Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру.
Білімділік: Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жетілдіріп, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету. Сөздік қорын молайту. Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету; сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау; дүниетанымын кеңейту, сауатты жазуға баулу. Тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді, құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу; әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: нәтиже сабақ
Сабақтың әдісі: «Шаттық шеңбері», сын тұрғысынан ойлау, түсіндіру, сұрақ-жауап, жұптық жұмыс, «Тірек сөздер» стратегиясы, ассоциаграмма «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» стратегиясы, «Жедел хат» стратегиясы, «Ашық журнал» техникасы, сергіту жаттығуы.
