kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ахмет Байтұрсынұлы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әдеби кеш Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың рухани көсемі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ахмет Байтұрсынұлы»

«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың рухани көсемі» әдеби кеш


Мақсаты: Қазақтың рухани көсемі, халық ұстазы, ақын Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет беру;

Көрнекілігі: Ақынның суреті, кітап көрмесі, нақыл сөздер, интерактивті тақта, слайд, видеоролик, шар;


Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға”.

Әбіш Кекілбаев


1-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді қонақтар, еңбегі асыл, білімі зор, ғибратты мол, ұстаздар! Білім құмар өсер ұрпақ! «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың рухани көсемі» әдеби кешіне қош келдіңіздер!


2-жүргізуші. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдың 31 қазаны күні «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» № 689 бұйрыққа сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметінің қаулысына қол қойды. Бір қуантарлығы, айтулы мерекелердің арасында Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланатын болды. Айта кету керек, тілдер мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл, - деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халының тағдыры, тілі үшін күрескен, Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.


Назар салыңыздар! Видеоролик


1-жүргізуші. Биылғы жыл халқымыздың қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеушісі, түркітанушы, дарынды ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 146 жыл толған мерейлі жыл болды.


2-жүргізуші:

Адамдық диқаншысы қырға шықтым;

Көл жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,

Көңілін көгертуге құл халықтың.

А. Байтұрсынұлының осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес.

«Не жазып ем...» Күндебай Мағжан


1-жүргізуші: Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым…

Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.


2-жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді.

Өмірбаяны. Слайд

Туған кездегі есімі: Ахмет

Қызметі: ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері

Туған күні: 5 қыркүйек 1872

Туған жері: Ақкөл (Сарытүбек) ауылы, Жангелді ауданы, Қостанай облысы

Азаматтығы: Қазақ елі

Ұлты: Қазақ

Әкесі: Байтұрсын Шошақұлы

Анасы: Күңші Құлыбекқызы

Жұбайы: Бадрисафа Мұхамедсадыққызы

Балалары: Аумат, Қазихан, Шолпан

Марапаттары: Қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы

Қайтыс болған күні: 8 желтоқсан 1937 (65 жас)

Қайтыс болған жері: Алматы


1-жүргізуші: Көрініс. «Әкесінің аманаты»

Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас аулына келіп кедей шаруаның басына қамшы үйіре берген орыс оязының озбырлығына шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз бастығы полковник Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние- мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылуға әкеп соғады.

Ахметтің әкесі Байтұрсын өз руынан үкіметке арыз жазуға білімі бар ешкімді таба алмаған. Сол уақытта оның Ахметке берген ақылы, өтініші: “Балам, мен, міне, үкіметке арыз бере алмай, Сібірге айдалып кетіп бара жатырмын. Егер арыз берген болсам, үкіметтің бастығы берген уақытын азайтар ма еді немесе мүлдем қысқартып тастар ма еді. Сол себепті қандай қиыншылыққа ұшырасаң да, аш қалсаң да, жалаңаш, жалаң аяқ жүрсең де, жататын орның болмаса да, қанша қорлық көрсең де, оқы, тағы да айтатын тілегім- оқы. Біздің үйде шешеңнің жанында маған хат жазатын балам болсын” деген екен.


2-жүргізуші: А. Байтұрсынұлы қазіргі Қостанай облысы, Торғай қаласында, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1872 жылы 5 қыркүйекте дүниеге келген. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды.

«Қазақ салты» Тасболатова Шұғыла.


1-жүргізуші: Жылдар сөйлейді (ақынның шығармашылығы). «Рондробин» әдісі бойынша оқушылар бірін-бірі қайталамай айтып шығады.

1882—1884 жылдары ауыл мектебінде оқыды.

1890 жылы Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.

1895—1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.

1909 жылы патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 жылы жер аударылды.

1912 жылы «Оқу құралы». «Қазақша әліпбиі» Орынборда жарық көрді.

1913 жылы Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды.

1918-19 жылдары Алаш Орда қатарында болады.

1919 жылы маусымның 24-інде Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.

1922-25 жылдары «Ақ жол» газетінде қызметін атқарады.

1925-29 жылдары Ташкент қаласында және ҚазПИ-де оқытушы болды.

1929 жылы маусымында қамауға алынып, өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген.

1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жұбайы Бадрисафамен бірге Алматыға қайта оралған.

1937 жылы тамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.

Ағабек Аружан «Жұртыма».


2-жүргізуші: Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады.

Тасболатова Назерке «Қаз дауысты Қазыбек» (Қызы Қамқаның жоқтауы) жоқтаудан үзінді.


1-жүргізуші: Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрді. Екінші кітабы — «Маса» (1911 жылы). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады.

Абақтыда жатып, құдай мен әруаққа сайынған Ахмет Байтұрсынұлы «Тілек батам» өлеңі. Әбдікер Әсел


Назар салыңыздар! Хор. «Қазақстаным Отаным»


2-жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. 1926 жылы ғалым «Әліпбидің» жаңа түрін жазды. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды.

«Жездемнің хатынан» Мұхамедәли, «Жауап хаттан» Ертас Болатбек.


1-жүргізуші: Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты.


2-жүргізуші: Мекенбаева Медина «Аққу, шортан, һәм шаян», Таирова Азима «Қаздар» аудармалардан үзінді оқиды.


1-жүргізуші: Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды.

Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды.


2-жүргізуші: «Оқу жайы» мақаладан үзінді. Өстемір Аяна.


1-жүргізуші: Назар салыңыздар! Көрініс. Ақынның абақтыда отырып, анасына жазған хаты. Жуасбек Айбек «Анама хат».

… Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін

Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын

Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін.


2жүргізуші: 1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік репрессияның пышағына ілініп, атылады. Қазақ халқы өзінің рухани көсемінен осылайша мәңгіге айрылды.

Асықпаңдар! Артымызда қазы бар,

Тергеп талай, көрлеріміз қазылар…-

деп өзі айтқандай 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Ахмет Байтұрсыновты ешбір қылмысы жоқ деп тауып, оны толық ақтау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, ғалымның адал азаматтық есімі қалпына келтірілді.

«Досыма хат» Жансая.


1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі әдеби кешіміз аяқталды.

Өлді деуге болама қараңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - дей келе ақынның бізге қалдырған мұрасы мәңгі жүрегімізде сақталады.


2жүргізуші: Мұхамедәлидің орындауында ән. «Астана»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Ахмет Байтұрсынұлы

Автор: Садыкова Бибайша Нариковна

Дата: 06.11.2018

Номер свидетельства: 483925

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Мысалдар.  А??у, Шортан ??м Шаян. Ахмет Байт?рсын?лы. "
    ["seo_title"] => string(57) "mysaldar-ak-k-u-shortan-h-m-shaian-akhmiet-baitu-rsynu-ly"
    ["file_id"] => string(6) "230862"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1442291746"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Ана тілінен саба? жоспары: Ахмет Байт?рсын?лы «?ліппені? атасы» "
    ["seo_title"] => string(66) "ana-tilinien-sabak-zhospary-akhmiet-baitu-rsynu-ly-lippienin-atasy"
    ["file_id"] => string(6) "166839"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422992700"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы» ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(49) "akhmiet_baitu_rsynu_ly_lipienin_atasy_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "348555"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476266090"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Ахмет Байт?рсын?лы "Екі шыбын""
    ["seo_title"] => string(29) "akhmietbaitursynulyiekishybyn"
    ["file_id"] => string(6) "294953"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455768257"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Ахмет Байт?рсын?лы"
    ["seo_title"] => string(22) "akhmiet-baitu-rsynu-ly"
    ["file_id"] => string(6) "252160"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1447339587"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства