сусындатып, т?лім-т?рбие беруде,жа?сы ?асиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта ба?ыт-ба?дар беруде ?здіксіз е?бек етті?іздер.
Б?гінде е?бектері?ізді? зейнетін к?ріп отыр?ан ?з
балалары?ыз бен немерелері?ізді?, ш?берелері?ізді? аяулы ата-?желерісіздер. Сіздердей ?рпа??а айтар а?ылы, к?рсетер ?негесі, аналы?, ?келік сезімні?, дана ойды? ысты? лебі бар а?а ?рпа? ?кілдеріні? бар екендігін біз ма?таныш етеміз.
Газетімізді? ал?аш?ы санын жас ?рпа??а ?лгі-?неге болсын деген ниетпен ж?не мерекелік тарту болсын тілекпен ?здері?ізді? ?негелі ?мірлері?ізді? бір мезетін баяндайтын ?мірбаяндары?ызбен таныстыруды ж?н к?рдік.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Мектеп айнасы" газеті »
Барлық істің басшысы–білім мен ұғым
Ж.Баласағұн
Мектеп айнасы
Бүркітті аулы ЖББ “№20 орта мектебі”КММ
Тоқсан сайын шығатын танымдық газет
№1
қазан
2015 жыл
Құрметті Ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен
құттықтаймыз!
Құрметті зейнеткер-ұстаздар!
Сіздер сан жылдар шәкірттеріңізді білім нәрімен
сусындатып, тәлім-тәрбие беруде,жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде үздіксіз еңбек еттіңіздер.
Бүгінде еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған өз
балаларыңыз бен немерелеріңіздің, шөберелеріңіздің аяулы ата-әжелерісіздер. Сіздердей ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдерінің бар екендігін біз мақтаныш етеміз.
Газетіміздің алғашқы санын жас ұрпаққа үлгі-өнеге болсын деген ниетпен және мерекелік тарту болсын тілекпен өздеріңіздің өнегелі өмірлеріңіздің бір мезетін баяндайтын өмірбаяндарыңызбен таныстыруды жөн көрдік.
Редакция алқасы
Бүркітті ауылының ЖББ«№20 орта мектебі»КММ-нің директоры, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Педагогикалық өтілі:23 жыл;
Марапаттары:Облыстық, аудандық, республикалық мақтау грамоталары,
2013 оқу жылындағы облыс деңгейіндегі ІІ дәрежелі«Жыл-әдіскері»номинациясының
жеңімпазы;
Шығармашылық еңбегі:Бірнеше мәрте аудандық, облыстық газет беттерінде
конференциялардағы жарияланған ғылыми жобалардың авторы.
Абугалиева Асемгуль
Камеловна
Құрметті зейнеткер ұстаздар мен әріптестер!
Сіздерді бала бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дән егетін киелі мамандық«Ұстаздар күні»мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында білім саласының басты бағыттарын айқындап, ұстаздар қауымына: халықаралық стандартқа сай білім берудің жаңа моделін құрудың, жаңа тың әдістерді енгізудің ауқымды міндеттері тұрғанын әр сөзінде айтып өтуде. Бұл міндет - әрбір ұстазға күш жігерін, білім мен қажыр-қайратын біріктіріп, ұйымшылдықпен іскерлік танытуға әсерін беруде.
Ұлы жазушы М.Әуезовтің«Мұғалім адамгершіліктің биігі», «Ұстаз-ұлы есім», - деген сөздері әрқашан Сіздердің еңбектеріңізге берілген әділ де үздік баға болып қала береді. Бізге ең қымбатты - болашақтың баянды негізін қалайтын жас ұрпақты сеніп тапсырып отырғандықтан сол сенім биігінен көріне алатынымызға сенімдімін.
Ендеше, Сіздерге өз мамандықтарыңызда жауапкершілік, отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық тілеймін.
Ұстаз бейнесі–шәкірт үшін
адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі.
Ұстаздың лаулаған жалыны әр
жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын
қуаттың, өмірлік энергияның
қайнар көзі. Ұстаздық сезім–
тіршіліктегі шырақтың сөнбес
ошағы. Ұстаз өзінің бар күнін, бүкіл
өмірін бала тәрбиесіне сарп етуге
Слямова Мағиябел буған асыл жан. Шәкірттің
Слямовнажүрегінде мәңгілік із қалдырған ұстаз бейнесі қандай мейірбан, қандай сұлу десеңізші?! Сондай асыл жандардың бірі - 40 жылдай уақытын шәкірт тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаз- Слямова Мағия Слямовна.Алғашқы еңбек жолын Ақтерек ауылында бастаған ұстаз одан кейін 1980 жылдан 2000 жылға дейін Бүркітті ауылының №5 мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып үздіксіз қызмет атқарды.Осы жылдар аралығындағы еңбегі елеусіз қалған жоқ. 1978,1982,1987,1990 жылдары аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталса, 1999,2000 жылдары мектеп директорының Алғыс хаттарын иеленген.
Бүгінде зейнеткер ұстаздың отбасын ұстаздар әулеті деуге толық негіз бар. Өйткені , мектебімізде Мағия Слямовнаның үш бірдей баласы аналарының жолын қуып,мұғалімдік қызмет атқаруда.
Мағзумбекова Орынбасар Мағзумбековна
1935 жылы ақпан айында Қасым
Аманжолов ауылында дүниеге келген.
Қарқаралы қаласындағы №1 мектепте
жетіжылдық мектепте білім алғаннан кейін Саран кейін Саран қаласының мұғалімдер даярлайты даярлайтын училищесіне оқуға түседі.
Ең алғашқы ұстаздық жолын туған
ауылы Қ.Аманжоловта бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастаған Орынбасар апай одан кейін Ақтерек ауылында, Жамбыл атындағы совхозда, 1980 жылға дейін Киргизия (Бүркітті) совхозының мектебінде зейнеткерлікке дейін мұғалім болып қызмет еткен.Қазіргі таңда Орынбасар Мағзумбековна 12 бала тәрбиелеген«Алтын алқа»иегері -батыр ана, немере-шөберелерінің ардақты әжесі.Балаларының ішінде аналарының жолын қуып, мұғалім мамандығын таңдағандары да бар. Олар биология,география, химия пәндерінің мұғалімдері болып қызмет істеуде.
Амринова Роза Садуовна
1964 -68 жылдар аралығында
Петропавл педагогикалық институтын
бітіріп, өзінің алғашқы еңбек жолын
Солтүстік Қазақстан облысындағы
Боголюбовка ауылында мұғалімдік
қызметтен бастаған. 1969 жылдан
бастап 1972 жылға дейін Көкшетау
облысы Уалихан ауданында қызметін
жалғастырып, 1972-1997 жылдар аралығында Бүркітті ауылының №5 орта мектебінде үздіксіз 25 жыл математика пәні мұғалімі қызметінен оқу ісінің меңгерушісі қызметіне дейін көтерілген. Осы жылдар ішіндегі еңбегі елеусіз қалған жоқ. Білім саласына қосқан үлесі үшін«Білім беру ісінің үздігі»атағы,«Әдіскер-ұстаз»атағы,«Еңбек ардагері»медалі, ал1996 жылы«Республикалық білім беру кеңесінің мүшелігіне»де қабылданған.
Мұхамеджанова Раиса Сабитовна
1941 жылы 22-ақпанда Қарқаралы ауданы
Нүркен ауылында дүниеге келген.
Өмірінің 35 жылын бала тәрбиесіне
арнаған ардагер ұстаз.
Осы мамандықты жүрек қалауымен
таңдаған Раиса Сабитовна жүздеген
шәкірттерді білім нәрімен сусындатып,
үлкен өмір жолына қадам басуларына
бағыттаған ізгілікті жан.
Бүгінде балалары да ана жолын қуып, бірі география,
бірі биология пәндерінің мұғалімдері болып әр жерде қызмет істеуде.
Мұсатаева Сара
1919 жылы дүниеге келген.
Өмірінің 35 жылын ұстаздық
еңбекке арнаған жан.
1955 жылы Жамбыл облысынан
Қарқаралы қаласына ға көшіп
келіп, 1958-59 жылдары
Киргизия совхозындағы
мектепке бастауыш
сынып мұғалімі болып болып
орналасады.
Бүгінде 2 ұл, 2 қыз бала
тәрбиелеп, олардан немере көріп
отырған бақытты әже 97 жас-
қа аяқ басты.
.Менің алғашқы ұстазым
Мұғалім ардақты ұмытылмас,
Өзіме бала күннен үні сырлас.
Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан,
Арманның асқарына ұмтылған жас.
Н.Әлімқұлов
Ұстаз... Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнан ақ жарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі... Ұстаз бейнесі–шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште. Мектеп қабырғасынан үлкен өмірдің даңғыл жолына шыққаныма әні-міні дегенше 6 жыл зулап өте шықты. Уақытымның мән мен мағынаға толы өтіп жатуының өзі ұстазымның жемісі деп білемін. Шәкірттері қазіргі таңда ұстаздық етуде. Маған оқу ,сызуды үйреткен апайымды бүгінгі күнге дейін сыйлап, қадірлеймін.
Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып,«Әліппе»кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен–менің сүйікті де ең алғашқы ұстазым–Сламбекова Зәмзәгүл Орынбасарқызы. Ол ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін
осы жанның орны мен үшін қашан да ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол–алғашқы ұстаз.
Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз–баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, күнім деген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.