« Мақал - сөздің мәйегі» (Мақал – мәтелдің жалғасын табу)
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырмасы
Оқушыларды бағалау.
Сайыс кезеңі:
І кезең: Сайыскерлеріміз өздерін таныстырады.
1. Өнер
2. Шебер
ІІ кезең: Өтілген тақырыпты пысықтау: « Кім тапқыр» ойыны.
Мата өнеркәсіпте не тігу үшін кеңінен пайдаланады?
Жауап: Мата өнеркәсіпте киім – кешек тігу, төсек – орын жабдықтарын тігу
кезінде кеңінен қолданады.
Мата неден тұрады?
Жауап: Мата талшықтан тұрады.
Талшықтар шығу тегіне қарай неше топқа бөлінеді (қандай түрге)?
Жауап: Талшықтар шығу тегіне қарай табиғи және қоспалы болып екіге
бөлінеді.
Мақта неше жылдық өсімдік, оның түсі қандай, неде тұрады?
Жауап: Мақта бір жылдық өсімдік. Мақта өсімдігінің жемісі аппақ ұзын
талшықтарға құрамдас қораптан тұрады.
Зығыр неше жылдық және не тектес өсімдік?
Жауап: Зығыр - зығыр талшықтарын беретін, бір жылдық шөп тектес өсімдік.
Зығыр неше түрге бөлінеді, түрлері қандай?
Жауап: Зығырдың үш түрі бар: салалы, жабайы, бұйра зығыр.
ІІІ кезең: Техникалық қауіпсіздік ережесі: « Жалғасын тап»
1тапсырма
Жұмысты бастамас бұрын үстімізде алжапқыш және орамал болу қажет.
Жұмыстың басында ине қорабындағы немесе ине шаншығыштағы инелердің санын білу керек.
Ине шаншар алдында ортаңғы саусағыңа оймақ кию қажет.
Оймақ қолыңды жарақаттаудан сақтайды.
Қайшыны үшкір жағымен ұсынуға болмайды.
Жұмыс соңында ине мен түйреуіштерді санап, ине шаншығышқа салып қою керек
2тапсырма
ІҮкезең: Жаңа сабақ «Жаңа сабаққа көшу баспалдағы»
Тігін жұмыстарына арналған құралдармен саймандар.
Аталуы және қолданылуы
Cурет бойынша жұмыс
Сызба түрінде
Түймелікті тесетін құрал – ол бұйымдағы теспені түйменің өлшемі бойынша екі жаққа ажырата кесіп шығады.
Оймақ инені матаға шаншып кіргізгенде қажет. Ол қолды иненің басы кіріп жарақаттаудан сақтайды. Оймақ қолдың ортаңғы саусағына кигізіледі. Оймақты пластмассадан, темірден жасайды.
Сантиметірлік таспа өлшемдерді түсіргенде, мата мен бұйым бөлшектерін өлшегенде қажет. Ол созылуға төзімді арнайы матадан жасалады. Таспаның ұзындығы – 150 см
Үтік жастықшасы мен тақтайышасы дайын бұйымның жеңін, иығын, шалбардың балағын үтіктеуге арналған
Инелерді қол тігісінде қолданады. Оларды № 1 – ден( ең жіңішке) №12 –ге (ең жуан) дейін шығарады. Жұқа маталарға жіңішке - № 1,2,3 қолданады, өйткені кестеде жуандығы әр түрлі жіп пайдаланылады, олар көзі үлкен инеге оңай өткізіледі.
Қайшы матаны қиғанда, жіпті кескенде т. б жұмыстарға қажет. Олар тігінші, пішуші, тұрмыстық деп бөлінеді. Қайшылардың да өлшемдері әрқалай. Қайшыларды болаттан жасайды.
3- тапсырма
Қол жұмыстарында қолданылатын терминологиялар
УӘЖ технологиясы бойынша
Қол жұмыстарын орындағанда, мынадай терминологиялар қолданады.
Термин
Жұмыстың мазмұны
Қолдану орны
Көктеу
Көлемдері бірдей бір немесе бірнеше бөлшекті уақытша біріктіріп тұрады. Тігісті алдын ала белгіленген орны бойынша түзу етіп тігіп шығады.
Белдікті, желбіршекті, бұйым бөлшектерін уақытша біріктіру үшін қолданылады
Көктеп тігу
Бірінің үстіне бірі тұрған екі бөлшекті уақытша көктеп тігу
Қалтаны негізгі бөлшекке жапсырып тігуге қолданады
Бүгіп көктеу
Бөлшектердің қайтарылған шеті мен қатпарларды уақытша ұстатып тігу
Бұйымның етегі мен бүйір тігстерін бүгіп тіккенде және қатпарларды ұстатқанда қолданады