kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сүйіспеншілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ барысы:

Оқушылармен амандасамын , өзін – өзі тану сабағының ережесін түсіндіремін, оқу құралдарын тексеремін.

Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтіну. Арқаларын тік ұстауын қадағалау. Жайлы, баяу музыка қою).

- Көздеріңізді жұмыңыздар және бірнеше рет  терең тыныстаңыздар; денелеріңізді бос ұстаңыздар. Теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сүйіспеншілік»

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп: №30 ЖОББМ

Мерзiмі: 11.03.16 жыл

Тақырып: Төзім мен табандылық

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Бәрін жақсы көру,бауырмалдық, татулық

Мұғалiм: Бахтигериева Л.Ж. Сынып: 4 «А»Оқушылар саны: 24


Сабақ мақсаты:Оқушыларға « төзімділік » , « табандылық » адами қасиетер туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • Төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Өзара жағымды қарым – қатынастарын дамыту;

  • Төзімділікке табандылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)



Сабақ барысы:

Оқушылармен амандасамын , өзін – өзі тану сабағының ережесін түсіндіремін , оқу құралдарын тексеремін.

Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтіну. Арқаларын тік ұстауын қадағалау. Жайлы, баяу музыка қою).

- Көздеріңізді жұмыңыздар және бірнеше рет терең тыныстаңыздар; денелеріңізді бос ұстаңыздар. Теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(бірнеше секунд үнсіздік).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сабақ барысын талдау:


Тыныштық сәтін өткізу кезінде денелерін бос ұстап, тыныштықта сезінеді , жағымды ішкі өзгерістерге жету үшін өзіне – өзі сұрақ қоюда қиялын белсендіреді.

Өзін – өзі ұстай біледі.табиғаттан , қоршаған ортадан даналықты үйренеді.

Үй тапсырмасын тексеру. « Әдемі әже »

1. « Әдемі әже » әңгімесіңде берілген төзімділік пен табандылық туралы ұғымдардан нені түсіндіңдер?

2. Сендердің төзімділік пен табандылық танытқан кездерің болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер?

Дәйек сөз

«Табандылық кез келген кедергіні жеңеді.»  

Леонардо да Винчи

Түсіндірме

- Төзімді, табанды адам қиындықтан қорықпайды.Айтылған сөзге, алдынан шыққан қиындықтарға, құбылыстарға төзеді. Кедергі кездессе де жеңіп шығады.


Сұрақтар:

1.Төзім , табандылық дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Өз бойыңнан осы қасиеттерді сезіндің бе?

3.Төзімді адам қандай болу керек деп ойлайсыңдар?


Әңгімелесу

Сейіт орам үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып, таңып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кісі:

— Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? — деп сұрады.

Сейіт, шешесі шығып кеткен соң демін алып, сынықшыға сыбырлап айтты дейді:

— Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп, шыдап жатырмын, — деді.

Сұрақтар:

1.Сейіт аяғың қалай ауыртып алды?

2.Сейіт неліктен ауырғанын байқатпады?

3.Сен Сейіттің орныңда болсаң не істер едің?


Үй тапсырмасына деген дайындық деңгейлері анықталады.




Дәйек сөзді оқи отырып , мағынасын ашады.Сұрақтарға жауап береді.









Оқушылар берілген мәтінді түсініп

оқып , әңгіменің мазмұның баяндап береді.












Сабаққа

белсене қатысып , сұрақтарға
жауап береді , салыстырады.

Шығармашылық жұмыс

Тақтада қағаздан жасалған қарағайдың сұлбасы ілінеді. Балаларға қағаздан қиып жасалған қарағайдың бүрлері таратылады.

    -Балалар, сендер қарағай туралы әңгімелер оқығансыңдар.Қарағай өзінің бойындағы қандай қасиеттермен ерекшеленеді. Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады.

 -Дұрыс айтасыңдар.Қарағай–қысы-жазы жасыл түсте болып тұрады. Ыстыққа да, аязға да төтеп бере алатын төзімді ағаш. Қолдарыңдағы  «қарағай бүрінің» артқы бетіне достарының ішіндегі ең төзімді, табандысының есімін және неліктен олай ойлайтындарыңды жазып, тақтадағы қарағайға орналастырыңдар.

 Мысалы: Райымбек төзімді, өйткені ол қиындықты жеңе біледі. т .б

Балалар өз жазғандарын жария етіп, қарағайдың бүрін ілгенде тақтада үлкен қарағай  пайда болады.

Жағдаяттарды талдау

1. Сен велосипедті тебуді үйренгің келеді , бірақ қорқасың.

Сен табанды болсаң не істейсің?

2.Сен жақсы жағына өзгергің келеді, бірақ ескі әдеттеріңді қайталаай бересің.

Сен табанды болсаң не істейсің?

3.Саған қиын үй тапсырмасын берді, ол ертеңгі күнге міндетті түрде дайын болуы керек. Егер сен табанды болсаң не істейсің?

Жаңа тақырып бойынша білімдерін жетілдіреді.

Тақырыпты толық меңгереді.Берілген тапсырманы тиянақты орындайды.













Жағдаяттарды талдау арқылы ойлау қабілеттерін дамытады.

  1. Үй тапсырмасы. « Төзім » мәнерлеп оқу.

Авторы: Д.Әлімжанов


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.Әрқайсымыз оң қолымызды жүрек тұсына ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық,жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Оқушылардың өз беттіліктері дами түседі.


Сабақта алған әсерлерімен бөліседі.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Сүйіспеншілік

Автор: Нагимова Асем Қадемқызы

Дата: 28.10.2016

Номер свидетельства: 352931

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "C?йіспеншілік -?мір ?зегі"
    ["seo_title"] => string(26) "cuiispienshilikomirozieghi"
    ["file_id"] => string(6) "264909"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449805842"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Отбасыдағы сүйіспеншілік"
    ["seo_title"] => string(27) "otbasydag_y_suiispienshilik"
    ["file_id"] => string(6) "414423"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494492607"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Сүйіспеншілік- сый талап етпейді"
    ["seo_title"] => string(35) "suiispienshilik_syi_talap_ietpieidi"
    ["file_id"] => string(6) "405247"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490917483"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады"
    ["seo_title"] => string(35) "b_ri_de_suiispenshilikten_bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "490640"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1544717388"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "С?йіспеншілік-?мір н?рі"
    ["seo_title"] => string(22) "suiispienshilikomirnri"
    ["file_id"] => string(6) "276314"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452702170"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства