Сабақты Ұлы Отан соғысы мен әдебиетті байланыстыратын суреттен бастау.(ой қозғау) Интербелсенді тақтаға көңіл бөлейік. Оқушылыар суретке қарап бүгінгі сабақтың тақырыбын, Ұлы отан соғысы кезіндегі әдебиет өкілдерін атау керек 1.тапсырма. Кім дұрыс сұрақ қояды «Бәйге» бөлімі оқушылыар білім сандықшасынан жауапты алып топтарына сол жауапты сұрақ ретінде қою. 1. «Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытам... Зытып келе жатқаным, қашып келемін. Артыма қарай беретінім, қорқып келемін...». 2. 1942 ж 3. Жалынды жырымен қала қалқын оятатын... 4. «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінуге жер жоқ,артымызда- Мәскеу» 5. Ол-алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін - өз қадірі, өз қадірі - ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. 6..1945 жылы 16 сәуір – 1945 жылы 2 мамыр 7.Екі жыл төрт айдан астам уақытқа созылды. 8.3,5 мың адам 9. Біздің лицейде ол кісінің атында арнайы атаулы кабинет бар. 2. «Жеке тұлғалар» сөйлейді.Топ оқушыларына жек тұлғалардың суретері беріледі. Суреттің соңында тарих және әдебиетке қосқан үлестері туралы, анықтау. Қ.Қайсенов Қазақстан тарих | Қазақ әдебиеті | | | 3 тапсырма Пікір жарысы бөлімі ( Б.Момышұлының нақыл сөздерін аяқта ) * «Шындық әрқашанда жеңеді,бірақ кешігіп жүреді.» ( Б.Момышұлы.) *«Қорықпайтын адам болмайды,бірақ ақылмен қорқынышты ,үрейді жеңген адам батыр» (Б.Момышұлы.) * «Анадан ешкім батыр болып тумайды.» (Б.Момышұлы.) * «Ұрыста тәуекел ету де – ерлік.» (Б.Момышұлы.) * «Намысты нанға сатпа» (Б.Момышұлы.) *Әскерсіз-қолбасшы қауқарсыз, басшысыз-әскер қауқарсыз (Б.Момышұлы.) 4 тапсырма Поэзия сәті бөлімі (шығармашылық жұмыс) 1 топ Ақын ойы | Менің ойым | Өзге емес, өзім айтам өз жайымда, Жүрегім жалын аткан сөз дайында. Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді Тербетіп, тулатып бір қозғайын да… Шарлаған жолым жатыр жер бетінде, Көрінер көлеңкесі келбетімде. Қай жерде үзіледі қайран сапар, Түйін боп өмірімнің бір шетінде? Сен неткен бақытты едің, келер ұрпак, Қараймын елесіңе мен таңырқап. Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде, Көрпемді мен жатармын қырда қымтап | | 5 тапсырма Қазақстан тарихы «Ұлы Отан соғысы кезіндегі майдандағы Қазақстандықтардың ерліктері» бөлімі сәйкестендір 1942 -1943 жж | Мәскеу шайқасы | 1998 ж | Ленинград шайқасы | 1941-1943 жж | Сталинградшайқасы | Бородино селосында неміс бөлімінің штабына кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойды | Б.Бейсекбаев Қазақстанның Халық Қаһарманы атағы берілді. | Ол басқарған автоматшылар тобы жау танкісін жойып,бөлімшелерін жау қолынан алып шықты | Б.Момышұлы | 1941 ж 30.09-1941 ж 6.12 | Р.Қошқарбаев | 1990 ж қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыр атағы берілді | М.Ғабдуллин | Булатовпен бірге рейхстаг терезелеріне алғашылардың бірі болып Жеңс туын тіккен | Т.Тоқтаров | 6 тапсырма «Суретте» 1 топ Әбу Сәрсенбаев Солдат Шинелі Советтер Одағының Батыры Қадыран Туғанбаевқа Уа, сұр шинель, сұрапыл кезеңдерде, Өрт кешіп талай хутор, селендерде, Жасқанбай жауған оққа қарсы ұмтылып, Сен кешкен жүздік дүлей өзендерде. Тобырсып тобығымнан сорғалап су, Сіресіп сыртында мұз, Бұрқырап бу, Жат жерлікті жапыра ілгері озып, Кезекті ердің үстіне орнаттық ту. Кейде жаудың сыртына кеттік өтіп, Төкседе оқ боранын нөсерлетіп, Жел қағып желкілдеген етегіңді Минаның жарқыншағы жатты тесіп. Жерім жоқ бас сауғалап, жан қорыған, Кейде "тіл" алып қайттық жау орынан, Жүзім суық, Түсіндей сұрғылттанды, Көзімде түн күзетіп жол торыған. Көзіне батыл қарап сұм ажалдың, Сескенбей мен әрқашан алға бардым, Солдаттық көкрегіме қалқан боп сен, Жүрегімді қатерден қорғап қалдың. Жүргенде намыс отын оқпен көсеп, Болдың сен әрі жастық, әрі төсек, Көзге ұйқы тығылса қар үстінде Қалғыдым етегіңді астыға төсеп. Автоматты төсіме қысып жардай, Жата кетсем бүрісіп бойым жазбай, Денемді сен қыздырып сала бердің, Жардың жібек көрпесін жамылғандай. Уа, сұр шинель, сұрапыл кезеңдерде, Жүзерміз әлі талай өзендерде, Жат жерлікті жайратып, азаттықтың Тігерміз туын талай селендерге. Ворошиловград, 1943 Қасым Аманжолов. Үстімде сұр шинелім Үстімде сұр шинелім, Ақсаңдай басып келемін. Қанды қырғын, қызыл от, Қаптап жүр ажал дегенің. Үстімде сұр шинелім, Ақсаңдай басып келемін. Қағып -соғып жығар ма Оңайлықпен мен өлім. Үстімде сұр шинелім, Ақсандай басып келемін. Баяғы Қасым, бір Қасым, Баяғы күйім,өлеңім. Үстімде сұр шинелім, Ақсандай басып келемін. Ұмытса да достарым, Ұмытар ма мені елім. С. Мауленов Сұр шинель Ызғарынан боранның Тұрғанында суып күн, Өзіңді мен орандым, Денемді сен жылыттың. Жаттым жердің қойнында Аңыздағы алыптай. Кейде жүрдің мойнымда Асып алған қамыттай. Кейде сені төсендім, Кейде сені жастандым. Төнді апат, неше өлім, Тиді оғы қас жаудың. Снарядтар шұрқ тесіп, Жаралады сені де. Кетпей қойды бұлт кешіп, Көміп топан желіне. Тағдыр қара түн болды, Кештік қанды бір жолды. Жорықтарда жаныма Сенен жақын кім болды?! Болды күндер тамұқтай, Өңіріңе қан қатты. Қорғап қалдың сауыттай Ажалдан сен солдатты. 6 тапсырма Сандар сөйлейді. Мына сандарға қарап мәлімет беру 1941ж. 22. 06 - (Ұлы Отан соғысы басталды) 61 - (Екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан елдер саны) 11,600 - (Кенес одағының батыры) 500 - (Қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағын алды) 1910-1982 жж - (Бауыржан Момышұлы өмір сүрген жылдар) 1945 – 9 .V - (Ұлы Отан соғысы аяқталды.Ең алғаш парад болды) 1940.18. 12- (Гитлер КСРО -ны жаулап алу үшін Барбаросса жоспарын жасады.) 7 тапсырма Өзін-өзі бақылау тест тапсырмасы Топ 1. Германияның қауырт соғыс жоспары аталды: A). Арбайтегемайншафт Түркістан B) Шлиффен. C) Остланд. D) Үлкен Түркістан E) Барбаросса Дұрыс жауап: А 2. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда жоғары оқу орындар саны: A) 20 жоғары оқу орны. B) 30 жоғары оқу орны. C) 40 жоғары оқу орны. D) 50 жоғары оқу орны. E) 60 жоғары оқу орны. Дұрыс жауап: А 3. Жамбыл Жабаев«Ленинградтық өренім!» өлеңін жазды: A) 1941жылы. B) 1937жылы. C) 1927жылы. D) 1924жылы. E) 1918жылы. Дұрыс жауап: А 4. Қ.И Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік сыйлық берілді: A) 1942ж. B) 1938ж. C) 1933ж. D) 1937ж. E) 1946ж. Дұрыс жауап: А 5. Мәскеу түбінде генерал-майор И.В Панфилов қолбасшылық еткен даңқты дивизия: A) 316-атқыштар дивизиясы. B) 314-атқыштар дивизиясы. C) 318-атқыштар дивизиясы. D) 317-атқыштар дивизиясы. E) 312-атқыштар дивизиясы. Дұрыс жауап: А 6. Қазақ ғылым академиясы ашылды: A) 1942ж. B) 1938ж. C) 1933ж. D) 1937ж. E) 1946ж. Дұрыс жауап: Е 2-топ 1. Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Костяның шын есімі кім? A) Қайырғазы. B) Қайырбек C) Қайрош D) Қайырлы E) Қайырхан Дұрыс жауап: С 2. Берлин операциясының басталған уақыты: A) 1941 жыл 16 сәуір. B) 1942 жыл 16 сәуір. C) 1939 жыл 16 сәуір. D) 1944 жыл 16 сәуір. E) 1945 жыл 16 сәуір. Дұрыс жауап: Е 3. Баубек Бұлқышевтің «Шығыс ұлына хат» шығармасы қандай стиль түрінде жазылған? A) ресми стиль B) ғылыми стиль. C) публицистикалық стиль D) көркем әдеби стиль E) ауызекі сөйлеу стилі Дұрыс жауап: А 4. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақстандықтар саны: A) 800-ге жуық. B) 900-ға жуық. C) 700-ге жуық. D) 600-ге жуық. E) 500-ге жуық. Дұрыс жауап: Е 5. Майданда партизан отрядын басқарған біздің жерлес жазушымыз кім? A) Қасым Аманжолов B) Қасымхан Жаңгіров C) Қасымбек Баязитов D) Қасым Қайсенов E) Қасым- Жомарт Токаев Дұрыс жауап: D 6. Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген,екі мәрте Кеңес Одағының батыры: A) Т.Бигелдинов B) С.Луганский C) И.Кожедуб D) Л.Беда E) И.Павлов Дұрыс жауап: В 3- топ 1. Рейхстагка жеңіс туын тіккен қазақстандық халық Қаћарманы: A) Т.Бигелдинов B) С.Луганский C) И.Кожедуб D) Р.Қошқарбаев E) Г.Булатов Дұрыс жауап: D 2. Қасым Қайсеновтің туып-өскен жері? A) Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы B) Батыс Қазақстан облысы Құлан ауданы. C) Солтүстік Қазақстан облысы Шетпе ауданы. D) Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы. E) Семей облысы Абай ауданы . Дұрыс жауап: А 3. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстандық партизандардың жалпы саны: A) 3,5 мың адам. B) 4,5 мың адам. C) 5 мың адам. D) 3 мың адам E) 7 мың адам Дұрыс жауап: А 4. КСРО Президентінің 1990 ж 11 желтоқсандағы жарлығымен кімге асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді ? A) Т.Бигелдинов B) Қ. Қайсенов. C) Қ. Аманжолов D) Р.Қошқарбаев E) Б. Момышұлы Дұрыс жауап: Е 5. Днепр үшін ұрыстарда 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды: A) Т.Бигелдинов B) Қ.Аухадиев C) Қ.Қайсенов D) Р.Қошқарбаев E) Ж.Елеусізов Дұрыс жауап: Е 6. «Ұшқан ұя» шығармасының авторы кім? A) Т. Айбергенов B) Ш. Мұртаза C) Қ.Қайсенов D) Ә.Сарсебаев E) Б.Момышұлы Дұрыс жауап: Е Сабақты бағалау. Сабақтың аяқталуы |