Просмотр содержимого документа
«"Ауыз әдебиетіне саяхат"»
5В сыныбы Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: «Ауыз әдебиеті әлеміне саяхат» Мақсаты: Оқушылардың ауыз әдебиеті үлгілерінен алған білімдерін қайталата отырып, ана тілі мен әдебиетін сүюге және құрметтей білуге тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру. Түрі: саяхат Әдістері: репродуктивті,проблемалық сұрақтар. Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, кітаптар, ертегі, мультфильмненүзінді. Техникалық – құрал - жабдықтар: интербелсенді тақта. Барысы: 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі 2. Қонақта «Тазша бала» 3. «Тұрмыс - салт жырлары» ауылы А ) Төрт түлік туралы жыр Ә) Наурыз өлеңдері Б) Бата – тілек жырлары 4. «Мақал - мәтелдер» ауылы А) Отан, туған жер, халық туралы Ә ) Еңбек, ерлік, батырлық туралы Б ) Достық, оқу, білім, адамгершілік туралы В ) Үнемшілік, ата - ананы қадірлеу туралы Г ) Төрт түлік мал, кәсіп, егіншілік туралы 5. «Жұмбақ, жаңылтпаштар» ауылы А ) Сурет бойынша жұмбақ айту. Ә ) Жаңылмай жаңылтпаштар айту. 7. Мұғалімнің қорытынды сөзі. 1. Мұғалім:- Балалар, бүгінгі «Ауыз әдебиеті әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс сабағымызға қош келдіңіздер. Сынып оқушыларын ауыз әдебиетінің түрлеріне байланысты 3 топқа бөлеміз. Әр топқа ауыз әдебиетіне байланысты ат қоямыз. 1 - ауыл «Тұрмыс - салт жырлары ауылы» 2 - ауыл «Мақал - мәтелдер ауылы» 3 - ауыл «Жұмбақ, жаңылтпаштар ауылы» Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет - асыл сөз» деп баға берген. Асыл сөзді, дарынды сөзді көп тыңдап, көп оқысаң жаның сұлуланып, сезімің байып, бойындағы күш - қуатың арта түседі, өзің де көркемдеп сөйлеуге үйренесің. Барлық жұрттың әдебиеті сияқты қазақ әдебиеті де екіге бөлінеді: Біріншісі - ауыз әдебиеті, екіншісі - жазба әдебиеті. Ауыз әдебиеті - елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері. Жазу өнері болмаған соң, елдің тарихы, өмірі, тұрмысы, салты, туған жері, өнері, арманы әдемі, мәнді әңгімелермен айтылған. Араға сан ғасырлар салып, атадан балаға ауызша жеткен. Ауыз әдебиетінің үлгілерін шығарушылардың аты - жөндері бізге белгісіз. Ауыз әдебиеті арқылы халқымыздың даналығынан, танымынан, тәлімінен, мінез - құлқынан, тұрмыс - тіршілігінен хабардар боламыз. (Есік қағылып Тазша бала кіреді де, балармен сәлемдесіп, өтірік өлеңнен үзінді оқиды).
Тазша бала:... Жүк артып инелікке ерте көштім, Шүйкелеп сары майдан арқан естім. Мұртына шегірткенің ат арқандап, Дегенде өлдім - талдым әрең шештім. Міндім де ақсақ қоңыз аяндадым, Болдыртып аяңымен қоян алдым. Апырмай, сол қоянның семізін - ай, Көтеріп қоңызыма қоя алмадым!... Мұғалім: - Балалар, бұл кім болғаны? - Тазша бала. - Дұрыс айтасыңдар балалар. Тазша бала бізге ертегі әлемінен қонаққа келіпті және әр ауылды аралап сендердің халқымыздың бай ауыз әдебиетінен қаншалықты хабардар екендеріңді білгісі келеді.(Тазша баланы «Тұрмыс салт ауылына» қонаққа отырғызады). Қазақ ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы - тұрмыс - салт жырлары. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың ең қасиетті салты болған. Ондай өлеңдерді, жырларды сондықтан та тұрмыс - салт жырлары деп атайды. Тұрмыс салт жырларының түріне бесік жыры, тұсау кесер жыры, жар - жар, той бастар, беташар, бата - тілек, жоқтау сияқты салтқа байланысты туған жырлар жатады. Тұрмыс - салт жырларының төрт түлік малға, басқа жануарларға арналған түрлері көп. Малдың өз төліне мейірленуін айту арқылы «Қой сүйеді баласын қоңырым» адам баласы өзінің де малға ерекше сүйсінуін жырлайды. 1 - оқушы: «Малдың баласын сүюі» мәнерлеп оқыды 2 - оқушы: Тұрмыс – салт жырларының ең көп түрінің бірі наурыз жырлары. Көктемнің келуін жаңа жылдың келуі деп түсінген халық күн жылып, мал көкке тойынған шақты қуаныш көріп, жауын көп болсын, ақ мол болсын, елге тоқшылық болсын деп өлеңдер айтқан. Оны біз наурыз жырлары дейміз. 3 - оқушы «Наурыз өлеңдері» мәнерлеп оқу. 4 - оқушы: Бата - тілек жырларынан үзінді. Тазша бала: Керемет, мен балалардың терең біліміне өте ризамын. Мұғалім: Тазша бала, «Тұрмыс - салт ауылының» балаларының өнерлерін тыңдап болсаңыз, келесі ауылға қонаққа барайық.
Мақал-мәтелдер ауылына бармас бұрын мына бір видеоны тамашалап алайық. Отан туралы видео қосылады. 1 - оқушы: «Сөздің көркі - мақал» деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мақал - мәтелдер - ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал - мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады. Жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етеді. Мұғалім: Отан, туған жер, халық туралы мақал - мәтелді кім біледі? Оқушылар жауабы тыңдалады. Мұғалім мақал - мәтелдердің тақырыптарына тоқталып, оқушылар сол тақырыптарға сай мақал - мәтелдер айтады. 1. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас 2. Еріншек егіншіден Елгезек масақшы озыпты. 3. Ерлік білекте емес, жүректе. 4. Татулық - табылмас бақыт. 5. Жігітті - жолдасынан таны. 6. Өнер алды - қызыл тіл. 7. Ақылды адам - батпан - ақ Ақылсыз адам - сасқалақ. 8 Қасықтап жинағанды Шөміштеп төкпе. 9. Әке - асқар таудың Ана - шалқар таудың.
Осы арада балалар сергіту сәтін жасап алайық. Келесі ауылымызға жол тартайық «Жұмбақ, жаңылтпаш» ауылы.
1 - оқушы: Жұмбақ - ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол - адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген. Интерактивті тақтадан сурет көрсетіліп оқушылар шешуі суретке сай келетін жұмбақтар айтып жарысады. Мұғалім: Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш жеке баланың ермегі емес, ол - көбінісе жұрт жиналған жерлерде балалардың тез де, жаңылыссыз, дыбыстарды анық сөйлеуіне дағдылануына үйрететін өлең - ойын. Оның ойындық сипаты балалардың бір - бірімен жарыса кезекпе - кезек айтысуында жатыр. Ертеректе жаңылтпаш балалар ғана емес, ересектердің де ермегі болған. Бірақ ол үлкендер арасында басқашалау қызмет атқарған. «Ерте кезде ойын - сауықтарда жаңылтпаш айтқызу қазақтың салты болған. Жаңылтпаш жиналған жұртты күлдіру, тіл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, ән білмейтін жастарға берілетін жаза есебінде қолданылған»,- деп жазады белгілі фольклорист ғалым М. Ғабдуллин. ІІ. Балалар енді мен сендерге ауыз әдебиеті бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
Қой баласын қалай сүйеді? (қоңырым)
Сиыр баласын қалай сүйеді? (торпағым)
Сиырдың иесі кім? (Зеңгібаба)
Жылқының иесі кім? (Қамбарата)
Жеті қазынаны атап шығайық? ( Халқымызда жеті қазына деген ұғым бар. Ол былай: ер жігіт бірінші өзі қазына «қазына» деген байлық, баға жетпес зат дегенді білдіреді. Енді нағыз жігітке қажетті алты нәрсе бар. Олар: сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, берен мылтық, қыран бүркіт, құмай тазы).
Халқымыз наурыз мерекесін қашан тойлайды? (22-наурыз)
Наруыз қай елдің сөзі, қазақша мағынасы қалай? (парсы сөзі қазақша аударғанда «жаңа күн» деген мағ. береді.
Ертегілердің қандай түрлері бар? (хайуанаттар ертегілері, қиял-ғажайып ертегілері, шыншыл ертегілері).
ІІІ. Балалар енді біз мультифильмнен үзінді тамашалайық. Мультфильм достық туралы екен.Достық туралы қандай мақалдар білеміз, қане айтып жіберейік. ІV. Келесі балалар бізде мақалдарды толықтып айт айдары. Сандықтан мақалдар алып, соны толықтырамыз.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сабыр түбі-сары алтын.
Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
Ұлдың ұяты – әкеге,
Қыздың ұяты –шешеге.
Ұрлық түбі-қорлық.
Қайтып кірер есікті қатты жаппа.
Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл.
Көз қорқақ, қол батыр. Тазша бала оқушыларға рахметін айтып, қоштасады
Әр уақытта асыл қазынамыз - ауыз әдебиетіміздің үлгілерін көбірек оқып, халқымыздың асыл қасиеттерінен нәр алайық