kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілінен "?ажайып жетілік" ойыны.

Нажмите, чтобы узнать подробности

"?ажайып жетілік" ойыны ?аза? тілінен сыныптан тыс ж?мыс ретінде ?сынылады. Ойын орыс тілді мектепте о?итын 6-сынып о?ушыларына арналып ??рал?ан. Ойын жеті кезе?нен т?рып, жеті с?ра? -тапсырмамен берілген. Хал?ымызды? киелі "жеті" санына байланысты т?сініктер ойын кезе?дер арасында таныстырылып отырады. Жароыс рухымен ?атар о?ушыларды? танымды? ?ызы?ушылы?тарын ояту к?зделеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілінен "?ажайып жетілік" ойыны. »

«Ғажайып жетілік» интеллектуалдық ойын.

Қатысушылар - 6-сынып оқушылары.

Мақсаттары:

  1. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыра отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.

  2. Қазақ тіліне қызығушылықтарын ояту, ой-өрістерін кеңейту.

  3. Топпен жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық, бірін-бірі қолдау сезімдерін тәрбиелеу.

Ойын шарттары.

Екі сыныптан жеті-жеті оқушыдан құралған командалар қатысады. Ойын жеті кезеңнен тұрады. Әр кезеңінде әрбір топқа жеті сұрақтан қойылады. Әр кезеңде топ қанша сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, сонша ойыншы «айып отырғышқа» отырғызылады. Әр кезеңнің соңында «дәме-сұрақ» қойылады. Топ өз тобына 1 ойыншыны қайтарып алғысы келсе, ол топ дәме-сұраққа жауап беріп қайтара алады. Ойын осы шартпен жалғасып өтеді . Ойын аяғында ең көп ойыншылары бар топ жеңімпаз болып белгіленеді. Ойын барысында өзінің жоғары білім мен белсенділігін көрсеткен ойыншылар «үздік ойыншы» аталады.

Ойын өтетін сынып «Жеті» сөзі сөйлейді» атты көрмемен безендіріледі.


Ойын кезеңдері (агондары):

  1. «Жеті күн».

  2. «Жеті қала».

  3. «Жеті жыл».

  4. «Жеті ереже.

  5. «Жеті тұлға».

  6. «Жеті тағам»

  7. «Жеті мақал».


« Жеті» .

Киелі сан жеті деген,

Байланысты жетіменен.

Көп ұғымы халқымыздың,

Белгісіндей салтымыздың.

Жеті қабат көк жер үсті

Жеті қабат жер асты.

Жеті Жарғы- заң жеті,

Қазынамыз бар жеті.

Жеті атамыз- жеті жұрт,

Ағайынды жеті құт.

Қадыр Мырза Әли


-Сәлеметсіңдер ме, құрметті ұстаздар мен қымбатты оқушылар. Бүгін Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында қазақ тілі мен әдебиет онкүндігі шеңберінде «Ғажайын жетілік « деп аталатын интеллектуалдық ойын өткізгелі отырмыз. Сендерге «Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ» деген ұранды естеріңе түсіріп отырып сәттілік пен жеңімпаздық тілеймін. Енді сендерді ойын шартымен таныстырып кетейін.

Сөз кезегі өздеріңде – өз топ мүшелерімен таныстырып, топ аты мен ұрандарыңды айтып берсеңіз.

Ойынымызды бастауға рұқсат етіңіз.


1-ШІ АГОН «ЖЕТІ КҮН» деп аталады.

1-ші топқа сұрақтар қойылады.

  1. Аптаның жетінші күні.

  2. Тұңғыш Президент күні деп аталатын мереке қашан?

  3. 6-шілде қандай мереке?

  4. Ең қысқа айда қанша күн болады?

  5. Ата заң күні қашан тойланады?

  6. 9-мамыр қандай күн?

  7. Аптаның қай күні сәтті күн деп саналады?

«Дәме-сұрақ». Жеті аптада қанша күн болады?


2-топқа сұрақтар.

  1. 7-мамыр қандай мереке?

  2. Халықаралық әйелдер күні қашан тойланады?

  3. Ұлттық валютамыз (теңге) енгізілген күн.

  4. Оқу жылы аяқталатын күн.

  5. 7-мамыр қандай мереке?

  6. Бір жылда неше күн?

  7. Жексенбіден кейін қай күн?

«Дәме-сұрақ». Аптаның қай күні қасиетті күн?

Қазақ халқында жеті саны киелі деп есептелген. Себебі, орта ғасырларда ғалымдар жеті күнге, жеті жұлдызға ат берген. « Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған. 17- ғасырда Тәуке ханның « Жеті жарғысы» да жеті санының қасиеттігіне байланысты болған. Қайтыс болған адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу жетімен байланысты. Наурызкөжеге де жеті тағам салып пісіреді. 


2-ШІ АГОН «ЖЕТІ ҚАЛА».

1-топқа сұрақтар.

  1. Біздің облысымыздың бас қаласы.

  2. «Медеу» мұз айдыны қай қалада орналасқан?

  3. Қазақстанның бірінші астанасы болған қала.

  4. Қытай халық республикасының астанасы.

  5. Көкшетау қаласы қай облыстың орталығы?

  6. Астана қаласының бұрынғы аты.

  7. Қай қалада Ыбырай Алтынсариннің мұражайы бар?

«Дәме- сұрақ». Қай қаланың елтаңбасына алма енгізілген?


2-топқа сұрақтар.

  1. «Бәйтерек» монументі қай қалада тұр?

  2. Қай қалада көмір өндіріледі?

  3. Алматы облысының облыстық орталығы қай қала?

  4. Өзбекстан Республикасының астанасы қалай аталады?

  5. Н. Ә Назарбаев өз еңбек жолын бастаған қала.

  6. Мәскеу қай елдің бас қаласы?

  7. Бұрын Жамбыл деп аталған қала.

«Дәме-сұрақ». Әзірбайжан республикасының астанасы қай қала?


Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз.

Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.





3-ШІ АГОН. «ЖЕТІ ЖЫЛ».

1-топқа сұрақтар.

  1. Біздің тұңғыш президентіміз қай жылы сайланды?

  2. Ұлы Отан соғысы аяқталған жыл.

  3. 1993 жыл не енгізілген күн?

  4. ҚР-ның Ата заңы (Конституциясы) қай жылы қабылданды?

  5. Қай жылы Астана қаласы Қазақстанның астанасы болды?

  6. 1845 жыл – қазақтың қай ақынының туған жылы?

  7. Ресейдің Сочи қаласындағы қысқы олимпиадалық ойындар қай чжылы өтті?

«Дәме-сұрақ». Қазақстанда тың игеру қай жылы басталды?


2-ші топқа сұрақтар.

  1. Қазақстан қай сжылы тәуелсіздік алды?

  2. ҚР-ның мемлекеттік рәміздері (туы, елтаңбасы, әнұраны) қай жылы бекітілді?

  3. ЭКСПО халықаралық көрмесі Қазақстанда қай жылы ашылады?

  4. 1941 жылы қандай тарихи оқиға болды?

  5. ҚР тәуелсіздігінің 25-жылдығы қай жылы тойланады?

  6. 2006 жылы ҚР-ның қай рәмізі өзгертілді?

  7. 2015 жылы Жеңістің неше жылдық мерейтойы тойланады?

«Дәме-сұрақ». Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің туған жылы.


Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке ханүш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды.


4-ШІ АГОН. «ЖЕТІ ЕРЕЖЕ».

1-ші топқа сұрақтар.

  1. Ережені жалғастырыңдар: Сөздің түбірі жуан болса, ...

  2. Кімнен? Неден? - қай септіктің сұрақтары?

  3. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

  4. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері не?

  5. Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?

  6. Заттың түр-түсін, сынын, көлемін, дәмін білдіретін сөз табы.

  7. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?

«Дәме-сұрақ». Сөйлемді талдағанда алдымен қай сөйлем мүшесін табамыз? Неліктен?

2-ші топқа сұрақтар.

  1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

  2. Қай септіктің жалғаулары үндестік заңына бағынбайды?

  3. Табыс септіктің сұрақтары.

  4. Қандай әріптер дыбыс бермейді?

  5. Заттың санын, ретін білдіретін сөз табы.

  6. Мағыналары бір біріне қарама-қарсы сөздер қалай аталады?

  7. Бастауыш пен баяндауыш арқылы нені табамыз?

«Дәме –сұрақ». Тасбақа, тоғызқұмалақ, Ақтау, Екібастұз - бұл қандай сөздер?


Жеті қазына - қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялықұ түсініктердің бірі. Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады. 1) жүйрік ат, 1) қыран бүркіт, 3) құмай тазы, 4) берен мылтық, 5) қанды ауыз қақпан, 6) майланғыш ау, 7) өткір кездік.

Жүйрік аты -

Жігіттің ол қанаты.

Қыран бүркіт -

Қарым, күші, қуаты.

Құмай тазы -

Бастан берік сенімі.

Ақ мылтығы -

Сөнбес оты, серігі.

Алмас кездік -

Жігіт сұсы һәм мысы.

Ау-жылымы -

Амал, айла, әдісі.

Қара қақпан -

Серті, есебі тірліктің.

Осы жеті -

Қазынасы жігіттің.



5-ШІ АГОН. «ЖЕТІ ТҰЛҒА».

1-ші топқа сұрақтар.

  1. Қазақ балалары үшін алғашқы мектептер ашқан кісі.

  2. Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов ненің авторлары?

  3. Жүз жасаған қазақ ақыны.

  4. Омбы кадет корпусын бітірген қазақтың ақын-жазушысы, саяхатшы, этнограф.

  5. Мемлекеттік әнұранның әнін шығарған композитор.

  6. Талғат Мұсабаев кім?

  7. Әбілхан Қастеев туралы не білесіңдер?

«Дәме-сұрақ». «Бөбек» балалар қорын кім басқарады?


2-ші топқа сұрақтар.

  1. Мемлекеттік тудың авторы.

  2. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері.

  3. Қорқыт ата қандай қазақ музыкалық аспаптың атасы?

  4. Қажымұқан деген кісі кім болған?

  5. Шын аты Ибраһим болған қазақ ақыны.

  6. Қаныш Сәтпаев кім болған?

  7. Қостанай қаласындағы мемлекеттік университет кімнің атымен аталады?

«Дәме-сұрақ» . Біздің қалада қандай Кеңес Одағы батырына арналған ескерткіш бар?

Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі - жеті ырыс.

Жеті ырысқа мыналарды жатқызады:

  1. Адамның ақылы, ой санасы;

  2. Денсаулық;

  3. Ақ жаулық;

  4. Бала;

  5. Көңіл;

  6. Жер;

  7. Ит.






6-ШЫ АГОН. «ЖЕТІ ТАҒАМ».

1-ші топқа сұрақтар.

  1. Түйе сүтінен жасалатын сусын.

  2. Ет тағамдарын атаңдар.

  3. Наурыз мейрамында жасалатын тағам.

  4. Қазақ халқы сүт тағамдарын қалай атайды?

  5. Ірімшік қай тағам түріне жатады?

  6. «Тұшпара» сөзінің орысша аудармасы.

  7. Қазы, қарта ненің етінен жасалады?

«Дәме-сұрақ». Қай тағамның жасалу мәзірі берілді?

«Етті ұсақтап турап, тұздап, бұрыштап, қазанға қуырады. Ет пісуге жақындағанда оған туралған пияз, сәбіз, болгар бұрышын қосады да, күріш салады. Тағамды дайын болғанша бұқтырып пісіреді».


2-ші топқа сұрақтар.

  1. Бие сүтінен қандай сусын әзірленеді№

  2. Ұн тағамдарын атаңдар.

  3. Өзбек халқының ұлттық тағамы не?

  4. Қазақша етті басқаша қалай атайды?

  5. Қуырдақ - бұл қандай тағам?

  6. Мақалда қандай сөз жетпей тұр: «Дәнді шашпа, ... баспа»?

  7. «Кеспе» сөзінің орысша аудармасы.

«Дәме-сұрақ». Берілген жасау мәзірімен танысып, тағамды табыңдар:

«Ұнға сүт, май, қант, жұмыртқа қосып илеп, ұсақ кесіп, майға қуырады. Шай дастарқанның басты асы ретінде әзірленеді».

«Жеті» саны бар мақал-мәтелдеғр де көп.

Начало формы

Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.

Жеті атасын білмеген ұл жетесіз.

Жеті атасын білген ұл
жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл
Құлағы мен жағын жер.

Жігітке жеті өнер де аз.

Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.

Қарғыс жеті атаға жетеді.

Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.

Кедейдің жеті қаңтары бар.

Жетім бала жеті күлшеге тоймас

Жетімге жеті бидай да тамақ,

Жетімнің қарны жетеу

Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.

Айла алтау, ақыл жетеу.

Конец формы


7-ШІ АГОН. «ЖЕТІ МАҚАЛ».

1-ші топ. Берілген 7 мақал-мәтелдің басының жалғасын табыңдар.

  1. Отан оттан да ...

  2. Досы көппен сыйлас, ...

  3. Жылқы құлыннан өседі, ...

  4. Мектеп - кеме, ...

  5. Алтын, күміс тас екен, ...

  6. Ата - бәйтерек, ...

  7. Заттың жаңасы жақсы, ... .

«Дәме-сұрақ». Берілген екі сөз бойынша мақал-мәтелді табыңдар.

Доссыз, тағам.

2-ші топ. Берілген 7 мақал-мәтелдің аяғы бойынша басын келтіріңдер.

  1. ... , ат қадірін білмеген жаяу қалады.

  2. ... , ормансыз бұлбұл.

  3. ... - халық қазынасы.

  4. ... дұшпан күлдіріп айтады.

  5. ... , шешесіне қарап қыз өсер.

  6. ... - табылмас бақыт.

  7. ... алдыңа сол келер.

«Дәме-сұрақ». Берілген сөздерді дұрыс қойып, мақалды құрастырыңдар.

Тұрмайды, тұрған, ас, ауру, жерде.



1 – дегенім  бесік, шықтым содан өсіп,

2 – дегенім  елім, далам, тауым көгім.

3 – дегенім үміт, үміт артар жігіт.

4 – дегенім төзім, төзе білем өзім.

5 – дегенім бақыт, бағалайтын уақыт.

6 – дегенім ақыл, тыңдағаның мақұл.

7 – дегенім жалау, жүректегі алау.

«Жеті саны – бақытты сан, ол - адамзаттың сүйікті саны». Көп халықтың түсінігі осындай.




Ойын жеңімпаз тобын жариялау. «Үздік ойыншыларды» белгілеу.


Құрметті қонақтар мен ойынға қатысушылар. Сендерге талай-талай биіктерге жетулеріңе тілектеспіз. Денсаулық, елімізде тыныштық болып, мемлекетіміз өркендей берсін деп қоштасамыз.






















  1. « Жеті» .

Киелі сан жеті деген,

Байланысты жетіменен.

Көп ұғымы халқымыздың,

Белгісіндей салтымыздың.

Жеті қабат көк жер үсті

Жеті қабат жер асты.

Жеті Жарғы- заң жеті,

Қазынамыз бар жеті.

Жеті атамыз- жеті жұрт,

Ағайынды жеті құт.


  1. Қазақ халқында жеті саны киелі деп есептелген. Себебі, орта ғасырларда ғалымдар жеті күнге, жеті жұлдызға ат берген. « Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған. 17- ғасырда Тәуке ханның « Жеті жарғысы» да жеті санының қасиеттігіне байланысты болған. Қайтыс болған адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу жетімен байланысты. Наурызкөжеге де жеті тағам салып пісіреді. 



  1. Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз.

Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.


  1. Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке ханүш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды.



  1. Жеті қазына - қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялықұ түсініктердің бірі. Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады. 1) жүйрік ат, 1) қыран бүркіт, 3) құмай тазы, 4) берен мылтық, 5) қанды ауыз қақпан, 6) майланғыш ау, 7) өткір кездік.

Жүйрік аты -

Жігіттің ол қанаты.

Қыран бүркіт -

Қарым, күші, қуаты.

Құмай тазы -

Бастан берік сенімі.

Ақ мылтығы -

Сөнбес оты, серігі.

Алмас кездік -

Жігіт сұсы һәм мысы.

Ау-жылымы -

Амал, айла, әдісі.

Қара қақпан -

Серті, есебі тірліктің.

Осы жеті -

Қазынасы жігіттің.


  1. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі - жеті ырыс.

Жеті ырысқа мыналарды жатқызады:

1.Адамның ақылы, ой санасы;

2.Денсаулық;

3.Ақ жаулық;

4.Бала;

5.Көңіл;

6.Жер;

7.Ит.




  1. «Жеті» саны бар мақал-мәтелдер де көп.

Начало формы

Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.

Жеті атасын білмеген ұл жетесіз.

Жеті атасын білген ұл
жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл
Құлағы мен жағын жер.

Жігітке жеті өнер де аз.

Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.

Қарғыс жеті атаға жетеді.

Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.

Кедейдің жеті қаңтары бар.

Жетім бала жеті күлшеге тоймас

Жетімге жеті бидай да тамақ,

Жетімнің қарны жетеу

Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.

Айла алтау, ақыл жетеу.

1 – дегенім  бесік, шықтым содан өсіп,

2 – дегенім  елім, далам, тауым көгім.

3 – дегенім үміт, үміт артар жігіт.

4 – дегенім төзім, төзе білем өзім.

5 – дегенім бақыт, бағалайтын уақыт.

6 – дегенім ақыл, тыңдағаның мақұл.

7 – дегенім жалау, жүректегі алау.

«Жеті саны – бақытты сан, ол - адамзаттың сүйікті саны». Көп халықтың түсінігі осындай.



Берілген 7 мақал-мәтелдің басының жалғасын табыңдар.

  1. Отан оттан да ...

  2. Досы көппен сыйлас, ...

  3. Жылқы құлыннан өседі, ...

  4. Мектеп - кеме, ...

  5. Алтын, күміс тас екен, ...

  6. Ата - бәйтерек, ...

  7. Заттың жаңасы жақсы, ... .

Конец формы




Берілген 7 мақал-мәтелдің аяғы бойынша басын келтіріңдер.

  1. ... , ат қадірін білмеген жаяу қалады.

  2. ... , ормансыз бұлбұл.

  3. ... - халық қазынасы.

  4. ... дұшпан күлдіріп айтады.

  5. ... , шешесіне қарап қыз өсер.

  6. ... - табылмас бақыт.

  7. ... алдыңа сол келер.





  1. - т. Қай тағамның жасалу мәзірі берілді?

«Етті ұсақтап турап, тұздап, бұрыштап, қазанға қуырады. Ет пісуге жақындағанда оған туралған пияз, сәбіз, болгар бұрышын қосады да, күріш салады. Тағамды дайын болғанша бұқтырып пісіреді».



2 – т. Берілген жасау мәзірімен танысып, тағамды табыңдар:

«Ұнға сүт, май, қант, жұмыртқа қосып илеп, ұсақ кесіп, майға қуырады. Шай дастарқанның басты асы ретінде әзірленеді».




Берілген екі сөз бойынша мақал-мәтелді табыңдар.

Доссыз, тағам.


Берілген сөздерді дұрыс қойып, мақалды құрастырыңдар.

Тұрмайды, тұрған, ас, ауру, жерде.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
?аза? тілінен "?ажайып жетілік" ойыны.

Автор: То?панова Гульнара М?хамбетфазыл?ызы.

Дата: 28.03.2015

Номер свидетельства: 192877

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "?ажайып т?стер "
    ["seo_title"] => string(17) "g-azhaiyp-tustier"
    ["file_id"] => string(6) "244306"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445914171"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Та?ырыбы «Ойын-?мір мектебі»"
    ["seo_title"] => string(29) "tak-yryby-oiyn-omir-miektiebi"
    ["file_id"] => string(6) "338971"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1470821659"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Интеллектуалды? ойын  «XXI ?асыр  к?шбасшысы» "
    ["seo_title"] => string(46) "intielliektualdyk-oiyn-xxi-g-asyr-koshbasshysy"
    ["file_id"] => string(6) "168778"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423301243"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Мо??олдарды? ?аза?стан жерін жаулауы "
    ["seo_title"] => string(43) "mon-g-oldardyn-k-azak-stan-zhierin-zhaulauy"
    ["file_id"] => string(6) "162343"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422348331"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Қазақ тілі апталығы "Жұлдызды сәт""
    ["seo_title"] => string(36) "k_azak_tili_aptalyg_y_zhu_ldyzdy_s_t"
    ["file_id"] => string(6) "460607"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1520136520"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства