Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың формалары, әдіс-тәсілдері
Тәрбие жмысының ұжымдық топтық, жекелік формалары.
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан – салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістері»
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістері
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістері
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың формалары, әдіс-тәсілдері
Тәрбие жмысының ұжымдық топтық, жекелік формалары.
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан – салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп қырлы болғандықтан, оған әртүрлі анықтама берілген. В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанский т.б. мектепте тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс - әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды. Бұл іс - әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталады.
Екінші, сөзбен айтқанда, тәрбие әдістері тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлесе отырып жүргізілетін іс - әрекетінің құралы болып табылады.
А.С.Макаренко тәрбие әдістерін психилогиялық тұрғыдан қарастыра келіп, бұл әдіс баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы болатынын өте дәл сипаттайды. Қазіргі психологтар адамның жеке қасиеттерін зерттеу нәтижесінде адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен тұрады:
- адамның сезімінен;
- санасынан;
- сенімінен;
- мінез-құлық, әдет – дағдыларынан құралатынын көрсетеді.
Көрсетілген пікірлерден тәрбие әдістерінің әр салалы мәнін анықтауға болады:
тәрбие әдісінің ең басты міндеті тәрбие процесін гуманитарландыру тұрғыдан қаруландыру;
тәрбие әдісі ең алдымен тәрбиенің мақсатын мазмұнын жүзеге асыратын құрал;
тәрбие әдісі тәрбиенің мақсаты арқылы анықталады, тәрбиенің мақсаты қандай болса, оның міндеті және тәрбиенің мақсатын жүзеге асырудың әдістері соған сай болады;
тәрбие әдісінің тиімді болуы мұғалімнің сырттай тәрбиелік ықпал жасауымен қатар баланың тәрбиелік қатынасқа іштей өзіндік ниетін, ықыласын, ынтасын, сезімін туғызумен де байланысты.
Тәрбие әдісінің теориясында тәрбие әдісімен қатар тәрбиенің құралдары, тәрбиенің тәсілдері, ұғымдары айтылады.
Тәрбие құралдары – дегеніміз арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған әдістемелік жолдар.
Ал, тәрбие тәсілдері педагогикалық ситуацияға байланысты жеке әдісі, тәрбие тәсілі ретінде қолданылады.
Тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақтылы жағдайда тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін айқындайды.
Педагогикалық процесс барысында тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді болады. Мәселен, бірінші сыныпе оқушысына мұғалім мінез – құлық ережесін, жолдастарымен қарым – қатынас жасау ережесін, үйде, мектепте, қоғамдық орындарда өзін тәрбиелі ұстау ережесін үйрету керек. Мұғалім бірінші күнен – ақ мектеп, сынып, парта, кітап, коридор, басқыш, спорт зал, т.б. таныстырып, пайдалану, жүру, шығу, отыру, т.б. ережелерді үйрете бастайды. Әр оқушы мұны әртүрлі орындайды. Нақтылы педагогикалық ситуация болған жағдайда тәрбие әдісі мен тәсілі бірін – бірі алмастыра алады.
Кейбір педагогикалық мәселені шешуде тәрбие тәсілін тәрбие әдісі ретінде қолдануға болады.
Тәрбие әдісінің өз алдында жеке бір бөлігіне тәрбие құралдары жатады.
Тәрбие құралдарына әр салалы іс - әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, өнер, спорт, т.б.) сонымен қатар педагогикалық жұмысқа қажетті материалдық және рухани шығармалар, заттар жиынтығы (көрнекті құралдар, саяси, көркем және көпшілікке арналған ғылыми әдебиеттер, бейнелеу өнері, музыкалық шығармалар, көпшілік ақпарат құралдары т.б.) жатады