Просмотр содержимого документа
«"Менің отбасым" сабақ жоспары»
Тақырыбы: Менің отбасым.
Мақсаты:
Оқушыларға жаңа сөздерді меңгертіп, оларды ауызекі сөйлеуде дұрыс пайдалана білуге үйрету.
Оқушылардың сөйлеу әрекетін . қазақша ойлауын, қиалын дамыту.
оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын артырып, отбасы мүшелерін сыйлауға тәрбиелеу.
Оқыту әдістері:
Аударма, түсіндіру, сұрақ- жауап.
Пәнаралық байланыс:
Орыс тілі.
Сабақтың көрнекілігі:
Плакат, отбасы суреті, слайд көрсету.
Сабақтың барысы:
1Ұйымдастыру.
Амандасу. Түгендеу.
IIҮй тапсырмасын сұрау:
6 сыныпта өткен отбасына байланысты сөздерді еске түсіру.
( Ата, әже, шеше, әпке, аға)
IIIЖаңа сабақ
Сурет бойынша жұмыс жасау.
1 слайд Отбасы.
Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар? Кәне сурет бойынша жұмыс жасайық.
Мынау менің отбасым. Отбасымда алты адам бар. Олар: Әжем, атам, әкем, шешем, інім және мен. әжем 60 жаста, атам 62 жаста, әкем 40 жаста, шешем 35 жаста, інім 5 жаста мен жетінші сыныпта оқимын. Атам мен әжем әкемнің ата- анасы. Біздің отбасымыз ауылда тұрады. Мен өз отбасымды өте жақсы көремін.
2. Жаңа сөздерді мәңерлеп оқу.
2 слайд жаңа сөздер.
Маман- специалист
Өндіріс- производство
Ауыл шаруашылығы- сельское хозяйство
Аралас- смешанный
Думан- праздник
Зейнеткер- пенсионер
Нағашы- родственник по материнской линии
Шымыр- сухопарый
Аққұба- белолицая
Ұста- кузнец
3.Жаңа сөздерден қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып, дәптерге жазу.
Слайд бойынша көрсету.
3 слайд
Өндіріс.
Ө- дауысты, жіңішке,еріндік, ашық.
І- дауысты, жіңішке, езулік, қысаң
Нағашы.
Ғ- дауыссыз, ұяң.
Аққұба.
Қ- дауыссыз, қатаң.
Ұста.
Ұ- дауысты, жуан, еріндік, қысаң.
IV Мәтінмен жұмыс. Біздің отбасымыз.
Мәтін туралы слайд көрсету.
4 слайд
1. Мәтінді мәнерлеп оқу.
2. Мәтінен жаңа сөздерді теріп жазу.
Өндірісте, ауыл шаруашылығы, шымыр, аққұба, нағашы, зейнеткерлер, ұста, думан.
3.Оқушылар мәтінді оқи отыра, бір- біріне сұрақтар қояды. Сұрақ- жауап.
1. Отбасында неше адам бар?
Отбасында алты адам бар.
2. Қанат нешінші сыныпта оқиды?
Қанат жетінші сыныпта оқиды.
Отбасында басшы кім?
Отбасында басшы - әкем.
Ол қайда жұмыс істейді?
Ол өндірісте жұмыс істейді.
Жасы нешеде?
Жасы 45-те.
Неше атаң бар?
Екі атам бар.
Сен отбасынды құрметтейсіңбе?
Мен өз отбасымды құрметтеймін.
VСергіту сәті.
Бас бармағым- атам- үйдің данасы.
Балалы үйрек-әжем- ошақ анасы.
Ортан терек- әкем- отау панасы.
Шылдыр шүмек- анам- шаңырақ ажары.
VI. Дыбыстық талдау « Отбасы» деген сөзге.
О- дауысты, жуан, еріндік, ашық.
Т-дауыссыз, қатаң.
Б-дауыссыз, ұяң
А-дауысты, жуан, езулік, ашық
С- дауыссыз, қатаң.
Ы-дауысты, жуан, езулік, қысаң.
Үш буынды сөз.
От-тұйық буын, ба-ашық буын, сы-ашық буын. ( 1 тұйық буын, 2 ашық буын). 6 дыбыс.
Ұстаз.
Ұ- дауысты, жуан, еріндік, қысаң.
С- дауыссыз, қатаң
Т-дауыссыз, қатаң
А- дауысты, жуан, ашық, езлік.
З- дауыссыз, ұяң.
Екі буынды сөз. Ұс-тұйық буын, таз- бітеу буын. ( 1 тұйық буын, 1 бітеу буын) 5 дыбыс
VII. Оқулық бойынша жұмыс жасау.
4 – ші тапсырма. Тәуелдік жалғауын жазу.
Менің атым, сенің есімің, оның отьасы, сенің әке- шешең, менің ағам, оның інісі, біздің әжеміз, оның әкесі, менің қарындасым, оның сіңілісі, сіздің құрбыңыз, оның балалары, менің үйім.
VIII. Оқушыларға сұқбат құрғызу.
Сенің отбасын үлке бе?
Менің отбасым шағын.
Отбасында неше адам бар?
Отбасымда алты адам бар.
Сенің ата- анаң қайда жұмыс істейді?
Менің ата- анам мектепте жұмыс істейді.
Сенің атаң, әжең бар ма?
Менің атам, әжем бар.
IX Бекіту. Әр оқушыға тапсырма. Отбасы туралы мақал- мәтелді мәнерлеп оқу.
5 Слайд.
Ата- бәйтерек,
Бала- жапырақ.
2. Ата- анаңның ақылы сарқылмайтын көлмен тең.
3. Ана жақсылығын
Ауырсаң білесің.
4. Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңілі өсер.
5-ші тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерге сұрақ қойындар.
1. Менің атым- Анар.
Сенің атың кім?
2. Менің отбасым бар.
Сенің отбасын бар ма?
3. Отбасым үлкен.
Отбасын қандай?
4. Менің атам, әжем бар.
Сенің атаң. әжең бар ма?
5 Олар – зейнеткерлер.
Олар кімдер?
6. Әке- шешем жұмыс істейді.
Әке , шешең жұмыс істейді ме?
7. Менің отбасым тату тұрады.
Сенің отбасың қалай тұрады?
Оқушылардың отбасы туралы алған білімін тест арқылы тексеру.