немесе  үш дыбысты да  алмастыра  береді. Мысалы: Т дыбысы С, Ч, Ш дыбыстарының орнына айтылады. Бір  дыбыстардың  басқалармен   алмастырылуы.  Баланың  сөйлеу тілінде  жеңіл айтылатын  дыбыстар, айтылуы  қиын дыбыстарды алмастырады. Мысалы: Л дыбысы,  Р дыбысы, Ф дыбысы мен Ш  дыбысын, Т мен Д дыбыстары ызың  мен ысқырық дыбыстарын түгелдей алмастырады.

Дыбыстарды  шатастыру. Бұл  көптеген дыбыстардың  әр түрлі  сөздерде  қолдануының тұрақсызыдығын  сипаттайды. Бала  бір  дыбысты бір сөзде  дұрыс  қолданады  да, ал  оны  басқа  сөзде сол  дыбысқа  әуезі жағынан  немесе айтылуы  жағынан ұқсас дыбыспен қатар келсе  алмастырып  жібереді. Мысалы: Р, Л немесе С  дыбыстарын жеке  түрінде  дұрыс айтады да, ал сөйлегенде  ауыстырып шатастырады.

Тіл  кемістігі. Дыбыстардың алмастырулар мен шатастыруларынан басқа да айтылуында  кемістіктер кездеседі. (Р дыбысын қырылдап, С-ны тіл арасымен айту)  ФФТД-ын  түзету  жұмыстары:

Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру.

-         Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру;

-         Дыбыстық  талдау  мен  жинақтау  қабілеттерін дамыту;

-         Сөйлеу  тілінің  лексико-грамматикалық жағын жетілдіру;

-         Сөздік  қорын  толықтыру.

А. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Фонематикалық  қабылдауын  дамыту: (дыбысты  қабылдауын)

- берілген дыбысты басқа дыбыстар арасынан анықтау;

- сөз арасынан берілген буынды анықтау;

- пароним сөздерге тиісті суреттерді көрсету (қаз-қас, қара-қала, баға-бақа);

- буынтіркестерін  қайталау (та-да-та, ас-аш-ас);

Б. Дыбыстықталдау мен жинақтау:

- сөздіңбасындағыдауыстыдыбыстардыажырату, бөліпайту;

- сөздіңбасындағы, соңындағыдауыссыздыбыстардыбөліпайту (қол, мал, ат, от сияқты  сөздердіжабықбуындыталдаужәне  жинақтау);

- сөздегідауыстыдыбыстың  орнынанықтаукезеңі;

-ашықбуынды, бірбуындысөздердіталдау, жинақтау;

- сөздегідыбыстардыңсанын, реттілігінанықтау (мыс: қар-3 дыбыс).

В. Фонематикалық  түсінігін, ұғымын дамыту:

- берілген дыбысқа  суреттерді таңдап алу;

- берілген екі дыбысқа  қарай  суреттерді екі бағанаға бөліп қою;

- 3,5,6 дыбыстардан  сөздер құрастыру.

Зерде  бұзылыстары  бар балалардың фонетика-фонематикалық  жағын алдын алмаса және  түзету жұмыстарын  тиімді жүргізбесе, ол оқуы мен жазуының  бұзылуына әсерін тигізеді. Осы балалардың  ана тілін меңгеріп, дұрыс, сауатты  сөйлеуінде  логопедиялық жұмыстардың  маңызы зор.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама Тақырыбы:"Жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауының ерекшеліктері"»

Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған

облыстық арнайы мектеп- интернаты.

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

Ф.Б.Жалетденова- логопед- мұғалім.

Жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауының ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының  дамуы  үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» қажеттілігі айрықша деп атап көрсетілген.

Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс. Қазіргі таңда  балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына барлық жағдай жасалуда.

Зерде бұзылыстары бар балалардың сөйлеу  тілінде  мынандай ақаулықтар  болады: Жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауы І, ІІ , ІІІ және ІVдеңгейі, фонетика-фонематикасының  толық дамымауы, дислекция, дисграфия. 

  Жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауы - есту қабілеті мен өрісі әдеттегідей дамымаған балалардың дыбыстық,  мағыналық  жағына қатысты сөйлеу тіл құрамының  компоненттерінің бұзылуынан  болатын әр түрлі күрделі  тіл кемістігі.

СТЖД -нің ІVдеңгейі болады.

Жалпы тіл кемістігі ІІІ деңгейіндегі сөйлеу тілінің бұзылуы:

-        Ауызекі байланыстырып сөйлегенде кейбір сөздерді  білмейді, дұрыс  қолданбайды;

-                     Тілдің грамматикалық жағынан дамымауы;

-                     Сөйлегенде  тек  жәй сөздерді қолданады;

-                     Дыбыстық талдау, жинақтау әдісін меңгеруде қиналады.

Ауызекі сөйлеу тілінің патологиясынан  басқа  оқу және  жазу тілінің бұзылуы болады. Сөйлеу тілінің түрлі  мүкістері  бар балалар жазуды және  оқуды  меңгеріп кетуге шамалары келмейді.

Дислекция-оқи алмау, дауыстап оқудың  қиналуы, оқу  процесінің  бұзылуы.

Дисграфия- жазу қабілетінің  бұзылуы, грамматикалық  ережелерді  білгенімен сөздерді, сөйлемдерді  қате  жазады.Дисграфиялық  қателердің ерекшеліктеріне жататындары:

Ерекше фонетикалық алмастырулар.   Бұл қателер сөйлеу  мүшелерінің  және әуезінің  нәзік  белгілерімен ғана  айыруға  болатын бір топқа жататын дыбыстарды айыруының жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұған ысқырық және ызың, ұяң және қатаң, жуан және жіңішке, Р және Л дауыссыз дыбыстарды  алмастыру  және орындарын жаңылыстыру, сонымен бірге, дауысты  дыбыстарды да алмастыру жатады.

Сөздің буындық құрлысының  бұзылуы. Бұған дыбыстарды  ажыратуды және бөлуді ғана емес, сонымен бірге  олардың жүйелілігін анықтауды да білмеуі   жатады. Бұнда  жекелеген дыбыстарды және тұтас буындарды түсіріп  қалдырады, дыбыстардың немесе буындардың орынын ауыстырады, бір сөзді бөліп екі сөзді қосып жазады.

Грамматикалық қателер. Бұл қателер жазылуының грамматикалық жағының қалыптасу барысының жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұл жалғаулардың, көмекші сөздердің, септік жалғауларының түсіп  қалуы немесе дұрыс қолданылмауы.

Дисграфияға ілеспелі қателер.

Орфографиялық қателер.Екпін түспейтін дауысты дыбастарда  ұяң және қатаң дыбыстар әріпін сөздің аяғында дұрыс жазбау.

Графикалық  қателер.Әріптердің жазылуындағы ұқсастықтар (И-дің орнына Ш жазу, Л-әрпінің орнына М жазу және  жазылуындағы белгілері бойынша Б-ның орнына Д жазу, т.б.)

Дисграфия мен дислексиясының пайда болуы  фонематикасының толық дамымауының есебінен екендігі  ғылыми түрде  дәлелденген.Сонымен, балалардың оқуы мен жазуындағы кемістіктері ауызекі сөйлдеу тілінің дамуынан, фонематикалық  түйсігінің толық қалыптаспағандығынан  немесе сөйлеу тіл мүшелерінің  барлық сыңарлары, фонетика-фонематикасының  және  лексико-грамматикасының  толық  дамымауының нәтижесінде  пайда болатындығы кейінгі уақытта дәлелденді.

Мектепте оқитын ересек және орта жастағы  балалардың  арасындағы  ең көп  тарағаны дыбыстарды бұзып айту ақаулықтары.  Бұл топқа  жататын есту қабілеті  дұрыс балалар  жеке дыбыстарды,  бір немесе  бірнеше  топтағы  (ызың, ызың және ысқырық, ызың және аффрикаттар) дыбыстарды дұрыс  айта алмайтыны  байқалады. Бұл  балалардың сөйлеу тілінің дыбыстар жағын мұқият  тексерген кезде солардың ішіндегі кейбіреулерінің  дыбыстарды айтуы  сөздің  құрамындағы  буындық ырғақтың, дыбыстық түсінігінің барлық  элементтерінің  жиынтығының  қалыптаспағандығын көрсетті.  Бұл сияқты  ауытқулардың  ерекшеліктері оқу мен  жазу  дағдыларын меңгеруіне  қауіпті.

ФФТД -  ол  қабылдау  түйсігімен дыбыстардың  айтылуындағы  ақаулардың салдарынан  болған сөйлеу  тілінің әртүрлі  кемістіктері  бар  балалардың  ана тіліндегі  дыбыстардың  айтылу жүйесіндегі  қалыптасу  барысынан бұзылуы.

ФФТД - ың сипаттайтын негізгі  көріністер:

Жұп немесе  топ  дыбыстардың айтылуын ажырата  алмауы. Мұндай  жағдайда  бір  дыбыс екі  немесе  үш дыбысты да  алмастыра  береді. Мысалы: Т дыбысы С, Ч, Ш дыбыстарының орнына айтылады. Бір  дыбыстардың  басқалармен   алмастырылуы.  Баланың  сөйлеу тілінде  жеңіл айтылатын  дыбыстар, айтылуы  қиын дыбыстарды алмастырады. Мысалы: Л дыбысы,  Р дыбысы, Ф дыбысы мен Ш  дыбысын, Т мен Д дыбыстары ызың  мен ысқырық дыбыстарын түгелдей алмастырады.

Дыбыстарды  шатастыру. Бұл  көптеген дыбыстардың  әр түрлі  сөздерде  қолдануының тұрақсызыдығын  сипаттайды. Бала  бір  дыбысты бір сөзде  дұрыс  қолданады  да, ал  оны  басқа  сөзде сол  дыбысқа  әуезі жағынан  немесе айтылуы  жағынан ұқсас дыбыспен қатар келсе  алмастырып  жібереді. Мысалы: Р, Л немесе С  дыбыстарын жеке  түрінде  дұрыс айтады да, ал сөйлегенде  ауыстырып шатастырады.


Тіл  кемістігі. Дыбыстардың алмастырулар мен шатастыруларынан басқа да айтылуында  кемістіктер кездеседі. (Р дыбысын қырылдап, С-ны тіл арасымен айту)  ФФТД-ын  түзету  жұмыстары:

Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру.

-         Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру;

-         Дыбыстық  талдау  мен  жинақтау  қабілеттерін дамыту;

-         Сөйлеу  тілінің  лексико-грамматикалық жағын жетілдіру;

-         Сөздік  қорын  толықтыру.


А. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Фонематикалық  қабылдауын  дамыту: (дыбысты  қабылдауын)

- берілген дыбысты басқа дыбыстар арасынан анықтау;

- сөз арасынан берілген буынды анықтау;

- пароним сөздерге тиісті суреттерді көрсету (қаз-қас, қара-қала, баға-бақа);

- буынтіркестерін  қайталау (та-да-та, ас-аш-ас);


Б. Дыбыстықталдау мен жинақтау:

- сөздіңбасындағыдауыстыдыбыстардыажырату, бөліпайту;

- сөздіңбасындағы, соңындағыдауыссыздыбыстардыбөліпайту (қол, мал, ат, от сияқты  сөздердіжабықбуындыталдаужәне  жинақтау);

- сөздегідауыстыдыбыстың  орнынанықтаукезеңі;

-ашықбуынды, бірбуындысөздердіталдау, жинақтау;

- сөздегідыбыстардыңсанын, реттілігінанықтау (мыс: қар-3 дыбыс).


В. Фонематикалық  түсінігін, ұғымын дамыту:

- берілген дыбысқа  суреттерді таңдап алу;

- берілген екі дыбысқа  қарай  суреттерді екі бағанаға бөліп қою;

- 3,5,6 дыбыстардан  сөздер құрастыру.

Зерде бұзылыстары бар балалардың фонетика-фонематикалық  жағын алдын алмаса және  түзету жұмыстарын  тиімді жүргізбесе, ол оқуы мен жазуының  бұзылуына әсерін тигізеді. Осы балалардың  ана тілін меңгеріп, дұрыс, сауатты  сөйлеуінде  логопедиялық жұмыстардың  маңызы зор.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баяндама Тақырыбы:"Жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауының ерекшеліктері"

Автор: Жалетденова Фарида Базарбаевна

Дата: 12.01.2017

Номер свидетельства: 378312


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства