Атадан балаға мұра болып келе жатқан шеберліктің бірі – қолөнер. Әжелеріміз тігін тігіп, кесте тоқып – сол әсемдікті күнделікті тұрмыста пайланаған. Қараша үйдің әр тартпа бауы мен керегелерінде қолданылған өнер туындылары бүгінгі күнге дейін тұрмыста қолданылады.Әр халықтың өзінің тұрмыс салтына, отырықтасқан орнына, қоршаған ортасына және әр халықтың салт-дәстүріне сай өз ою-өрнектері бар. Сол әсемдікті ине мен жіптің, түс үйлесімділігімен көркем пайдаланған кісілер – шебер болып табылады.