Мемлекетімізде болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің алдына үлкен міндеттер қойып отырғандықтан ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында дамыту мақсатымен аттауымыз – үлкен үміттің басты нышаны. Елбасымыз Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «бәсекеге қабілетті экономика үшін» - деген жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген. Қазіргі заман талабына сай, Елбасының халыққа Жолдауы білім беру ісінде де жыл сайын өзгерістер енгізіп отыр. «Жаңа технологиялық құзірет» бағдарлай білу өз бетінше білім беруде стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді: таңдай білу, талдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра білу», -деп атап көрсеткен.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жаңа инновациялық әдістер тиімділігі»
Жаңа инновациялық әдістер тиімділігі
Мемлекетімізде болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің алдына үлкен міндеттер қойып отырғандықтан ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында дамыту мақсатымен аттауымыз – үлкен үміттің басты нышаны. Елбасымыз Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «бәсекеге қабілетті экономика үшін» - деген жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген. Қазіргі заман талабына сай, Елбасының халыққа Жолдауы білім беру ісінде де жыл сайын өзгерістер енгізіп отыр. «Жаңа технологиялық құзірет» бағдарлай білу өз бетінше білім беруде стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді: таңдай білу, талдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра білу», -деп атап көрсеткен. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-тарауында көрсетілгендей, білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, халықаралық ғалами коммуникациялық байланысқа шығу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Ал қазіргі таңда жаңа білім беру технологиялары кең тарала бастады, олар уақыт пен қоғамдық сұраныстарды жоғарғы деңгейде қанағаттандыруға бағытталған.[2]Соңғы жылдары Қазақстанның білім беру жүйелерінде П.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру [ДБІ] технологиясы, Д.Эльконин мен В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы,Ш.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың прблемалық оқыту технологиясы, П.Третьяковтың, Қ.Бітібаева мен М.Жанпейісованың модулді оқыту технологиясы, Қазақстанда Ж.Қараевтың деңгейлік тапсырмалары, Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» және әлемнің 18 елінен сынақтан өткен «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау»технологиялары кеңінен танымал. Мектептің оқыту үрдісіне енгізіліп жүрген технологиялар теориялық түрде дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Біз өз тәжірибемізде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың, «деңгейлеп оқыту» жүйесіне, Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» және «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына сүйеніп сабақ өткіземіз. Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды,оқушының еркін де терең ойлануына, іскерлік дағдысының қалыптасуына жол ашады.Өзіне деген сенімі қалыптасады. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.[4]Оқушы - ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім- әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт,қолайлы мүмкіндік жасау керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5)әрбір оқушының жасаған сынына және оның сын көзбен қарау қабілеттілігіне сенім білдіру;
Бағдарламаның ішкі құрылымы 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйрету моделінен тұрады.Осы әдіс-тәсілдерді мұғалім іздену арқылы іріктеп қолданады. «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» технологиясының стратегияларын,әдістерін сабақта пайдаланылған кездегі жеткен жетістіктерім мына төмендегідей:
оқушылар өз бетінше ізденуге үйренеді; өзіндік ой пікірі қалыптасады;
сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге дағдыланады, шығармашылық белсенділіктері бағаланады;
ынта-ықыластарын одан әрі дамытуға мүмкіндік жасалады;
мәселенің ең негізгі түйінін табуға машықтанады;
ой ұшқырлығы,ойлау белсенділігі дамиды;
Жеке адамның танымдық қабілеттерін дамытуда шығармашылық ойлай білу, ұғынымды ой жүйесін дамыту оқу үрдісінің негізгі міндеті болып табылады. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы бойынша ана тілі, қазақ тілі, дүниетану сабақтарында бес жолды өлең, Симантикалық картаны, Венн диаграммасын, Блум таксономиясын, INSERT, Кубизм, ЖИГСО стратегияларын көптеп қолданамын. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді басшылыққа ала отырып 4 сыныпта ана тілі пәнінен өткізілген Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Туған еліме» тақырыбына интерактивті тақтамен жұмыс істеу әдістерін пайдалана отырып,баланың танымдылығын арттыру мақсатында сабақта қолданылған сыни тұрғыда ойлау технологиясының элементі: Блум таксономиясының оқушының ойын өрбітіп айтуына,бұрын үндемей сабаққа қатыспай отыратын оқушылардың танымын кеңейте түсуге себепші болғанын байқадым. [Vкесте] Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес шыңдалған ойлау. Бұл бағдарламаны тереңдей оқып үйреніп оны оқу үрдісінде қолдану арқылы мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түскенімді білдім. Осы бағдарлама арқылы оқушылар белгілі бір мазмұнға сын тұрғыдан қарап, мол ақпараттар ағымынан өзіне қажеттісін таңдап алуға, саналы шешім қабылдауға, сұрақ қоя білуге, әркез сол сұраққа жауап іздеуге үйренеді, оқушы ойы дамиды. Ерекшелігі:оқушының қызығуын арттыра отырып қиялын дамытуға арналған. Мұғалім оқушының білім алуға бағытталған іс-әрекетін бақылай алады, бағыт-бағдар береді.Оқушылар жаңа сабақты, ақпаратты өз бетімен меңгереді. Ұрпағы білімді де тәрбиелі халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан да әр мұғалім өз іс әрекетінде қажетті әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Бір сыныптан бір сыныпқа, бір сабақтан бір сабаққа өткенде оқушы әртүрлі деңгейде өсіп жетіліп,ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай «..тарыдай болып кіріп,таудай болып шығады.». Сабақтың қызықты өтуіне көптеген факторлар әсер етеді. Ең қажеттісі, мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі. Еліміздің дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматты тәрбиелеу – ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров «Туған елім»
Біліктілігі
Оқушының іс-әрекеті
Білуі
Өлеңде қандай мәселелер көтерілген? Ақынның өмір сүру мақсаты не?
Түсінуі
Ақын елін қалай бағалайды?Оны өлеңнің қай жолдарынан байқадың? /Балалыққа жарасам, Аталыққа жарайсың
Ақынның арманы не? Алты қырдан ассам да Сөздеріңді сыйлаймын.Сіздерге әкеп шашуға, Ілім – білім жинаймын.
Ел ақынға қандай үміт артты деп ойлайсың? / Үміт қып менен қарайсың, Көңіліме медеу санайсың/
Қолданылуы
Сенің мақсатың қандай?Халқың сенен не күтеді? Ел сенімін қалай ақтар едің?
Талдауы
Қалай ойлайсың, ақын арманына жетті ме?Еліне берген уәдесінде тұрды ма?Ойыңды ақын өмірі артқа қалдырған мұрасы арқылы дәлелде.
Жинақтауы
Осы өлеңді жалғастыр «.Отан алдындығы борышым» тақырыбына эссе жаз. «Менің Қазақстаным» тақырыбына өлең құрастыр
Бағалауы
Ақын өмірінің бүгінгі таңда маңызы бар ма? Өлеңнің өзіңе берген әсері бар ма? Қандай әсер алдың?
І кесте сабақ сатылары Қызығушылықты ояту.
І. Қызығушылықты ояту кезеңі
Ой қозғау
Жазу шектелмейді
Ой шектелмейді
Жаңа идеялар
Көп білуге тырысу
Жаңа ақпарат
Жаңа ойлар
Топтастыру
Негізгі идеяны ашу
Шапшаң ойлайды
Зейін тұрақты
Оқушы
Құрбысынан қалмау
ІІ кесте сабақ сатысы. Мағынаны тани білу
Мағынаны тану кезеңі
Түртіп алу жүйесі
Әңгімелер кестесі
Болжау
ЖИГСОИ
Болжау кестесі
Жұп болып оқу, жұпта талқылау
ІІ кесте сабақ сатысы.Ой толғаныс кезеңі
Ой толғаныс кезеңі
Бес жолды өлең
Кубизм
Топтас-тыру.Еркін
жазу
Венн диаграм-масы
Семанти-калық карта
Б.Блум таксоно-миясы
Оқушы
Бол-жайды
Тың-дайды
Терең ойлай-ды
Оқиды
Жаза-ды
Өзара пікір-леседі
Жаңа ақпарат-тар жинайды
Еркін сөйлейді
ІV кесте Б.Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар өлшемі
Біліктілігі
Белгілері
Оқушының іс-әрекеттері
Білуі
Берілген жаңа түсінікті ұғуы, еске ұстауы, бұрынғы білімді еске түсіре білуі
Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды
Түсінуі
Жаңа материалды, берілетін білімді түсінуі, өзінше түсіндіру немесе болжам жасауы
Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады
Қолдануы
Жаңа білімді тәжірибеде, яғни нақты жаңа жағдайда пайдалана алуы
Бұрынғы білімін пайдалана отырып, жаңа жағдайды шешеді
Талдауы
Алған білімді жіктеуі, ең негізгі түйінін, дәнін бөліп ала білуі, яғни бүтінді бөліктерге жіктеу арасындағы байланысты айқындай білуі
Жеке бөлшектерден дара ұғымдардан тұтас дүние жасай алу
Ойлап табады, қарастырады, құрастырады, шығарады, байланыстырады
Бағалауы
Жаңа ұғымның, жаңа материалдың құндылығын, керектігін пайымдай білуі
Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Бейсенбаева А.А., Тіленбаева М.Б. Білім беру мазмұны туралы түсінік [Педагогика. Дәріс құралы,Алматы «Нұрлы әлем»2003.-368б]
2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Астана, 2007
3. «Қазақстан мектебі»,журналы [№6-10, 2009.50-53-б]
4.М.Қалиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне ендіру жолдары. Алматы.Рауан, 2002
5. Чарльз Темпл,Женни Стилл,Куртис С,Мередит,Скот Вальтер. «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» бағдарлама жобасы үшін дайындалған әдістемелік құрал.[ № І-ІІ, ІІІ-ІV, V- VІ әдістемелік кітапшалары].