kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қасым Аманжолов

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі: Оспанова А.Ж.  Сынып:  5 «В»    Күні: 21.01.2017.   

Әдеби кештің тақырыбы: Қасым аманжоловтың өлеңдері.

Әдеби кештің мақсаты: Қасым аманжоловтың өлеңдері арқылы оқушылардың отанға, туған жерге деген патриоттық сезімін ояту,Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу.

Білімділік: оқушылар Қасым Аманжоловтың өмірімен танысады.

Дамытушылық: оқушылар Қасым Аманжоловтың өлеңдерін мәнерлеп айту арқылы тілдері дамиды.

Тәрбиелік: оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнегілігі: ақынның портреті, ақын туралы естеліктер, видеороликтер, Қасым Аманжоловтың әдеби көрмесі, мультимедиялық орталық, ноутбук.

Жоспары:
І бөлім – Кіріспе бөлім

ІІ бөлім - Қасым Аманжоловтың өмірі.

ІІІ бөлім – Қасым Аманжоловтың туған жер тақырыбындағы өлеңдері.

ІҮ бөлім – Қасым Аманжоловтың соғысқа байланысты туған өлеңдері.

Ү бөлім – Қасым Аманжоловтың соғыстан кейін жазылған өлеңдері.

ҮІ  бөлім -Қорытынды

І бөлім

Мұғалім:

- Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығының әдеби кеші бүгінгі күні ақын Рахымжанұлы Қасым Аманжоловқа арналады. Қасым Аманжолов ақын, жауынгер, елінің нағыз патриот азаматы. Өзінің өлеңдерімен әр адамның Отанына деген сезімін оятады. Өмірді жырлап өткен сыршыл ақын жайлы сыр шертіп, Қасым ақын әлеміне, оның өлеңдерінің көркемдігіне тамсану керек.

ІІ бөлім

Қасым Аманжоловтың өмірі.

Қасым Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл Көшен қыстауында туды. 1923 жылы Қасым Аманжоловты ағасы Ахметжан Семейдегі бастауыш мектеп-интернатқа түсіреді. Мектептен кейін Қасым Семей мал-дәрігерлік техникумында оқиды. Оны тәмамдаған соң Оралдағы педагогикалық институтқа түседі. 1930 жылы Алматыға барып «Лениншіл жас» газетінің редакциясында жұмыс істейді. 1931 жылы Қасым Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түседі, бірақ аяқтай алмай, Оралға келіп «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке тұрады. 1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны сол Орал қаласында өтейді.

ІІІ бөлім

Алғашқы өлеңдерін Қасым аманжолов Семейде жазған. Олар қабырға газетіне ғана басылып жүрген. Сондықтан 1930 жылдарға дейін жазылған өлеңдері сақталмаған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген «Лениншіл жас», «Қызыл әскер» және «Пионер» газеттерінде жарияланған. Касым Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркемдік басқарушысы болады. Бұл группа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы Қасымның еңбегі өте зор еді. Осы кездері Қасымның ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылады.

1936-1941 жылдары Қасым Аманжолов Алматыға барып «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет істейді. Бұл кездері ол өлеңмен қатар әр түрлі тақырыпқа мақала, очерк, фельетон жазады.

1939-1941 жылдар арасында Қасымның шығармашылығының елеулі өрлеу дәуірі басталады. Осы кездерде жазған «Нар тәуекел», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Заула, заула Түрксиб», «Сұлтанмахмұт туралы баллада» сияқты өлеңдерінде өрісті ойлар, терең сезім қуаты, өткір тіл байлығы байқалады. Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Байрон, Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударуы Қасымның шығармашылық өнерінің өсу жолын анықтай түседі. Қасым қалың жұртшылыққа өзінің ақындығы, аудармасымен ғана емес, сонымен қоса әнімен, домбыра, сырнай, скрипка, пионина тартатын әдемі өнерімен де танылған. Ол өз өлеңіне ән шығаруды өте қызық көрген. «Дариға, сол қыз», «Туған жер» атты әндері бүгінгі шырқалатын әндер тізімінің қатарында. Әрбір адам үшін туған ел, туған жер барлық уақытта да қымбат. Өйткені сіздер үшін де туған өлке -  алтын бесік,атамекен болып саналады. Туған елді әңгіме еткенде оған деген сүйіспеншіліктен жүрегіміз лүпілдейді, туған елдің құдіреттілігі соншалықты, жанымызды баурап алады. Қасым Аманжоловтың  «Туған жер» өлеңін Бейбіт өмірді, туған жерді, достық пен махабатты, көңіл күйі мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен зор тебіреніспен жырлады. Бұл өлеңнің тақырыбы: Автордың туған жерге деген сүйіспеншілігі. Ақынның айтар ойы мен мақсаты: туған жерге деген сүйіспеншілігін, туған елінің, қасиетін, туған жерінің көріністерін суреттеген. Қазір ортаға шығып, Қасым аманжоловтың «туған жер» өлеңі мен орыс тіліндегі аудармасы «родина» өлеңін орындайтын оқушыларымыз: С.Кристина, С.Милана, О.Тагир, Р. Александра.

ІҮ бөлім

Қасым Аманжоловтың  бірінші өлеңдер жинағы 1938 жылы «Өмір сыры» деген атпен шықты. 1940 жылы Қасым Маяковскийдің он шақты өлеңін аударып 1941 жылы «Бар дауыспен» деген атпен жеке жинақ етіп жариялады. Қасым Аманжолов тек қана лирик емес, сонымен қоса эпик ақын. «Дүние қандай жап-жарық», «Сақыпжамал», «Күйім тасып барады, күйім тасып», «Жаным сәуле, еркешім, қызыл гүлім» атты өлеңдері Қасымның лириктігін танытса, «Ақын өлімі туралы аңыз», «Боран», «Біздің дастан», «Жамбыл тойында» атты поэмалары – оның эпиктігінің дәлелі. "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасы Қасым Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен. Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау "Абдоллаға беріл, кінәнді кешеміз" деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ  Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Туған елінің ерлік дәстүрі мен жауынгерлік антына берік азамат кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толыға түседі. 

         Қасым 1941-1945 жылдары соғысқа қатысып, жауға қарсы қолындағы қарумен де, қаламымен де белсене күресті. Соғысқа аттанар алдында ақын «Мазасыз муза», «Қоштасу», «Бейсекештің бес ұлы» сияқты патриоттық өлеңдерін жазды. Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалық өлең жазған. «Үстімде сұр шинелім», «Маратбек», «Жеңіс дауысы», «Орал», «Ертіс», «Сибирь», «Сарыарқа» сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді. Ал «Елге хат», «Достар, қайда жүрсіңдер?», «Ағайға» деген өлеңдері туған елді, дос-жарандарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды. Ұлы Отан соғысына байланысты «Қоштасу» және «Сказание о смерти поэта» өлеңдерін ортаға шығып орындайтын оқушыларымыз:У. Дмитрий мен Д. Тамерлан.

Ү бөлім

Соғыс аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. Осы кездері оның «Біздің дастан» поэмасы жазылып, таңдамалы өлеңдер жинағы «Дауыл» деген атпен жарық көрді. 1949-1952 жылдары Қ.Аманжоловтың «Балбөбек», «Нұрлы дүние» жинақтары, «Таңдамалы шығармалар жинағы» басылып шықты.1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауру халде жатса да өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездері Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел – оның «Өзім туралы» атты өлеңі. Бірақ бұл өлеңді аяқтамай кетті. Өлеңнің тақырыбы: өз өмірін өлеңмен өрнектейді; өмір мен өлім туралы, өлеңнің құдіреті, ақындықты дәріптейді; туған ел, жер қасиетін жырлайды; болашақ   ұрпаққа өсиет қалдырады. Өлеңнің идеясы: өмірді, туған жерді, Отанды қастерлеуге шақырады; «Берейін өмірімнен өлең жасап»,- деп өзі жырлағандай,өлеңді, ақындықты құрметтеуге үндейді. Ақынның өзім туралы өлеңін ортаға шығып орындайтын оқушылар: С. Аяжан мен Ф. Фарида.

1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ.Аманжолов Қазақстан Жазушыларының 3 съезінің ашылуына қатысты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты меңдей түсті. 1955 жылы 18-қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды. Қасым Аманжоловтың әлі күнге дейін шырқалып жүрген өлеңдері көп. Осы тамаша өлеңдерінің бірі «Қазақстан». Өлең патриоттық, отансүйгіштік сезімге толы, қазіргі жастарымыздың Туған жерін, елін сүюге патриоттық сезімін оятатын тамаша өлең. Анарбек Маралдың орындауында «Қазақстан» өлеңіне түсірілген видеороликті көріп тамашалаңыздар.

ҮІ  бөлім

Өмірден ерте кеткенімен Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өшірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қасым Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған.Қасым өмірді сүйген ақын.Майданда от кешкен, тұрмыс тауқыметін тартып, дертті болған ақын еш мойымайды, күйзелмейді.Сөзі тозған жоқ, өлеңі ескірген жоқ,уақытпен үндесе алмай жатқан жоқ. Қасым сол баяғы Қасым күйінде қала береді. Қасымды өртке тиген дауылдай өлеңдерімен бірге арамызда жүр деп сезінеміз,үлгі аламыз. 

Пайдаланылған ресурстар:

https://45minutkz.wordpress.com/

http://talimger.org/load/ash/adeb/asym_amanzholov_zim_turaly_le_i/4-1-0-1852

http://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22580/

http://bilimsite.kz/bastaush/1975-tugan-zher-kasym-amanzholov.html

https://infourok.ru/asym_amanzholovty_mr_men_shyarmashylyy___ashy_saba-340650.htm

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қасым Аманжолов»

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі: Оспанова А.Ж. Сынып: 5 «В» Күні: 21.01.2017.

Әдеби кештің тақырыбы: Қасым аманжоловтың өлеңдері.

Әдеби кештің мақсаты: Қасым аманжоловтың өлеңдері арқылы оқушылардың отанға, туған жерге деген патриоттық сезімін ояту,Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу.

Білімділік: оқушылар Қасым Аманжоловтың өмірімен танысады.

Дамытушылық: оқушылар Қасым Аманжоловтың өлеңдерін мәнерлеп айту арқылы тілдері дамиды.

Тәрбиелік: оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнегілігі: ақынның портреті, ақын туралы естеліктер, видеороликтер, Қасым Аманжоловтың әдеби көрмесі, мультимедиялық орталық, ноутбук.

Жоспары:
І бөлім – Кіріспе бөлім

ІІ бөлім - Қасым Аманжоловтың өмірі.

ІІІ бөлім – Қасым Аманжоловтың туған жер тақырыбындағы өлеңдері.

ІҮ бөлім – Қасым Аманжоловтың соғысқа байланысты туған өлеңдері.

Ү бөлім – Қасым Аманжоловтың соғыстан кейін жазылған өлеңдері.

ҮІ бөлім -Қорытынды



І бөлім

Мұғалім:

- Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығының әдеби кеші бүгінгі күні ақын Рахымжанұлы Қасым Аманжоловқа арналады. Қасым Аманжолов ақын, жауынгер, елінің нағыз патриот азаматы. Өзінің өлеңдерімен әр адамның Отанына деген сезімін оятады. Өмірді жырлап өткен сыршыл ақын жайлы сыр шертіп, Қасым ақын әлеміне, оның өлеңдерінің көркемдігіне тамсану керек.



ІІ бөлім

Қасым Аманжоловтың өмірі.

Қасым Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл Көшен қыстауында туды. 1923 жылы Қасым Аманжоловты ағасы Ахметжан Семейдегі бастауыш мектеп-интернатқа түсіреді. Мектептен кейін Қасым Семей мал-дәрігерлік техникумында оқиды. Оны тәмамдаған соң Оралдағы педагогикалық институтқа түседі. 1930 жылы Алматыға барып «Лениншіл жас» газетінің редакциясында жұмыс істейді. 1931 жылы Қасым Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түседі, бірақ аяқтай алмай, Оралға келіп «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке тұрады. 1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны сол Орал қаласында өтейді.



ІІІ бөлім

Алғашқы өлеңдерін Қасым аманжолов Семейде жазған. Олар қабырға газетіне ғана басылып жүрген. Сондықтан 1930 жылдарға дейін жазылған өлеңдері сақталмаған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген «Лениншіл жас», «Қызыл әскер» және «Пионер» газеттерінде жарияланған. Касым Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркемдік басқарушысы болады. Бұл группа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы Қасымның еңбегі өте зор еді. Осы кездері Қасымның ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылады.

1936-1941 жылдары Қасым Аманжолов Алматыға барып «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет істейді. Бұл кездері ол өлеңмен қатар әр түрлі тақырыпқа мақала, очерк, фельетон жазады.

1939-1941 жылдар арасында Қасымның шығармашылығының елеулі өрлеу дәуірі басталады. Осы кездерде жазған «Нар тәуекел», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Заула, заула Түрксиб», «Сұлтанмахмұт туралы баллада» сияқты өлеңдерінде өрісті ойлар, терең сезім қуаты, өткір тіл байлығы байқалады. Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Байрон, Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударуы Қасымның шығармашылық өнерінің өсу жолын анықтай түседі. Қасым қалың жұртшылыққа өзінің ақындығы, аудармасымен ғана емес, сонымен қоса әнімен, домбыра, сырнай, скрипка, пионина тартатын әдемі өнерімен де танылған. Ол өз өлеңіне ән шығаруды өте қызық көрген. «Дариға, сол қыз», «Туған жер» атты әндері бүгінгі шырқалатын әндер тізімінің қатарында. Әрбір адам үшін туған ел, туған жер барлық уақытта да қымбат. Өйткені сіздер үшін де туған өлке - алтын бесік,атамекен болып саналады. Туған елді әңгіме еткенде оған деген сүйіспеншіліктен жүрегіміз лүпілдейді, туған елдің құдіреттілігі соншалықты, жанымызды баурап алады. Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін Бейбіт өмірді, туған жерді, достық пен махабатты, көңіл күйі мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен зор тебіреніспен жырлады. Бұл өлеңнің тақырыбы: Автордың туған жерге деген сүйіспеншілігі. Ақынның айтар ойы мен мақсаты: туған жерге деген сүйіспеншілігін, туған елінің, қасиетін, туған жерінің көріністерін суреттеген. Қазір ортаға шығып, Қасым аманжоловтың «туған жер» өлеңі мен орыс тіліндегі аудармасы «родина» өлеңін орындайтын оқушыларымыз: С.Кристина, С.Милана, О.Тагир, Р. Александра.



ІҮ бөлім

Қасым Аманжоловтың бірінші өлеңдер жинағы 1938 жылы «Өмір сыры» деген атпен шықты. 1940 жылы Қасым Маяковскийдің он шақты өлеңін аударып 1941 жылы «Бар дауыспен» деген атпен жеке жинақ етіп жариялады. Қасым Аманжолов тек қана лирик емес, сонымен қоса эпик ақын. «Дүние қандай жап-жарық», «Сақыпжамал», «Күйім тасып барады, күйім тасып», «Жаным сәуле, еркешім, қызыл гүлім» атты өлеңдері Қасымның лириктігін танытса, «Ақын өлімі туралы аңыз», «Боран», «Біздің дастан», «Жамбыл тойында» атты поэмалары – оның эпиктігінің дәлелі. "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасы Қасым Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен. Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау "Абдоллаға беріл, кінәнді кешеміз" деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ  Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Туған елінің ерлік дәстүрі мен жауынгерлік антына берік азамат кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толыға түседі. 

Қасым 1941-1945 жылдары соғысқа қатысып, жауға қарсы қолындағы қарумен де, қаламымен де белсене күресті. Соғысқа аттанар алдында ақын «Мазасыз муза», «Қоштасу», «Бейсекештің бес ұлы» сияқты патриоттық өлеңдерін жазды. Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалық өлең жазған. «Үстімде сұр шинелім», «Маратбек», «Жеңіс дауысы», «Орал», «Ертіс», «Сибирь», «Сарыарқа» сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді. Ал «Елге хат», «Достар, қайда жүрсіңдер?», «Ағайға» деген өлеңдері туған елді, дос-жарандарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды. Ұлы Отан соғысына байланысты «Қоштасу» және «Сказание о смерти поэта» өлеңдерін ортаға шығып орындайтын оқушыларымыз:У. Дмитрий мен Д. Тамерлан.



Ү бөлім

Соғыс аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. Осы кездері оның «Біздің дастан» поэмасы жазылып, таңдамалы өлеңдер жинағы «Дауыл» деген атпен жарық көрді. 1949-1952 жылдары Қ.Аманжоловтың «Балбөбек», «Нұрлы дүние» жинақтары, «Таңдамалы шығармалар жинағы» басылып шықты.1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауру халде жатса да өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездері Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел – оның «Өзім туралы» атты өлеңі. Бірақ бұл өлеңді аяқтамай кетті. Өлеңнің тақырыбы: өз өмірін өлеңмен өрнектейді; өмір мен өлім туралы, өлеңнің құдіреті, ақындықты дәріптейді; туған ел, жер қасиетін жырлайды; болашақ   ұрпаққа өсиет қалдырады. Өлеңнің идеясы: өмірді, туған жерді, Отанды қастерлеуге шақырады; «Берейін өмірімнен өлең жасап» ,- деп өзі жырлағандай ,өлеңді, ақындықты құрметтеуге үндейді. Ақынның өзім туралы өлеңін ортаға шығып орындайтын оқушылар: С. Аяжан мен Ф. Фарида.

1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ.Аманжолов Қазақстан Жазушыларының 3 съезінің ашылуына қатысты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты меңдей түсті. 1955 жылы 18-қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды. Қасым Аманжоловтың әлі күнге дейін шырқалып жүрген өлеңдері көп. Осы тамаша өлеңдерінің бірі «Қазақстан». Өлең патриоттық, отансүйгіштік сезімге толы, қазіргі жастарымыздың Туған жерін, елін сүюге патриоттық сезімін оятатын тамаша өлең. Анарбек Маралдың орындауында «Қазақстан» өлеңіне түсірілген видеороликті көріп тамашалаңыздар.



ҮІ бөлім

Өмірден ерте кеткенімен Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өшірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қасым Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған.Қасым өмірді сүйген ақын.Майданда от кешкен, тұрмыс тауқыметін тартып, дертті болған ақын еш мойымайды, күйзелмейді.Сөзі тозған жоқ, өлеңі ескірген жоқ,уақытпен үндесе алмай жатқан жоқ. Қасым сол баяғы Қасым күйінде қала береді. Қасымды өртке тиген дауылдай өлеңдерімен бірге арамызда жүр деп сезінеміз,үлгі аламыз. 




Пайдаланылған ресурстар:



https://45minutkz.wordpress.com/



http://talimger.org/load/ash/adeb/asym_amanzholov_zim_turaly_le_i/4-1-0-1852



http://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22580/



http://bilimsite.kz/bastaush/1975-tugan-zher-kasym-amanzholov.html



https://infourok.ru/asym_amanzholovty_mr_men_shyarmashylyy___ashy_saba-340650.htm















Ашық шараның тақырыбы: Қасым Аманжоловтың өлеңдері

Ұйымдастырған: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Оспанова А.Ж

Қатысқан сынып: 5 «В»
































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қасым Аманжолов

Автор: Оспанова Айым Жаныбековна

Дата: 19.02.2017

Номер свидетельства: 393614

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "?асым Аманжолов ?мірі мен шы?армашылы?ы. "
    ["seo_title"] => string(46) "k-asym-amanzholov-omiri-mien-shyg-armashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "188230"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426630458"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "?асым Аманжолов «?зім туралы» ?ле?і"
    ["seo_title"] => string(31) "kasymamanzholovozimturalyolieni"
    ["file_id"] => string(6) "304043"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457634539"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "?асым Аманжолов "К?ктем""
    ["seo_title"] => string(22) "kasymamanzholovkoktiem"
    ["file_id"] => string(6) "297169"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456151510"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "?асым Аманжолов ?мірі мен ?ызметі. «?зім туралы» ?ле?і "
    ["seo_title"] => string(58) "k-asym-amanzholov-omiri-mien-k-yzmieti-ozim-turaly-olien-i"
    ["file_id"] => string(6) "181531"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425368715"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "конспект на тему ?асым Аманжолов "?зім туралы" "
    ["seo_title"] => string(48) "konspiekt-na-tiemu-k-asym-amanzholov-ozim-turaly"
    ["file_id"] => string(6) "200942"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428938367"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства