МК, Ұ) Жаңа сөздерді сурет арқылы, анықтама беру арқылы меңгерту Сөздік жұмысын жүргізу. .Оқушылар мұқият тыңдап,сонан соң қайталайды.Қазақ әліпбиінде тән дыбыстармен фонетикалық жұмыс жүргізіледі. күз-осень қазан-октябрь қыркүйек-сентябрь қараша-ноябрь «Сұрақты ұстап ал» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру. 1.Қандай киім түрлерін білесің? 2.Күзде қандай киім киесің? 3.Басыңа не киесің? 4.Қолыңа не киесің? 5.Аяғыңа не киесің? 6.Үстіңе не киесің? Топтық жұмыс 1-топ: 1-тапс.Сурет бойынша бұл қай жыл мезгілі екенін әңгімелеу. 2-топ.. Мәтінді түсініп оқып, аудару. Мәтінді оқыңыз; Мәтіннен одағайларды тауып, тыныс белгісін қойыңыз; .Күз-жыл мезгілдерінің бірі.Күз айлары-қыркүйек,қазан,қараша.Күзде жапырақтар сарғаяды.Егін орылады.Жеміс-жидек жиналады.Күз мезгілі тамаша! Мәтінді оқыту,аудару.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру: -Жылдың неше мезгілі бар? -Күз айлары қандай? -Сен қандай жыл мезгілін жақсы көресің? 3-топ. «Топтастыру» әдісі Күз және Жапырақтарды қызыл, сары, жасыл, қоңыр түстерге бояу. Бағалау: Әткіншек әдісі арқылы бағаланады Тыңдалым. Бүгін – бірінші қыргүйек. Қыргүйек- күздің бірінші айы. Күзде күн райы өзгереді. Күн салқындайды, жапырақтар сарғаяды. Күзде сабақ басталады. Биыл Әлібек үшінші сыныпқа барады. Қанат пен Әлібек бір сыныпта оқиды. Олар – сыныптастар. . (Т) Оқылым. Жұптық жұмыс. Алдымен оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып, мазмұнымен танысады. Оқулықта берілген сөйлемдерді 3 сөйлемнен бөліп беру. Жұптар өздеріне берілген сөйлемдерге сұрақ құрастырады. Оқылым мәтіні Мен үшінші сыныпқа барамын. Менің сыныбымда он ұл, он екі қыз оқиды. Бұлар – менің сыныптастарым. 2-топ: Бұл- Әнел. Мына сыныптасымның аты – Саша. Менің сыныптастарым әдепті, ақылды.Олар табиғатты жақсы көреді. Сосын топтар сұрақтарымен ауысып, бір-бірінің сұрақтарына жауап береді. Жұптар бір-бірін комментарий айту арқылы бағалайды. Кері байланыс «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды. (МК,Ұ) Грамматикалық қоржын Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беру. «Сынып» сөзіне «-тас» қосымшасын жалғағанда, сөздің мағынасының өзгергендігін, жаңа сөз пайда болғандығын түсіндіру. Ал «-ым» қосымшасының меншілікті көрсетіп тұрғандығын айту. Менің сынып+тас+ым | Менің сынып+тас+тар+ым | Сенің сынып+тас+ың | Сенің сынып+тас+тар+ың | Оның сынып+тас+ы | Оның сынып+тас+тар+ы | Оқушылар екі қатарға тұрып, бір сөзді жекеше және көпше түрде айтады. Менің досым-Менің достарым. Менің ағам- Менің ағаларым. Бір-біріне қарсы тұрған оқушылар «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады. Сұраққа «Иә (жоқ)» деп жауап бере алуды және түс атауларын емес сөзімен қолдануды үйренеді. -Алма қызыл ма? -Иә, қызыл. -Гүл қызыл ма? -Жоқ, қызыл емес, сары. . «Есте сақта!» айдарымен берілген кесте бойынша көптік жалғауы қайталанады. Құс – құстар Ағаш – ағаштар Жапырақ – жапырақтар (Ж) Айтылым. Сурет бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, әр оқушы жұбына бір сөйлемнен айтады. Менің сыныптасым күз мезгілін жақсы көреді/ұнатады. Сөйлем үлгісі тақтаға жазылады. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар бұл сөйлемді жалғастырып, неліктен жақсы көретінін түсіндіріп айтады. Менің сыныптасым күз мезгілін жақсы көреді, себебі күзде жемістер піседі. Әр оқушы, «Шапалақ» әдісі арқылы бағаланады. (Т) Айтылым. Оқушылар 3 топқа бөлініп, «Сабақ басталды» тақырыбы бойынша ауызша мәтін құрастырады. «Ой бұлты» әдісін қолдану.Топқа ақ парақ беріледі. Топ мүшелері бірлесіп, берілген тақырып бойынша сөздер мен сөз орамдарын қағазға түсіреді. Сол сөздер негізінде 5 сөйлемнен тұратын мәтін құрап айтады. Топтар жауаптарын дескриптор бойынша бағалайды. Дескриптор: Сөздерді дұрыс байланыстырады. Тыңдаған топтардың кері байланысы. Сұрақтарға жауап беріңіз: 1. Көріністің идеясы қандай? Топ оны қаншалықты жеткізе алды? Себебін түсіндіріңіз. 2. Одағайлар мағынасына сай қолданылды ма? Себебін түсіндіріңіз. |