Просмотр содержимого документа
«Оқушының зейінін дамыту»
«Ж. Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Дефектолог: Аханбаева.А.Д
Сабақтың тақырыбы: Зейінді дамыту
Сабақтың мақсаты : Зейінді дамыту және тұрақтандыру.
Сурет арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, ойын арқылы логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекі құралдар: дәптер, ақ парақтар, қиылған әріптер, суреттер.
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Бүгінгі күнді сұрау
- Психологиялық дайындық
Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
ІІ. Жаттығулар .
«Сөйлем құрау».
Мақсаты: ойлау, сөйлеу, шығармашылық қабілеттерді дамыту.
Ал енді саған өзара байланыспайтын 3 сөз беріледі.
Мысалы: «көл», «қарандаш», «аю». Осы сөздерден сөйлем құрап жазу.
2. «Заттың қолдану тәсілдері» арқылы оқушының зейінін шоғырландыру, заттарды қалыптан тыс мүмкіндіктері ашу арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тапсырма:жақсы танымал бір сөз білдіреді, мысал: «кітап» сөзі заттың қалыптан тыс неғұрлым көп аясын айту керек. Кітапты оқиды, бір нәрсенің астына қоюға болады, қажетті қағаздарды көзден таса зат ретінде жасару мақсатында қолдануға болады, сондай – сабын, бөтелке,мата сөздерді пайдалануға болады.
III. Сергіту сәті:
Оқушыға ауа – райының өзгеруіне байланысты қимыл – қозғалыстар айтылады.
Жел соқты дегенде қолымызды жоғары көтеріп, теңселеміз.
Жаңбыр жауады дегенде қолымызды сыртылдатамыз.
Қар жауады дегенде қолды шапалақтаймыз.
Бұршақ жауады дегенде аяғымызды топырлатамыз.
IV. Дәптермен жұмыс
Сөздерді оқып шығып, бұл екі сөзді бір сөзбен қалай айтуға болады?. Мысалы: қалампыр, раушан – өсімдіктер немесе гүл атауы.
1. Қазан, қараша - ................................