Просмотр содержимого документа
«"Ана тілім-ардағым"»
«Павлодар көркем сурет колледжі» ЖБ
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің оқытушысы
С.С. Батырханова
2016 – 2017 оқу жылы
2016 – 2017 оқу жылында Павлодар көркем сурет колледжінің оқушылары үшін Тілдер апталығына орай «Ана тілім – ардағым!» викториналық сайысы.
Мақсаты:
Оқушылардың танымдық көзқарасын, ой – өрісін, дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау, шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, өз пікірін қорғай алуға үйрету.
Міндеті:
Қазақ тілі туралы өлең, мақал-мәтел, нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Қазақ тілін сүю, құрметтеу.
Көрнекілігі: конверт, плакат, карточкалар.
Ақыл – тон аңдағанға тозбайтұғын,
Білім – кен қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Сенде қалмай өнеріңді, көрсет, қосыл.
Ойынға қатысушы топтарды шақыру, олар өздерін таныстырады. Ойын барысымен таныстыру.
«Кім көп біледі?» (Қазақ тілі бойынша сұрақ-жауап)
«Тіл тағдыры – ел тағдыры» (үш тілде аудару)
Жаңылтпаш оқу.
«Тапқырлық таныту» (бір сөзден бірнеше сөз ойлап табу)
Тест жұмысы (қатысы жоқ сөзді табу )
І – бөлім: «Кім көп біледі?» (тез әрі нақты жауап беру керек).
Қазақ тілінде неше әріп бар? (42 әріп)
Қас-дос деген қандай сөздер? (антонимдер)
О-қу-шы сөзіндегі буын түрі мен санын айт. (А АВ ВА)
«Ә» қандай дыбыс? (дауысты дыбыс)
Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
Көкшетау, алма, мектеп деген сөздер қандай сөз табына жатады?
Қазақ тіліне тән дыбыстар саны нешеу? (9 – ә,ғ,қ,ң,ө,і,ү,ұ,һ)
«Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не туралы? (дос)
Буынның неше түрі бар? (3)
Түбірге жалғанатын бөлшек? (қосымша)
ІІ – бөлім:«Тіл тағдыры – ел тағдыры» (берілген сөздерді орыс, қазақ, ағылшын тілінде ааудару керек).
І – топ
Мама – ана – mother
Работа – жұмыс – work
Я тебя люблю – мен сені жақсы көремін – I love you
ІІ – топ
Спасибо – рахмет – thenk you
Привет – сәлем – hello
Доброе утро – қайырлы таң – good morning
ІІІ – бөлім:Жаңылтпаштарды оқу.
Дән – дәулет
Дәулет дән
Торта қойдым
Орта қойдым
Орта қойдым
Жорта қойдым
Арал, арал, арал бар,
Бара алар ма балалар?
Батыл бала бара алар,
Аралдарды аралар.
IV – бөлім.«Тапқырлық таныту» (бір сөзден бірнеше сөз ойлап табу)
«Түркістан» сөзі. Мысалы: сүт, сан, тіс, түрік, тас, ант, ас, кір, т.б.
V – бөлім.Тест жұмысы.
«Ертегі» деген сөзге қатысы жоқ сөз.
А) ерте ә) тегі б) ермек
2. «Наурыз» деген сөзге қатысы жоқ сөз.
А) нар ә) жаз б) арыз
3. «Білім күні» деген сөзге қатысы жоқ сөз.
А) қыркүйек ә) мектеп б) дүкен
4. «Қоңырау» деген сөзге қатысы жоқ сөз.
А) сау ә) қоңыр б) ау
5. «Демалыс» деген сөзге қатысы жоқ сөз.
А) дем ә) алыс б) алу
Қорытынды:
Сайыс қорытындысы шығарылып, ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз аталады.