Сабақтың басы 5 минут | Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады. Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл- күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады. | жағымды әуен, А4 парақшалары |
Сабақтың ортасы 30 мин | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «байлық» ұғымына қатысты ассоциаграмма құрғызады. 1. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. 2. Мәтіналды жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1, 3-тапсырманы орындатады. Диаграмма толтырады, сөздерді кесте бойынша топтап жазады. Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады. Айтылым. «Байлық деген не?» тақырыбында өз ойын айтады. 3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тап- сырманы орындатады. Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5, 10-тапсырманы орындатады. Жазылым. Мәтіндегі қара қаріппен жазылған сөздерді сөздік дәптеріне жазады, екі кейіпкердің мінездерін сипаттайды. Б) Оқылым Айтылым. Оқулықтағы 7, 8-тапсырманы орындатады. 4. Сергіту сәті. «Оймоншақ» ойынын ұйымдастырады. Топқа бөледі. Әр топтағы оқушылар кезек-кезекпен бір сөйлем айтып, мәтін құрайды. 5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 12-тап- сырманы орындатады. Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру 13, 15-тапсырманы орындатады. Топтық жұмыс. «Аквариум» тәсілі бойынша сахналық көрініс (11-тапсырма) дайындауларын сұрайды. Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 14-тапсырманы орындатады. «Ассонанс» ойынын ұйымдастырады. Әр жұптағы оқушылар «Денсаулық — ең үлкен байлық» тақырыбында бірнеше сөйлем құрайды. Үш минуттың ішінде қай жұп көп және мағыналы сөйлем құраса, сол жұп жеңімпаз болады. | интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, өзара бағалау парағы, желімқағаздар. |
Дифференциация – Сіз оқушыларға Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) |