kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

16 желтоқсан тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Тәуелсіздік- ел тілегі»


Мақсаты: жас ұрпақтар өз Отанын сүюге, туған тарихын білуге ж/е ел рәміздерін қастерлеуге үйрету.

Жаңа заман талабына сай жан-жақты, білімді де жігерлі тұлға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, Қазақстан мемлекетінің рәміздері, магнитофон.

1-ж:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен  оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты  кешімізге қош келдіңіздер!

2-ж:

Иә, Тәуелсіздік мерекесі де міне, келіп жетті. Баршаңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

1-ж:

Қазақстан- көк байрақты нұр едің,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің қуанышым, бақытым,

Өзің менің мақтанышым, тірегім.

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!

Жас ұландар, берік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын!

                 ( Қазақстанның мемлекеттік әнұраны орындалады)

2-ж:

Тәуелсіздік шаттығы,

1-ж:

Тәуелсіздік қуанышы,

2-ж:

Тәуелсіздік тойы,

1ж -2ж  екеуі бірге:

  тұғырлы, баянды болсын! Райхан: дей келе ендігі  сөз кезегін мектебіміздің директоры

Мейрам Тойтыұына береміз.

2-ж:

      Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп, егемен ел болмай, ел болмас, етектен кесіп жең болмас, деп жырлап өтті.

    «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы аса шытырман талас- тартыспен тәуелсіздікке ұмтылды.

Аделя:

Еркіндікке Желтоқсаным бастады,

Қазақ жасын бүкіл әлем қоштады,

86 жаңғырығы жар салып,

Тәуелсіздік ұлы ұранын тастады.

Елемепті қысқы ызғар, суықты,

Өне бойын жастардың қан жуыпты,

Қайрат, Ләззәт жас қырандар аяулы,

Өз халқының бағы болып туыпты.

24 жылдай тәуелсіздік туғалы,

Қазақ елі бірлікке бел буғалы,

24 жыл Қазақстан халқының

өз тағдырын өзі шешіп тұрғаны.

Көгінде тұр көк байрағым желбіреп,

Елтаңбаға қараймыз, біз елжіреп,

Әнұранды шарықтата шырқаймыз,

бабаларды еске алып,      ер жүрек

1-ж:

   1991жылғы 16-желтоқсанда әлемнің саяси  картасында жаңа мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болды. Өйткені осы жылы, осы күні  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қол қоюымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды.

Ендеше, осы тәуелсіздігімізге биыл 24 жыл толып отыр екен.

Әйгерім:

Тәуелсіз аппақ таңы атты,

Сейілді көктен бұлтты күн,

Үш ғасыр күткен азаттық

Қазағым үшін құт бүгін,

Қададық шаттық уығын,

Егемен елсің енді деп.

Күміс күн кесті кіндігін,

Егемен болдық, ел болдық,

Қазағым бірақ шіренбе,

Ертеңіне сенген жұрт,

Алладан рақым тілеуде!

Оянды қайта иманым,

Домбыра сазы өрлейді,

Еліңнің бағын сыйлағын,

Бостандық босқа келмейді,

Қаны бар онда бабаңның,

Қаны бар онда ағаңның,

Қазақтығыңды танытсаң,

Бақытты бала – шағаңның.

 2-жҚыздардың орындауында би: « Қазақ биі » ( Арайлым мен Аделя)

1-ж:

Бүгінгі Қазақстан - әлемнің іргелі мемлекеттерімен қатар халықаралық мәселелерді шешуде басты тұлға.

2-ж. Бүгінгі Қазақстан - әлем таныған егеменді, демократиялық ж/е құқықтық мемлекет.

Жәнібек:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен,

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең байтаұқ Астананы,

Жасыл жайлау. жаңа жол жас қаланы,

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Мақтанамын мемлекетім барына

 Терезең тең, басқалармен тарылма

 Өз еліңнің жырын жырлап, мұңын мұңдап  әр ұлан,

 өз елінің қорғаушысы болу керек қашанда.

Мен жас ұланмын!

Мемлекеттің қорғанымын ертеңгі,

Нұрға, гүлге толтырамын қашанда,

Өзім туған атыраптай өлкемді.

 1-ж:   Хордың орындауында « Отаным» әні. Қабыл алыңыздар!

Отаным  кең далам.

 2-ж:  Келесі осы  хордың орындауында ән: «Көк тудың желбірегені».

1-ж:  Егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің арқасында халқымыз туған ана тілімен қайта қауышты. Тіліміз мемлекеттік мәртебе алды.

Оқушы:

Ана тілім- ардағым, арым менің,

Алпыс екі тамырда қанымда едің,

Шаттанғанда сайрайтын сандуғашым,

Ашынғанда шығатын жалын-демім.

Ана тілім – пір тұтқан кием менің,

Алтын діңгек өзіңсің, сүйенгенім,

Бар байлығым бабамнан қалған мұра,

Бой тұмардай қастерлеп, иемдендім,

Ана тілім- салт-дәстүр, тарихым да,

Жетең болса намысты жанитын да,

Білмей жүрсе тексіздер қадіріңді

Құдіреттің өзісің танитынға.

Ана тілім- абырой- атағым да,

Сарбазың боп келемін қатарыңда,

Мәртебеңді қорғаймын қасиеттеп,

Қарсы тұрып, қасқайып жат ағымға.

2-ж:   Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз! Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
 

Оқушы:

Жұлдызды жыр тумаса жарқылдаған,

Қайтеді құлақ түріп халқым маған.

Көк байрақ құдіретті ер қолында,

Қыранын күннің нұры алтындаған.

Бабасы көрмегенді көрді қазақ!

Қанатын кең жаханға керді қазақ!

Атынан  Ақорданың билік айтып,

Төр аға Европаға болды қазақ!

Шығындап,  қиыр шеттің танып бәрін,

Уа, жұртым, шартарапқа, шарықтадың!

Бұл әлем қашан тұтас біліп еді,

Қазақтай жер бетінде халық барын?!

ЕЛБАСЫ төбеңдегі бақ жұлдызың,

Қаратты өз аузына жердің жүзін.

Сұңғыла саясатпен сара тіліп,

Ерітті тарихтағы тоңның мұзын.

Көп ұлтты Қазақстан ерді Ұлыға,

Ұрпаққа ер еңбегі- мәңгі мұра!

Бір жерге барлық діннің басын қосып,

Әлемнің ықпал етті тағдырына.

Тудырған қайталанбас алып Тұлға,

Қазақтай бақыты зор халықтың да.

Самғайды алтын топшы Самұрығы,

Қанатын болашаққа қағып тура.

  1-ж:      Хордың орындауында: «Алға Қазақстан» әнін тамашалаңыздар!

               Би:

Оқушы:

Атыңнан айналайын қазақ деген,

Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем,

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,

Көрсеңде көреріңді азаппенен

Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үщін жауапты.

 2-ж: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Оқушы:

Тәуелсізбін! бар ма мұң?

Елеулі болсын талғамым!

Өркені өссін қазақтың,

Осы- менің арманым!

Күн тұрғанда тұратын,

Жұрты сайран құратын,

Қала болсын-Астана,

Осы – менің мұратым!

О, Ақорда, ақ шатыр.

Ұлысыма бақ шатыр.

Баянды болсын Азаттық,

Осы -  менің мақсатым!

Халқым – менің тірегім,

Құрбан жаным, жүрегім!

Атымыз озсын бәйгеде,

Осы- менің тілегім!

Маден:

Көк байрақ күш беріп әр істе,

Ерлерді жеткізген жеңіске.

Желбіреп тұр байтақ аймақта,

 Елжірей қараймыз байраққа.

Көк туды қастерлеп, сүйіп те,

Көтеріп ұстаймыз биікке!

1-ж:    Бүгінгі мерекелік кешімізді «Атамекен әнімен » аяқтаймыз.

Осымен  біздің мерекелік іс-шарамыз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!

1991ж 16-желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды.

2-қазан: тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1992ж ҚР-ң ішкі әскері құрылды.

1993ж 28-қаңтар; ҚР-ң Конституциясы қабылданды,

 қараша айында ұлттық валюта теңге айналымға енді.

1994ж наурыз: ҚР-ң Жоғары кеңесі сайланды.

Орталық Азия Одағы құрылды. Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.

1995жыл: Абай жылы болды.

30-тамыз ҚР-ң жаңа Конституциясы қабылданды.

1996жыл: Жамбыл жылы.

16-желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.

1997жылы Жалпы ұлттық татулық пен саяси-қуғын- сүргін құрбандарын еске алу жылы.

10-желтоқсан; Ақмола қаласы ҚР-ң астанасы болып жарияланды.

1998жыл: Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы.

1999жыл: Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.

2000жыл: Мәдениетті қолдау жылы.

2001жыл: Қазақстан Тәуелсіздігінің 10жылдығы.

2002жыл: Денсаулық жылы.

2003-2005жылдар Ауылды қолдау жылдары.

2006жыл: Қазақстандағы Пушкин жылы.

6-қаңтар ҚР-ң жаңа Әнұраны бекітілді.

11-қаңтар ҚР-ң Президентінің ұлықтау күні.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«16 желтоқсан тәрбие сағаты»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік- ел тілегі»


Мақсаты: жас ұрпақтар өз Отанын сүюге, туған тарихын білуге ж/е ел рәміздерін қастерлеуге үйрету.

Жаңа заман талабына сай жан-жақты, білімді де жігерлі тұлға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, Қазақстан мемлекетінің рәміздері, магнитофон.


1-ж:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты кешімізге қош келдіңіздер!

2-ж:

Иә, Тәуелсіздік мерекесі де міне, келіп жетті. Баршаңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

1-ж:

Қазақстан- көк байрақты нұр едің,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің қуанышым, бақытым,

Өзің менің мақтанышым, тірегім.

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!

Жас ұландар, берік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын!

( Қазақстанның мемлекеттік әнұраны орындалады)

2-ж:

Тәуелсіздік шаттығы,

1-ж:

Тәуелсіздік қуанышы,

2-ж:

Тәуелсіздік тойы,

1ж -2ж екеуі бірге:

тұғырлы, баянды болсын! Райхан: дей келе ендігі сөз кезегін мектебіміздің директоры

Мейрам Тойтыұына береміз.

2-ж:

Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп, егемен ел болмай, ел болмас, етектен кесіп жең болмас, деп жырлап өтті.

«Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы аса шытырман талас- тартыспен тәуелсіздікке ұмтылды.

Аделя:

Еркіндікке Желтоқсаным бастады,

Қазақ жасын бүкіл әлем қоштады,

86 жаңғырығы жар салып,

Тәуелсіздік ұлы ұранын тастады.

Елемепті қысқы ызғар , суықты,

Өне бойын жастардың қан жуыпты,

Қайрат, Ләззәт жас қырандар аяулы,

Өз халқының бағы болып туыпты.


24 жылдай тәуелсіздік туғалы,

Қазақ елі бірлікке бел буғалы,

24 жыл Қазақстан халқының

өз тағдырын өзі шешіп тұрғаны.


Көгінде тұр көк байрағым желбіреп,

Елтаңбаға қараймыз, біз елжіреп,

Әнұранды шарықтата шырқаймыз,

бабаларды еске алып, ер жүрек

1-ж:

1991жылғы 16-желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болды. Өйткені осы жылы, осы күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қол қоюымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды.

Ендеше, осы тәуелсіздігімізге биыл 24 жыл толып отыр екен.


Әйгерім:

Тәуелсіз аппақ таңы атты,

Сейілді көктен бұлтты күн,

Үш ғасыр күткен азаттық

Қазағым үшін құт бүгін,

Қададық шаттық уығын,

Егемен елсің енді деп.

Күміс күн кесті кіндігін,

Егемен болдық, ел болдық,

Қазағым бірақ шіренбе,

Ертеңіне сенген жұрт,

Алладан рақым тілеуде!


Оянды қайта иманым,

Домбыра сазы өрлейді,

Еліңнің бағын сыйлағын,

Бостандық босқа келмейді,

Қаны бар онда бабаңның,

Қаны бар онда ағаңның,

Қазақтығыңды танытсаң,

Бақытты бала – шағаңның.


2-ж: Қыздардың орындауында би: « Қазақ биі » ( Арайлым мен Аделя)

1-ж:

Бүгінгі Қазақстан - әлемнің іргелі мемлекеттерімен қатар халықаралық мәселелерді шешуде басты тұлға.

2-ж. Бүгінгі Қазақстан - әлем таныған егеменді, демократиялық ж/е құқықтық мемлекет.


Жәнібек:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен,

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.


Отан дейміз кең байтаұқ Астананы,

Жасыл жайлау. жаңа жол жас қаланы,

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.


Мақтанамын мемлекетім барына

Терезең тең, басқалармен тарылма

Өз еліңнің жырын жырлап, мұңын мұңдап әр ұлан,

өз елінің қорғаушысы болу керек қашанда.


Мен жас ұланмын!

Мемлекеттің қорғанымын ертеңгі,

Нұрға, гүлге толтырамын қашанда,

Өзім туған атыраптай өлкемді.


1-ж: Хордың орындауында « Отаным» әні. Қабыл алыңыздар!

Отаным кең далам..


2-ж: Келесі осы хордың орындауында ән: «Көк тудың желбірегені».


1-ж: Егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің арқасында халқымыз туған ана тілімен қайта қауышты. Тіліміз мемлекеттік мәртебе алды.


Оқушы:

Ана тілім- ардағым, арым менің,

Алпыс екі тамырда қанымда едің,

Шаттанғанда сайрайтын сандуғашым,

Ашынғанда шығатын жалын-демім.


Ана тілім – пір тұтқан кием менің ,

Алтын діңгек өзіңсің, сүйенгенім,

Бар байлығым бабамнан қалған мұра,

Бой тұмардай қастерлеп, иемдендім,


Ана тілім- салт-дәстүр, тарихым да,

Жетең болса намысты жанитын да,

Білмей жүрсе тексіздер қадіріңді

Құдіреттің өзісің танитынға.


Ана тілім- абырой- атағым да,

Сарбазың боп келемін қатарыңда,

Мәртебеңді қорғаймын қасиеттеп,

Қарсы тұрып, қасқайып жат ағымға.


2-ж: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз! Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Оқушы:

Жұлдызды жыр тумаса жарқылдаған,

Қайтеді құлақ түріп халқым маған.

Көк байрақ құдіретті ер қолында,

Қыранын күннің нұры алтындаған.


Бабасы көрмегенді көрді қазақ!

Қанатын кең жаханға керді қазақ!

Атынан Ақорданың билік айтып,

Төр аға Европаға болды қазақ!


Шығындап, қиыр шеттің танып бәрін,

Уа, жұртым, шартарапқа, шарықтадың!

Бұл әлем қашан тұтас біліп еді,

Қазақтай жер бетінде халық барын?!


ЕЛБАСЫ төбеңдегі бақ жұлдызың,

Қаратты өз аузына жердің жүзін.

Сұңғыла саясатпен сара тіліп,

Ерітті тарихтағы тоңның мұзын.


Көп ұлтты Қазақстан ерді Ұлыға,

Ұрпаққа ер еңбегі- мәңгі мұра!

Бір жерге барлық діннің басын қосып,

Әлемнің ықпал етті тағдырына.

Тудырған қайталанбас алып Тұлға,

Қазақтай бақыты зор халықтың да .

Самғайды алтын топшы Самұрығы,

Қанатын болашаққа қағып тура.


1-ж: Хордың орындауында: «Алға Қазақстан» әнін тамашалаңыздар!

Би:

Оқушы:

Атыңнан айналайын қазақ деген,

Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем,

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,

Көрсеңде көреріңді азаппенен


Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үщін жауапты.

2-ж: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Оқушы:

Тәуелсізбін! бар ма мұң?

Елеулі болсын талғамым!

Өркені өссін қазақтың,

Осы- менің арманым!


Күн тұрғанда тұратын,

Жұрты сайран құратын,

Қала болсын-Астана,

Осы – менің мұратым!


О, Ақорда, ақ шатыр.

Ұлысыма бақ шатыр.

Баянды болсын Азаттық,

Осы - менің мақсатым!


Халқым – менің тірегім,

Құрбан жаным, жүрегім!

Атымыз озсын бәйгеде,

Осы- менің тілегім!

Маден:

Көк байрақ күш беріп әр істе,

Ерлерді жеткізген жеңіске.

Желбіреп тұр байтақ аймақта,

Елжірей қараймыз байраққа.

Көк туды қастерлеп, сүйіп те,

Көтеріп ұстаймыз биікке!

1-ж: Бүгінгі мерекелік кешімізді «Атамекен әнімен » аяқтаймыз.

Осымен біздің мерекелік іс-шарамыз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!















1991ж 16-желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды.


2-қазан: тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.



1992ж ҚР-ң ішкі әскері құрылды.


1993ж 28-қаңтар; ҚР-ң Конституциясы қабылданды,

қараша айында ұлттық валюта теңге айналымға енді.


1994ж наурыз: ҚР-ң Жоғары кеңесі сайланды.

Орталық Азия Одағы құрылды. Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.


1995жыл: Абай жылы болды.

30-тамыз ҚР-ң жаңа Конституциясы қабылданды.


1996жыл: Жамбыл жылы.

16-желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.


1997жылы Жалпы ұлттық татулық пен саяси-қуғын- сүргін құрбандарын еске алу жылы.

10-желтоқсан; Ақмола қаласы ҚР-ң астанасы болып жарияланды.


1998жыл: Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы.


1999жыл: Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.


2000жыл: Мәдениетті қолдау жылы.


2001жыл: Қазақстан Тәуелсіздігінің 10жылдығы.


2002жыл: Денсаулық жылы.


2003-2005жылдар Ауылды қолдау жылдары.


2006жыл: Қазақстандағы Пушкин жылы.

6-қаңтар ҚР-ң жаңа Әнұраны бекітілді.

11-қаңтар ҚР-ң Президентінің ұлықтау күні.
















Бірлік жалпы орта білім беру мектебі

9-сынып оқушыларының үйірмеге қатысуы туралы мәлімет

2015-2016оқу жылы



Рет саны

Оқушының аты-жөні

Үйірме атауы

Жауапты мұғалім

1

Айдаболов А

Жас физик


Манапова Қ.Н

2

Алтынбек Ж




3

Елюбай С




4

Жұмабек С

«Теннис»


Мукашев Д.Д

5

Кожанов Ж

«Көркемөнер»,

«Теннис»

Рахметова Р.М.

Мукашев Д.Д

6

Қайржан Ә




7

Мақажан А

«Қызықты математика»,

« Шебер қолдар»

Кобландинова Н.Д Мажитова Г.М


8

Мажит М




9

Мустафина А

«Волейбол»


Сангожина Г.С.

10

Сансызбай Р

Қызықты математика». «Шебер қолдар»

Кобландинова Н.Д

Мажитова Г.М

11

Сейітқазы Ж




12

Тезекбай Ә

Қызықты математика


Кобландинова Н.Д










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
16 желтоқсан тәрбие сағаты

Автор: Байсеитова Сандуғаш Хазизатқызы

Дата: 06.12.2016

Номер свидетельства: 366609

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан! (Тәрбие сағаты)"
    ["seo_title"] => string(51) "t_uielsizdik_bastauy_zhieltok_san_t_rbiie_sag_aty_1"
    ["file_id"] => string(6) "385089"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485682925"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) ""Тәуелсіздік тарихы - ел тарихы" тақырыбына тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(60) "t_uielsizdik_tarikhy_iel_tarikhy_tak_yrybyna_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "377961"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484130466"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Т?уелсіздік к?ні" (т?рбие са?аты) "
    ["seo_title"] => string(33) "t-uielsizdik-kuni-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "180207"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425140260"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) ""Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан " тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(51) "t_uielsizdik_bastauy_zhieltok_san_t_rbiie_sag_aty_2"
    ["file_id"] => string(6) "454423"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1517644601"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан! (Тәрбие сағаты)"
    ["seo_title"] => string(49) "t_uielsizdik_bastauy_zhieltok_san_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "385088"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485682597"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства