Сыныпты 2 топ?а б?лу, топ басшыларын белгілеу, о?ушыларды т?гендеу.
Саба?ты? ма?сатын айту.
- ХІХ ?асырды? 2-жартысы мен ХХ ?асырды? басында ?мір с?рген ?дебиет ?кілі Ы. Алтынсаринні? шы?армалары бойынша ал?ан білімдері?ді сарап?а салу ма?сатында ?ткізіліп отыр?ан б?гінгі ашы? саба?ымызда ??гімелерін талдау барысында ?з ойлары?ды ашы? айта білі?дер, ?ойыл?ан с?ра?тар?а толып жауап беру талап етіледі. 3. ?й ж?мысын тексеру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«ЫБЫРАЙ – БАЛАЛАР ?ДЕБИЕТІНІ? АТАСЫ.»
Қазақ әдебиеті . 9-сынып
Тақырыбы: ЫБЫРАЙ – БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ АТАСЫ.
Мақсаты: 1. Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау; әңгімелерінің тақырыбын ашу.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.
3. Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
Сыныпты 2 топқа бөлу, топ басшыларын белгілеу , оқушыларды түгендеу.
Сабақтың мақсатын айту.
- ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша алған білімдеріңді сарапқа салу мақсатында өткізіліп отырған бүгінгі ашық сабағымызда әңгімелерін талдау барысында өз ойларыңды ашық айта біліңдер, қойылған сұрақтарға толып жауап беру талап етіледі. 3. Үй жұмысын тексеру «Деректер сөйлейді» тапсырмасы.(Рет-ретімен тұрған қағазды алып, ондағы сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер) 1841 – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды. 1850 – Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі. 1857- Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы 1859- Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы. 1860 – Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде оқытқан жылы. 1864 – Мектептің қаңтар айында ашылған жылы 14 - Сол мектепке қабылданған бала саны. 1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы 1876 – Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым,» - деп жазған жылы 1889 – қайтыс болған жылы. 1876 – «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы 1879 – Орынборда хрестоматияның басылған жылы
ІІ. Мағынаны ажырату 1. «Кластер» стратегиясы - Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
2. «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы
Ыбырай әңгімелері бойынша талдау жұмыстары.
1 топ
2 топ
Әке
Бала
Жақсы
Жаман
Үлкен кісі Тағаны алады Ақылды адам Шие сатып алды Еңбектенді
Жас бала Алғысы келмейді Ақылсыз бала Сатып алмады Еңбектенген жоқ
Ауру жігіт Жерге құлады Аю иіскеді Жерден тұрды Жауап берді
Сау бала Ағашқа шықты Аю Ағаштан түсті Сұрады
ІІІ. Ой толғаныс Ыбырайдың бір әңгімесін алып, ондағы кейіпкерге хат жазу /өздеріне қатты ұнаған, оқыған әңгімесін ал.
Үйге тапсырма:
«Дала қоңырауы» атты тақырыпта шығармаға дайындалу.