II. Өткен сабақты қайталау. (Сұрақтар арқылы жауап алу)
Үй тапсырмасын тексеру. (Сұрақтар арқылы жауап алу)
1.Қайшы және инемен жұмыс жасағанда қандай техника
қауіпсіздік ережесін сақтауымыз қажет.
2.Мата неден тұрады?
3.Инені неге қадауымыз керек?
III. Жаңа тақырып.
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін есімізге түсірейік.
Сабақтың тақырыбы:
«Қол тігістерінің түрлері»
Қол жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орны
Қол жұмысынаине, қайшы, кескіш және бормен жасалатын
жұмыстар, сол сияқты бұйымнан немесе бұйым
бөлшектерінен уақытша жасалған
инешаншымдарды алу жатады.
Жұмыс орныдеп белгілі бір жұмысты орындауға арналған
кабинеттің бұрышын немесе бөлігін айтамыз.
Қол жұмыстарын орындау үшін құрал-жабдықтар қоятын жұмыс
үстелі керек.
Жұмыс үстеліне қисайып немесе қатты еңкейіп отыратын болсаңдар, ол омыртқаның қисаюына, жақыннан коргіштікке, тез шаршауға алып келеді. Сондықтан жұмыс үстелінде дұрыс отырудың, жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуының маңызы зор.
Бөлшектерді бір-бірімен көктеп,тігім арқылы қосады.
Ине шаншым-бұл жіптің матаға өрілу процесі.
Тігім- қайталанған инешаншымдар қатары.
Инешаншымдар ұзындығы- шаншылып алынған
инелердің арақашықтығы.
Тігін бұйымдарын дайындауға әртүрлі инешаншымдар мен тігімдер пайдаланылады.
Уақытша жасалатын қол тігімдерін орындау үшін №50,№60 мақтадан дайындалған жіптерді пайдаланылады.
Жіп пен мата түсінің сәйкес келуін қадағалау керек.Қызыл түсті бұйымды қара түсті жіппен көктеген дұрыс.
Қол жұмыс кезінде қолданылатын терминдер
Термин
Жұмыс мазмұны
Көктеу
Қолданылуы
Белгіленген сызық немесе көшірмелік инешаншымдар бойымен көлемдері бірдей бір немесе бірнеше бөлшкеті уақытша қосып тігу.
Көктеп тігу
Бірінің үстіне бірі қойылған екі бөлшекті уақытша тік инешаншымдармен қосу
Екі бөлшекті беттестіріп, қиықтарын теңестіріңдер. Содан кейін ілмектердің биіктігін 0,5 – 1см етіп қалдырып, белгіленген сызық бойымен онша тартпай, түзу инешаншымдар жасаңдар.Бөлшектерді инешаншым жіптері тартылып тұратындай етіп ұстап, жіпті бөлшектердің дәл ортасынан қиыңдар.
Жапсырып тігу
Түймелерді бұйым бөлшектері бетіне беткі жағымен қойып, қадап шығыңдар.
оймақ
ине
қайшы
Сәнмүсін
Сантиметрлік таспа
түйрегіштер
жіп
Тігінші боры
Қол жұмысы кезінде қолданылатын құралдар мен құрылғандар
Қол жұмысы кезінде қолданылатын құралдар мен құрылғылар
Аталуы
Қолданылуы
1
Графикалық кескіні
2
Қол инесі
3
Ине – жоғары сапалы болаттан жасалатын, бір ұшы үшкір, екінші ұшында көзі, яғни жасуын орналасқан металл өзек. Ине тегіс, үшкір , сынбайтын қатты болуы керек.Ине ұзындығы ені, ине көзі бойынша әр түрлі өлшемде болады. Ине нөмірі өзек өлшеміне байланысты қойылады.
№3 – 5 ине – костюмдік матадан тігілетін бұйымдарға арналған .Тақ нөмірлі инелер жұп нөмірлі инелерге қарағанда ұзындау болады.
Қайшы
Киім бөліктерін пішуге,жіптің ұшын қиюға арналған. Қайшы дыбыссыз жабылып, ашылуы керек. Қайшының жүзі өткір болу керек.
Оймақ
Бұл – пластмассадан, болаттан жасалып, жұқа мыс немесе алюминиймен қапталған қалпақ тәрізді зат. Оймақ тігу барысында саусақты инемен шаншып алудан қорғайды. Оны оң қолдың ортаңғы саусағына киеді. Оймақтың төбесінде шахматтық тәртіппен орналасқан ойыстау жер инені тайып кетуден сақтайды. Оймақты саусаққа дәл келетіндей етіп таңдайды. Оймақтың екі түрі бар. Тігіншілер түпті оймақты, етікшілер түпсіз оймақты қолданады.
Сантиметрлік
таспа
Сантиметрлік; миллиметрлік бөліктерге бөлінген жұмсақ таспа. Ұзындығы 150 см – ге тең. Матадан тігілген бұйымның бұйым бөлшектерінің өлшемін алуға арналған. Өлшеу барысында сантиметрлік таспаны бос ұстауға немесе қатты тартуға болмайды. Ондай жағдайда өлшем дұрыс алынбайды.
Сәнмүсін
Бұйым тігу барысында , өндеу кезінде , сондай – ақ дайын болғанан кейін дұрыс тігілгендігіне көз жеткізу үшін сәнмүсінді пайдаланады. Сәнмүсінде бүйір, иық тегістерінің сырылып тігілуін жағаның мойындыққа, жеңнің жең ойындысына қондырылып көктелуін тексереді.
Түйрегіш
Бұйым бөлшектерін түйреу, көктеу кезінде, сондай – ақ бір бөлшектен сызықты екінші бөлшекке көшіру кезінде пайдаланады.
Т үйрегіштің ұзындығы 3-4 см болады.Олар жіңішке тегіс болуы керек.
Жұмбақтар
Болсын мейлі киімің,болсын мейлі бұйымың.
Жатқызады тігісін,жатқызады қыртысын.
Тоқпен ғана тіл алар,қажетті зат жұрт үшін.
Сөзжұмбақ шешу.
М
А
Т
А
1.Киім неден тұрады?
2.Екі басты жалмауыз келіп аузын ашады,
Алдына түскен нәрселер,өзінен-өзі қашады.
3.Мата неден тұрады?
4. Бар екен бір жеңешем,
Қап-қара тас, жемейді,ішпейді де,болмайды да.
Халықтың бәрін киіндіріп,
дүниеден өткен өзі жап-жалаңаш.
Сарамандық жұмыс
Жұмысүстелінде дұрыс отыру шарттары:
қан айналым дұрыс жүру үшін табанды еденге тегіс қою;
денені тік ұстау немесе сәл алға ұмтылыңқырап отыру;