kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Зат есім" Керуен сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға зат есімді терең меңгерту мақсатында құрылды.Мұғалімдерге көмекші құрал ретінде пайдалануына болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Зат есім" Керуен сабақ»

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

«Тассуат негізгі мектебі» КММ

Мусина Шынар Есенгелдіқызы.

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.


Сабақтың тақырыбы: «Көш керуен сабағы». Зат есімді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды сөз таптары,оның ішінде Зат есім,Зат есімнің түрлері және құрамы,мағыналық түрлері туралы тереңірек үңілту.

2.Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып,Зат есім туралы түсініктерін дамыту,сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру,оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.

3.Тілдік эстетикалық сезімдерін ояту,жұмыс жасау барысында адалдық қасиеттерін дамыту.

Сабақтың түрі:Көш керуен сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру,ішінара ізденіс,сұрақ-жауаптар,талдау.

Көрнекіліктері:Тақырыпқа арналған кестелер,оқулық,түйенің суреті т.б. суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындықтарын қадағалау.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

Кіріспе бөлім:

  1. 121- жаттығу.Мақал – мәтелдер жазып келу,Зат есімдерді тауып, мағыналарын тұлғаларын анықтау.

  2. 2.Топтастыру диаграммасын пайдалана отырып,тіліміздегі сөз таптарын қайталау. (плакатқа сызу)













3.Негізгі бөлім:

Қазақ халқы ертеде көшіп – қонып өмір сүрген,негізгі күн көрістері төр түлік мал болғаны белгілі.Сол себепті малға шұрайлы,жайлы жерлерді іздеген.Ал енді балалар осындай көш қоныста міндетті түрде көлік қажет.Әрине,ол кезде техника деген жоқ.Сол себепті көшіп – қонуға ыңғайлы көлік түйені пайдаланған.Естеріңде болса балалар біздің ауылда да осыдан 3-4 жыл бұрын түйе шаруашылығы болған.

Балалар түйенің қандай қасиеттерін білесіңдер?

Енді бүгінгі сабағымызды балалар,сендердің бастауыш сыныптан меңгеріп келген сөз табы,зат есім туралы өткізгелі отырмыз.Бұл сабақ – «көш керуен» сабағы.Зат есім туралы ілім –білімдеріңді осы сабақта толықтырып,жинақтап,ойланту міндет.Сабаққа белсене қатысып,алған білімдеріңді ортаға салу керек.Жол ұзақ,керуен – көшіміз көздеген жеріне жету үшін, көптеген тосқауылдардан өтуге тура келеді.Себебі,жолда қарақшылар өте көп кездеседі.Тосқауылдар,әрине білім тосқауылдары.Көшкеруеннің көздеген жеріне жету үшін сендер көмек көрсетулерің керек.Сендер байқағандай жүк артқан түйелердің әр қайсысында қоржындар бар.Бұл қоржын – білім қоржыны.Сендерге арналған тапсырмалар.Көш Тассуат ауылына келіп қалды.Бұл жерде көшті ұстамауға тырысуымыз керек.Тезірек қоржындарды ашайық.

- Ал, балалар қалай ойлайсыңдар,қоржындағы тапсырмалар не жайында болуы мүмкін.

- (Бір бала жауап беруі керек) Бәз бүгін сөз таптары зат есім туралы шығар деп ойлаймын.

- Ал ендеше осы сөзіңді дәлелдеп көрейік.

1.Тосқауыл.













А.Тапсырма.Зат есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата мысал келтір.

Ә.Тапсырма.Жалпы және жалқы есімдер деп біз қандай есім сөздерді айтамыз.

Б.Тапсырма.Құрамына қарай зат есімдер қалай бөлінеді.

В.Тапсырма.Деректі зат есім дегеніміз не? Дерексіз зат есім дегеніміз не?

Балалар,көш керуеніміз сендердің көмектерің арқылы бірінші тосқауылдан өтті.Керуен басы сендерге риза.

2.Тосқауыл. Қоржыннан келіп тапсырма алады.

А.Тапсырма. «Сөз пирамидасын құру» ойыны.

- Ал кәне ,пирамида деп нені айтамыз?

- Пирамида геометриялық фигура. (оқушының жауабы)

- Пирамиданы көрсетіп,біздің сөз пирамидамыз да осы пирамидадай болуы керек.Ойын шарты бойынша 2 әріптен тұратын сөзбен бастап,12 әріпке дейін тұратын сөздерді жазу.








Ә.Тапсырма.Ал,енді балалар дәптермен жұмыс.

122 жаттығу. 60 –бет.Жұмбақтарды көшіріп жазып,зат есімдердің астын сызыңдар.

Көш керуен ақырын жылжи-жылжи екінші тосқауылдан да өтіп,үшіншіге де жетті.Бұл тосқауылдан қалай өтер екенбіз.

3.Тосқауыл.Перфокартамен жұмыс.

Кәне,кім шығады? Кімнің қолы жеңіл?

Зат есім

Жалқы

Жалпы

Деректі

Дерексіз

Түбір

Туынды

Күрделі

























4.Тосқауыл. Ой-толғаныс.Эссе жазу.

- Ал ,балалар,енді сендердің сөйлем құрау,мәтін құрайға қаншалықты шеберліктеріңді немесе сөз байлықтарыңды байқайық.

- «Мен – Зат есім » деген тақырыпқа эссе жазу.

- Кім? Не? Деген сұрағы бар.Бір тектес заттарды жалпы есім деп,жекелеп айтатын заттарды жалқы есім деп бөліп мені айтады.Біз тоғыз ағайындымыз.Мен біріншімін.Сондықтан барша затқа иелік етемін.

Жазған эсселерін балаларға оқыту.

Ал,балалар төртінші тосқауылдан керуеніміз тағы да мүдірмей өтті.

5.Тосқауыл. Көру диктанты.Зат есімдерді теріп жазу,ауызша талдау жасау.Жалқы,жалпы,деректі,дерексіз.Осы сөздермен сөйлем құрау.

Қорытынды.

1.Жұмбақ шешу.

2.Сабақты бағалау.

3.Үйге тапсырма беру.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Зат есім" Керуен сабақ

Автор: Мусина Шынар Есенгельдиновна

Дата: 10.02.2017

Номер свидетельства: 390154

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "П?ні: ?аза? тілі  Сыныбы: 4 «А»  Та?ырыбы: "Дара ж?не к?рделі сын есімдер""
    ["seo_title"] => string(57) "pnikazaktilisynyby4atakyrybydarazhniekurdielisyniesimdier"
    ["file_id"] => string(6) "302282"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1457108341"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Б?гінгі саба?ты? та?ырыбы: Сын есім "
    ["seo_title"] => string(39) "bughinghi-sabak-tyn-tak-yryby-syn-iesim"
    ["file_id"] => string(6) "189136"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1426828520"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Бастауыш пен баяндауышты? арасына ?ойылатын сызы?ша "
    ["seo_title"] => string(58) "bastauysh-pien-baiandauyshtyn-arasyna-k-oiylatyn-syzyk-sha"
    ["file_id"] => string(6) "154838"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421220524"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Көне жазулар" 10-сынып ҚМЖ"
    ["seo_title"] => string(29) "konie_zhazular_10_synyp_k_mzh"
    ["file_id"] => string(6) "460443"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519987383"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "К дыбысы мен әріпі"
    ["seo_title"] => string(18) "k_dybysy_mien_ripi"
    ["file_id"] => string(6) "350998"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1477038538"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства