Просмотр содержимого документа
««Сен Абайды білесің бе?»»
Рудный қаласы әкімдігінің «3 орта мектебі» КММ
Тақырыбы:
«Сен Абайды білесің бе?».
6 сыныптар арасында
Мұғалімі: Қаласова А.Ж.
Рудный қаласы
2020ж.
«СЕН АБАЙДЫ БІЛЕСІН БЕ?»
Сабақтың мақсаты: Абай шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу, оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру.
— Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар. «Сен Абайды білесің бе?» сайыс сабағына қош келіп отырсыздар!
— У каждого народа есть по-особому светлые личности, память о которых вечна и жива в сознании благодарных потомков. Такой личностью является Абай. И чем дальше уходит время, в котором жил он, тем ближе и сильнее чувствуешь его присутствие. Он творил в другой эпохе, но вооруженный вдохновением, творил для будущего.
И, поэтому, сегоднешнее мероприятие я посвещаю жизни и творчеству великого казахского акына Абая Кунанбаева.
Парасатты болып туған –
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұпа қылған –
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған –
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған –
Бүкіл әлем Абайы, — деп ақын жырлағандай, бүкіл қазақ халқының ақыны болған Абай Құнанбайұлы.
«Өлді деуге сия ма ойландаршы,
Өйлмейтұғын артына із қалдырған», — деп төрелігін өзі айтып кеткен Абай күні бүгінге дейін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасап келеді. Ұлы атамыздың бізге берген еншісі, қалдырған аманаты – асыл сөздері. Осы асыл сөздерін оқып, одан өнеге алу – әрқайсысымыздың парызымыз. Сондықтан да, біз бүгінгі сайысымызды Абай шығармашылығынан, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ауыз әдебиеті салаларынан алған білімдерімізді ортаға саламыз. Олай болса, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз.
«Сен Абайды білесің бе?» ойыны мына турлар бойынша өткізіледі.