Күні: 12.02.2018ж
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Көне жазбалар
Сабақтың мақсаты: Блум таксономиясы әдісі бойынша оқушыларға көшпелілер мәдениетінің ерекшелігін,жазба деректерін,олардың ішінде көне жазуларын,руна жазуларын,орта ғасырдағы жазу-сызу,көне түркі әліпбиі туралы анық мағұлұмат беріп оқушылардың білімдерін одан әрі шыңдау.
Оқу нәтижелері: Оқушылар көшпелілер мәдениетін біледі,сараптай алады.
Сабақ кезеңдері: | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру | Оқушыларды түгендеу сабаққа дайындығын анықтау. Психологиялық ахуал қалыптастыру топқа бөлу. | Оқушылар: Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз | Интерактивті тақта, слайд,фото суреттер,сызба материалдар |
Үй тапсырмасын сұрау | «Жасырынған сұрақтар» әдісі бойынша оқушылардан өткен тақырыпты сұрау. 1.Мәдениет дегеніміз не? 2.Мәдениет нешеге бөлінеді? 3.Рухани мәдениет дегеніміз не? 4.Көшпелілердің рухани мәдениетіне не жатады? 5.Көшпелілер мәдениетінің ерекшелігі неде? Миға шабуыл әдісі «Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға қабылетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті болып қала береді» дейді батыстық зерттеушілер. Осы пікірге келісесіңдер ме? Кластер әдісі 1-топ: Түркі қалаларында қандай кәсіп жақсы дамыды? 2-топ: Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар? 3-топ: Көшпелілердің материалдық мәдениеті? «Блоб көпірі» әдісі арқылыбағалау | Оқушылар өткен тақырыпты оқып, қайталай отырып білімдерін молайтады. Берілген сұрақтарға жауап береді. | Сұрақ жазылған стикерлер |
Жаңа сабақ: 1.Қызығушылықты ояту. 2.Блум таксономиясы әдісі | Кинометафра әдісі арқылы «Көне жазулар» туралы видеоролик көрсету | Оқушылар «Көне жазулар» туралы видеоролик көреді. | Интерактивті тақта |
Білу кезеңі «Тұжырымдамалық карта» әдісі | 1.Көне түрік әліпбиі неше әріптен тұрады? 2.Көне жазуларға қандай жазулар жатады? 3.Руна сөзінің мағынасы? 4. Руна жазулары қайдан табылды? 5. Руна жазулар кімдерге арналған? 6.Күлтегін, Тоныкөк жазуларының авторы кім? | Оқушылар 7-сыныпта өткен «Түріктердің рухани мәдениеті» тақырыбын естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап береді | |
Түсіну кезеңі «Тұлғаны тану» әдісі | Күлтегін дегеніміз кім? Тоныкөк дегеніміз кім? Білге қаған дегеніміз кім? Бағалау | Оқушылар Күлтегін, Тоныкөк және Білге қаған туралы білгендерін баяндап береді | портреттер |
Қолдану кезеңі «Білім керуені» әдісі | 1. Есік қаласының түбінен табылған «Алтын адамның» қабірінен табылған күміс тостағандағы 26 таңбаның суреті бар жазудың сырын ашқан кім? 2.1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған б.з.д. V-IVғасырларға жататын марал сүйегінен жасалған тұмардағы жазудың алғаш сырын ашқан кім? 3.Руналық жазуларды оқудың кілтін тапқан кім? 4. Түркі халықтары ислам діні енген кезден бастап қандай әліпби қолданды? 5.Араб әліпбиімен хатқа түскен еңбектерді ата? 6.Көне түркі тілі жазуы қай халықтарға ортақ? | сұрақтарға жауап береді | «Білім керуені» плакаты |
Сергіту сәті | Дөңгелене тұрайық Керегені құрайық Уықтар боп иіліп Киіз үйді құрайық | Оқушылар шеңбер құрып, жаттығу жасайды | |
Талдау кезеңі «Пошта» ойыны | 1. «Ақ сықын, Ақ марал» 2. «Аға, саған бұл ошақ! Бөтен( жат ел адамы) тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!» 3. «Тәңірідей тәңірден жаралған Білге қаған бұл таққа отырдым. Сөзімді түгел естіңдер, жалғасқан іні жиенім, ұлым, рухым халқым.Көңілдегі қандай сөзім болса мәңгі тасқа жаздым. Оны көріп сонша біліңдер!» 4. «Түркі халқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Қызыл қанымды, қара терімді ағыздым. Жалаңаш халықты киіндірдім, жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым» | Төмендегі жазылған хаттарды өз пошта жәшігіне салады | «Пошта ойыны» плакат |
Жинақтау кезеңі «Ыстық орындық» әдісі | 1. Марал сүйегінен жасалған тұмардағы жазу қай жерден табылды? 2.Көне тибет және көне грек әліпбиіндегі жазулар қай жерден табылды? 3.Талас өзенінің бойынан не табылды? 4. Саз балшықтан күйдіріліп жасалған түркі жазулы мөр қай жерден табылды? 5. Қолаайнадағы жазулар қай жерлерден табылды? 6.Өзіміздің Үржар ауданынан не табылды? 7.1985 жылы көне түркі жазуы қай жерден табылды? 8.Жайық өзені бойынан табылған руна жазуы қандай затқа жазылған? 9. Скандинавия халықтарының тілінде руна сөзінің мағынасы қандай? | Оқушылар «Ыстық орындыққа» отырып, сұрақтарға жауап береді. | |
Бағалау кезеңі Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» | Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін айтқан болатын. Латын әліпбиіне көшу туралы сіздердің көзқарастарыңызды тыңдап көрейік | Ақ қалпақ-фактілер, орташа обьективті ақпарат айтады. Қызыл қалпақ –эмоциясын білдіреді, Қара қалпақ Сыни аналитикалық негативті ойын айтады. Сары қалпақ-шуақты оптимизм, логикалық позитивті пікірін білдіреді. Жасыл қалпақ-шығармашылық өсу мүмкіндіктер туралы айтады Көк қалпақ салқын қандылық, іс-әрекет жоспары, өңдеу, шолу, ұйымдастырушы, шешімін айтады. |
|
Бағалау | Топ басшыларының бағалауы Мұғалімнің бағалауы «Бағдаршам» әдісі арқылы өзін –өзі бағалау | Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалайды | Бағалау парағы |
Кері байланыс | Мұғалім оқушылардан бүгінгі өткен сабаққа кері байланыс алады. | Егер бүгінгі сабақ оқушыға қажет болса, ақпаратты чемоданға салады Егер бүгінгі сабақты толық түсінбесе, бұл тақырыпты әлі өңдеймін десе еттартқышқа салады Егер бұл ақпарат керек жоқ, қажетсіз десе қоқыс жәшігіне |