kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Поурочное планирование уроков по казахскому языку в 5-классе

Нажмите, чтобы узнать подробности

Поурочные планы по казахскому языку в пятом классе русской общеобразовательной школы. ррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррр 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Поурочное планирование уроков по казахскому языку в 5-классе »

1. Сабақтың

тақырыбы: Танысу


2. Сабақтың

мақсаты: а ) Білімділік: Оқушыларға тән дыбыстарды қайталата отырып буын, екпін және жаңа сөздермен таныса отырып білімдерін жалғастыру.


ә ) Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын дамыту, және сөйлесу әрекетін күшейту


б ) Тәрбиелік: Оларды танысу кезінде өмірде де,сыпайы адал болуға тәрбиелеу.


3. Сабақтың

түрі: жаңа сабақ


4. Сабақтың

әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап


5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.


6. Көрнекілігі: дыбыстар мен әріптер, жаңа сөздер.


Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу.Олармен танысу , түгендеу, өзара сөйлесу. Балалар жазда қалай демалдыңдар? Сыныпта неше оқушы бар? Міне жаңа оқу жылы басталды. Оқу құралдарың түгелме? Сабаққа дайынбызба?


II Сабақтың мақсатын айту: Танысу –знакомство;Бүгін біз сендермен бір- біріңмен танысқанда қандай сөздер қолданасыңдар, яғни жаңа сөздермен танысу және дыбыстар мен әріптер, буын, екпін түрлерімен танысып, жұмыс жүргіземіз.


III Жаңа сабақты түсіндіру:

Жаңа сөздермен танысу

Диалог оқыту

Дыбыстар мен әріптер

Буын және екпін

Сергіту сәті


IY Жаңа сабақты пысықтау: 1. Сөздермен танысу; оны үш қатарға бөліп оқыту,және дәптерлеріне жаздырып қою


.Сөздік жұмысын мәнерлеп оқыту; Сәлеметсізбе!-здравствуйте!

Сәлеметсіздерме!- здравствуйте!

Сәлеметсіңбе!- здравствуй!

Сәлем- привет

қайырлы таң!- доброе утро!

қайырлы күн!-добрый день!

жағдайың қалай?- как дела?

Танысу- знакомство

Аты-жөні- имя, фамилия

Оқу- учиться

Жақсы-хорошо

Жас- здесь; лет

Қуаныштымын- я рад

2. Диалог оқыту: Оқулықтағы диалогты екі оқушыдан үш қайтара оқып шығып ,оқушылар өзара диалог құрады.

3. Дыбыстар мен әріптер:Қазақ тіліне тән 10 дыбыс бар, олар дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді; Оларды атап көрсету, карта түрінде жекелеп атап көрсету, дыбыстау

Үлкен сызба бойынша буын түрлерін түсіндіру; Үш түрі бар

Қазақ тілінде екпін тұрақты болады .Екпін- ударение, екпін сөздің сөздің соңғы буынына түседі .Ережені дәптерлеріне жазу.

4.Сергіту сәті: Жұмбақ оқу.


5. Оларды үлгі бойынша тақтаға талдау жасауға шақыру.


Танысу- үш буынды; 1, 2,3- ашық буындар Т- дауыссыз, қатаң

А- дауысты, жуан

Н- дауыссыз, үнді

Ы- дауысты, жуан

С- дауыссыз, қатаң

У- дауысты, жуан Сөзде 6 әріп 6 дыбыс бар


.V. Сабақты қорытындылау: Оқушы, білім сөзіне оқушылар өздері фонетикалық талдау жасауы керек: Мұғалім мектеп туралы өлең оқып береді, оқушылар тыңдайды.


YI. Үйге тапсырма : Сөздікті жаттау, әр түрлі 5 сөзге фонетикалық талдау жасап келу, ережені жаттау.


Оқушыларды бағалау:





1. Сабақтың

тақырыбы : Әдепті балалар


2. .Сабақтың

мақсаты: а)Білімділік: Әдепті болу керектігін оқыту, түсіндіру арқылы білімдерін толықтыру.

ә) Дамытушылық: Сөздермен ой- өрісін, тіл байлықтарын, сөйлеу әрекетін дамыту.

б) Тәрбиелік: Оқушыларды әдепті, сыпайы, тәртіпті болу керектігін түсіндіру.


3. Сабақтың

түрі: аралас


4. Сабақтың

әдіс- тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап.


5. Жұмыс формалары: Топтық, жұптық, жекелей.


6. Көрнекілігі: Әдепті баланың әрекеттері суреті, сөздік, тақта.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Кабинеттің сабаққа дайындығы.

Оқушыларды сабаққа дайындау.

Оларды ұйымдастыру, амандасу.


II. Сабақтың мақсатымен таныстыру: Бүгін біз сендермен әдепті баланың қалай болатынын оқимыз, көреміз және жаңа сөздермен танысамыз, оған мына суреттегі баланың әрекетін оқып көреміз, сұрақ- жауап жүргіземіз.


III. Үй тапсырмасын тексеру.

-Балалар қәне үйге берілген 5 сөзге фонетикалық талдауды тақтаға орындап көрсету. Сөздерді жатқа айту, мұғалімнің ережеге байланысты қойған сұрақтарына жауап айту.

Екі оқушыдан диалог арқылы сөйлестіру тақырып бойынша.


IV. Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөздік жұмыс

Фонетикалық жұмыс

Мәтінмен жұмыс

Диалогпен жұмыс

Сергіту сәті: Ұқыпты оқушыны суреттеу.


V. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Сөздік жұмысын жүргізу

Оқушылар өз бетінше мәтінмен танысады

Сөздік жұмысын бір оқушы мәнерлеп оқиды, тағы бір оқушы оқиды, Сөздікті дәптерлеріңе жазып алыңдар. Ақылды- умный,әдепті- примерный, т. б.

әңгімелеу- разговаривать, шуламау, т.б.


2. Тақтадағы суретке қарай отырып, балалар мына суретте екі баланы көріп отырсыңдар, бірінің оқулығы таза, ал екінші бала оқулықты таза ұстамаған, оқулығы кір екен яғни қай оқушы әдепті, ұқыпты оқушыға жатады? Балаға ат қойып әдепті бала туралы үш сөйлем жазыңдар тақтаға, дайын оқушыны шақыру.


3. Оқулықпен жұмыс: 1-ші тапсырма бойынша диалогты оқытып өзара сөйлестіру


2-ші тапсырма бойынша сұрақтарға жауап жазу , жазған жауаптарын оқыту.


4. Мәтінмен жұмыс: Мәтінді оқып , аударамыз.


Төмендегі сұрақтар бойынша, мәтін сұрақтарына жауап беру.Қосымша сұрақтар қою. Әдепті балалар қандай болады? Олар үлкендерге жол береме? ауызша жауап алу.


5. Әдепті бала ,ұқыпты , тәртіпті, үлгілі көрсету.


Қазақ әліпбиі туралы қосымша сұрақтар қою?Неше әріп бар? Оның нешесі дауысты? Нешесі дауыссыз?


VI . Сабақты қорытындылау:

Енді 5-ші тапсырмадағы сөз тіркестерін аударамыз: мен таныстым- я познакомился, ол айтты- он сказал, біз сөйлестік- мы разговаривали, оның ермегі- его хобби.Буын түрлерін атау, сөздерді буынға бөлу; Айт-ты, сөй-лес-тік, ер-ме-гі. Мысал келтіру; ашық буын, тұйық буын, бітеу буын тақтаға жазып көрсету.


VII. Үйге тапсырма: Мәтіннің мазмұнын айту, 5-ші тапсырманы жазу, сөздерді жаттау.


Бағалау:









1.Сабақтың

тақырыбы: Өзім туралы


2.Сабақтың

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өзін таныстыра білуіне әсер ету және тақырып бойынша білімдерін тереңдетіп оқыту.

Дамытушылық: Оқушының ой- өрісін сөздік қорын дамыту, тілге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыны ұқыптылыққа, сыпайылыққа, зеректікке баулу.


3.Сабақтың

түрі: сын тұрғысынан ойлау


4. Сабақтың

әдіс- тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап


5. Жұмыс формалары: деңгейлік


6.Көрнекілігі: оқулық, тақта, әңгіме


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа ыңғайлау, түгендеу, олармен аздаған пікір алыса отырып, сабаққа дайындықтарын сұрау.


II. Сабақтың мақсатымен таныстыру: Сабақта өздерің туралы айта білуді үйрену,және деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы білімдеріңді одан әрі жетілдіру.


III. Үй жұмысын тексеру: монолог сұрау, 5-ші тапсырма бойынша сөйлемдер құрау.


IV. Жаңа сабақты түсіндіру:

Тірек сызба бойынша жұмыс

Өзі туралы мәлімет айту, жазу

Оқулықтағы деңгейлік жұмыстар

Сергіту: Жаңылтпаштар


V. Жаңа сабақты пысықтау: Тірек сызба бойынша өзі туралы әңгімелеуді түсіндіріп өту. Оқушылар түсінгендері бойынша сызбаға қарай отырып, әр бала әңгімелеуді бастамас бұрын ойлануға уақыт беріледі, содан соң олар баяндайды

2-ші тапсырма бойынша өзі туралы мәліметті толықтыру.Өзіндік жұмысты жазбаша орындау және оқыту.

Деңгейлік жұмыстар: 3- ші деңгей. Өзіңді таныстыр. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар: бүгін, есім, оқушы. Сөздіктегі сөздерге екпін белгісін қойып себебін түсіндіріңдер.


2-ші деңгей: Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар; қазір, үй, ұнатамын.

2-ші тапсырмаға диалог құрастыру.

Сынып, даңғыл, көше сөзін буынға бөліп сипаттап беру.


1-ші деңгей : Танысу тақырыбына әңгіме құрастыру.


Қазақ тілі фонетикасы мен орыс тілі фонетикасын салыстыру, өз ойларын жазбаша түрде жеткізу.


Деңгейлері бойынша дайын оқушыдан тапсырмаларды сұрау;

Тірек сызбаға қайта оралу: Сызба бойынша диалог құру.


Сенің аты –жөнің кім?

Менің атым Дима.

Сенің туған жылың қашан?

Менің туған жылым 1996ж

-----------------------------------

---------------------------------

VI. Сергіту сәті: Шеше кеше неше кесе

Сынды кеше


VII. Сабақты қорытындылау: Құрған диалогтарын оқыту:

Бүгінгі сабақ не жайлы болды? Сұраққа жауап алу.


VIII. Үйге тапсырма: Өзі туралы монолог айту.Сөздік жаттау.

IX . Бағалау.














Сабақтың тақырыбы: Ертегілер елінде


1. Сабақтың мақсаты:Білімділік: Ертегілер жайлы түсініктерін кеңейту, ертегіні оқуға, айтып, тыңдай білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту арқылы есту, тыңдау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Ертегіге ,тілге деген қызығушылықтарын ояту, жақсы тәлім тәрбие беру.


2. Сабақтың

түрі: аралас


3. Сабақтың

әдіс- тәсілі:оқу,тыңдау, сұрақ-жауап.


4. Жұмыс формалары:топтық, жұптық,жекелей.


5. Көрнекілігі:ертегі, оқулық, тақта.

Сабақтың барысы:


I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа дайындау, олармен сұрақ- жауап алысу.


II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Ертегіні білу, оқу арқылы тілдің сан қырына үңілу, тілге қызығу оны сүйіп оқу.


III Үй жұмысын тексеру: монолог, сөздерді жаттау.


IV Сабақты түсіндіру: Ертегілер туралы түсіндіру

Ертегіні оқу.

Сөздік жұмыс

Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс.


V Сабақты пысықтау: Ертегі халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Ертегіні ертеде өздері ойлап тапқан, бір- бірііне айта жүріп солай тараған.Ертегі айтуға оңай , адамды ойға, қиялға батырады, оны біз ертегіні тыңдағанда жақсы сеземіз.

Қане балалар қандай ертегіні білесіңдер? Ертегі сендерге ұнайма? Көбіне кімдер айтады?

Оқушыларға Ай мен Күн туралы ертегіні оқып беру, оның мазмұнын айту.Оны кезекпен оқыту. Әр қушыға сөздікті пайдалана отырып бір, екі сөйлемнен аудару. Тақтаға таныс емес сөздерді жазып қою, не туралы екенін оқушылар өз сөздерімен айту.


VI Сергіту сәті. Ән шырқау. Жазда атамның ауылына

Барып едім қыдырып

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнап жүгіріп

Қошақаным қайда екен

Шекер ме екен бал ма екен.

Өлеңнің әнін дауыстап үйрету.


VII Оқулықпен жұмыс: 1-ші тапсырма бойынша жұмыс жүргізу.

2-ші тапсырмадағы мәтінді оқыту, оны сөздіктің көмегімен аудару.

Мәтінге жоспар құру, өз түсінгендерін жазу.

Тақтаға оқушылармен бірігіп жоспар жазу. Жоспармен өз ойларын жазу, оқыту.

3-ші тапсырманы оқыту, тән дыбыстарды дұрыс оқу, осы сөздерді аудару.Осы сөздермен сөйлемдер құрау үш, төрт сөйлем тақтаға жазу.


Тақтадағы мына сөздерге фонетикалық талдау жасау.Өркениетті, әдепті, еліміз, тәуелсіз мемлекет.


VIII Сабақты қорытындылау: Ертегі дегеніміз не? Қосымша 1-ші тапсырмаға жауап айту, жоғарыдағы дайындықтары бойынша.


IX Үйге тапсырма: ережені оқу, тақырыпқа байланысты бес сөйлем жазып келу.


X Бағалау.



















1. Сабақтың тақырыбы : Аялдама


2. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тақырып бойынша оқушылардың білімдерін ашу, оқыту, үйрету, сөйлету жолында жұмыстар жүргізу.

Дамытушылық:Олардың ой- өрісін, сөйлеу әрекетін қалыптастыру,сөздік қорын көбейту.

Білімділік:Оқушылардың сөйлеу әрекетіне көңіл бөлу, оларды мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру.


3. Сабақтың

түрі: аралас


4. Сабақтың

әдіс-тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ-жауап


5. Жұмыс формалары:топтық, жұптық, жекелей

6. Көрнекілігі: сөздікдәптері, тақта, оқулық, карточка.


Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, олардың сабаққа дайындығын сұрау, аздаған пікір бөлісу.


II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Аялдама- остановка. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысу, көпшілік жерде қалай сөйлеу керектігін үйрену, күнделікті өмірдегі адамның сөйлесуі.Оқулықпен жұмыс жүргізу.


III Үй жұмысын тексеру: Ережені айту, бес сөйлем оқу.


IV Жаңа сабақты түсіндіру: Сөздік жұмыс.

Диалог оқыту.

Сөздік диктант

Карточкамен жұмыс

Сергіту.

V Сабақты пысықтау: Жаңа сөздермен танысу: аялдама- остановка

Айналайын- милый

Бақытты бол-будь счастлив

Орын- место

Сөздерді оқытып, олармен сөз тіркесін құрау; мысалы: аялдама алыста, айналайын балам, сен бақытты бол, мынау орын.

Жаңа сөздерді дәптерлеріңе жазып алыңдар.

Оқулықтағы аялдамада диалогын рөлге бөліп оқыту. Оқып болған соң 10 мин, дайындалу өз беттерінше содан соң жатқа рөлге бөлініп айту.

Автобуста дайындалу, жатқа айту.Оны орысшаға аудару.

Сөздік диктант: Сәлеметсізбе, сіздің, өзімнің, екеуміз, өтінемін, атың, ермегіміз, үнемі, әрине, ұяның, ұяң, тәртіпті. Осы сөздерді дауыстап оқып жаздыру. Оқушының қасына барып қателерін тексеру.

Оқушыларға карточка үлестіру. Мен бүгін бір........ таныстым. Ол маған........айтты.Біз екеуміз..........Біздің үйлеріміз ........алыс амес.Екеуміздің........қуаныштымын. Мен.........қуаныштымын.

Керекті сөздер: атын, баламен, мектептен, қаладанбыз, танысқаныма,ермегіміз.

Оқушыларды бір- бірден отырғызу.

Оқулықтағы 2-ші тапсырманы орындау.


VI Сергіту: Жұмбақ оқу: Үш көзі бар қырағы

Кезек ашып, жұмады.

Өтеріңде көшеден

Бұйрық беріп тұрады. ( бағдаршам).

VII Сабақты қорытындылау: Балалар біз көшеде неден сақ болуымыз керек? Көліктен. Автобуста кімге орын беруіміз керек? Үлкен адамға.

Балалар біз бүгін жұппен жұмыс жүргіздік, яғни рөлге бөліп оқыдық.

Жекелей жұмыс бұл сендердің бүгінгі сөздік диктант, карточкаларың.

Топқа бөлініп жұмыс болмады бірақ, бәрің сабаққа қатысып отыруға тырысу керек, келесіде топтық жұмыс жүргіземіз.


VIII Үйге тапсырма: Дәптердегі жазылған жұмыстарға дайындалу.Сөздер жаттау.

IX Бағалау.





















1. Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ


2. Сабақтың мақсаты. Білімділік : Оқушылардың алған білімдерінің нәтижесін бақылау, есту, дұрыс жазу қабілетін қадағалау.

Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін ұлғайту және тілдің қасиетін ұғындыру арқылы қатесіз жазуына жол ашу.

Тәрбиелік:Оқушыларды тілді сыйлауға құрметтеуге үйрету, тілдің сан қырлылығын сезіндіру.


3. Сабақтың

түрі: .Диктант


4. Сабақтың

әдіс- тәсілі: мәнерлеп оқу, тыңдату, анық есту.


5. Жұмыс формалары: жекелей


6. Көрнекілігі: қиын сөздер, тақта, дәптер.


Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа дайындау

Кабинетті жабдықтау.Олармен сұрақ- жауап алысу.

II Сабақтың мақсатымен танысу:

Сендердің білімдеріңді тексерумен қатар, білімдеріңді толықтыру, есте сақтау қабілеттеріңді ұлғайту.


III Сабақты түсіндіру: Тақырып үш қайтара мәнерлеп оқылады.

Тақтаға таныс емес сөздер жазылады.

Бүгінгі күнді, тақырыпты дәптерлеріне жаздырып қою.

Мәтінді не туралы екенін әңгімелеу.

Сергіту сәті:

IV Сабақты пысықтау: Мұғалім үш рет оқып болған соң, оқушыларды тақтадағы таныс емес сөздерді дауыстап оқытады.

Абзацқа бөліп мәтіннің мазмұнын айту.Оқушылардан сабаққа дайындықтарын тағы бір сұрап өту. Мына мәтін не туралы дедім қане кім айтады өз сөзімен? Қысқаша түрде. Сұрақ- жауап.

Енді дәптерлеріңдегі таза жолдан жазуды бастаймыз. Мұғалім бірінші сөйлемді дауыстап оқиды. Бәрі жазуды бастайды.


V Сабақты қорытындылау: Қосымша тапсырма беріледі: 5 сөзге фонетикалық талдау.

VI Үйге тапсырма: қайталау.Өткен тақырыптарды толық қайталау.





1. Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым


2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: Отбасы мүшелерімен таныстыру,оларды атай білу және жаңа сөздер арқылы сөйлем құрай білу.Үндестік заңы мен танысу.

Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты тіл байлықтарын сөйлеу әрекетін дамыту.

Тәрбиелік: Туған туысты, үлкенді сыйлауға кішіні құрметтеуге баулу.


3. Сабақтың түрі: жаңа сабақ


4. Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап.


5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.


6. Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреті, сөздер, тақта.


Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Кабинетті дайындау. Оқушыларды сабаққа ыңғайлау, сабаққа дайындықтарын сұрау.


II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Отбасы мүшелерін білу, олармен сөйлем құра білу, үлкенді сыйлап кішіні құрметтей білу.


III Жаңа сабақты түсіндіру: Үндестік заңы мен танысу.

Сөздікпен жұмыс

Отбасы мүшелерін таныстыру

Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті.

IV Сабақты пысықтау: Үндестік заңы- Закон сингармонизма. Қазақ тілінің сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, әже, шеше, әке.Сөздің соңғы буыны жуан болса оған жуан қосымша жалғанады.Мысалы: ата-лар, ана- лар. Сөздің соңғы буыныжіңішке болса, оған жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: әже-лер, әке-лер.


Сөздермен танысу: Сөздерді өз беттерімен үш қайтара оқып шығады. Содан дауыстап оқиды, әр оқушы оқиды да дәптерлеріне жазып алады.


Тақтадағы суретке қарай отырыпотбасы мүшелерін дауыстап атау, оқушыларға оқыту, таныстыру. Осы сөздермен сөз тіркесін құраймыз.

Сөз тіркестерін оқушылар атайды, бір бала тақтада жазады, қалғандары дәптерлеріне жаза отырады. Мысалы: атам зейнеткер, менің әкем.


Суретке қарап отырып шағын әңгіме құрау.Өздері дәптерлеріне орындайды, болған соң дауыстап оқиды. Мұғалім қатесі болса қарап шығып, қосымша тапсырма беру: үш , төрт сөзге фонетикалық талдау тақтаға үш оқушы орындайды.

Оқулықпен жұмыс: 2- ші тапсырма бойынша өздері диалог құрайды да, төрт, бес сөйлемнен , сол арқылы бірімен бірі рөлмен сөйлесу. Мұғалім дәптерін қарап шығады.

Ереже дәптерлеріне ережені жазып алып жаттаулары керек.Әр оқушыға ережені оқыту.


V Сергіту: Ана туралы өлең оқу.


4-ші тапсырманы орындау, дауыстап оқу, аудару.


VI Сабақты қорытындылау: Ережені үш оқушыдан тағы сұрап шығу. Бүгінгі отбасы мүшелерін суретке қарап атаңдар. Үш оқушы сөздерді оқиды.


VII Үйге тапсырма; 5- ші тапсырма . Сөздерді жаттау, ережені жатқа айту.

Бағалау.



























1. Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері


2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: Отбасы мүшелері туралы әңгімелеу, оқыту, тақырыпқа байланысты жазбаша, ауызша жұмыстар орындау арқылы білімді нығайту.

Дамытушылық: Тақырып бойынша, оқыту, жазу арқылы олардың сөйлеу әрекетіне жол ашу.

Тәрбиелік: Олрды татулыққа, ойға жүйрік болуға, ізденімпаз болуға баулу.


3. Сабақтың түрі: аралас


4. Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап


5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.


6. Көрнекілігі: сөйлем құрау, сөздер, тақта


Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу ауа- райы, күз туралы аздап әңгімеге шақыра отырып ойларын сабаққа аудару.


II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Осы тақырып бойынша білімдеріңді молайту, есте сақтау қабілетін арттыру, отбасында тату болуға үйрету.


III Үй жұмысын тексеру: Ереже, Үндестік заңына байланысты, жаңа сөздерді сұрау.


IV Жаңа сабақты түсіндіру: Мақалды талдау

Мәтінмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс

Тірек сызбадағы сөздер

Сергіту

V Сабақты түсіндіру: Балалар отбасын әдетте үш тұлға құрайды: әке, ана, бала.

Ендеше мына мақалға назар аударайық:

Әке- асқар тау,

Ана-бұлақ,

Бала-құрақ.

Осы мақалдың мағынасын қалай түсінеміз? Әке тау сияқты мықты, биік қорған. Ана су тәрізді өмірдің нәрі. Бала- тауда ағып жатқан су жағасындағықұрақ (шөп ) сияқты, яғни бала ананың қамқорлығымен өседі.


Мәтінді өзара оқып шығады, көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып көшіріп жазу. Оны жазып болған оқушылар аударады.

Мәтінге сұрақ қойып өздері жауап береді.

Оқулықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындау. Оқушылар өздері деңгейлікті орындау керек.Орындап болған оқушы жауабын оқиды, айтады, кейбірі тақтаға жазып көрсетеді.

Тақтадағы тірек сызбада мәтін сөйлемдері жазылған, қасындағы екі қатарға, дұрыс, дұрыс емес деген жазуға белгі қойылады + деген, яғни мәтіндегі сөйлемдердің дұрыс дұрыс еместігін анықтау


Екінші тақтаға сөздерді топ-тобымен бөліп жазу.

Кісі есімдерімен адамға қатысты сөздер бөлек теріліп жазылады. Заттық мағналық сөздер. Іс әректті білдіретін сөздер.

Мына сөздерді : Мақпал, Бақытгүл, жағдай, жақсы, біз, Жәнібек,келеді, ата, кеше, ауыл, олар, қуаныш, жұмыс, үй, апа, амандасайын, күтеміз, сәлеметсізбе, ол, барамыз.


VI Сергіту сәті: Анашым

Шет жүрсем сағынарым,

Жабықсам- шағынарым.

Анашым- бір өзіңсің

Табынарым.

VII Сабақты қорытындылау : Деңгейлік тапсырмаларын сұрау: Тақтаға жазып көрсету: Зат есім+зат есім

Сын есім+ зат есім

Зат есім + етістік

Есімдік +зат есім Оқушылар ойланып тақтаға мысалдар жазады, оны дәптерлеріне жазып алады.


VIII Үйге тапсырма: Отбасына байланысты 5 мақал-мәтел жазып келу.

Бағалау.


















1. Сабақтың тақырыбы: Отбасы


2. Сабақтың мақсаты. Білімділік : Отбасы туралы толық әңгімелей білу, дұрыс айтып, жаза білуге дағдылану.

Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс байланыстыруға,диалог және жаңа сөздерді үйрету арқылы олардың сөйлеу әрекетін дамыту.

Тәрбиелік: Отбасында ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.


3. Сабақтың түрі: аралас

4. Сабақтың әдіс- тәсілі: диалог оқыту, түсіндіру.


5. Жұмыс формалары: Топтық, жұптық, жекелей.

6. Көрнекілігі:Отбасы суреті, өлең, тест.


Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды ұйымдастыру, сабаққа ыңғйлау, кабинетті жабдықтау.


II Сабақтың мақсатымен таныстыру. Отбасы туралы толық баяндай білу, жаңа сөздерді білу оны есте сақтау, тату тәтті өмір сүру.


III Үй тапсырмасын тексеру : 5 мақал- мәтел жазып ,жаттап келу.


IV Жаңа сабақты түсіндіру: Сурет бойынша әңгіме.

Тірек сызба

Оқулықпен жұмыс

Тест тапсырмалары

Сергіту

V Сабақты пысықтау: Тақтадағы суретке қарап шағын әңгіме құру. Әр оқушы өз сөйлемдерін тақтаға жазады. Құрған сөйлеміне сұрақ қою.Шағын әңгімені дәптерлеріне жазып алу.Мысалы: мынау менің атам, ол газет оқып отыр. Әжесі немересіне ертегі айтып берді.


Тірек сызба бойынша сөз тіркестерін құру. Мысалы: Отбасы мүшесі, атам отыр, кішкентай іні.


Оқулықпен жұмыс: Өлең оқу. Бір үйде біз нешеуміз?

2-ші тапсырмадағы диалогты оқыту, көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою, диалогты сөздіктің көмегімен аудару.

3- ші тапсырма оқулықтағы сурет бойынша сөйлем құрау, тақтаға орындау.

4-ші деңгейлік тапсырманы орындау.Өзіндік жұмыс. Деңгейлік тапсырманы түсіндіру, топқа бөліп тапсырманы бөліп беру.Тапсырманы оқыту, тақтада жазып, оқып түсіндіру.


Тест тапсырмалары.1. Әсем-Нұрболдың....

Қарындасы

Ағасы

інісі

2.Балам, ата-.....сыйла.

Анаңды

әжеңді

бауырларыңды

3.Өркенің........, балам

өссін

ашылсын

көктесін

4. Келіңіз......шығыңыз

Төрге

Оңға

Ас бөлмеге

5. Атам дастарханға .........берді.

Тамақ

Ақша

Бата.

Таныс емес сөздердің аудармасын тақтаға жазып қою, соның көмегімен тесті орындау.


VI Сергіту сәті: Бармақ санау.

Бас бармақ

Балаң үйрек

Ортан тірек

Шүлдір шүмек

Кішкентай бөбек. Дауыстап айту, кішкене кездерін еске түсіру.


VII Сабақты қорытындылау: Оқулықтағы 1-ші тапсырмадағы өлеңге ораламыз, мәнерлеп оқу кезекпен. Яғни бұл өлең сергіту кезеңін жалғастыру десек болады. Әрқашанда үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуіміз керек, отбасында, өмірдеде тату жүруіміз керек.


VIII Үй тапсырмасы: Өлеңді жаттап алу.Іні, қарындас, сіңлі сөздерінің мағынасын жазып келу.


Бағалау.








1. Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы дәстүрлер.


2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: Отбасының мүшелерінің тұрмыс тіршілігі, дәстүрі туралы тереңірек білу, ұғындыру .

Дамытушылық: Отбасы дәстүріне байланысты сөйлемдер, диалог және басқа амал тәсілдер арқылы, тіл байлығын молайту.

Тәрбиелік: Отбасы дәстүрлерін сақтау, татулықты, бейбітшілікті сақтауға баулу.


3. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

4. Сабақтың әдісі: түсіндіру, оқыту, қызықтыру.


5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.

6. Көрнекілігі: Олардың тұрмыс тіршілігі суреті, оқулық.


Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын сұрау, олармен ауа райы, жыл мезгілдері туралы аздаған 5-7 мин әңгіме жүргізу.


II Сабақтың мақсатымен таныстыру: дәстүрлер туралы әңгіме ете білу, ол үшін сөйлемдерді аудару, диалог оқу, сөздер, бізге көмегін тигізеді.


III Үй тапсырмасын тексеру: Өлең оқу.Оқушылардан үй тапсырмасын сұрап шығу.

IV Жаңа сабақты түсіндіру. Тақтадағы отбасының тұрмысы туралы суретпен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс.

Шағын әңгіме.

Оқулықпен жұмыс.

Сергіту.


V Сабақты пысықтау. Суретке қарй отырып сөйлемдер құрау, оны тақтаға жазу.Осы үлгі бойынша диалог дайындау. өздік жұмыс диалогтарын дайын болған соң оқиды. Бір- біріне сұрақ қою арқылы: мысалы : , менің атам етікші. Ал сенің атаң кім? Менің атам зейнеткер.

Мәтінмен өздері танысып оқи отырады. Оны аудару кезекпен. Мәтінге сұрақ қою. Оқушылар өздері дауап береді. Енді оқушылар мәтіннің мазмұнын айтуға дайындалады.Ақырында осы үлгі бойынша өздері шағын әңгіме жазуға кіріседі. Әңгімелерін оқиды.Мәтінге қарап отырып өз отбасы туралы әңгімелеуге әр оқушы дайын болуға тиіс.

Оқулықпен жұмыста деңгейлік тапсырмаларды орындау, өздік жұмыс.Өз деңгейлеріне байланысты топқа бөлініп тапсырманы бөліп беру.

Тақтадағы мына сөздердің мағынасын ашу: Атаңды ардақта!

Әкеңді сыйла!

Үлкенге құрмет көрсет!

Әр оқушы өз сөзімен түсінгенін айтады, сабақта сөздік дәптерді қарап шығу, оны оқушылар қолдануына болады. Оқушылар дайындары тақтаға шығып тапсырмаларын орындап береді.

Тақтадағы мәтелді дәптерлеріне жазып алу.


VI Сергіту сәті: Сөздік дәптерді қолдана отырып сөздер жарысы, мұғалім орысша сөздерді атайды оқушылар жауабын береді, өткен тақырыптағы сөздерді естеріне түсіру.


VII Сабақты қорытындылау : Үндестік заңы туралы сұрау , қазақшасын, орысшасын. Оған мысалдар келтіру. Балалар тақтадағы мына сөздерге назар аударыңдар: Сіз деген -сыпайылық,

Сен деген- анайылық,

Біз деген- көмек,

Сіз деген- әдеп.

Балаларға сөздердің мағнасын ашу олар дәптерге түсіреді.Бұдан түсінетіндерің қоғамда, көшеде, отбасында үнемі әдептілікті сақтай білген жөн.

VIII Үй тапсырмасын беру: Отбасы туралы монолог айту.

Бағалау.
























1. Сабақтың тақырыбы: Біздің үй


2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер,мәтін, көрнекіліктерді қолдана отырып, білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Өз пәтерлері туралы айтуға, тілдерін жаттықтыру, ой- өрісін қозғау,сөйлеу әрекетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оларды тазалыққа, сұлулыққа баулу.


3. Сабақтың түрі: дәстүрлі

4. Сабақтың әдіс- тәсілі: әңгімелеу, сөйлемдер құрау, сұрақ- жауап.

5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.

6. Көрнекілігі: Бөлме ,үй суреті.


Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Кабинетті, оқушыларды сабаққа дайындау. Олармен сабақ төңірегінде пікір алысу, 5-7 мин.


II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Өз пәтерің туралы айта білуге үйрену, сөйлеу әрекетіңді дамыту, бөлмеңді таза ұстау, ұқыптылық әдеттерін сақтау.


III Үй тапсырмасын сұрау: монолог айту.


IV Жаңа сабақты түсіндіру Мәтін оқу, суретпен жұмыс жүргізу, жаңа сөздер, сөздік диктант, оқулықпен жұмыс, сергіту.


V Сабақты пысықтау. Жаңа сөздерді оқу, әр оқушыға оқыту, осы сөздермен сөз тіркестерін құру. Сөз тіркестерінен сөйлем құрау.Сөйлемді , сөздерді дәптерлеріне жазып алу .

Сурет бойынша: Балалар мына суретте үйдің суреті және ондағы бөлмелер.

Қәне бөлмелерді атаймыз мына қонақ бөлме мынау жатын бөлме, ал мынау са үй, мынау менің бөлмем, яғнй бұл біздің үй. Біздің үй – наш дом. Балалар қәне жаңағы айтылғанға ұқсас кім өз үйі туралы не айталады? Мысалы Мынау менің үйім, осы сөйлемді тақтаға жазамыз.Әрі қарай оқушылар сөздіктің көмегімен суретке байланысты сөйлемдер айтады. Дәптерлеріне жаза отырады.

Оқулықтағы мәтінді оқу, әр оқушыға түгел оқытып шығу, оны орыс тіліне аудару. Мәтінге сұрақ қою, оған өздері жауап айту.Енді оқулықты жауып, осы мәтін бойынша өз сөздерімен мазмұндама жазулары керек.Мәтін шағын.

Жазып болған оқушы мазмұндамасын дауыстап оқиды, мұғалім қате барма, жоқпа қарап өтуі керек.

Енді 2- ші тапсырма бойынша , оларға түсіндіру, осы сөздерден он сөйлем құрап жазу , тақтаға жазу.өздері қате болса түзеп қоюлары керек.Оқушыларға қиын сөздерден шағын диктант жаздыру, білімдерін нығайту. Мысалы: биік, үй, дәстүр, құрмет, өте, көңілді, тәртіпті, кіші, үлкен, екеуіміз, үні, әпкем, сіңлі, пісіру, сіздің, тату-тәтті, өлең, сағыну, сыйлау, өтініш.Осы сөздерді жазып болған соң аудару, дәптерлерін жинап алу.


VI Сергіту сәті: Оқушылар былай болсын сөздер жарысы, тақырыбы Зат есім, бірінші оқушының айтқан сөзінің соңғы әрпіненекінші оқушы бір сөз айтады, айтылған сөз қайталанбайды, айта алмаса отырады , ең көп оқушылар айтқан топ жеңеді. Тарақ, құс, сағат, тақта, алма, аспан.


VII Сабақты қорытындылау: Сөздерге жалғаулар қосу тақтаға, Сен біздің үй..... кел. Мен мектеп......бара жатырмын. Т.б. дәптерге жазу.


VIII Үй тапсырмасы: Жаңа сөздерді, сөздік диктантты жаттау, отбасы туралы үш, төрт сөйлем.


IX Бағалау.






























1. Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ


2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: Олардың алған білімдерінің нәтижесін тексере отырып, одан әрі білімдерін нығайту.

Дамытушылық: Шығарма жазу арқылы, оқушының ой- өрісін, сөздік қорын ,тіл шеберліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды сезімталдыққа, әсершіл және ой сергектігінің жүйрік болуына баулу.


3. Сабақтың түрі: Нәтиже сабақ

4. Сабақтың әдіс- тәсілі: Оқу, түсіндіру, әңгімелеу.

5. Жұмыс формалары: жекелей

6. Көрнекілігі: тақтадағы сөздер, шығарма.


Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Кабинетті, оқушыларды сабаққа дайындау, олармен аз уақыт әңгіме.


II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Алған білімдерін қорытындыға келтіру және сөздік қорын байыту, сезімталдыққа баулу.


III Жаңа сабақты түсіндіру: Шығарма: Менің отбасым. . Тақтаға қиын сөздер жазу, оның мағынасын ашып беру. Тақырыпқа байланысты ойларын сұрау.


IV Сабақты пысықтау. Тақтаға бүгінгі күнді жазу, шығарма тақырыбын. Менің отбасым. Осы өткен тақырыптар бойынша өз ойларыңды нақты жеткізу.Шығарма алған білімдеріңді өз ойларыңмен, дүниетанымдық көзқараспен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі.Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой пікірі, көзқарасыментерең талдап ойланып жазуы, жүйелі түрде баяндауы.Оның шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Тақырып бойынша өз ойы өз сөзі. Олар оқулықтарын жауып қойып ойлана отырып кедергілер жасамай отырулары керек.Шығарманың көлемі бір бет. Оқушылар сұрай отыруларына болады. Кабинеттегі тыныштықты сақтай отырып шығарма жазуды бастайды.

Сергіту сәті: Жаңылтпаш оқу.


V Сабақты қорытындылау: Шығарма жайлы, оның қалай жазылуы сұрау. Қандай мәселелер қиындау, ой бөлісе отыру.


VI Үйге тапсырма: Шығарманы үйде жалғастыру.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Поурочное планирование уроков по казахскому языку в 5-классе

Автор: Хасенова Мадина Бельгибаевна

Дата: 27.11.2014

Номер свидетельства: 136384

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(170) "Краткосрочное планирование урока русского языка для 3 казахском  классе. Тема: "Добрые слова" "
    ["seo_title"] => string(98) "kratkosrochnoie-planirovaniie-uroka-russkogho-iazyka-dlia-3-kazakhskom-klassie-tiema-dobryie-slova"
    ["file_id"] => string(6) "103812"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1402638094"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Разработка урока казахского языка"
    ["seo_title"] => string(38) "razrabotka_uroka_kazakhskogho_iazyka_1"
    ["file_id"] => string(6) "385370"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1485737015"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "поурочное планирование по русскому языку в 9 классе казахской школы "
    ["seo_title"] => string(74) "pourochnoie-planirovaniie-po-russkomu-iazyku-v-9-klassie-kazakhskoi-shkoly"
    ["file_id"] => string(6) "113930"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1411142378"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(152) "Поурочное планирование по русскому языку 34 урока для казахской школы 3 и 4 четверть "
    ["seo_title"] => string(93) "pourochnoie-planirovaniie-po-russkomu-iazyku-34-uroka-dlia-kazakhskoi-shkoly-3-i-4-chietviert"
    ["file_id"] => string(6) "228117"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1441119480"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(165) "Краткосрочное  планирование уроков  русского языка в 3 классе с казахским языком обучения "
    ["seo_title"] => string(98) "kratkosrochnoie-planirovaniie-urokov-russkogho-iazyka-v-3-klassie-s-kazakhskim-iazykom-obuchieniia"
    ["file_id"] => string(6) "112519"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1408714099"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства