Просмотр содержимого документа
«Қазақ халқының салт - дәстүрлері. Тәрбие сағаты.»
МЕНІҢ
ҚАЗАҚСТАНЫМ!
МЕНІҢ
ЖЕРІМ!
Қай халықтың болса да рухани әлемі, ең алдымен оның салт-дәстүрі, дәстүрлі өнерінен көрінетіні мәлім.Қазақ халқының салт-дәстүрі- сарқылмайтын кенмен тең. Өмір сүру тірлігі, жер жағдайы, тұрмыс қарекеттері қазақ халқының өміріне өз сипаттарын сіңіріп, олардың бойындағы шынайы қасиеттердің, табиғаттың өзіндей шыңдалып, шымырланып түлей түсуіне ықпал етіп, күнделікті қарекеттерінде өзге халыққа ұқсамайтын салт-сана дәстүрлерін туғызады.
Қазақ халқының салт-дәстүрі –жоралғы халқымыздың қадір-қасиетін, рухани болмыс бейнесін, таным-табиғатын, өмірлік тәлімін, өнеге-өрісін, тұрмыс –тіршілігін, сонымен қоса адамгершілік этикалық қағидаларын танытады.
Қазақ халқының салт-дәстүрі тарихпен бірге , ата-бабамыздан бүгінгі ұрпаққа дейін жалғасып келеді. Тарих шежіресінде әртүрлі қиын қыстау кезеңде де ол жалғасын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа жетті. Еліміз егемендігін алған бүгінгі таңда оның орны өте жоғары. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзінің ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сыйлап, құрметтеуге, қастерлеуге тиісті. Бұл ата-бабамыздан келе жатқан халықтық педагогика көзі. Біз салт-дәстүрімізбен мақтан етіп, оны жалғастырушымыз. Оны өлеңмен де жырлай аламыз. Мысалы белгілі әнші Марат Омаровтың “Қазақтың дәстүрлері” әнінде қазақ халқының салт-дәстүрлері мақтанышты түрде орындалады. Әннің сөзі еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін шыққан, себебі бір кездерде аздап ұмытылып бара жатқан салт-дәстүріміз қайтадан жаңарып, жаңғыруда.
Қайта оралды қазағымныңбүгін дәстүрлері,Көптен күткен халқымыздыңасыл арманы еді.
Берекелі қазақ елі, елмерекелі,Дәстүрлерін нық ұстағанқазағымның бұл ежелгі.
Шілдехана , бесік той,
Тұсау кесер , сүндет той.
Құда түсу, сырға салу, беташарым,
Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен.
Қыз, боз бала кең даланы әніменен тербеткен.
Ер жігітке жарасады озып шықса бәйгеден,
Қыз балаға жарасады, алқа, моншақ, сәукеле.
Жоғалмасын дәстүріміз ұмытылмасын,
Ата –баба көзіндей ғып сақтайық қазақ дәстүрін.
Қазақ , орыс украин,Белоруспен дүнгенім,Достығымыз жарасқан.Тату –тәтті бір елмін.
Халқымыздың салт-дәстүрі, ұлттық бай мұрасы, өнері мәңгілік жасайды, ол үнемі жаңарып дами береді.